Зертханалық жұмыс №1. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар. Пайдалы қазбалардың бітімі мен құрылымы



бет1/6
Дата23.09.2022
өлшемі0.52 Mb.
#298684
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зертханалық жұмыс №1


Зертханалық жұмыс №1. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар. Пайдалы қазбалардың бітімі мен құрылымы


Пайдалы қазба – экономиканың əртүрлі салаларында пайдаланылатын табиғи минералдық агрегат. Одан табиғи түрде немесе алдын ала өңдеу (уату, iрiктеу, байыту) жүргiзiлген соң қажет металдар немесе минералдар айырып алынады. Физикалық күйi бойынша пайдалы қазбалар газ тəрiздi, сұйық жəне қатты түрлерге бөлiнедi.
Газ тəрiздiлерге – көмiрсутек құрамды жанғыш газдар мен жанбайтын инерттi газдар; сұйықтарға – мұнай, тұздық, су; қаттыларға – пайдалы қазбалардың көпшiлiгi жатады, олар химиялық элементтер немесе олардың қосылыстары, сонымен қатар кристалл, минерал жəне таужыныстар түрiнде қолданылады.
Өнеркəсiптiк пайдаланылуы бойынша пайдалы қазбалар металл, бейметалл, жанғыш немесе каустобиолит, гидроминералдық жəне газминералдық түрлерге бөлiнедi.
Металл пайдалы қазбалар металдар мен элементтер айырып алу үшiн қажет.
Бейметалл пайдалы қазбаларға құрылыстық таужыныстар (табиғи құрылыстық тастар, құм, саз, тас құю шикiзаты, шыны мен керамика шикiзаты), индустриялық шикiзат (алмас, графит, асбест, слюдалар, асыл жəне əшекей тастар, пьезокристалдар, оптикалық минералдар), сонымен бiрге химиялық жəне агрономиялық шикiзаттар (күкiрт, флюорит, барит, галит, калий тұздары, апатит, фосфорит) жатады.
Жанғыш қазбаларға торф, қоңыр көмiр, тас көмiр, антрацит, жанғыш тақтатас, озокерит, мұнай мен жанғыш газ кiредi. Олар энергетикалық жəне металлургиялық (кокс) отын, химия өнеркəсiбiнiң шикiзаты ретiнде пайдаланылады.
Газ минералдық шикiзатқа жанбайтын инерттi газдар: гелий, неон, аргон, криптон жəне т.б. жатады.
Гидроминералдық пайдалы қазбаларға жататындар: жерасты суы (ауызсу, техникалық, шипа немесе минералды су); құрамында айырып алуға жеткiлiктi мөлшерде құнды элементтер (бром, йод, бор, радий, ванадий жəне т.б.) кездесетiн мұнай суы; тұздықтар (көл тұздықтары, минералды балшық пен ұйық). Маңызды гидроминералдық шикiзатқа мұхит пен теңiз суын жатқызуға болады, ол тұщы сумен көптеген құнды элементтер айырып алу үшiн пайдаланыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде