Зияда Шаһмұрат


Қазақ поэзиясындағы әйел ақындар шығармашылығына тоқталыңыз



бет4/4
Дата02.01.2023
өлшемі34.27 Kb.
#405410
1   2   3   4
Байланысты:
20 гасыр жауаптар

47.Қазақ поэзиясындағы әйел ақындар шығармашылығына тоқталыңыз.
Қазақ қоғамында өмірін өлеңге арнаған ақын әйелдер аз емес. Мәселен, соғыстан бұрын - Мария Хәкімжанова, соғыс жылдары - Зияш Қалауова, 60-жылдарда Тұрсынхан Әбдірахманова, поэзия шолпаны Фариза Оңғарсынова, поэзия аққуы Марфуға Айтқожина, Аққұштап Бақтыгереева және де Қанипа Бұғыбаева, 70-жылдары – поэзия ханшайымы аталған Күлаш Ахметова мен Ханбибі Есенқараева, 80-жылдары - Шәмшия Жұбатова, Гүлнар Салықбаева, Баян Бекетова, 90 - жылдары- Роза Қараева мен Жанат Әскербекқызы, Жанна Елеусіз сынды танымал есімдерді атасақ болады. XXI ғасырда да көптеген ақын қыздар әдебиет әлеміне лек-легімен келіп жатыр. Бұл туралы кейінірек. Бүгін біз қазақ әдебиетінде өзіндік орнын тапқан, елге танымал бес ақын туралы сөз қозғамақпыз. 
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген.Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жыл жариялана бастаған. 1966 жылы «Сандуғаш» деген атпен тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.
Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған.
Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Ақынның балалық шағы қаймағы бұзылмаған, тұнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Құлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралған. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген.
Алғашқы өлеңдер жинағы "Балқұрақ" деген атпен 1962 жылы жарияланған. Кейіннен әр жылдары "Шыңдағы жазу", "Жастық шақ", "Аққуым менің", "Қаракөз айым", "Баянжүрек", "Көзімнің қарасы", "Ақ бесігім", "Жарқыра, менің жұлдызым", "Қыран жеткен", "Таңдамалы", "Сағыныш сазы", "Жапырақ сілкінген кеш", "Аңсау", "Аққу жүрек", орыс тілінде "Утверждение", "Голубые голуби", "Струна степей", "Горсть земли", "Украшение коня", "Летние росы" өлеңдер жинақтары жарық көрді. Бірқатар шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы т.б. тілдерге аударылған. Марфуға Айтхожина "Аңсау", "Ақку жүрек", Алатаудың Ақ батасы" туындыларында Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін эпикалық кең тыныспен жырлайды.
Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы, 23 тамызда Ақжайық ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген.1967 жылы тұңғыш кітабы «Өрімтал» деген атпен жарық көрген. Кейіннен «Наз» (1969), «Қуанышым, іңкәрім» (1971), « Сені ойлаймын» (1973), «Аққанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы» (таңдамалысы 1980), «Белокрылая» (1981), «Ақжелең» (1985), «Сүмбіле» (1990) атты кітаптары шыққан.
Оның азаматтық үні «Трибун-ақын», «Ақ Жайықтың көз жасы», «Елдің елдігі – бірлігі», «Оралдағы ойран» сияқты өлеңдерінде айқын көрінді. Туған елге деген сүйіспеншілік, ана тілі тағдыры, т.б. мәселелер ақын поэзиясының арқауы. Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді. Оның өлеңдеріне Ө. Бәйділдаев, Ш.Қалдаяқов, Т. Бақтыгереев, т.б. ән жазған.Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева өткен жылы жетпіс жылдық мерейтойын атап өтті. Ақын бүгінде Орал қаласында тұрып жатыр.
Қанипа Бұғыбаева 19 наурызда Алматы облысы, Жансүгіров ауданы, «Ақсу» өзенінің бойындағы «Ақын Сара» (бұрынғы Көкжайдақ) ауылында өмірге келген. Алғашқы өлеңдері 1959 жылдан «Жетісу», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Қазақстан әйелдері» журналында жариялана бастады. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген.
Қанипа Бұғыбаеваның «Тұңғыш кітап» өлеңдері 1963 жылы шығып, поэзияға нәзік леп әкелгені жайлы үзеңгілес ақындардың өзі мойындаған. Онан кейінгі «Екінші дәптер»(1965), «Ақ сүт» (1968), «Қара торғай» (1970), «Аруана» (1973), «Ана жыры» (1974), «Жыр және жүрек» (1977), «Жасыл бел», «Қоңыр жел» (1988), «Шұғылалы шақ»(1990), «Гүлдер көзін ашқанда» (1985), «Қоштасқым келмейді» (1995) тағы басқа жыр кітаптары қалың оқырманның көңілінен шыққан дүниелер.
Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазМҰУді тамамдаған.
Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. "Ақ гүлім менің" (1975), "Сен менің бақытымсың" (1977), "Жапырақ жаздың жүрегі" (1979), "Мейірім" (1981), "Бұлақтағы жұлдыздар" (1982), "Жасыл жағалау" (1984), "Ләйлектер қайтып келгенде" (1985), "Арғымақтар даласы" (1987), "Сен жанымда жүрсең" (1987), "Наурыз нұры" (1991), "Күн шыққанда күліп оян" (1996) т.б. жыр-жинақтары жарық көрген. Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады. Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.

48.Б.Бұлқышев очерктеріндегі ерлік пен жауынгерлік туралы мәселелерді саралаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы