Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Loading...


Дата28.06.2020
өлшемі182.5 Kb.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өресі биік, өрісі кең өнер атауының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Міне, сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жиһаздары, әсем де зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім[1]. Сол халық ортасынан шыққан шеберлердің көркемдеп, сәндеп жасаған бұйымдарының әсемдігіне, шебер жасалғандығына, қазір де қарап көз тоймайды.

Кейбір зерттеушілер мен творчество қызметкерлері қазақтың қолөнерінің идеялық маңызын көтеріп, қолөнердің ою-өрнек сияқты негізгі ұлттық қорын жоққа шығарды. Мәселен, С.М.Дудин[2], Е.Р.Шнейдер[3]: «Қазақ ою-өрнегі иран мәдениетінің тек бір бөлігін ғана көрсетеді. Қазақ халқының ұлттық өнеріне жатпайды», - деп топшылады.

Бірақ халықтың қолөнері өзінің тарихы, теориясы мен кейбір ұйымдастыру мәселелерінің жеткілікті элементтеріне қарамастан, күнделікті тұрмысқа қажетті қоршаған затты, көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер ретінде, социалистік қоғам кезінде де жалпы мәдени дәрежені де жоғары көрсетуге тән дамып келе жатыр.

Біз жоғарыда көрсеткендей көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалды. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбилеуге қызмет етеді.

Ерте кездегі авторлардың айтуы бойынша Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сақтар мен массағаттардың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдері әшекейленген[4].

Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан істелген. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіктер де мыстан соғылып, жүген-сулығы, ауыздығы, т.б. бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген», - деп жазады.

Әрбір баланың шығармашылық қабілеттері тек оның жеке басының туа біткен қабілеттеріне ғана емес, сондай-ақ оны тәрбиелеп отырған қоғамдық ортасының тарихи қалыптасқан дәстүрлі ұлтының дүниетанымына да байланысты. Ал қазақтың ұлттық дүниетанымы ежелден келе жатқан дәстүрге айналған рухани қазынасы арқылы қалыптасатыны анық. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақты өз халқының ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрып дәстүрімен тереңірек таныстыру қажет.

Этнограф-ғалымдар Ә.Марғұлан[5], К.Ақышев[6], Т.К.Басенов[7], М.С.Мұқанов[8], Ә.Тәжімұратов[9], Х.Арғынбаев[10] және т.б еңбектерінде ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің даму тарихы, ою-өрнек жасалу технологиясы және мән мағынасы қарастырылған.

Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі[11]. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.

Зерттеу мақсаты: Ғасырлар бойы сақталып, бізге дейін мұра болып жеткен ата-бабаларымыздың ұлттық қолөнерінде ерекше орын алатын ою-өрнек өнерін жаңа заман талабына сай мектеп жасына дейінгі балаларға үйрету әдістеріне зерттеу жүргізе отырып, тиімді жолдарын анықтау

Зерттеу міндеті:


  • Ғылыми әдебиеттерді пайдалану

  • Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстырудың маңызын анықтау

  • Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру жолдарын көрсету

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру жолдары

Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру процесі

Зерттеу әдістері: Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру процесі бойынша ғылыми мәліметтер жинау және оларды талдау арқылы тәжірибелік зерттеу амалдарын жүргізу.

Зерттеу болжамы: Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру процесінен мынадай нәтиже көруге болады:

- Балалардың қолөнер ерекшеліктері туралы түсініктерінің кеңеюі;

- Қазақ қолөнеріне деген эстетикалық сезімдерінің оянуы;

- Халық қазынасына деген жауапкершілік сезімдерінің болуы.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚТЫҢ ОЮ-ӨРНЕК ӨНЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстырудың маңызы

Бүгінгі таңда жаңалыққа жаны құмар жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беру, оны ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ұлттық құндылықтарды құрмет тұтып, тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастыру қай заманда болса да маңызды мұқтаждық ретінде күн тәртібінде тұрары белгілі. Әсіресе, бүгінгі жаһандануға бет бұрып, әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына жауап беру жағдайында бұл мәселенің өзектілігі айшықталып отыр. Елбасының бұл жайлы «толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деген сөзі баршамызға салмақты міндеттер жүктейді. Сондықтан бүгінгі таңда басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу болып отыр[12].

Жер бетіндегі өмір сүруші әрбір ұлт өз ұрпағының жан – жақты тәрбиелі және мәдениетті тұлға болуын армандайды. Бала бойына рухани мұраларды сіңіре тәрбиелеудің бірі – ұлттық тәрбие.

Ұлттық тәрбие – рухани уыз. Халық көптеген тәрбиелік дүниелер туғыза отырып, олар арқылы баланың жеті қырлы, бір сырлы болып қалыптасуын қамтамасыз еткен.

Сондықтан еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық мәдениет, өнер және қолөнер негізінде біліктілік пен іскерлік қалыптастыру, мәдениеттілікке баулу, адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген. Осыған байланысты болашақ маман бойында кәсіби мәнді сапалардың қалыптасып, ол тұлға дамуымен ұштасып, нәтижесінде жас ұрпақтың біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі артады. Аталмыш мәселенің әсіресе ел болашағының кілтін ұстап отқан жас буын – мектеп жасына дейінгі балалар үшін маңызы айрықша[13].

Қазақ қолөнері көркем мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Бұл өнер ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін тұрмыста қолданып келеді. Қазақтың ұлттық өнерімен таныстыру негізінде бала айналадағы дүниенің қимыл-қозғалыстарының алуан түрлі реңін түсінеді. Балалардың өнер туындыларымен бірге үнемі байланыста болуы рухани-өнегелік,эмоционалық-сезімдік дамуының және шығармашылық мүмкіндіктерінің қалыптасуының негізгі тірегі болып келеді. Мектеп жасыны дейінгі балалар бейнелеу өнері,ән-күй; құрастыру және қол еңбегі,көркем әдебиет сабағында және ертеңгілік-тер мен ойын-сауықтар барысында халқымыздың ұлттық өнерімен танысып,көркем талғамын,өзіндік дүниетанымын қалыптастырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға халық шеберлері - ағаш шебері, ұста, зергер, тоқымашы, кестеші, өрмек тоқушы т.б. таныстыра отырып, олардың қолынан жасалған бұйымдар туралы мағлұмат беру балалардың білім деңгейлерін жетілдіре түседі[14].

Балалар ағаш шебері ағаштан түйін түйетінің, ұста темірден жасалатын бұйымдарды соғатынын, зергер әшекей бұйымдарды жасайтынын, тігінші киім тігетініні жөнінде мағлұмат алып, ұлттық бұымдардын жасалу ерекшеліктерімен танысады.

Қайсыбір қолөнер шеберін алсақ та олар өздерінің жасаған бұйымдарын түрлі ою-өрнектермен әшекейлейді.

Ою-өрнек өнері ежелден халықтық өнердің бір түрі. Оның шығу тарихы теренде. Ал сюжеттік мазмұны мен атаулары әр дәуірдің тыныс- тіршілігіне,тұрмыс салтына орай өзгеріп,дамып,жетіліп отырған. Өнердің де басқа түрлері секілді,ою-өрнектің де балалардың ой-өрісі мен білімдерін жан-жақты дамытуға әсері мол. Ою-өрнектердің ішінде аспан әлеміне,өсімдікке,жер-су атауларына геометриялық кескінденге қатысты қару-жарақ іспеттес кездеседі. Ою-өрнектер әртүрлі мәнге ие. Сондай-ақ қол өнер бұйымдарында түрлі түстер ерекше орын алады. Қазақтың қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен идея болмыс пен щындықты көрсеттуде өзіндік шешім табады[15].

Ақ түс – шындық, пәктіктің нышаны болса, жасыл түс – көктемнің нышанын білдіреді. Қолөнер шеберлері түстерді ерекше үйлестіре білген жөн деп есептеген.

Қазақ өз дүниетанымын, салты мен дәстүрлі, ғұмырлық тарихын өнерге бағыштаған. Қазақтын ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп.

Ғылымдар әзірше 200-дей түрін ғана анықтады. Солардың халық арасында көп тараған түрі-мүйіз тектес ою-өрнегі. Ою-өрнектің бұл тобын, қазақ буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырады. Мысалы: қошқар, арқар мүйіз, өркеш мүйіз, төртқұлақ, түйе табан, сыңар өкше қос алқа, құс қанаты, қаз табан т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы әлементтерден ою-өрнек композициясы жасалады. Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер- су, көшіп-қону көріністерін.

Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек[9]. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.

Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп түрі және әр түрі мәнер жасауда жиі қолданылатын «мүйіз» тектес ою-өрнектер.

Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған. Мысалы: халқымыздын көне бұымдардың әрбір жануар мен заттың өз бойындағы қасиеттеріне қарай тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колориты мен ритмы, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалады.

Композиция дегеніміз латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөзі[6].

Өрнек үшін симметрия да маңызы зор. Оның екі жағының бірдей болуы – симметрия заңы. Симметрия кез келген өрнекті болады.

Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып отыруын ритм немесе ырғақ дейді.

Ою өрнек өнері қазақ халқында ертеден-ақ өнердің барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, оның материалдық және рухани игілігіне айналып келеді. Қазіргі кезде халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою-өрнек қайта түлеп, бай мазмұнға жаңа түрге ие бола түсуде. Халқымыздың мәдени-тұрмыс дәрежесінің, дүниеге көзқарасының ойлау, ұғыну және шығармашылық қабілетінің дамуы халық шеберлерінің шығармашылық ізденістерін шындай түсті.

Жанадан көркем-кесіпшілдік орындары ашылып,олардың заттары сәнді болу үшін ою-өрнекпен безендірілуде[16].

Балалардың әдебиеттен, математикадан, музыкадан, бейнелеу мүсіндеу, кесте тігу мен ою-өрнек алу өнерінен хабардар болуы келешекте рухани үрдісті жоғары, кемел азамат болып шығуына жол ашатыны анық.





    1. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстырудың мүмкіндіктері

Халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда оқу-тәрбие үдерісін және олардың күнделікті өмірін дұрыс ұйымдастыруға баса назар аударылып, педагогикалық іс-әрекеттерде қолданған әдіс-тәсілдердің тиімді eкендігі мәлім. Сонымен қатар, шеберлікті мирас етіп қалдыруда отбасының орны ерекше.

М.Краевский қазақтардың мына ерекшелігіне баса назар аударады: «...қыздарын кішкене кезінен бастап кесте тігіп, кілем тоқуға үйретеді, ал олар үлкейгенде осының бәрін өз бетінше жасауларын талап етеді». Үйдегі анасы мен бірге мектептегі ұстаздары кішкентай жасынан қыздарды қолөнерге әдемі бұйымтайлардың ою-өрнектері мен суреттерін көрсете отырып баулыса, оларға кілем тоқудағы жіпті иіру мен тоқудың жәй ғана тәсілдерін үйрете отырып, үлкейе келе күрделі технологиялық амалдарды жан – жақты меңгертеді. Осы кезеңдерде балаларда ыждаһаттылық, шыдамдылық, көркемдік талғам, өзбетінше жұмыс істеу, нақтылық, ұқыптылық сияқты қасиеттері қалыптасып отырады.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып, өркен жайып дәстүрге, тұрмыс тіршілігіне қалыптасқан мәдениеттің бір үлкен саласы ұлттық ою-өрнек. Қазақ халқының салт-дәстүрі әлемдегі басқа халықтармен салыстырғанда ұлттық ою-өрнек арқылы ерекшелінетіндігі баршаға мәлім.

Соның ішінде қазақтың қолданбалы өнері-ұлттық ою-өрнектің сан алуан түрлері МДҰ-да балалардың танымын молайтып, шығармашылыққа баулуда кең қолданылады.

Ою-өрнек дегеніміз – геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді бейнеленуі немесе құрылымы. Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері - бай мұра, сарқылмас қазына екендігін жас ұрпаққа жете түсіндіру, оларға үйрету тәрбиешілердің басты міндетінің бірі болмақ. Ою-өрнектерді композициялық құрлымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар үш топқа бөлген:

1)Өсімдік типтес ою-өрнек: өсімдіктердің гүлі , жапырағы, сабағы сияқты болады.

2)Зооморфтық ою-өрнек оларға аң, құс, балық тағы басқа олардың мүшелерінің ою-өрнекпен бейнелеуі.

3)Космогониялық ою-өрнек оларға дөңгелек ирек, торкөз сияқты өрнектер жатады[17].

Ою-өрнекті қағазға, ағашқа, теріге, матаға салуға болатындығын сабақта балаларға айтып түсіндірумен бірге практикада балалардың жас ерекшелігіне байланысты жасатып үйрету қажет. Ол үшін МДҰ-ғы арнайы «Ұлттық бұрыш» заман талабына сай толығымен ою-өрнектер бейнеленген қол өнер бұйымдарымен жабдықталу қажет. Қазақтың қолданбалы сәндік барлық түрлерінде оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылып келген. Ою мен өрнек қол өнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түсіп көркемділігін арттырады. Сондықтан сабақ барысында балалардың өз қолымен жасалатын бұйымдардың әр қайсысына оюлар мен өрнектеуге, әшекейлеуге тәрбиеші ерекше назар аудару қажет сияқты. Бұл балаға эстетикалық, патриоттық, отансүйгіштік, халқын сүйгіштік тәрбие қалыптастырады. Ою-өрнек өнері сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының тарихы мен өмірі мен бірге ілгерлей дамып отырғандығын бала қауымға сабақ барысында түсіндіріп отыру керек. Халық арасындағы шеберлер ою-өрнекпен сәулетті ғимaраттар мен киім кешектерді, қару-жарақтарды, ыдыс-аяқтарды әшекейлеп, мәнерлеп өмірге керектеніп отырған[18].

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында тәрбиеші ою-өрнектің әр түрлерін салып жасалған бұйымдарды (ағаш бұйымдар, темір бұйымдар, бас киімнен аяқ киімге дейінгі киім түрлері, үй жабдықтары, ат әбзелдері) балаларға көрсетіп, оның жасалу тәсілдерін үйретіп отырса баланың сабаққа деген белсенділігі артып, сондай ою-өрнегі бар заттарды жасауға құмартып, құштарлығы, белсенділігі артуы сөзсіз.

Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әр түрлі тәсілді қолданады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асырады. Осы тәсілдерді балаларға сабақ барысында түсіндіріп, тәсілдерді іске асыру үшін қандай құрал-саймандар керек екенін және қалай пайдаланылатынын тәрбиеші іс жүзінде көрсету арқылы іске асырады[19].

Қазақ халқының ою-өрнек өнерін кезінде көптеген ғалымдар зерттеген. Дей тұрғанмен қазақ өнерінің осы бір күрделі саласын ою-өрнек өнерін әлі де ғылыми тұрғыдан терең зерттеу қажет сияқты. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы ою-өрнектің түрлерін нақыштарын бас киімдерде сәукеле, бөрік, тахия, кепеш, кимешектің жақтауларына, әйел еркектің көйлегінің жаға, жеңі алдыңғы жиегіне, еркектердің теріден және матадан (барқыт, бүліс) жасалған шалбарының тізесі, балағына, сыртқы киім шапан, камзол, мешпет, түлкі, қасқыр, аю терісінен тігілген сәнді киімдердің арқасы етек жеңіне, аяқ киімдер мәсі, етік, кебіст.б. киімдерді, киіз үйдің басқұры, жел бауы, сыртқы жабынтыққа және кигізден жасалған етіктің іші сыртын тіпті бай, манаптар уық, кереге, шаңырақты да әсемдеп, әшекейлеп, сәндеу үшін ою-өрнектің түрлерін кеңінен қолданып келгені белгілі[20].

Ат әбзелдерін ер, тоқым, құйысқан, мілдірік, жүген, ноқта, қамшыға дейін күмістеп күміс оюлармен безендірген сол сияқты тұрмысқа керекті ағаш, темірден жасалатын табақ, ожау, кесе, аяқ, үстел тағы басқа заттарға ою-өрнектің неше алуан түрлерін керектенгені жөнінде балаларға сабақ барысында баланың жас ерекшелігіне қарай түсіндіріп, олардың суретін көрнекі құрал ретінде көрсетіп, тіпті кейбір ою-өрнегі бар бұйымдарды тікелей көрсетіп балалар қолымен ұстап көзімен көріп, ою-өрнек салып жасалған бұйымдарды көру, ұстау, есту арқылы ой өрісін кеңейтіп ұлттық ою-өрнектің ерекшелігін, жасалу тәсілін, керектіленетін материал, ою-өрнекті салу үшін қандай аспап, құрал қолданылатындығын сабақ барысында түсіндіру арқылы ой-өрісін жан-жақты өркендету,жетілдіріп отыру керек. Ою-өрнектің дамуымен қалыптасуында әрбір тарихи дәуірдің салып кеткен үлгі таңбасы бар. Ою-өрнек үлгілерінде әр халықтың келбеті айқын танылады. Ою-өрнектердің көптеген түрлері бар қошқар мүйіз, жиекті өрнек, гүлді өрнек, торлы ою-өрнек, геометриялық өрнек, көкөніс өрнек, Зооморфтық өрнек, балық көз өрнек, т.б. Балық көз өрнек көбінесе зергерлік бұйымдарда, мүйізбен сүйектен оймышталған заттарда жиі кездеседі.Балаларға сабақ барысында әртүрлі малдың мүйізі, сүйегінен жасалған бұйымдармен танысып, оларды оюлап әшекейлеуді үйреткен жөн[21].

Қазақ ісмерлері үлкен әжелеріміз шебер әйелдер тұскигіз, сырмақ, текеметке малдың жүні, әртүрлі бояуларды пайдалану арқылы ою-өрнектердің бірнеше түрін пайдаланған. Тебенмен, инемен, бізбен тігіп өрнектейтін болған. Сырмақ, тұскиіз, алаша текеметке ою-өрнек тіккенде ою-өрнекті бір-бірінен ажырату үшін су жүргізілетін болған. Су жүргізу деген сөздің мағынасы бөлу, ажырату, анықтау, айқындау дегенді білдіреді. Бір сөзбен қорытып айтқанда ою-өрнек үлгілерін жинау, зерттеп зерделеу дамытып насихаттау және сабақ барысында балаларға ою-өрнек туралы жас ерекшелігіне байланысты білім, біліктілікті игерту, ата-бабадан қалыптасқан ою-өрнекті өмірде кеңінен бейнелеу осы арқылы балаларды ата-дәстүр, салт-тәрбиелеу үйрету әлі де іске аспай өмірге кеңінен қолданылмай келе жатқан шаруаның бірі екені белгілі.

Олай болса ұлттың ою-өрнек элементтерін сабақ барысында оңайынан қиына қарай үйрету дегеніміз дидактикалық принципті басшылыққа ала отырып балалар ою-өрнекті өз бетімен немесе сабақ барысында үйрену үшін қайшы, қарындаш, өшіргіш, бір парақ қағаз алып оңай ою-өрнектерді қарындашпен бейнелеп сызып, қайшымен өрнекті қайшылап алған соң оған бояу жағып жұмысты ең оңайынан бастап үйрету арқылы дағдыландыру. Бала қағаз, қарындаш пайдаланып шаршы, ромбы, үшбұрыш, шеңбер сызып солардың ішіне әртүрлі өрнектермен композиция құруға болатындығын үйрету арқылы баланың ою-өрнек оны салу тәсілдерін көрнекті құрал пайдалану арқылы үйретуге болады[18].

Ою-өрнек элементтерінің аталуы әртүрлі болған. Мысалы мүйіз ою, қолтық ою, мүйіз,қошқар мүйіз, қос мүйіз, табан, қыңыр мүйіз, түйетабан, шеңбер, сырғатеру, шимай, терек, төртқұлақ, тағы басқа сан алуан түрі болған. Оларды өмірде керектенетін киім түрлеріне, киіз үй жабдықтарына, ат-ертоқым әбзелдеріне, сырмақ, текемет түскиізге тағы басқа өмірде қолданатын барлық заттарды әшекейлеу, мәдениеттеу үшін ою-өрнекті кеңіне қолданғандығын балаларға түсіндіру ою-өрнектің жеңіл түрін өз қолымен жасай білуге үйрету сабақтың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс[19]. Шеберлік ұсталықты халқымыз өте құрметтегендігінің бір белгісі:

Бабамнан қалған мұра төспен көрік

Ұста әкемнің үлгісін өскем көріп

Ұғынамын осыны мол байлық деп

Басқа байлық мен үшін бестеңгелік деген екен[20]. Ұлттық ою-өрнек элементтерін сабақтарда қолдану, ұлттық ою-өрнектің ғасырлар бойы ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, өркендеп өсіп ою-өрнектің элементтері түрлері сан алуан болып өмірімізге, күнделікті тұрмыс тіршілігімізге кеңінен қолданылып келе жатқан қолөнердің баға жетпес қазынасы екендігін балаларға кеңінен түсіндіріп насихаттау, балалардың көзімен көрсетіп қолымен ұстату арқылы ұлтымыздың мәдениетін, дәстүрін,салт-санасын, тұрмыс тіршілігі қандай болғандығын ою-өрнек мәдениеті қалай дамығандығын түсіндіру арқылы қолөнер шеберлігін меңгеруге, игеруге, өз бетімен ою-өрнек нақыштарын технологиялық саймандарды қолданып жасай білуге баулу, дағдыландыру білім, біліктілігін арттыру қажет[21]. Балалар сабақта шеберлік, үнемшілдік, төзімділік, әдемілік, мәдениеттілік тәрбие алу арқылы өзін жан-жақты дамыта алады. Балаларды жұмыс барысында барысында еңбектің ақ-қарасы жоқ, «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей»,- деп ұлы ойшыл Абай Құнанбаев айтқандай еңбекке баулу, еңбекке дағдыландыру, еңбектің әдіс амалдарын үйрету арқылы еңбек сүйгіштік тәрбие беру мен бірге басқаның еңбегін құрметтейтін тәрбие қалыптастыру қажет[22].

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы. Жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» еңбегінде «Әлемнің әміршісі – еңбек тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек ғана қиындықты жеңбек»,-дегендей балалардан бастап еңбек жасындағы қазақстандықтардың еңбек ету арқылы елімізді өркениетті елдердің алдыңғы қатарына жеткізу мақсатын қойғандығын балаларға айтып түсіндіріп, балалардың ұлттық қолөнеріміз ою-өрнектеріміздің қолдануын сабақ барысында арттырып, Отан сүйгіш тәрбие қалыптастыруымыз керек. Сондықтан да ұлттық ою-өрнек элементтері балалардың шығармашылығын дамытуда сабақтарда кеңінен қолданылуы тиіс[20].

ІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚТЫҢ ОЮ-ӨРНЕК ӨНЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру жолдары


Бүгінгі болашақ ұрпақ − ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендетуге үлестерін қосып отырулары қажет. Тәуелсіз мемлекетімізде ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты өндірісте шығаратын бұйымдарға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты[12]. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы” өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.

Балаларды қазақтың киелі ою-өрнекгімен таныстыру жұмыстары мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап қалыптасуы керек. Сондықтан бұл жұмыс тек мектепке дейінгі ұйымдарда ғана емес, отбасы тәрбиесінде де өзіндік орын алуы шарт. Балаларды қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен таныстыру жұмысы балабақшада келесі материалдық базаның болуын талап етеді:

− Ұлттық бұрыш (ою-өрнек бейнеленген туындылар: киімдер, көрпелер, ыдыс-аяқтар);

− сабақ өткізу үшін оқу-құралдары, көрнекіліктер.

Материалдық базаның толық болуы туындылармен танысуға, балаларға өз əсерлерін көркемдік жəне ойын іс-əрекеттерінде қолдануға мүмкіншілік береді. Балаларды оқыту барысында əдіс-тəсілдерді қолдану жас ерекшелігіне, оның ойлау қабілеттеріне байланысты болмақ[17].

Ұлттық бұрыш баланың білім алуымен қоса, оның шығармашылықпен аналысу кезінде керек іс-тəжірибелік дағдыларын қалыптастырады. Сондықтан бұл жерде балалардың өз шығармашылығынан туындаған қолөнер бұйымдарын да орналастыруға болады. Осылайша балалардың қазақтың ою-өрнегіне деген эстетикалық қызығушылықтары да арта түседі.

Балаларды ою-өрнектермен таныстыруда олардың қай кезде және неліктен қолданылатыны жайлы да түсініктерін қалыптастырған жөн. Мысалы: «Қаз мойын» – кілемдерге, сырмақтың шетіне салынады. «Қошқар мүйіз» – текемет, сырмақтарға салынады. «Толқын» – алашаға салынады. «Жауқазын» – көйлектерге салынады. «Төрт мүйіз» – кілемдердің ортасына салынады. «Гүл мойын» – жастықтың тыстарына салынады. «Ботакөз» – кілем, төсек жапқыштарға салынады, т.б.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстың қай түрінде болмасын ою-өрнектің қарапайым, салуға және қиып жабыстыруға оңай түрлері қолданылады. Оларға мына ою-өрнектерді жатқызуға болады:

1. «Ит құйрық» - табиғат түрлерін шығармашылықпен бейнелеу үлгісінен туған ою. Мұндай оюлар төрт түлік малға, мал күту рәсіміне байналысты бұйымдарда, шығармаларда қолданылып жатады.

2. «Ирек, су» өрнегі. "Бұлақ көрсең – көзін аш" деп өсиет қалдырған ата-бабамыз суды өмір нәрі, тіршілік көзі деп түсінген. Бұл өрнек те сол қадір-қасиеттің айғағы. Ирек, су өрнегі көбіне көгілдір, көк сия түстерге боялады.

3. «Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі.

4. «Кемпірқосақ» ою-өрнегі бірнеше түстерден жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Қолөнер бұйымдарын жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне лайықтап орналастырылады. Бұл өрнектер алаша, қоржын, басқұр тоқуда жиі пайдаланылады[6].

Бейнелеу өнері сабақтарында ою-өрнекті қағаз бетіне түсіруде бірнеше әдістер қолданылады.

«Бастыру әдісі»: Аталмыш техника арқылы ою-өрнектерді бейнелеу балаларда жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, қарындаштың теріс бөлігі, жіп;

Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.

«Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан түрлі пішіндер жасауға болады. Мысалы: шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау; картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру; Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің оюын жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден сәндік композициялар құрастыруға болады. Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренеді және олардың аттарын атап есіне сақтайды[16].

«Нүктелер арқылы сурет салу»: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет) дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің көлемдері әр түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып ою-өрнектің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған ою-өрнектерді топтастырады.

Балалардың ою-өрнек туралы түсініктерін қалыптастыруда олардың аттарын да жаттатып, бір-бірінен айырмашылықтарын ажыратуға үйретіп отыру қажет. Сонымен қатар, ою-өрнектің түстеріне де аса мән беріледі[10].

Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді[6]. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатқан. Қына (жер қынасы, тас бетінің қынасы) «томарбояу» дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған.

Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок түріне келтірген. Мұндай қайнатынды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы әр түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек, қара жусан сияқты ащы шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған[20].

2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыруда жүргізілетін жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-өрнек өнерімен таныстыру − балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда басты мақсат болып табылады. Ал балалардың айналадағы өмірден алған әсерлері бұл іс-әрекетінің мазмұнына айналады. Сурет салу процесінде балада бейнелеушіге белгілі бір қатынас орнығып, қоршаған әлем жөніндегі білімі нақтыланып, көбейе түседі. Балалар сабақ кезінде түрлі материалдармен жұмыс жасауға дағдылар мен іскерліктерге ие болады, оларда болмыстың заттары мен құбылыстарын бейнелеу процесінде бұл іскерліктерді шығармашылықпен пайдалануға үйренеді.

Мектепке дейінгі ересек жастағы баланың айналасындағы заттар мен құбылыстар жөнінде бейнелеу мүмкіндіктері шектеулі. Бала қабылдағанының барлығы бірдей оның суреті немесе мүсіні үшін тақырып бола алмайды.

Ою-өрнекпен таныстыруда өзара логикалық байланысы бар заттар тобының бейнеленуі маңызды болып есептеледі. Мысалы, киіз үйдің ішіндегі сәнді жиһаздар, ыдыс-аяқтар, төсек орындары және т.б. заттардың үйлесімді орналасуы, ондағы бейнеленген ою-өрнектердің көлемі, түр-түсі және орналасу реті эстетикалық талапқа сай болу керек. Өмірде бала заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды оңай аңғарады, алайда бұл қатынастарды сурет немесе мүсін арқылы беру үшін мектеп жасына дейінгі бала ой мен қиялдың үлкен жұмысын талап ететін бірқатар бейнелеу іскеліктерін меңгеруге тиіс. Бала бейнеде ненің бастапқы, ненің екінші дәрежелі екенін анықтау және композициялық міндеттерді шешу қажет[9].

Бұл бейнелеу тәсілдерін меңгеру – ойды дамытуды талап ететін барынша күрделі міндет. Үйретудің маңызды міндеті ритмді, симметрияны, түсті ескере отырып, ою-өрнек жасай білуді дамыту болып табылады. Балабақшада бұл негізінен естияр топтардан бастап жүргізіледі. Бұл міндет көбіне декоративтік сурет пен аппликация сабақтарында жүзеге асады. Мүсіндеуде жасалған ыдыстар мен декоративтік пластиндерді бояулармен боялған ою-өрнекпен нақыштауды жатқыза аламыз.

Бейнелеу өнеріне баулудың маңызды міндеттерінің бірі – түрлі материалдармен жұмыс жасау техникалық тәсілдерін меңгеру.

Бейнелеу іскерлігі заттың формасын, оның құрылысын, түсін және басқа сапаларын бере білу, нақышталатын форманы ескере отырып, ою-өрнек жасай білу қабілетінен тұрады. Бейнелеу іскерліктерімен техникалық дағдылар тығыз байланысты. Кез келген затты бейнелеу үшін кез келген бағытқа сызықтарды еркін және жеңіл жүргізе білу керек, ал осы сызықтардың көмегімен заттың формасын қалай беру керек – мұның өзі бейнелеудің міндеті болып табылады[14].

Бейнелеу өнеріне үйретудің әдістері мен тәсілдері:

• Бақылау

• Заттарды пайдалану

• Үлгіні пайдалану

• Картиналарды пайдалану.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың табысты болуы олардың айналасындағыны бақылай білуі, болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды анықтап, жалпы және жеке белгілерді бөліп көрсете білуі қаншалықты дамитынына байланысты. Баланы арнаулы бейнелеу тәсілдеріне, түрлі бейнгелеу материалдарын пайдалану әдістеріне үйрету қажет. Тек сабақта жүйелі түрде үйрету процесінде ғана балалардың қабілеттері қалыптасады.

Балабақшада бейнелеу және құрастыру әрекеті жөніндегі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде шартты түрде көрнекі және сөздік деп бөлінетін тәсілдер пайдаланылады. Балалар бақшасына тән тәсілдер тобы ойын тәсілдерін құрайды. Ал үйрету тәсілі сабақтардағы іс-әрекеттердің ерекшелігін анықтамайды бар болғаны тар көлемде үйрету маңызына ие, неғұрлым жеке, көмекші құрал.

Заттарды пайдалану әдісі. Натурамен жұмыс жасау затты белгілі бір қашықтықта, сурет салушының көзіне қатысы жағынан ол қандай болса, сондай жағдайда бейнелеуді көздейді. Оны неғұрлым сипаты жағынан қабылдайтындай етіп орналастырады. Тәрбиеші натураны балалармен бірге егжей-тегжейлі қарап шығып, талдау процесіне бағыт беріп, оны сөзбен және ым-ишарамен жеңілдетіп отырған жөн. Мысалы, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ұлттық ою-өрнектер бейнеленген кесе немесе қуыршақтың киімін пайдалану.

Үлгіні пайдалану. Натура сияқты үлгі де үйрету әдісі және жекелеген тәсіл ретінде де пайдаланылады. Бейнелеу іс-әрекеті түрлерінде көбінесе декоративтік және конструкциялық жұмыстарда үлгі үйрету әдісі ретінде қолданылады.

Балалар үлгілерден ою-өрнек элементтерін көшіріп алуға, элементтердің орналасуы және үйлестіруге үйренеді. Үлгілерді пайдалану сол сабақтардың алдындағы міндеттерімен анықталады. Мәселен, үлгі тәрбиешінің арнайы нұсқауынсыз ұсынылуы мүмкін, балалар оны көріп алып, өз беттерімен орындайды. Бұл жағдайда үлгіні қолдану баланың сыни тұрғысынан ойлауны арттырады[21].

Кейде үлгі үйрету тәсілі ретінде де пайдаланылады. Мысалы, заттың суретін салғанда, мүсінін жасағанда үлгі көшіру мақсатында емес, бейнелеп отырған зат туралы балалардың түсінігін нақтылау үшін пайдаланылады.

Картиналарды пайдалану.

Картиналар негізінен балалардың қоршаған болмыс туралы түсініктерін нақтылау үшін бейнелеу құралдары мен тәсілдерін анықтау үшін қолданылады.

Картина көркем шығарма ретінде образдарды әдемі әрі әсерлі береді. Осы кезде балалардың шығармашығын арттыру үшін сабақ барысында қандай да бір детальдарды нақтылау үшін картинаны кейбір балаларға көрсетіп алу қажет, бұдан кейін картинаны алып тастау керек. Себебі оны одан әрі көріп қабылдау көшіруге әкеліп соғады.

Олардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мақсатында аяқталмаған картинаны ұсынуға болады. Тәрбиеші сұрақтар қойып нақтылау арқылы сурет салдыруға болады.

Балабақшада шығармашылық саласы аясында өтетін сурет салу, жапсыру, мүсіндеу сабақтары балаларды бейнелеу өнеріне баулуда жетекші роль атқарады[12].

Сурет салуды заттық, затқа қарап сурет салу, сәндік бейнелеу, сюжеттік сурет салу деп бөлеміз.

Сурет салуға үйретудің негізгі мақсаты – балалардың айнала қоршаған тіршілікті тануға көмектесу, олардың аңғарымпаздығын дамыту, сұлулықты сезінуге тәрбиелеу және бейнелеу тәсілдеріне үйрену.

Бейнелеу өнерінің тағы бір түрі – мүсіндеу. Мүсіндеудің бейнелеу және техникалық құралдарын меңгеру сәбилер үшін қиынға соғады. Сондықтанда тәрбиеші мүсіндеуге арналған материалдарды мұқият іріктуіне үйретудің мазмұны мен тәсілдеріне ұқыпты қарайды.

Балабақшада мүсіндеуге саз балшық пен пластилин қолданылады. Мектеп жасына дейінгі балалар ою-өрнек бейнеленген заттарды мүсіндеу кезінде неғұрлым айқын сипаттық белгілерін бейнелей алады, ал негізгі бөліктерінің формасын жалпылама күйінде қалдырады. Сондықтан да тәрбиешілер балаларды заттың негізгі формасын соларға тән өзгеше сипаттарымен бейнелей білуге үйреткені маңызды. Ересек тобындағыларды заттардың өзара ұйқастығы мен айырмашылықтарын өзара кеңістіктегі орналасуын, сипаттық белгілерін тани білуге үйреткен дұрыс.

Жапсыру (аппликация латын тілінен шыққан – үстіне қою, салу дген мағына білдіреді) негізгі фонға сәндік және тақырыптық формалардағы қиындыларды жапсыру арқылы әр түрлі заттарды көркем безендіру үшін қолданылады.

Балабақшада аппликациялық жұмыстардың дайын формалаларын жапсыру (сәндік-геометриялық және өсімдік формаларынан, затттық – жеке бқлмектерде және т.б.) мен кесу формаларды жапсыру ( жеке заттарды, сюжетттік, сәндік) сияқты түрлерін қолданады.

Балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жапсырудың үлкен мүмкіндіктері бар. Айталық, ою-өрнекті өздері кескен дайын геометриялық фигуралардан болмасын құрастыруларына болады. Сәндеу жұмыстарда дайын формаларды қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың бар зейінін ою-өрнектегі элементтерді белгілі ырғақпен қайталап отыруға, үйлесімді, әдемі түстерді таба білуге бағыштауға мүмкіндік береді.

Балабақшада бейнелеу іс-әрекеті сабақтың сурет салу мүсін жасау аппликация және конструкциялау сияқты түрлерін қамтиды. Баланың айналадағы дүние туралы әсерлерін бейнелеуде осы түрлердің әрқайсысының өз мүмкіндіктері бар. Сондықтан бейнелеу іс-әрекетінің алдында тұрған жалпы міндеттер әрбір түрдің ерекшеліктеріне, материалдың және онымен жұмыс істеу тәсілдерінің өзгешеліктеріне қарай нақтыланады[15].



1. Бейнелеу және құрастыру әрекетінің бір түрі - сурет салу.

Сурет салу балалардың өздерінің шығармашылық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сүйікті сабақтарының бірі.

Суреттердің тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Балалар өздерінің қызықтырған нәрселердің бәрін салады: жекелеген заттарды және айналадағы өмірден алынған көріністерді, әдеби кейіпкерлер мен декоративті ою-өрнектерді және т.б.

Сурет салудың әсерлі құралдарын пайдалану олардың қолынан келеді. Мысалы, нақты затпен ұқсастықты беру үшін сурет салушының бейнеленуші объектіге қатынасын білдіру үшін және декоративті планда түс пайдаланылады. Композиция тәсілдерін пайдалана отырып, балалар сюжетті жұмыстарда өз ойларын толығырақ әрі байырақ бейнелей бастайды.

Алайда сурет салуды жете түсініп, оның тәсілдерін техникалық жағынан меңгеру кішкентай бала үшін айтарлықтай күрделі, сондықтан тәрбиеші жұмыстардың тақырыбына баса назар аударуға тиіс.

Балабақшада негізінен ою-өрнекті бейнелеуде алуан түрлі мүмкіндіктері бар түрлі-түсті қарындаштар, акварель және гуашь бояулары пайдаланылады.

Қарындашпен сызықтық форма жасалады. Оның өзінде бір бөліктен кейін екінші бөлік біртіндеп салынып, алуан детальдар қосылады. Содан кейін сызықтық бейнелер боялады. Сурет жасаудың мұндай бірізділігі баланың аналитикалық ойлау қызметін жеңілдетеді.

Бір бөліктің суретін салып алған кейін, ол онан әрі қандай бөлікті жасау керектігін еске алады немесе натурадан көреді. Оның үстіне, сызықтық нұсқалар бөліктердің шекарасын анық көрсете отырып, суретті бояуға көмектеседі.

Бояулармен сурет салғанда форма бояу дақтары арқылы жасалады. Осы тұрғыдан алып қарағанда бояулардың түс пен форманы сезінуді дамыту үшін үлкен маңызы бар. Бояулармен айналадағы өмірдің алуан түрлі бай түстерін беру оңай. Мысалы «Жайлауда» тақырыбында ашық аспан, күннің батуы мен шығуы, киіз үй және т.б. Бұл тақырыптарды қарындаштармен орындағанда көп еңбек, жақсы дамыған техникалық дағдыларды талап етеді.

2. Бейнелеу және құрастыру әрекетінің екінші бір түрі - мүсіндеу.

Бейнелеу және құрастыру әрекеті түрлерінің бірі ретінде мүсін жасаудың ерекшелігі – бейнелеу аумақтық әдіспен жасалады. Мүсіндеу жұмсақ материалмен ғана емес, сонымен қатар қатты материалмен де жұмыс жасауды қамтитын скульптураның бір түрі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар қолдың әсеріне тез икемделетін жұмсақ пластикалық материалдармен – саз балшықпен, пластилинмен ғана жұмыс істеу тәсілдерін меңгере алады.

Балалар адамдардың, хайуанаттардың, ыдыс-аяқтың, транспорттың, көкөністердің, жемістердің, ойыншықтардың мүсіндерін жасайды. Тақырыптардың алуан түрлілігі мүсіндеу, бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлері сияқты, баланың танымдық және шығармашылық қажетсінуін қанағаттандыра отырып, тәрбие міндеттерін орындайды.

Материалдың әсемділігі мен бейнеленетін форманың ауқымдылығы мектепке дейінгі балаға, сурет салуға қарағанда, мүсіндеуде бірқатар техникалық тәсілдерді меңгеруіне мүмкіндік береді. Мысалы, ол ұзақ уақыт үйренуді қажет етеді. Мүсіндеуде бұл міндет шешу жеңіл. Бала алдымен затты статикалық жағдайда мүсіндеуді де одан кейін оның бөліктерін түпкі ойға сәйкес майыстырады.



3.Бейнелеу және құрастыру әрекетінің келесі түрі - сурет аппликация.

Аппликация сабақтары процесінде балалар өздері ою-өрнек бөліктері мен силуэттерін қиып, жапсыратын алуан түрлі заттардың қарапайым да күрделі формаларымен танысады. Силуэтті кескінді жасау үлкен ой мен қиял жұмысын талап етеді, өйткені силуэтте кейде заттың негізгі белгілері болып табылатын детальдар болмайды.

Аппликация сабақтары математикалық түсініктердің дамуына мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі балалар аса қарапайым геометриялық формаларының аттарымен, белгілерімен танысады, заттардың және олардың бөліктерінің кеңістікте орналасуы мне көлемі туралы түсінік алады. Осы күрделі ұғымдарды балалар декоративтік ою-өрнек жасау процесінде немесе затты бөлік-бөлігі бойынша бейнелеген кезде оңай ұғып алады.

Сабақтардың барысында мектепке дейінгі балалардың бойында түсті, ритмді, симметрияны сезу дамиды және осының негізінде көркемдік талғам қалыптасады. Оларға түсті өздері жасау немесе форманы бояу керек емес. Балаларға түрлі түстер мен реңктегі қағаздарды бере отырып оларды әдемі үйлесімді таңдай білугe тәрбиелейді[13].

Ритм мен симметрия ұғымымен балалар сәби жастың өзінде-ақ декоративтік ою-өрнек элементтерін бөлген кезде танысады.

Аппликация сабақтары бөбектерді жұмысты жоспарлы ұйымдастыруға үйретеді, өйткені өнердің бұл түрінде композиция жасау үшін бөліктерді жүйелі жапсырудың үлкен маңызы бар.

Аппликациялық бейнелерді орындау қол бұлшық еттерін дамытуға, қимылдарды үйлестіруге жәрдемдеседі. Бала қайшы ұстауға, қағаз парағын бұра отырып,формаларды дұрыс қиып алуға, формаларды қағаз бетіне бір-біріне бірдей қашықтықта орналастыруға үйренеді.

4.Бейнелеу және құрастыру әрекетінің келесі бір түрі - конструкциялау.

Алуан түрлі материалдардан конструкциялау бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлеріне қарағанда ойынмен көбірек байланысты. Ойын көбіне конструкциялау процесімен қатар жүреді, ал балалардың жасап шығарғандары әдетте ойындарда пайдаланылады[14].

Балабақшада конструкциялаудың мынадай түрлері қолданылады: құрылыс материалдарынан, конструкторлар жиынтығынан, қағаздан, табиғи және басқа материалдардан конструкциялау.

Конструкциялау процесінде мектеп жасына дейінгі балалар білімге, дағдыға және іскерлікке ие болады. Құрылыс материалдарынан конструкциялай отырып, олар геометриялық ауқымды формалармен танысады, симметрияның, тепе-теңдіктің пропорцияның маңызы туралы түсінік алады. Қағаздан ою-өрнекті конструкциялау кезінде балалардың геометриялық жазық фигуралар туралы білімі, жақ, бұрыштар, орталық нүктесі туралы ұғымы нақтылана түседі. Балалар қағазды майыстыру, жинау, кесу, желімдеу жолымен жалпақ формалардың түрін өзгерту тәсілдерімен танысады[19].

Табиғи және басқа материалдармен жұмыс істеу балаларға өздерінің творчестволық қабілеттерін көрсете білуіне, жаңа бейнелеу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.

Конструкциялау жұмыстары үшін, әдеттегідей, дайын формалар пайдаланылады, балалар оларды жинай отырып қажетті кескінді алады.

Конструкциялаудың барлық түрлері балалардың контрукторлық ойы мен творчестволық қабілетін дамытады. Балаға жасалатын затты, оның бөліктерінің формаларын алдын ала елестетіп, өзінде бар дайын формалармен ойша салыстыруы, оының жарамдылығын анықтауы, содан кейін пайдалануы керек. Конструкторлық ойды қалыптастырудың күрделі процесі тәрбиеші жағынан зейін аударып, дұрыс басшылық жасауды талап етеді.

Ою-өрнектермен таныстыруда тәрбиеші күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс жұмыстар жүргізе алады. Мысалы, сәндік қолданбалы өнер, мүсін шығармаларының репродукциясын қолдану арқылы әңгіме сабақ өткізу, сәндік қолданбалы өнер туындыларының көне үлгілерін таныстыру мақсатындағы өлкетану музейіне экскурсия жасау, таңдаулы өнер шеберлерімен, зергерлермен кездесулер ұйымдастыру, баланың өзі тұратын ауылдағы, қаладағы тарихи ескерткіштерге, мемориалдық даңқ кешендеріне, монументалдық көрнекті үгіт жұмыстарына экскурсия жасату, өнер шығармаларының репродукциясынан, балалардың бейнелеу жұмыстарынан, суретші-педагогтардың шығармашылық еңбектерінен кұралған бейнелеу өнері көрмесін балабақша көлемінде ұйымдастыру, т.б.

ҚОРЫТЫНДЫ
Балаларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы, дәстүрі мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйрету қажет. Осы орайда қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, оған мектеп жасына дейінгі балаларды баулу, шеберлігін дамытудың маңызы ерекше. Қазақ халық қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жәй салуды, киім - кешек тігуді, азық - түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе - күн тіршілік барысында орынды пайланса, әсем бұйымдар жасап өмір де, сән - салтанатта құра біледі. Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық өмірімен, қоғамдық тарихымен, күнкөрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екендігін көреміз.

Халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісін және олардың күнделікті өмірін дұрыс ұйымдастыруға баса назар аударылып, педагогикалық іс-әрекеттерде қолданған әдіс-тәсілдердің тиімді eкендігі мәлім. Сонымен қатар, шеберлікті мирас етіп қалдыруда отбасының орны ерекше.

Қазақ қолөнерінің даму жолының өзіндік тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан бастау алады. Оған Қазақстан жерінде жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілерін дәлел ретінде көре аламыз. Яғни, қазақтың қолөнері Республика жерінде бағзы замандарда мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениетінен бастау алып, бүгінгі күнмен ұштасып жатқанынының айғағы.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттың білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына, тікелей байланысты. Жалпы әр халықтың ұлттық білім беруі сол елдің экономикалық дамуына, халқының тарихи тағлымына, мәдениетінің деңгейіне сай болуы керек. Ұлттың табиғатына терең бойламаған бәйтерек,тамыры жер бетіне ғана жайылған дарақ сияқты, жел соқса, шайқалып жылдам қопарылып түседі. Мемлекет болашағы бүгінгі жеті жасар ұрпақтын білімі мен тәрбиесіне, іскерлігі мен парасаттығына тікелей байланысты.

Осы бағытта жас ұрпақты, қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып,өзіндік тарихымен, әдет-ғұрыпымен, сәндік, көркемдік жолымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген -қолөнер.

Қолөнердің халықтық әлеуметтік, салт тұрмысында алатын орнының қаншалықты биік, жоғары екеніне, нақышына келтіріліп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол ою-өрнек. Өткен өмірімізден өшпес мұра болып, материалдық мәдениетімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан ою-өрнек.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасы.Алматы, Қазақстан 1993.9 сәуір.

  2. С.М.Дудин «Ковровые изделия в Средней Азии» («Сборник музея антропологии и этнографии Академии Наук»)

  3. Е.Р.Шнейдер Искусство народностей Сибири // Искусство народностей Сибири. Л., 1930. С.57-100

  4. Атутов П.Р., Бабкин Н.И., Васильев Ю.Н. Связь тудового обучения с основами наук. М. Просвещение 1983ж

  5. Ә.Марғұлан Казахское народное прикладное искусство, 1–3 т.,1986–90

  6. К.Ақышев "Курган Иссык. Искусство саков Казахстана", Позднесредневековый Отрар, Отрар в XIII-XV

  7. Т.К.Басенов «Архитектура и городское строительство»

  8. М.С.Мұқанов «Менің мектептерім» 1940ж

  9. Ә.Тәжімұратов "Шебердің қолы ортақ" (А.,1977ж.)

  10. Арғынбаев X. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987

  11. Айғабылов Н. «Еңбек тәрбиесінің психологиялық аспектісі» // Қазақстан мектебі журналы. 1986 №6 29 бет.

  12. Ш.Ахметов «Қолөнер сабағын өткізу тәжірибемен» // Қазақстан мектебі журналы. 1975 №6.

  13. Әбілова 3.Оқытушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы: Мектеп, 1972.

  14. Әбітова Б. «Салт дәстүріміз - сабақта» // Қазақстан мектебі, 1993. №222 бет

  15. Әбдуалиева Ш. «Халық қолөнері» Алматы 1992, 120 бет.

  16. Қасымов С. Қазақ халқының қолөнері. Алматы. Қазақстан 1995.

  17. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы. Қазақстан 1977.

  18. Методика трудового обучения с практикумам/ Под. ред. Д.А. Торжевского.М.: Просвещение 1987.

  19. Ә.Сағымбаев «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» Кәсіптік білім Алматы 2007

  20. Б.Асанова, А.Птицина, Ұ.Әбдіғапбарова «Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы» Алматы 2010ж

  21. Т.Тілеубекұлы «Қазақтың ою-өрнектері мен зергерлік бұйымдары» Алматы 2003ж

  22. Құнанбаев А., Қалың елім қазағым. – Алматы: Жалын, 1995ж



Қосымша 2
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы


__________________

(күні, айы, жылы)

Тәрбиеші: ________________________

Тобы: Ересектер

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Табақты өрнекпен безендіру»
Мақсаты: Табақты ою - өрнекпен әшекейлеуге үйрету, балалардың қызығушылығын арттыру, байқампаздығын, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: табақтың суреті, оюлардың түрлері, жай қарындаштар, бояулар, қылқалам, табақтың үлгісі.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

І. Шаттық шеңбері
«Арайлы ақ таң!»
Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!



Балалар дөңгелене тұрып шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдастырылған ізденіс

ІІ. Сурет бойынша сұрақ-жауап

Педагог кіріспе әңгіме өткізіп, балалардан қандай ыдыс-аяқ түрлерін білетіндерін сұрайды.


- Балалар, мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Табақ дегеніміз тәрелкенің үлкен түрі айтады. Бұл қазақтың ұлттық шеберлерінің бір түрі ыдыс - аяқ.

- Табаққа қандай тағамды саламыз?

- Табақ қандай пішіндерге ұқсайды?

- Табақты қалай әшекейлеуге болады?

ІІІ. Ыдыс-аяқ туралы мағлұмат беру

IV. Д/о: «Тақияны әшекейлейік»

Мақсаты: балаларды тақияны әр түрлі оюлармен әшекейлеуге үйрету. Жануарлар, өсімдік ою-өрнектерінің атауы және элементтері бекіту.

V. Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды созайық,

Жел сияқты қалықта,

Оңға, солға иіліп

Денемізді бұрайық.

VI. Жұмысты орындаудың реті

Тәрбиеші балаларға үлгі көрсетіп, табақты әшекейлеуге көмектеседі.







  • Кесе, тәрелке, шәйнек.

- Табақ




  • Ет

- Дөңгелек.

- Гүлдермен, домалақтармен, сызықтармен.

Балалар сергіту сәтін орындайды



  • Ою - өрнек элементін, оның түсі таңдау.

  • Табақта ою - өрнекті балалармен бірге жай қарындашпен орналастыру.

  • Оюларды қылқаламмен бояу.



Рефлекстік түзетуші

VІІ. Қорытынды. «Біз не білдік?»

  • Табақ туралы

  • Ою-өрнек туралы

Балалар шығармалары көрмесін ұйымдастыру және талдау. Балаларды мадақтау




Балалар ой қорытынды жасайды.



Күтілетін нәтиже:
Біледі: Табақ, ою-өрнек туралы түсінік алады және маңызын.

Игереді: Табақ суреті үстіне өрнек салуды;

Меңгереді: Табақты ою-өрнекпен әшекейлеуді.




Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
жалпы білім
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
білім беруді
дарламасыны титулды
разрядты спортшы
мелетке толма
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...