Зигмунд Фрейд



Дата18.11.2021
өлшемі24.32 Kb.

Зигмунд Фрейд (нем. Sigmund Freud, толық аты Сигизмунд Шломо Фрейднем. Sigismund Schlomo Freud6 мамыр 1856 жылФрайбергАвстрия — 23 қыркүйек 1939 жылЛондон) — Аустрия психологіпсихиатрі және неврологіПсихоанализ ілімінің негізін қалаушы.

Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келеді.



1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді. Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен,таңқаларлық ақылымен,кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар дәріс береді. Сол жерде оқып жүріп Зигмунд Фрейд студенттік одаққа қосымша тарих, политика, философия жайлы үйрену мақсатында кіреді. Бірақ көбірек оны жаратылыстану ғылымдары қызықтырады. Биология және физика, жаратылыстану принципі бойынша нақты тәжірибелі маман ретінде қалыптасты.

Бұл үшін оған алдымен клиникаға жұмыс істеуге бару керек болды. Өйткені оның ол кезде медициналық тәжірибесі жоқ болатын. Клиникада Фрейд диагностика әдістерін миына зақым келген балаларды, сондай-ақ әр-түрлі тілдік ақаулары бар балаларды емдеу әдістерін меңгерді.

Оның ғылыми еңбектері медициналық зерттеулер ортасында белгілі бола бастайды. Зигмунд Фрейд жоғары білікті невропатолог дәрігер ретінде танылады. Өзіне келген науқастарды ол жылу, су, электр тогы арқылы яғни физиотерапия әдістерімен емдейді.

Алайда Фрейд көп ұзамай бұл физиотерапиялық әдістерге қанағаттанбайды, өйткені емдеудің тиімділігі жақсартуды қажет етті. Ол басқа әдістерді іздестіре бастады. Соның ішінде сол кездің дәрігерлері жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген гипноз арқылы емдеуді қолданады. Сол дәрігерлердің ішінде Ю.Брейрде бар. Ол жас З.Фрейдке зор ықпал етті. Олар өздеріне келген ауру адамдардың ауруларының себептерін және оларды емдеу жолдарын бірге талқылады. Көбінесе оларға қояншық ауруымен ауратын әйелдер емделуге келетін. Бұл аурудың көріну себептері – қорқыныш (фобия), сезімталдықты жоғалту, тамаққа тәбеті болмау, екі адам сияқты әрекет ету, елестер т.б. Жеңіл гипноз түрін қолдану арқылы (түс көру тәрізді ұйқылы-ояу күй) Брейр мен Фрейд ауру адамдарға сол аурумен ауырар алдындағы оқиғаларды айтқызды. Аурулар сол оқиғаларды есіне түсіре алса және сөзбен жеткізе алса бұл ауру шамалы уақытқа бәсеңдейді. Мұндай жағдайды Брейр көне грекше "катарсис" (арулану, тазару) деп атаған. Көне заман философтары бұл сөзді адам өнер туындыларын қабылдағанда пайда болатын және оның жанын жағымсыз күйлерден тазартатын сезім күйлерінің атауы ретінде қолданған.

Ғылыми білім – бұл білім өте мұқияттылықты қажет ететін құбылыстар себебін білу. Ол құбылыстарға сипаттама беріп қана қойған жоқ, олардың себептері мен заңдылықтарын іздеді. Психология саласына көшкен кезде де ол осы принциптерді ұстанды.

Ол медицина факультетінде оқыды. Оның ұстазы еуропаның әйгілі физиологы Эрнст Брюкке болды. Оның зертханасында көптеген елдердің ғалымдары жұмыс істеді оның ішінде орыс физиологиясы мен ғылыми психологияның негізін салған И.М.Сеченов болды. Брюккенің жетекшілігімен студент Фрейд Вена физиология институтында жұмыс істеді. Ол күніне бірнеше сағат микроскоппен жұмыс істеді. Қартайған шағында бүкіл әлем мойындаған психолог болған ол достарының біріне зертханада жануарлардың арқа жұлынының жүйке жасушаларының құрылымын зерттеген жылдар оның ең бақытты сәттері екендігін айтты. Осы кезеңде қалыптасқан оның бойындағы ғылымға деген қызығушылық пен табандылықты З.Фрейд өмірінің соңғы 10 жылдығында да жоғалтпайды.

Вена университетін бітірген соң З.Фрейд кәсіби ғылым қызметкері болуды мақсат етті. Бірақ физиология институтында Брюккенің қол астында мұндай жұмыс орны болған жоқ. Осы кезде Фрейдтің материалды жағдайы да болған жоқ. Өзі сияқты кедей отбасынан шыққан Марта Бернейге үйленген соң қиындығы көбейе түсті. Фрейд ғылымды тастап өмір сүру үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Бұдан шығар бір жол бар еді – ол тәжірибе жинақтаушы дәрігер болу. Ол невропатолог ретінде жеке тәжірибе жинақтауға шешім қабылдады. Брейр бұл терминді эстетикадан алып психотерапияға ауыстырды. Адам саналы түрде сезінбейтін бұрынғы әсерлер, еске түсірулер елестетулердің адам санасына ықпалы философтар мен психологтарға бұрыннан ақ белгілі болған. Брейр мен Фрейдттің жаңа идеяларының мәні мынада: адам саналы түрде сезінбейтін күйлерге қарсылық білдіреді. Ал бұл күй сезім және қозғалыс органдарының түрлі ауруларға шалдығуына әкеледі. (тіпті уақытша дәрменсіздік күй тудыруы мүмкін).

Гипноз әдісін әсіресе француз ғалымдары өте сәтті қолданған. Олардың тәжірибелерін зерттеу үшін Фрейд Парижге атақты невролог Жан Мартен Шаркоға барады (бүгінде ол дәрігер физиотерапия әдісінің бір түрі – «Шарко себезгісі» әдісімен байланысты медицинада белгілі). Шарконың «Невроз Наполеоны» деген атағы бар еді. Ол Европаның көптеген король отбасыларын емдеген. Бұл атақты дәрігерді ауруларды тексеру кезінде гипнозбен емдеу сеанстары кезінде тәжірибе жинақтаушы дәрігерлер тобы қаумалап жүретін. З.Фрейд жас веналық дәрігер сол тәжірибе жинақтаушылардың бірі болды.

Фрейдті Шаркоға жақындастырған жағдай оның Шаркоға ол оқыған дәрістерді неміс тіліне аударуын өтініп жолыққан сәті еді. Бір әңгімелесу үстінде Шарко невротик мінез-құлқтың негізгі ерекшеліктерінің бір қайнары – жыныстық құрылымда жатанын айтты. Осы ескертуді есінде сақтаған Фрейд бірнеше жыл өткен соң осы болжамдар мен бақылауларға сүйене отырып, адам мінез құлқындағы басты қозғаушы күш ретінде оның сексуалды өмірінің рөлі туралы идеяны алға тартты. З.Фрейд адам өміріне дәл осы сексуалды бастамалардың тікелей және жанама әсер ететіндігін адам өміріндегі барлық проблемаларға әкелер жол деп ұқты. Фрейдтің осы ілімі көптеген батыс елдерінде әйгілі бола бастады, сонымен қатар психологиядан тыс ілімдерде қолданды (Ярошевский 1989 ж.).

Біршама уақыттан соң Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті. Бір әйелге гипнозбен емделу үстінде гипноздан оянғаннан кейін бөлме бұрышында тұрған қолшатырды алу керектігін ескертеді. Гипноздан оянғаннан кейін шыныменде қолшатырды алып ашты. Ол әйелден неге бұлай істегенін сұрағанда ол қол шатырдың жөндеулі тұрғанын тексергім келді деп жауап берді. Сол гипноздан кейінгі сәтінде әйелге қол шатыр бөтен біреудікі екенін ескерткенде ол ыңғайсызданып оны орнына қойды.

Бұл фактілер Фрейдке дейінде белгілі еді. Бірақ Фрейд оларға жаңаша түсініктеме берді. Осындай фактілерді талдау негізінде Фрейд өзінің бейсаналық теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. XX ғ. Психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың Бейсаналық арқылы түсіндіретін теориясын құрды.

Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып бейсаналық санасыз күй күштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес, бейсаналық психикасынан іздей бастады.

Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал «еркін ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бдойы психоанализдің негізі болып келді. «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған. Емделуші адам бей-жай күйде (жатқан қалпы) ойына келген нәрсенің барлығын емін еркін айту, миында туындаған ойлар алуан түрлі болсада өз ассоциацияларын сыртқа шығаруы тиіс болды. Емделуші кедергіге тап болғанда мүдіре бастады бір сөзді бірнеше рет қайталап ойындағыны еске түсіру мүмкін еместігін айтты. Бұл жердегі Фрейдтің болжамы: Ауру адам өзінің кейбір құпия ойларына еркінен тыс қарсылық танытады.

Сонымен қатар мұны ол санасыз түрде өз ырқынан тыс жасайды. Адам мінез-құлқын меңгерудегі санадан тыс уәждердің атқарар рөлін анықтай отырып Фрейд психологияда жаңа бағыттың негізін салды. Бірақ оның адамға тән бүкіл қиыншылық, қызығушылық, құмарлық атаулының басты себебі адам бойындағы санадан тыс сексуалды күштердің әрекеті болып табылатындығына деген нық сенімі онық көптеген зерттеушілер ішінде өз жақтастыры мен қызметтестерінің қарсылығын тудырды. З.Фрейдтің ұстанған принциптерімен көзқарастарына қарама-қайшы пікірлер орын алды. Ал оның теориясы әуелден ақ сынға алынды, тіпті жоққа шығарылды. Бірнеше ондаған жылдар бойы күн сайын 8-10 сағаттан З.Фрейд дәрігерлік тәжірибесін шыңдады. Осы тәжірибелерінен алған факттер арқылы ол толғақ құрылымына сипаттама берді. Тәжірибе жүргізуші дәрігер ретінде Фрейд қолда бар фактлерді өте мұқият қолданды. Бұл фактілердің білгірі деуге болады. Фактілерді жинақтай отырып олардың негізінде өз теориялық қағидаларын құрды. Алайда кейінірек ол көбінесе теория жасаумен шұғылданып оларды нақты фактлері негізінде дәлелдеуге аз көңіл бөлді. Бұл жерде Фрейд даңқы арта түскен сайын өз көзқарастары дұрыс дегенге әбден сеніп өзін жоғары бағалай бастағандай еді. Фрейдтің мінезі бір беткей болатын және оның тұжырымдамасын өзгертуге немесе толықтыруға тырысқан өз шәкірттерінің барлығын дерлік алыстатып алды. Психоанализге жолдың кең ашылуы үлкен еңбектен келгендіктен әр шегіністі Фрейд сатқындық ретінде қарастырды. Психоаналитикалық ассоциациядан өз жақтастарымен қатар Фрейдтің шәкірттері де – Альфред Адлер, Карл Юнг, Карен Хорни, Мелани Кляйн және Жак Лакан сияқты зерттеушілер де қуылды. Мұндай атмосфера З.Фрейд салған ізге және оның беделіне мүлтіксіз бас шұлғуды танытты.

Психоанализде адам ойлары мен сезім күйлерінің санадан тыс түрін анықтау әдісі ретінде түс көруді талдау әдісі табылды. Бұл әдістің мәні мынада: психоаналитик емделушінің көрген түстерін талқыға салады.

Фрейдтің есептеуінше, түс көру қаншалықты бос көріністер болғанымен, оның «сценарийі» – бұл түстің бейне-белгілері арқылы қанағаттандырылатын түпкі тілек-қалаулар коды. Бұл болжамына өзі таңырқаған З.Фрейд оның тіпті қандай жағдайда туындағанын да есіне сақтап қалады. Бұл 1895 жылдың 24 шілдесіндегі кешқұрым мезгіл, бейсенбіде, веналық мейрамханалардың бірінің солтүстік-шығыс бұрышында еді. Бұл жөнінен З.Фрейд бірде: «осы жерде «дәрігер Фрейд түс көру құпиясын ашты» деген жазуы бар тақтай іліп қойса да болады», – деп әзілдей айтқан екен. 1900 жылы «Түс жору» кітабы жарық көрді. Оны З.Фрейд өзінің басты еңбегі санады. Кітапта түстегі бейнелердің қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді қабаттасуы, тұтас бейненің бөлшек бейнемен алмасуы, кейіптеу және тсс. Сипатталды. Осының барысында ол барлық адамдар үшін бірдей мәнге ие символдар бар деп санады. Мұндай символдар ретінде ұшу, құлау, суды, үшкін заттарды, тістің түсуін көру қарастырылды. Тәуелсіз авторлардың бұл қағиданы тексеруі мұндай тұжырымды растамады. Фрейд түс көрудегі бейнелерді эмоциалды сезім күйлерінің деңгейлері ретінде түсіндірді. Олардың туындау көздері күндізгі қалыптан тыс сезім күйлерінде, қызығушылықтарында, қорқыныш күйлері мен санадан тыс әрекеттерінде жасырылған. Олар өздері туралы ерекше символдық тілде сөйлейді. Фрейд олардың сөздік қоры мен оның құрылу тәсілін қалпына келтіруге тырысты.

Фрейд нақылдары



  1. Адамдарға көз күйік болмай, іргеңді бөлек сал. Сонда кімге шын керек екеніңді бірден білесің.



  1. Егер екі адамды қатар жақсы көрсең, екіншісін таңда. Біріншісін жақсы көрсең, екіншісі пайда болмас еді.



  1. Өзгелер сен туралы не ойлайтынына ешқашан бас қатырма.



  1. Үнемі кешіріп, ұзақ төзген адам бір сәтте аяқ астынан және мәңгілікке кетіп қалады.



  1. Досың жоқ болса түк емес, бар досың шетінен сатқын болса, сол жаман.



  1. Жоспарың туралы ешкімге ауыз ашпа.



  1. Ешқашан опасыздықты кешірме. Кез келген опасыздық – сенен артықты іздеу. Артығын іздеген қолда бардың қадіріне жетпес.



  1. Адам 80% судан тұрады. Егер адамның арманы, не ұлы мақсаты болмаса, ол бар болғаны тігінен тұрған шалшық қана.



  1. Сіздің жаныңыздан табылғысы келген адамдардан теріс айналмаңыз. Басыңа күн туғанда дәл сол адам қасыңнан табылуы мүмкін.



  1. Адамдармен қандай қарым-қатынас құруды өзің ғана біл. Өйткені, өзгеге сен қалай қарасаң, оларда солай қарайды деу бос сөз.[5]

Зигмунд Фрэйд бойынша түйсіктегіні санамен өлшеу туралы 5 ереже:

  1. Адам өзін біреу шын сүйеді дегенді сезінгенде сенімді әрі батыл болады.



  1. Біз бір-бірімізді кездейсоқ таңдамаймыз. Біз түйсігімізде тірілткен жанды ғана жолықтырамыз.



  1. Адам сүйген кезде дәйім қорғансыз болады. Сүйіктісін немесе оның махаббатын жоғалтқан кезде өте бақытсыз күй кешеді.



  1. Неге біз ай сайын басқа адамға ғашық болмаймыз? Себебі, айырылысқан сайын жүрегіміздің бір бөлшегін оған үзіп беріп отырар едік.



  1. Әр адамның түйсігінде ешкімге айтпайтын тілек-арманы болады. Кейде өзі де мойындамайтын тым құпия қалауы болатыны рас.

Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың қояншық (истерия) ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ жасаудан . Ол кезде фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң фрейд басқа амалдарды қарастырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік