Зертханалық ЖҰмыс №6 Кестелік процессорлар. Деректер қорын басқару жүйесі. Сұраныстар, пішіндер, есеп берулер құру

Loading...


Pdf көрінісі
Дата30.07.2020
өлшемі200.03 Kb.

1

 

 



ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 6  

 

Кестелік процессорлар. Деректер қорын басқару жүйесі.  

Сұраныстар, пішіндер, есеп берулер құру 

 

Мақсаты:  Microsoft  Access    деректер  базасын  басқару  жүйесімен,  оның  негізгі 

компоненттерінің қызметімен, деректер, жазба, өріс, кілттік  өріс объектілерді  жасау  әдістерімен, 

өрістердің  типтерімен  таныстыру.  Пішін  (форма)  ұғымымен,  Microsoft  Access-те  пішін  жасау 

әдістерімен, пішін көмегімен кестені деректермен толтырумен танысу. Microsoft Access  деректер 

базасын  басқару  жүйесінің  объектілерінің  бірі  сұратумен,оның  түрлерімен  және  сұратуды  құру 

жолдарымен таныстыру. Microsoft Access  деректер базасының объектілерінің бірі есеп берумен, 

оның қолданылу аясы және жасалу тәсілдерімен танысу. 



 

6.1 Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі.  Бірнеше кестелерден деректер 

қорын жасау 

Негізгі ұғымдар: 

Кез келген деректер базасын басқару жүйесінің (ДББЖ) жұмысы – деректер базасын жасау, 

енгізу және өңдеу.  

Microsoft Access ақпаратты сақтау және көрсету үшін қолданылатын жеке компоненттерден 

тұрады.  Бұл  компоненттерге  кестелер,  пішімдер  (формы),  есеп  беру  (отчет),  сұрату  (запрос), 

макростар,  модулдер  жатады.  Microsoft  Access-тің  әрбір  объектісін  жасаудың  кем  дегенде  2 

әдіспен:  Конструктор  көмегімен  немесе  Мастер  көмегімен  жасалады.  Конструктор  режімінде 

объект  құрылымы  жасалынады  немесе  өзгертіледі,  ал  Мастер  режімінде  объектілердің  дайын 

нұсқалары таңдалынып, қолданылады. 



Деректер дегеніміз – мерзімді түрде жұмыс істеуге мүмкіндік болу үшін сақталуы қажетті 

кез  келген  ақпарат.  Көптеген  деректер  базасының    құрылымы  кестелік  болады.  Кестелік 

құрылымда  деректер  адресі  жолдар  мен  бағандардың  қиылысуы  арқылы  анықталады.  Деректер 

базасындағы  бағандар  өрістер  деп,  ал  жолдар  жазбалар  деп  аталады.  Өрістер  деректер 

базасының құрылымын жасайды, ал жазбалар онда сақталатын ақпараттан тұрады.  

Өріс – бұл деректер базасы құрылымының негізгі элементтері. Олардың өзіндік қасиеттері 

бар.  Өріске  қандай  типті  деректерді  енгізуге  болатыны,  қандай  деректерді  енгізуге  болмайтыны, 

сонымен қатар өрістегі деректермен не істеуге болатыны өрістің қасиетіне байланысты. 

Мысалы,  «Құны  (Стоимость)»  өрісіндегі  деректерге  жалпы  нәтижені  алу  үшін  қосу 

операциясын  қолдануға  болады.  Ал  «Телефон  номері»  өрісіндегі  деректерді  телефон  номерлері 

санмен  жазылса  да  қосуға  болмайды.  Бұл  өрістердің  қасиеттері  әртүрлі  және  әртүрлі  типке 

жатады.  

Өрістердің әртүрлі типтері әртүрлі қасиеттерге ие. 

1. Мәтіндік өрістің негізгі қасиеті – өлшемі. 

2.  Сандық  өріс  сандық  деректерді  енгізу  үшін  қажет.  Мұның  да  өлшемі  бар,  бірақ  сандық 

өрістер әртүрлі болады, мысалы, бүтін сандарды енгізу үшін және нақты сандарды енгізу үшін. 

Соңғы жағдайда өрістің өлшемімен қатар санның ондық бөлігінің өлшемі беріледі.  

3. Күн мен уақытты енгізу өрісі  Күн/уақыт (Дата/время) типті болады.  «Иә немесе Жоқ», 

«1  немесе  0»,  «Ақиқат  немесе  Жалған»  және  тағы  осы  сияқты  тек  екі  мәні  бар  логикалық 

деректерді енгізу үшін арнайы логикалық өріс қолданылады. Мұндай өрістің ұзындығы әрқашанда 

1-ге тең. 

4.  Өрістің  ерекше  өрісі  –  Ақшалы  (Денежный)  өріс.  Мұнда  қандай  деректер  сақталатыны 

атауынан-ақ  белгілі.  Ақшаның  сомаларының  көрсеткіштерін  сандық  өрісте  де  сақтауға  болады, 

бірақ ақшалық  типтегі түрде олармен жұмыс жасау жеңіл. Бұл жағдайда компьютер санды ақша 

бірліктерімен бірге көрсетеді, рубль мен тиынды, фунт пен пенсты, доллар мен центті ажыратады.  

5. Қазіргі кездегі деректер базаларында тек сандар мен әріптерді ғана емес, сонымен бірге 

суреттерді, сазды клиптер мен бейнежазбаларды сақтауға болады. Мұндай объектілерге арналған 

өріс OLE объектісінің өрісі деп аталады.  

6. Мәтіндік өрістегі  бір кемшілік оның өлшемінің  шектеулігіне (256 символдан аспайды) 

байланысты.  Егер  өріске  ұзын  мәтін  қою  керек  болса,  бұл  үшін  MEMO  типті  өріс  қолданылады, 


2

 

 



онда  65  535  символға  дейін  сақтауға  болады.  MEMO  өрісінің  ерекшелігі  –  деректер  өрісте  емес 

басқа  жерде  сақталады,  ал  өрісте  тек  мәтіннің  қайда  орналасқанын  көрсететін  көрсеткіш 

(указатель) сақталады.  

7. Санауыш (Счетчик) өрісі. Бір қарағанда бұл қарапайым сандық өріс сияқты, бірақ оның 

автоматты түрде мәні артатын

 

қасиеті бар. Егер деректер қорында мұндай өріс болса, онда жаңа 



жазбаны  енгізу  кезінде,  оған  алдыңғы  жазбадағы  сол  өрістің  мәнінен  бірге  артық  сан  автоматты 

түрде енгізіледі.  Бұл өріс жазбаларды нөмірлеуде ыңғайлы.  

Егер ақпарат қарапайым құрылымда сақталған болса, онда олармен арнайы деректер қорын 

басқару  жүйесінің  көмегінсіз  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  бар.  Практика  жүзінде  бір-бірімен  өзара  

байланысты көптеген кестелерден тұратын күрделі құрылымдармен жұмыс жасауға тура келеді. 

Бір-бірімен  өзара    байланысты  кестелерден  тұратын  деректер  қоры  реляциялық  деректер  қоры 

деп те аталады.  

Деректер  қорын  бір-бірімен  өзара    байланысты  кестелерге  бөлу  ыңғайлы,  кейде  қажет. 

Мысалы,  компакт-дисктер  прокатымен  айналысатын  фирманың  менеджері  заказдардың  санын 

көбейту  мақсатында қолдағы бар дисктердің тізімін әрбір клиент көре алу үшін залға компьютер 

қоюды  шешті.  Егер  деректер  базасы  бір  ғана  кестеден  тұратын  болса,  онда  кез  келген  келуші 

дисктер  туралы  ақпаратпен  қатар    фирманың  басқа  клиенттері  жөніндегі  ақпаратпен  хабардар  

бола  алады.  Бұл  тапсырыс  берушілерге  ұнамауы  мүмкін.  Мұндай  менеджер  жаңа  клиенттерді 

жинай алмауымен қатар бұрынғы клиенттерін де жоғалтады.  

 Кестелер  арасындағы  байланыстар  сенімді

   


мықты

 

болу  үшін  және  бір  кестедегі  жазба 



арқылы  басқа  кестедегі  жазбаны  табу  үшін  кестеде  қайталанбас  дара  (уникальные)  өрісті 

қарастыру керек.  

Кестелердің құрылымын жасауда бір өрісті (немесе өрістердің бір комбинациясын) кілттік 

өріс  ретінде  алуға  болады.  Кілттік  өрістермен  компьютер  ерекше

 

жұмыс  жасайды.  Компьютер 



олардың  даралығын  (уникальность)  тексереді  және  мұндай  өрістермен  сұрыптауды  (сорттауды) 

тез  орындайды.  Мұндай  кілттік  өрісті    байланыстар  жасау  үшін  қолдану  тиімді.  Кейде  кілттік 

өрісті бастапқы кілт деп те атайды.  

Өрістер арасындағы байланыс түрлері: 

1:1:  «Бірдің –бірге» қатынасы. Мысалыстудент– сынақ кітапшасының №. 

1:N:  «Бірдің-көпке»  қатынасы.  Мысалы:  Бір  тауар  әкелуші...а)   ...  бірнеше  тауар  әкелуі  мүмкін, 

...б) ... бірақ, әрбір тауардың  тек бір әкелушісі болады.  Осы  сияқты қатынас  Топ- -студенттер 

арасында да болады. 

N:M: «Көптің-көпке» қатынасы. А кестесіндегі бір жазбаға  В кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес 

болуы мүмкін, ал В кестесінің бір жазбасына   А кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келуі мүмкін. 



Мысалы:  Студенттер-олардың  тыңдайтын  Курстары,  Авторлар-Кітаптар,  Тауар  әкелушілер-

Тапсырыс берушілер. 

Байланыстырылған кестелерді жасауға қойылатын талаптар:  

Деректердің 

тұтастығы 

(целостность

Access 


деректер 

басқару 


жүйесінде  

байланыстырылған кестелердегі жазбалар арасындағы байланыстарды қолдау үшін  қолданылатын 

ережелер  жүйесін  білдіреді.  Деректердің  тұтастығын  бақылау  үшін    мына  шарттар  орындалу 

керек:   

 

Бір кестенің байланысқан өрісі кілттік өріс болады немесе қайталанбас дара индекс болады.  



 

Байланысқан өрістердің деректерінің типтері бірдей болады. Ескерту: Алайда, Санауыш (Счетчик) 



өрісі    сандық  өрісімен  байланыса  алады,  егер  сандық  өрістің  типі  ұзын  бүтін  (длинное  целое) 

болса.  


 

Байланыстырылатын кестелер Access-тің бір деректер қорында болуы тиіс. 



Жаттығу жұмыстары: 

1-жаттығу.  «Деканат» деректер қорын жасау. 

1. 


Жаңа «Деканат» деректер қорын жасаңыз. Жаңа деректер қорын жасау үшін: 

 

Access программасын жүктеп, ашылған терезенің «Жаңа деректер қоры» пунктын басыңыз; 



 

 «Жаңа  деректер  қоры  файлы»  терезесінде  Файл  атауы  өрісіне  деректер  қорының  атауы 

ретінде Деканат атын беріңіз және деректер қоры сақталатын өзіңіздің папкаңызды таңдаңыз.  

 

 Создать батырмасын басыңыз.  



2. 

Деректер  қорының  кестесін  жасау.  Деректер  қорының  кестесінің  алдымен  құрылымын 

3

 

 



(жобасын) жасайды. Оны  жасау үшін: 

 

Ашылған  терезеде  «Деректер  қоры»  терезесінің  сол  жақ  панелінде  Access  объектілерінің 



(таблицы,  формы,  запросы,  отчеты,  макросы,  модули)  барлық  типтерін  шақыру  үшін  басқару 

элементтері  орналасқан.  Терезеден  жасалатын  құжаттың  типін  таңдау  керек,  кесте  жасайтын 

болғандықтан  Құру  (вкладка  Создание)  терезесінде  Таблицы  бөлімін  таңдап,  Конструктор 

таблиц батырмасын басыңыз. 

 

«Жаңа кесте (Таблица1)» терезесі ашылады.  



 

Ашылған  Конструктор  терезесінде  құрылатын  кестенің  өрістерін  1-кестеге  сәйкес 

анықтаңызКестенің өрістерін анықтау үшін: 

 

«Өрістің аты» бағанындағы жолға бірінші өрістің атын Оқытушы_ коды деп енгізіңіз; 



 

«Деректер  типі»  бағанындағы  жолда тізім батырмасына  басып,  деректердің  Сандық  (Числовое) 

типін таңдаңыз, ал «Өрістің өлшемін»  Целое  деп анықтаңыз. 

 

Оқытушы_коды  өрісін  кілттік  өріс  етіңіз.  Ол  үшін  саймандар  панеліндегі  кілттің  суретіне 

басыңыз немесе жанама менюді шақырыңыз.  

 

«Код»  өрісіндегі  деректерге    шектеу  енгізіңіз.  Бұл  деректер  қайталанбауы  қажет,  өйткені  

оқытушылардың  кодтары  қайталанбауы  тиіс,  әрі  оларды  өзгерту  мүмкіндігі  қамтамасыз  етілуі 

тиіс.   

 

Общие бөліміндегі Индексированное поле параметрінің жолын шертіңіз.  Тізімнен «ДА» пунктін 

таңдаңыз ( бірдей болмау үшін). 



Ескерту.  Индекс  —  бұл  Access-тің  кестеде  деректерді  іздеуді  және  сұрыптауды  тездететін 

құрал.  Кестенің  кілттік  өрісіне  (алғашқы  кілттің  өрісі)  автоматты  түрде  индекс  қойылады.  



MEMO және Гиперсілтеме немесе  OLE объектісінің өрістеріне индекстер жасауға болмайды.   

 

«Оқытушылар»  деректер  қоры  кестесіндегі  қалған  барлық  өрістерді  анықтау  үшін  1-  кестеге 



сәйкес жоғарыдағыдай әрекеттерді орындаңыз.  

1- кесте.  



Өрістің аты 

Деректер типі 

Өрістің өлшемі 

Фамилиясы 

Мәтіндік 

20 


Аты 

Мәтіндік 

15 

Әкесінің_аты 



Мәтіндік 

25 


Туған_күні 

Күн/уақыт 

Өрістің форматы: Қысқа 

Қызметі 


Мәтіндік 

Пән_коды 



Сандық 

Бүтін 


Пән 

Мәтіндік 

11 

Телефон 


Мәтіндік 

Жалақы 



Ақшалық 

Өрістің форматы: Негізгі  

Ондық таңба саны: 0  

 

Жасалған  кестені  Оқытушылар  деген  атпен  сақтаңыз.  Ол  үшін  «Жабу»  белгісін  басыңыз. 



Ашылған терезеде кестенің атын сұрайды, сіз Оқытушылар деп теріп, ОК батырмасын басыңыз.  

2 – жаттығу. Деректер қорын өңдеу (редакторлеу).  

Ол  үшін  жобасын  жасаған  кестенің  Конструктор  режиміне  өтіңіз.  Егер  сіз  деректер  қоры 

терезесінде болсаңыз, онда Оқытушылар кестесін таңдап, 

 батырмасына басыңыз.  

 «Қызметі» өрісіне енгізілетін деректерге шектеу қойыңыз; тек қана Профессор, Доцент немесе 

Ассистент сөздері енгізілуі керек.  

Енгізілетін деректердің мәніне шарт қою үшін: 

 

 «Қызметі»  өрісін  шертіп,    Общие    бөлімінің  терезесінің  төменгі  жағындағы    Условие  на 



значение  дегенге өтіңіз.  

 

 Өрнекті  құрастырушы  арқылы  (построитель  выражений)  мәндерге  шарт  қою  үшін  мынандай 



 батырманы шертіңіз.  

 

Пайда  болған  терезеде    Профессор  сөзін  жазып,  одан  соң 



    батырмасын  шертіңіз  (бұл 

батырма  НЕМЕСЕ    деген  қызметті  атқарады),  одан  соң  Доцент  сөзін  жазып  тағы  да  осы 

батырманы  шертіңіз,  Ассистент  сөзін  жазып  <ОК>  батырмасын  шертіңіз.  Осылайша 


4

 

 



«Қызметі» өрісіне тек Профессор, Доцент, Ассистент мәндері ғана енгізіледі. 

 

«Қызметі»  өрісіне  дұрыс  емес    деректер  енгізілген  жағдайда  экранға  шығатын  қате  туралы 



хабарламаның  мәтінін  анықтау.  Қате  туралы  хабарлама  (Сообщение  об  ошибке)  жолына 

«Ондай қызмет жоқ, деректерді дұрыс енгізіңіз» деген сөйлем енгізіңіз.   

 

«Қызметі» өрісіне үнсіз келісім бойынша шығатын мән етіп Доцент сөзін анықтаңыз. 



 

Конструктор режимінен шығыңыз. 



3 – жаттығу. Кесте режімінде жұмыс. 

1.  Кесте  режимінде  деректерді  енгізу  мен  редакторлеу  жүреді.  Жобаланған  кестеңіздің  Кесте 



(Таблица) режиміне өтіңіз. Ол үшін: 

 

Конструктор  саймандар  панеліндегі  Представления  бөлімінен  Вид  –  Режим  таблицы 

комндаларын орындаңыз. Кестені сақтауға байланысты шыққан сұраққа <Да> деген батырманы 

шертіңіз.  

2.  Кестені  толтыру.  Кестеңізді  төмендегі  2-ші  кесте  сияқты  етіп  толтырыңыз.  «Қызметі» 

өрісіне    дұрыс  емес    деректер  енгізілген  жағдайда  (мысалы  Лаборант  сөзін)  не  болатынын 

байқаңыз.  Экранда  «Ондай  қызмет  жоқ,  деректерді  дұрыс  енгізіңіз»  деген  хабарлама  шығады. 

Дұрыс сөзді енгізіңіз. 

2- кесте 

Код  Фамилия   Аты 

Әкесінің 

аты 

Туған 

жылы 

Қызметі  Пән 

коды 

Пән 

Жала-

қы 

2 

Айтов 


Орал 

Айтович 


25.07.1940 

Доцент 


 

Экономика 

12000  

3 

Омаров 


Назар 

Маратович  05.12.1967  Доцент 

 

Математика  17600  



4 

Сергеева 

Ольга 

Ивановна 



12.02.1972 

Ассистент   

Математика  14500  

5 

Емец 


Павел 

Петрович 

16.02.1951 

Доцент 


 

Экономика 

18900  

6 

Салимова 

Раушан  Ахановна 

30.05.1966 

Доцент 

 

Информатика  17900  



7 

Омаров 


Оспан 

Маратович  30.07.1948  Доцент 

 

Физика 


18900 

 

3.  Кестедегі әр өрістің енін деректердің ұзындығына сәйкес өзгерту.  



4.  Ол үшін:  

 

 «Код» өрісіндегі кез келген жолды шертіңіз; 

 



Формат– Ширина столбца командасын орындаңыз; 

 

Пайда  болған  терезеде  <По  ширине  данных>  батырмасын  шертіңіз,  сонда  өріс  ені 

өзгереді.  

 

Осы әрекеттерді қалған өрістерге де орындап, ендерін өзгертіңіз.  

5.  Кестеде іздеу жасау.  

Мысалы, Оқытушы  Омаровқа іздеу жасау үшін: 

 

 «Фамилия» өрісінің бірінші жолына курсорды орналастырыңыз; 



 

Правка –Найти командасын орындаңыз; 

 

Пайда болған терезенің Образец параметрінің жолында Омаров деп теріңіз; 



 

<Найти>  батырмасын  шертіңіз.  Омаров  сөзі  белгіленіп,  курсор  сол    сөз  орналасқан  3-  жолға 

ауысады; 

 

<Найти далее> батырмасын шертіңіз. Курсор соңғы жазбаға, 7-жолға ауысып,  келесі Омаровты 

айрықшалайды; 

 

<3акрыть> батырмасын шертіп, іздеу режимінен шығыңыз.  

6.  Деректерді  алмастыру.  Ассистент  Сергееваның  жалақысын  18900  -дан  20000-ға  алмастыру 

керек . Ол үшін

 

 «Жалақысы» өрісінің бірінші жолына курсорды қойыңыз; 



 

Правка– Заменить командасын орындаңыз; 

 

Пайда болған терезенің Образец жолында 18900 санын теріңіз; 



 

 Заменить на жолына  20000 санын теріңіз.  Басқа опцияларға көңіл аударыңыз—сізге осы 

өрістің барлық жазбалары бойынша іздеу жасауға тура келеді.  

 

<3аменить все> батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде деректер алмастырылады; 

7.  Деректерді  сұрыптау.  «Жалақы»  өрісінің  деректерінің  өсу  реті    бойынша  кесте  деректерін 

сұрыптау (сорттау)  керек. Ол үшін: 



5

 

 



 

 «Жалақы» өрісінің кез келген жазбасын (жолын) шертіңіз; 

 

Басқару 


панеліндегі

 

батырмасын 



шертіп 

немесе 


Записи 

– 

Сортировка– Сортировка по возрастанию командаларын орындаңыз.  

8.  Фильтр қолдану. 

      а) «Қызметі»  және «Пән» өрістері бойынша деректерді іріктеу (фильтрация) қажет. Ол үшін: 

 

«Қызметі»  өрісіндегі Доцент жазбасын шертіңіз; 



 

Саймандар  панеліндегі

    батырмасын  немесе  Записи–  Фильтр–  Фильтр  по  выделенному 

командаларын орындаңыз.  Нәтижесінде кестеде тек доценттер туралы жазбалар көрсетіледі.  

 

щелкните по записи Информатика поля «Пән» өрісінде Информатика жазбасын белгілеңіз; 



 

Саймандар  панеліндегі 

  батырмасын  немесе  Записи–  Фильтр–  Фильтр  по  выделенному 

командаларын  орындаңыз.    Нәтижесінде  кестеде  тек  информатика  пәнін  оқытатын  доценттер 

туралы жазбалар көрсетіледі.  

 

Фильтрацияны  алып  тастау  үшін   



  батырмасын  немесе  Записи–  Удалить  фильтр 

командаларын орындаңыз.  Кестедегі деректер қайтадан бастапқы толық қалпына келеді 



б)    «О» әрпінен аттары басталатын оқытушылар туралы жазбаларды алу керек. Ол үшін: 

 

Аты өрісінің бірінші жазбасына курсорды қойыңыз.  

 

Записи– Фильтр– Изменить фильтр командаларын орындаңыз.   

 

Аты  өрісінің  бірінші  жазбасына  курсорды  қойып,  Like  «О*»  сұратуын  жазып,      Записи– 



Применить фильтр командаларын орындаңыз.   

 

Егер сұратуды Not «О*»  деп жазсаңыз, онда «О» әрпінен  басталмайтын барлық жазбаларды теріп 



береді. 

8.  Кестені сақтаңыз. 



4 – жаттығу. Үш кесте жасаңыз: Студенттер,  Бағалар және Пәндер 

1.  Студенттер кестесін жасау үшін төменде берілген 3-кестеге сәйкес кестенің өрістерін анықтап 

алып, Студенттер кестесінің құрылымын Конструктор арқылы жасаңыз 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

3- кесте. 



Өрістің аты 

Деректер типі 

Өрістің өлшемі 

Студенттің коды 

Мәтіндік 

Бүтін 


Фамилия 

Мәтіндік 

15 

Аты 


Мәтіндік 

12 


Әкесінің аты 

Мәтіндік 

15 

Топ номері 



Мәтіндік 

10 


Телефон 

Мәтіндік 

 

Стипендия 



Логикалық 

Иә/Жоқ 


 Кілттік  өріс  ретінде  «Студенттің  кодын»  беріңіз.    Ол  үшін  Для  этого  щелкните  по  полю 

«Студенттің кодын»  өрісін шертіп, одан соң  саймандар панеліндегі 

  батырмасын  шертіңіз 

немесе  Правка– Ключевое поле командаларын орындаңыз.  Кестені Студенттер  деген атпен 

сақтап, кестені жабыңыз.  

2.  Пәндер кестесін  төмендегі 4-ші кестеге  сәйкес жасаңыз.  

4- кесте. 

Өрістің аты 

Деректер типі 

Өрістің өлшемі 

Пән коды 

Сандық 

Бүтін 


Пән аты 

Мәтіндік 

30 

Кілттік  өріс  ретінде  «Пән  кодын»  беріңіз.  Кестелер  кейін    форма  режимінде  толтырылады. 



Кестені Пәндер  деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.  

 

3.  Бағалар кестесінің құрылымын төмендегі 5-ші кестеге  сәйкес жасаңыз.  



 

 

6

 

 



5- кесте.  

Өрістің аты 

Деректер типі 

Өрістің өлшемі 

Студент коды  Сандық 

Бүтін 


Пән коды 

Сандық 


Бүтін 

Бағалар 


Сандық 

Байт 


 Ескерту:  Бұл  кестеде  кілттік  қрісті  жаудың  керегі  жоқ,  өйткені  деректер  қайталануы  мүмкін. 

Кестені Бағалар  деген атпен сақтап, кестені жабыңыз. 

Құрылымы анықталған бұл кестелер кейін  форма режимінде толтырылады. 

4.  Деректер  схемасын  құру,  яғни  кестелер  арасындағы  байланыстарды  орнату.  Оқытушылар, 

Студенттер, Бағалар, Пәндер  кестелерін өзара байланыстыру керек. Ол үшін: 

 

Саймандар  панелінің  Работа  с  базами  данных  терезесіндегі 



  батырманы  шертіңіз,  сонда 

экранда «Схема данных» терезі шығады; 

 

Пайда  болған  Добавление  таблицы  терезесіндеде  <Добавить>  батырмасын  басып,  келесі 



кестенің  атын    белгілеп,  қайтадан  <Добавить>  батырмасын  басыңыз.  Осылайша  қалған 

кестелердің барлығын экранға шығарып, схемаға қосыңыз.  

 

<3акрыть> батырмасын басып терезені жабыңыз; 

 

Енді Пәндер  мен Бағалар кестелерінің арасындағы байланысты орнату керек. Ол үшін курсорды  



Пәндер кестесіндегі Пән коды өрісінің атына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, 

жібермей  басқан  күйі    Бағалар  кестесінің  Пән  коды  өрісінің  атына  апарыңыз,  тышқан 

батырмасын босатыңыз. Экранда  «Связи» терезесі ашылады; 

 

Обеспечение целостности данных  қасиетінің тұсына тышқанның сол жақ  батырмасын шертіп 

жалауша  (

)  орнатыңыз.    Егер  екі  өрістің  типтері  бірдей  болмаса,  бұл  жалаушаны  орната  



алмайсыз. Сондықтан олардың типтері бірдей болуы керек.  

 

Каскадное обновление связанных полей және Каскадное удаление связанных записей қасиеттеріне 

де жалауша орнатыңыз; 

Ескерту.  Байланыстырылған  өрістерді  каскадты  жаңарту  мен  Байланыстырылған  өрістерді 

каскадты  жою    тек  Пәндер  кестесінде  ғана  жазбаларды    редакторлеуге  мүмкіндік  береді.  Ал 



Бағалар кестесінде бұл әрекеттер автоматты түрде орындалады  Мысалы: егер Пәндер кестесінен 

бір пәнді жойсақ, онда  Бағалар кестесіндегі жойылған пәнмен байланысты барлық жазбалар да 

жойылады.  

 

<Создатьбатырмасын шертсеңіз байланыс орнатылады.  

 

Осындай ретпен Пәндер кестесіндегі және  Оқытушылар  кестесіндегі «Пәндер коды»  өрістерін 



өзара байланыстырыңыз.  

 

Студенттер  кестесі  мен  Бағалар  кестесіндегі  «Студент  коды»  өрістерін  өзара 

байланыстырыңыз.  

 

Нәтижесі мына суреттегідей болады:  



 

Макетті сақтап терезені жабыңыз. Өрістер арасындағы 1:1, 1:N және  N:M байланыстарына көңіл 

аударыңыз 

 

«Microsoft Access  деректер қорын басқару жүйесі.  Бірнеше кестелерден деректер қорын жасау» 

тақырыбына өздік жұмыс тапсырмалары: 

1.  Үш кестеден «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын «Музыкалық альбом» деректер қорын 

жасаңыз.  Бұл  кестелерге  өздерің  өрісті  ойлап,  кілттік  өрісті  белгілеңіз,  естелер  арасында 

байланысты орнатыңыз.  



7

 

 



2.  Үш  кестеден  «Дәрігер»,  «Пациент»,  «Участки»  тұратын  «Емхана»  деректер  қорын  жасаңыз.  Бұл 

кестелерге  өздерің  өрісті  ойлап,  кілттік  өрісті  белгілеңіз,  естелер  арасында  байланысты 

орнатыңыз.  

3.  Үш  кестеден:  «Сынып»,  «Мұғалімдер»,  «Пәндер»  тұратын  «Сабақ  кестесі»  деректер  қорын 

жасаңыз  Бұл  кестелерге  өздерің  өрісті  ойлап,  кілттік  өрісті  белгілеңіз,  естелер  арасында 

байланысты орнатыңыз.  

4.  Екі  кестеден:  «Тауарлар  ассортименті»,  «Сатып  алушы»  тұратын  «Компьютерлік  салон» 

деректер  қорын  жасаңыз  Бұл  кестелерге  өздерің  өрісті  ойлап,  кілттік  өрісті  белгілеңіз,  кестелер 

арасында байланысты орнатыңыз.  

5.  Екі  кестеден:  «Қатысушылар  тізімі»,  «Баяндамалар  тақырыбы»  тұратын  «Конференция 



қатысушылары»  деректер  қорын  жасаңыз.  Бұл  кестелерге  өздеріңіз  өрістерді  анықтап,  кілттік 

өрісті белгілеңіз, кестелер арасында байланысты орнатыңыз.  



Бақылау сұрақтары: 

1.  Деректер базасы, ДББЖ деген не?  

2.  Microsoft Access ДББЖ қандай объектілердден тұрады? 

3.  Объектілерді жасаудың қандай тәсілдері бар?  

4.  Деректердің қандай типтері, қандай байланыс типтері  бар?  

5.  Кестелер арасындағы байланысты орнату үшін қандай талаптар қойылады?  

 

 

6.2 Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды құру 

Негізгі ұғымдар: 

Деректер  базасын  жасаушы  (разработчик  БД)  кестелер  мен  сұратулардың  (запросы) 

құрылымдарын  жасайды,  нақты  деректерді  кестеге  енгізумен  шұғылданбайды.  Деректерді 

кестелерге  арнайы  мамандар  енгізеді.  Олардың  жұмысын  жеңілдету  үшін    деректер  базасын 

жасаушы арнайы объектілерді – пішіндерді (формаларды) дайындайды. 

Пішін  деректерді  енгізуге  арналған  өрістері  бар  электрондық  бланк  іспеттес.  Деректерді 

енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде деректер  автоматты түрде деректер базасының 

кестелеріне толтырылады. 



Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді енгізу, жазбаның біреуін 

көру  үшін)  экранның  арнаулы    пішімі  (формат)    болып  табылады.  Пішін    деректерді  енгізуге, 

түзетуге, жаңадан деректер қосуға және жазбаларды жоюға  мүмкіндік береді. 

Access-тің  басқа  да    объектілері  сияқты  пішіндерді  қолмен  (вручную)  немесе  автоматты 

түрде  бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер 

(автоформалар)

Деректер  базасының  кестелеріне  деректерді  толтырудың  2  жолы  бар:  кесте  режимінде  

немесе форма режимінде.  

 

Жаттығу жұмыстары: 



1-жаттығу.  Кестеге деректерді енгізу.  

1. Пішін  шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау. 

а) Пәндер пішінін жасау үшін: 

 

Құру  (вкладка  Создание)  терезесінде  Формы  бөлімінде  Другие  формы  командасынан    Мастер 

форм пунктін таңдаңыз. 

Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар: 

1)  Конструктор -  пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді. 

2)  Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді автоматты түрде жасауға 

мүмкіндік  береді.  Access    диалог    режимінде  қолданушыдан  қандай  пішін  керектігін  анықтап, 

пішінді автоматты түрде жасайды.  Егер жасалынған пішіндегі бірнәрселер ұнамаса,  конструктор  

режимінде түзетуге болады.  

3)  Автопішіндер  (Автоформы)  -  пішін  шеберінің  жеке  жағдайы  болып  табылады,  яғни  ол 

қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін  автоматты түрде жасайды.  

4)  Диаграмма - диаграммасы бар   пішінді жасайды  жасайды.  

5)  Қорытынды кестесі (сводная таблица) - Excel-дің корытынды кестесі бар   форманы  жасайды.  



8

 

 



 

Терезенің  төменгі  жағындағы  тізімдегі    тілше   

    батырмасын  басып  пайда  болған  тізімнен 

Пәндер кестесін таңдап, ОК батырмасын басыңыз. 

 

Ашылған терезеден пішінге орналастыратын өрістерді таңдаңыз. Бұл жаттығуда барлық өрістер 

қажет, 


сондықтан  

  алдымен 

, одан соң  Далее батырмаларын басыңыз. 

 

Енді пішіннің сыртқы түрін – кестелік (табличный) етіп беріңіз. Далее батырмасын басыңыз.  

 

Өзіңіз қалаған стиль түрін таңдап, тағы да Далее батырмасын басыңыз. 

 

Пішінге Пәндер деп ат беріп, Готово батырмасын басыңыз. 

b) Жасалынған пішінді 1- кестедегідей етіп толтырыңыз. Сақтап, пішінді жабыңыз. 

1- кесте. 

 

Пән коды 



Пән аты 

Информатика 



Математика 

Физика 


Экономика 



2.  Кесте режимінде Оқытушылар кестесін толтыру керек. Ол үшін:  

 

Деректер базасының терезесінде Таблицы  бөліміндегі өздеріңіз алдыңғы зертханалық жұмыста 



құрылымын  жасаған  Оқытушылар  кестесін  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  екі  рет  шертіп 

(немесе кестенің атын белгілеп,Enter  пернесін басып) ашыңыз. 

 

Пән коды өрісін 1- кестедегідей етіп толтырыңыз. Кестені сақтап, жабыңыз. 

3.      Пішін    шебері  көмегімен  Студенттер    пішінін  жасау  және  автопішін  көмегімен 

Студенттер  кестесін толтыру. 

a)  Студенттер пішінін жасау үшін: 

 

Пішін  шебері көмегімен жасалған амалдарды қайта орындаңыз; 

 

Барлық өрістерді таңдау үшін 



, одан соң  Далее батырмаларын басыңыз; 

 

Пішіннің сыртқы түрін – ленталық (ленточная) деп белгілеп, <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде 



деректер енгізілетін пішін жасалынды.  

b)  Студенттер кестесін 2 -   кестеге сәйкес пішін көмегімен толтырыңыз.  

2 -   кесте. 

Студент 

коды 

Фамилиясы 

 

Аты 

 

Әкесінің аты 

 

Топ 

 

Телефон 

 

Сти-

пендия 

Арбузов 



Николай 

Николаевич 

Ф-15 

260-15-63 



Иә 

Киршин 



Петр 

Валерьевич 

Ф-15 

110-67-82 



Иә 

Кривинский 



Сергей 

Николаевич 

Ф-17 

172-97-21 



Жоқ 

Крылова 



Елена 

Петровна 

Ф-18 

130-31-87 



Иә 

Кульчий 



Григорий  Викторович 

Мн-12 


269-53-75 

Иә 


Патрикеев 

Олег 

Борисович 



Ф-17 

234-11-63 

Жоқ 

 

c)  Пішінге Студенттер деген ат беріп сақтап, пішінді жабыңыз.  

3.  Конструктор арқылы пішін жасау.  

a) Осы тәсілмен Бағалар пішінін жасап үйренейік. Ол үшін:  

 

Құру (вкладка Создание) терезесінде Конструктор форм командасын басыңыз; 



 

Коструктор  (вкладка  Коструктор)

 

терезесінен  Добавить  существующие  поля  командасын 



басыңыз.  Список  полей  терезесі  пайда  болады.  Бұл  терезеден  Бағалар  кестесінің  СтудентКоды, 

ПәнКоды, Бағалар өрістерін екі рет шерту арқылы пішінге орналастырыңыз

 

Өрістер  тізімі  терезесін  жабыңыз.  Енді  элементтерді  пішіннің  алаңына  қалаңызша  ыңғайлы 

орналастырыңыз.  

 

Студент коды өрісіндегі текстің өлшемін  12 деп беріңіз. Жазбаның өлшеміне сәйкес элементтің 



өлшемін ұлғайту үшін тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы контексттік мәзірді шақырып,  

размер  -  по  размеру  данных  командасын  орындаңыз.  Пішінді  Бағалар  деген  атпен  сақтап, 

жабыңыз.  



9

 

 



b) Деректер базасының терезесінде  Бағалар деген пішін пайда болды. Осы пішіннің атына тышқан 

курсорын  апарып  екі  рет  шертіңіз.    Ашылған  пішін  терезесінде  Бағалар  кестесін  төмендегі  3-

кестеге сәйкес толтырыңыз.  

                         

 3- кесте. 

Студент коды 

Пән коды 

Бағалар 



















































5.  Конструктор  режимінде  элементтер  панелінің  көмегімен  заставка  түріндегі  пішінді  өз 

бетіңізбен  жасап  көріңіз.  Бұл  пішінде  өздеріңіз  жасаған  бар  жасалынған  пішіндерді  ашатын 

батырмалар орналасады. Мысалы, келесі суретте келтірілгедей: 


10

 

 



 

 

«Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау» тақырыбына өздік жұмыс 



тапсырмалары: 

1.  Үш  кестеден:  «Композитор»,  «Әншілер»,  «Әндер»  тұратын  алдыңғы  зертхана  жұмысында  өзіңіз 

жасаған  «Музыкалық  альбом»  деректер  қорын  түрлі  жолдармен  жасалынған  пішін  көмегімен 

толтырыңыз.  

2.  Үш  кестеден:  «Дәрігер»,  «Пациент»,  «Бөлімшелер»  тұратын  «Емхана»  өзіңіз  жасаған  деректер 

қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.  

3.  Үш  кестеден:  «Сынып»,  «Мұғалімдер»,  «Пәндер»  тұратын  «Сабақ  кестесі»  өзіңіз  жасаған 

деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз. 

4.  Екі  кестеден:  «Тауарлар  ассортименті»,  «Сатып  алушы»  тұратын  «Компьютерлік  салон»  өзіңіз 

жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз. 

5.  Екі  кестеден:  «Қатысушылар  тізімі»,  «Баяндамалар  тақырыбы»  тұратын  «Конференция 

қатысушылары» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз. 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Пішін (форма) дегеніміз не? 

2.  Пішінді жасаудың қандай тәсілдері бар?  

3.  Батырмалық пішінді (Кнопочная форма) қалай жасауға болады? 

4.  Кестені толтырудың қандай тәсілдері бар? 

 

6.3 Сұратуларды құру 

Негізгі ұғымдар: 

Сұратулар.  Сұрату  –  бұл  деректерді  талдау,  таңдау,  іріктеу  және  өзгерту  құралы.  Сұрату 

көмегімен  бірнеше  кестелердегі  деректерді  көруге,  талдауға  және  өзгертуге  болады.  Сонымен 

қатар  сұратуларды  пішіндер  мен  есеп  берулерге  (отчеты)    арналған  деректер  көзі  ретінде 

қолданылады.  



Сұратуларды жасаудың бірнеше тәсілі бар:  



Конструктор  сұратудың кез келген типін өз қалауыңыз бойынша жасауға мүмкіндік береді.  



Қарапайым  сұрату  Сұрату  шебері  (Мастер  запросов)  арқылы  орындалады  және  белгілі  бір 

кестелердің өрістерінен немесе басқа сұратулардан таңдама  (выборка) жасауға мұмкіндік береді 



Айқастырылған  сұрату  (Перекрестные  запросы)  Сұрату  шебері  (Мастер  запросов)  арқылы 

орындалады және құрылымдағы деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін 

қолданылады.  Айқастырылған  сұрату  статистикалық  есептеулер  жасап,  оның  нәтижелерін 


11

 

 



деректердің  екі  жинағы  (бірі  бағандардың,  екіншісі  жолдардың  тақырыптарын  анықтайды) 

бойынша құрылған кесте түрінде топтайды.    



Қайталанатын  жазбалар    Сұрату  шебері  (Мастер  запросов)  арқылы  орындалады  және 

қарапайым  кестедегі  немесе  сұратудағы  қайталанатын  жазбаларды  іздеуге  сұрату  жасайды.  Ал  



Записи без подчиненных пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде ешқандай жазба сәйкес келмейтін 

жазбаларды  іздеуге  сұрату  жасалынады.    Мұндай  сұрату  көп  кестелік  деректер  базасында 

қолданылады.  

Сұрату типтері: 

Таңдама  

(Выборка) 

Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру қажет болған 

жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге таңдама жасау үшін 

қолданылады. 

Жаңарту 


(Обновление) 

Бір сұратудың көмегімен бірден көп жазбаларға өзгерістер енгізу үшін 

қолданылады.  

Қосу 


(Добавление) 

Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір өлшемдіктер (критерий) 

бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін қолданылады.  

Жою  


(Удаление) 

Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік береді. 

Мұндай сұратуды жасаудың қағидасы жаңарту сұратуына ұқсас, алайда, 

байланыстырылған кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің 

тұтастығына  (целостность) нұқсан келмеу керек.  

Айқастырылған 

(Перекрестный) 

Айқастырылған сұратулар —бұл  деректерге статистикалық өңдеулер 

орындайтын, оның нәтижесі Excel –дің корытынды (сводная ) кестесіне 

ұқсас кесте түрінде болатын сұратулар.  

Кесте жасау 

(Создание  

таблицы) 

Сұратудың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден керекті деректерді 

таңдамаға қарапайым сұрату жасап,  іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама 

нәтижесі жаңа кестеге орналасады.  Жаңа кестенің құрылымы сұрату 

нітижесінде алынған жазбалардың құрылымымен анықталады.  

Сұратулардағы есептеулер 

Мәндері  басқа  өрістердің  мәндерін  есептеудің  нәтижесі  болатын  өрісті  есептелетін  өріс 

(вычисляемое поле) деп атайды.  Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана болады. Бастапқы 

(базалық)  кестелерде  мұндай  өріс  жасалынбайды  және  кестенің  қарапайым  сұратуында 

өзгертілмейді.  Сұрату  арқылы  деректер  базасына  қатынаушы  кез  келген  адам  деректерге 

қалауынша  манипуляция  жасап,  нәтижелер  ала  алады,  бірақ  та  бастапқы  (исходные)  кестелер 

барлық қатынаушылар үшін бірдей өзгеріссіз түрде қалады. 

Формулада  квадрат  жақшаға  алынған  есептеуге  қатысатын  өріс  аттары  мен  математикалық 

операциялардыі таңбалары  жазылады.  Мысалы, Нәтиже : [Гол] / [Ойын] 

Жаттығу жұмыстары: 

1-жаттығу.  «Сұратуларды жасау және қолдану» 

1.  Оқытушылар  кестесінің  негізінде  Фамилия,  Аты,  Әкесінің  аты  және  Қызметі  өрістері  

көрсетілетін таңдамаға қарапайым сұрату жасау. 



    а)   қарапайым сұрату жасау үшін: 

 

Құру (вкладка Создание) терезесінде Мастер запросов батырмасын шертіңіз; 



 

Пайда болған «Новый запрос» терезесінен Простой запрос пунктін белгілеп  <ОК> басыңыз;  

 

Пайда  болған  терезедегі  Таблицы  и  запросы  жолынан  Оқытушылар  кестесін  таңдаңыз  (егер 



басқа кестелер мен сұратулар жасалынбаса, ашылған тізімде тек осы кестенің аты ғана тұрады); 

 

 «Доступные поля» терезесінде  Фамилия жолын белгілеп, 



. батырмасын шертсеңіз Фамилия 

сөзі «Выбранные поля» терезесіне ауысады; 

 

осылайша    «Выбранные  поля»  терезесіне  «Аты»,  «Әкесінің  аты»,  «Қызметі»  өрістерін 



ауыстырыңыз. (Мұнда ауыстыру реті (порядок) маңызды, соған сәйкес деректер көрсетіледі); 

 

<Далее> батырмасын басыңыз;  

 

Задайте имя запроса параметрінің жолында жаңадан Оқытушылар қызметі деп ат беріңіз; 

 

<Готово> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранға сұрату нәтижелерінің кестесі шығады. 



    б)   Сұрату терезесін жабыңыз. 

2.  Параметрлі таңдамаға сұрату жасау.  

12

 

 



Оқытушылардың  фамилиясы,  аты,  әкесінің  аты  және  сабақ  беретін  пәндерін  көрсететін 

параметрлі таңдамаға сұрату жасау керек. Параметр ретінде оқытушының   фамилиясын беріңіз 

және  осы  сұратуды    Омаров  деген  оқытушыға  орындаңыз.  Осы  параметрлі  таңдамаға  сұрату 

жасау үшін: 

 

Жоғарыдағы  1-ші  пункте  жасағаныңыздай  Оқытушылар  кестесінің  мына  өрістеріне  таңдамаға 



сұрату жасаңыз: «Фамилия», «Аты», «Әкесінің аты», «Пән».  

 

Бұл сұратуға Оқитын пәндер деп ат беріп, <Готово> батырмасын басыңыз.  



 

Конструктор режиміне өтіңіз. (Вид– Конструктор командасын орындаңыз); 

 

Условия отбора параметрінің жолында «Фамилия» өрісіне мына  тіркесті енгізіңіз (жақшаларды 

да жазу керек):  



[Оқытушы фамилиясын енгізіңіз]; 

 

Сұратуды орындаңыз: саймандар панеліндегі мына батырманы 



 басып орындау арқылы

Ескерту.  Осы  айтылған  тәсілмен  жасалынған  сұрату  конструктор  режимінде  бір  рет  қана 

орындалады.  

Жасалынған сұратуды басқа режимде  орындау үшін: 

 

 Сол  жақ  панелдегі  Запросы  бөлімін  ашып,  керекті  сұратуды  белгілеп,  <Открыть>  батырмасын 



басыңыз.  

 

Ашылған  терезеде    Айтов  деген  фамилияны  теріп  <ОК>  батырмасын  басыңыз.  Нәтижесінде 



экранда Айтов деген оқытушы туралы (оның аты, әкесінің аты, оқитын пәні) деректері бар кесте 

пайда болады. 

 

Сұратуды сақтап, сұрату терезесін жабыңыз.  



3.  Конструктор  көмегімен  сұрату  жасау.    Фамилиясы,  аты,  әкесінің  аты,  топ  номері,  пән  және 

пәндер бойынша бағалары  көрсетілетін сұратуды Конструктор арқылы жасаңыз. Ол үшін:   

 

Құру (вкладка Создание) терезесінде Конструктор запросов таңдаңыз.  



 

Қажет  кестелерді  (Студенттер,  Бағалар,  Пәндер)  бір-бірден  белгілеп,  Добавить    батырмасын 

басу арқылы таңдаңыз.  

 

Таңдап болған соң  Закрыть  батырмасын басыңыз.  



 

Студенттер  кестесінен    Фамилия,  Аты,  Әкесінің  аты,  топ  номері  өрістерін,  ал  Бағалар  және 

Пәндер кестелерінен Бағалар, Пән аты өрістерін таңдаңыз. Ол үшін өрістің атын тышқан курсоры 

арқылы  екі  рет  шертсеңіз  болды  немесе  тышқан  курсорының  көмегімен    өрістің  атын  сұрату 

ұяшығына сүйреп алып барасыз.  

 

Бағалар өрісінің астындағы Условие отбора атты жолға 4 Or 5 деп жазыңыз. Саймандар панелінен 

Леп бегісі ! батырмасын басыңыз.  

 



Сұратуды Үлгерім 1 деген атпен сақтаңыз.  

4.  Өз  беттеріңізбен  есептелетін  өрісі  бар  сұрату  (запрос  с  вычисляемым  полем)  жасап  көріңіз. 

Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз. 



5.   «Жалақы»  (Зарплата)  өрісін  20  %  арттыру  арқылы  жасалынатын  «Қосымша»  (Надбавка) 

есептелетін  өрісті өз бетіңізбен жасаңыз. 



6.  Өз  беттеріңізбен  айқастырылған  сұрату  жасауды  үйреніңіз.  Ол  үшін  Access-Справка  менюінің 

қызметін пайдаланыңыз. 

«Сұратуларды жасау» тақырыбына өздік жұмыс үшін тапсырмалар: 

1.  «Музыкалық альбом» деректер қорына  типтері әртүрлі 3 сұрату жасаңыз.    

2.   «Емхана»  деректер қорына  3 түрлі сұрату жасаңыз.    

3.  «Сабақ кестесі» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.      

4.   «Компьютерлік салон» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.  

5.   «Конференция қатысушылары» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.  



Бақылау сұрақтары

:

 

1. Сұрату деген не? 

2. Сұрату жасаудың қандай тәсілдері бар? 

3. Сұратудың қандай типтері бар? 

4. Есептелетін өріс (вычисляемые поля)  қалай жасалады? 

5. Шарты бар сұратуды жасағанда қандай операциялар қолданылады?   



13

 

 



6.4  Есеп беруді құру 

Негізгі ұғымдар: 

Есеп  беру  –  бұл  деректерді  баспаға  шығаруды  ұйымдастырудың,  тиімді    әрі  икемді  құралы.  

Сонымен қатар бұл деректер базасынан деректерді қолданушыға қажет түрінде баспаға жіберудің 

тәсілі. Мысалы, оқитыны жайлы анықтама, емтихан ведомосі, қандай- да бір шартпен біріктірілген 

кестелер және т.с.с. 

Есеп  беруді    өз  қалауың  бойынша  Конструктор  көмегімен  жасауға,  көркемдеудің  дайын 

нұсқаларын қолдануға (автоотчетынемесе  Шебер (Мастер) көмегімен жасауға болады.  

Есеп беруді  жасаудың алты тәсілі бар:  

1)  Конструктор  өз  қалауың  бойынша  есеп  беруді  жасауға  мүмкіндік  береді,  алайда  бұл 

тәжірибелі қолданушыңа да оңай емес.  

2)  Есеп  беру  шебері  (Мастер  отчетов)  кестеден  немесе  сұратудан  өзіңіз  таңдаған  өрістер 

негізінде  есеп  беруді    және  есеп  берулердің  макетін  жасауға  мұмкіндік  береді.  Есеп  беруді 

жасаудың бұл тәсіл ең ыңғайлысы.  

3)  Баған  түріндегі  және  лента  түріндегі  Автоматты  есеп  берулер  (Автоотчет  в  столбец, 

Автоотчет  ленточный)  –  есеп  берулерді  жасаудың  ең  қарапайым    оңай  тәсілі,  мұнда  есеп  беру 

негізге алатын кестенің немесе сұратудың  атын көрсетсеңіз болғаны, қалғанын. Есеп беру шебері 

өзі атқарады.  

4)  Диаграмма шебері (Мастер диаграммы) есеп беруді диаграмма түрінде жасауға көмектеседі.   

5)  Пошталық  жапсырмалар  (Почтовые  наклейки)    пошталық  жапсырмаларды  баспаға 

шығаруға пішімделген есеп беруді жасайды.  

Жаттығу жұмыстары: 

1.  Оқытушылар  кестесі  негізінде  деректерді  қызметі  бойынша  топтайтын  есеп  беру 

жасаңыз. Есеп беруді жасау үшін: 

 

Құру (вкладка Создание) саймандар панелінің Отчеты бөлімінде Мастер отчетов батырмасын 



басыңыз; 

 

Терезенің  төменгі  бөлігіндегі  ашылмалы  тізімнің  тілшесін  басып,  пайда  болған  тізімнен 



Оқытушылар кестесін таңдаңыз. 

 

Барлық өріс керек болғандықтан  



 батырмасын басыңыз; 

 

<Далее> батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде барлық өрістердің тізімі тұрады; 

 

 «Қызметі» деген өрісті белгілеп, 



 батырмасын басыңыз. Осы арқылы сіз деректердің қызмет 

бойынша топталуын анықтап, <Далее> батырмасын басыңыз; 

 

Пайда  болған  терезенің  параметрлерін  өзгертпейтін  болғандықтан,  тағы  да    <Далее> 



батырмасын басыңыз; 

 

Пайда  болған  терезеден  есеп  беруді  көркемдеудің  стильдерін  таңдаңыз  да  тағы  да    <Далее> 



батырмасын басыңыз;  

 

Келесі пайда болған терезеде Оқытушылар деп есеп беруге ат беріңіз.  



 

<Готово> батырмасын басыңыз. Экранда есеп беру алдын-ала көру режимінде ашылады.  Көріп 

алған  соң,  алдын-ала  көру  режимінен  шығып,  конструктор  режиміне  өтіңіз.  Конструктор 

режимінде есеп беруді ретакторлеңіз. 

2.  Өз    беттеріңізбен  Конструктор  режимінің  элементтер  панелін  қолдана  отырып  Студенттер  

кестесінің  негізінде  студенттің  экономикалық  факультеттің  сол  тобында  оқитындығы  туралы 



Анықтама (Справкатүрінде есеп беру жасаңыз. 

 

Өздік жұмыс тапсырмалары: 

Мына деректер қорына әртүрлі әдістермен үш есеп 

беру жасаңыз. 

 «Музыкалық альбом»  



  «Емхана»  

   «Сабақ кестесі»     



   «Компьютерлік салон»    

  «Конференцияға қатысушылар»  



 

 

Бақылау сұрақтары: 

1.  Есеп беру дегеніміз не?  

2.  Есеп беруді құрудың қандай тәсілдері бар? 

3.  Конструктор арқылы есеп беруді құру мен Есеп 

беру шеберімен (Мастер отчетов) құрудың 

айырмашылығы неде? 



 


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...