Зерде бұзылысы бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата23.08.2020
өлшемі1.19 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


 
Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің  
2018 жылғы «29» желтоқсандағы 
№ 721 бұйрығына 4-қосымша 
 
Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің  
міндетін атқарушының  
2016 жылғы 12 тамыздағы 
№499 бұйрығына 5-қосымша 
 
 
Зерде бұзылысы бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың  
үлгілік оқу бағдарламасы 
 
 
1-тарау. Түсіндірме жазба 
 
1.  Зерде  бұзылған  балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 
27  шілдедегі  Қазақстан  Республикасы  Заңының  5  және  14  -  баптарына  сәйкес 
әзірленді. 
2.  Бағдарлама  мақсаты:  зерде  бұзылысы  бар  балалардың  эмоционалды, 
зияткерлік және әлеуметтік дамуы үшін жағымды жағдай жасау және олардың 
тұлғалық оң қасиеттерін қалыптастыру.  
3. Бағдарлама міндеттері:  
1) бала өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін 
заттық-әрекеттік даму ортасын құру; 
2)  бала  бойында  адамдармен  және  қоршаған  орта  заттарымен  әрекеттесу 
сияқты әлеуметтік тәжірибені меңгеру тәсілдерін қалыптастыру; 
3)  балаларда  қоршаған  орта  туралы  білім  жүйесі  мен  жалпылама 
түсініктерін қалыптастыру, танымдық белсенділігін дамыту; 
4)  әрбір  жасерекшелік  кезеңге  тән  балалар  іс-әрекетінің  барлық  түрлерін 
қалыптастыру; 
5) баланың жеке ерекшелігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мектепте 
оқуға дайындау. 
4.  Бағдарлама  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  дене  және  психикалық 
денсаулығын  нығайтуға,  оқытудың  тәрбиелік,  түзетушілік  және  білім  беру 
міндеттерінің тұтастығын қамтамасыз етеді. 
5.  Оқу  бағдарламасында  күтілетін  нәтижелер  оқыту  мақсаттарының 
жүйесі түрінде ұсынылған. 
6. Бағдарлама мазмұны балалардың психологиялық-физиологиялық даму 
кезеңдерін қамтиды: 


 
1) бірінші кіші топ (2 – 3 жастағы балалар); 
2) екінші кіші топ (3 – 4 жастағы балалар);   
3) ортаңғы топ (4– жастағы балалар);  
4) мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы (5–6 жастағы балалар); 
5)  жалпы  білім  беретін  мектептегі,  лицейдегі,  гимназиядағы  мектепалды 
даярлық сыныбы(6 –7 (8) жастағы балалар). 
7.  Бағдарлама  зерде  бұзылысы  бар  балаларға  арналған  арнайы  мектепке 
дейінгі ұйымдар үшін ұсынылады. 
 
 
2-тарау. Бірінші кіші топ (2 - 3 жастағы балалар) 
 
 
1-параграф. «Денсаулық» білім беру саласы 
 
8.  «Денсаулық»  білім  беру  саласының  базалық  мазмұны  –  дене 
шынықтыру, мәдени-тазалық дағдылары ұйымдастырылған оқу қызметінде іске 
асырылады. 
9.  Мақсаты  дененің  қалыпты  өсуін,  баланың  жеке  типологиялық 
ерекшеліктеріне  қарай  омыртқасын  және  толыққанды  денесін  дамытатын 
жағдайлармен  қамтамасыз  ету,  жеке  гигиеналық  бастапқы  дағдыларды 
қалыптастыру болып табылады.  
10. Міндеттер: 
1)  жалпы  қимылдық  икемділіктерді,  еркін  түзімдегі,  берілген  бағыттағы 
жүру мен жүгіру дағдыларын қалыптастыру; 
2)  шапшаң  қимылды  ойындарға  және  ойын  жаттығуларына  қатысуға 
эмоциялық әсер мен ынтасын шақыру; 
3)  өзінің  қимылын  үйлестіруге,  әрекеттің  бағыты  мен  сипатын 
тәрбиешінің сигналы мен командасына сәйкес өзгертуге үйрету; 
4) ептілікті дамыту, мүсінді қалыптастыру; 
5)  тамақтану  және  қарапайым  гигиеналық  процедураларға  баланың 
қатысуын ынталандыру(ересек адамның көмегімен);  
6)  өзіне-өзі  қызмет  ету  барысында  қарапайым  қарым-қатынас  әрекетін 
қалыптастыру.  
 
 
2-параграф. 1-жартыжылдық 
 
11. Дене шынықтыру негізгі қимылдарды қамтиды: 
1)  жүру:тәрбиешінің  артынан  және  тәрбиешіге  қарай  топ  болып  жүру; 
арқан  бойымен  тәрбиешінің  артынан  бірінің  соңынан  бірі  және  арқанды 
қолымен ұстап өздігінен жүру, арқаннан жасалған түзу жол бойымен жүру; 


 
2)  жүгіру:  тәрбиешінің  артынан  топ  болып  жүгіру,  «аюдан»  қашу, 
«қоянға»  қарай  жүгіру;  бетін  залға  қаратып  қабырға  бойы  тұрған  бастапқы 
қалыптан зал бойымен қарама-қарсы қабырғаға қарай топтасып жүгіру; 
3)  секіру:  ересекпен  бірге  тізесін  ырғақты  бүгуді  орындау;  педагогтың, 
бірі бірінің  қолынан ұстап аяқтың ұшымен секіру; 
4)  лақтыру,  қағып  алу,  дәлдеп  лақтыру;  тұрған  және  отырған  қалыпта 
допты  екі  қолымен  домалату  (0,5-1  метр  қашықтықта);  допты  тәрбиешіге 
лақтыру;  ойыншыққа,  бір-біріне  лақтыру;  допты  екі  қолымен  ұстау,  құлап 
қалған допты көтеру, үлкен, кіші доптарды еңістен домалату; 
5)  еңбектеу,  өрмелеу;  ойыншыққа  қарай  түзу  сызық  бойымен  еңбектеу; 
еденге салынған (ені 30-35 см.) кілем, тақтайша бойымен еңбектеу; лентаның, 
доғаның  (биіктігі  70  см.)  астымен  еңбектеп  өту;  жерде  жатқан  заттардан 
(бөренеден) өрмелеп өту;  
6)  тепе-теңдік  сақтау:  шектелген  кеңістік  бойымен,  бір  ұшы  еденнен  
15-20  см.  биіктікке  көтерілген  (ұзындығы  1,5-2м.,  ені  20-25  см.)  еңіс  тақтай 
бойымен жүру және онымен төмен түсу; ішінен бүйіріне, арқасына, арқасынан 
бүйіріне, ішіне қарай аударылу; 
7)  жалпы  дамытушы  жаттығулар:  жаттығуларды  педагогпен  бірге 
орындау: бас қимылы – бұрылу (оңға-солға), алға-артқа шалқаю; қол қимылы – 
алға,  жан-жағына,  алға,  иыққа,  белге  қою,  кеуде  тұсында  айқастыру,  жанына 
қарай  созу,  кеуде  тұсында,  бастан  асыра  шапалақтау;  бүгу  және  жазу, 
саусақтарды  жұдырыққа  түю  және  жазу;  қолды  белге  қойып,  бір  аяқты 
топылдату; екі аяқты топылдату. 
12. Күтілетін нәтижелер: 
1) дене жаттығуларын орындауға ынта білдіреді; 
2) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды; 
3) тәрбиешінің артынан топтасып жүреді; 
4) допты лақтырады; 
5) жол бойымен және ізін баса жүреді;  
6) кілем, тақтай бойымен еңбектейді; 
7) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді; 
8)  ішінен  бүйіріне,  арқасына,  арқасынан  бүйіріне,  ішіне  қарай 
аударылады. 
13. Мәдени-гигиеналық дағдылары:  
1)  тамақтану  дағдыларын  қалыптастыру:  үстел  басында  өз  орнымен 
танысу  және  оны  есте  сақтау;  қажет  болған  жағдайда  тамақтануға  арналған 
арнайы  алжапқыштарды  киюін  үйрету;  тостағанды  ұстай  алу  білігін 
қалыптастыру,  арнайы  екі  тұтқасы  бар  тостағандар  қолданылады;  балаларда 
өздігінен  тамақ  қабылдауды,  өздігінен  қасық  ұстаудыниеттендіру;  тамақ  ішіп 
болған соң үстел басынан тұруды балаларға үйрету; 
2)  тазалық  дағдыларын  қалыптастыру:  балаларды  гигиена  заттарымен 
сабын,  орамал,  тарақ,  бет  орамалы  және  оларды  қолдану  мүмкіндіктерімен 


 
таныстыру;  ересек  адамның  көмегімен  қол  жууды  үйрету  (алақанды  
бір-біріне үйкелеу); 
3)  ұқыптылық  дағдыларын  қалыптастыру:  өзінің  киімін  сақтау  орнымен, 
киімге арналған шкафпентанысу; тамақ ішер алдында және дәретханаға барған 
соң  ересектің  бақылауында  міндетті  түрде  қол  жуу  дағдысын  қалыптастыру; 
ересек  адамның  көмегімен  қолды  орамалмен  сүрте  білуін  үйрету;  баланың 
түбекке сұрану дағдысын бекіту; 
4)  киіну  және  шешіну  дағдыларын  қалыптастыру:  балаларды  киіндіру 
және  шешіндіруге  қатыса  білуін  үйрету:  қолды  алға  созу  және  көтеру,  аяқты 
түсіру және көтеру. 
14. Күтілетін нәтижелер: 
1) үстел басында өз орнын есте сақтауды;  
2) ересектің бақылауымен және жартылай көмегімен  үстел басына отыра 
және шыға алады;  
3) 
гигиенаның  негізгі  заттарын:  сабынды,  орамалды,  тарақты 
сәйкестендіре алады; 
4) 
ересек  адамның  көмегімен  қарапайым  жуыну  әрекеттерін 
орындайды(алақанды бір-біріне уқалайды);  
5) ересектің көмегімен қолды орамалға сүрте алады;  
6)  тамақтанудың  қарапайым  әрекетін  орындайды:  ересектің  көмегімен 
тостағанды ұстайды,қасықты қолдануға тырысады;  
7) киіндіруге және шешіндіруге қатысады; 
8) қажеттілігі бойынша түбекке сұрана алады. 
 
 
3-параграф. 2-жартыжылдық 
 
15. Дене шынықтыру негізгі қимылдарды қамтиды: 
1) 
жүру:  зал  бойымен  топтасыпқарама-қарсы  қабырғаға  дейін 
жүруге;арқаннан және биік емес заттардан (биіктігі 5 см) аттай жүруге; еденге 
қойылған арқан бойымен бірінің соңынан бірі жүруге, еденге қойылған баудың 
бойымен түзу жол бойынша жүруге; еденге жайылған мата (ені 30 см) үстімен 
жүруге үйрету; 
2) жүгіру: зал бойымен қарама-қарсы қабырғаға қарай топтасып жүгіруге; 
бір-бірінің артынан көрсетілген бағыт бойынша жүгіруге; тәрбиешінің артынан 
бір-бірден, топтасып жүгіруге үйрету; 
3)  секіру:  педагогтың,  бірінің  бірі  қолынан  ұстап,  аяқтың  ұшымен 
секіруге үйрету; 
4)  лақтыру,  қағып  алу,  дәлдеп  лақтыру:  допты  тәрбиешіге,  бір-біріне 
лақтыруға;  шарларды  (0,5-1  м  қашықтықта)  бір-біріне  сырғытуға;  әуе  шарын 
лақтыруға және ұстап алуға; допты екі қолымен шеңберге лақтыруға үйрету; 
5)  еңбектеу,  өрмелеу:  гимнастикалық  қабырға  бойымен  еркін  тәсілмен 
өрмелеуге;  түсті  сызықтар  арасындағы  жол  бойымен  кедергілерден  өте 


 
еңбектеуге;  еден  бойымен  еңбектеуге;  арқанның  астымен  өрмелеп  өтуге 
үйрету; 
6)  тепе-теңдік  сақтау:  шектелген  кеңістік  бойымен,  бір  ұшы  еденнен  15-
20  см  биіктікке  көтерілген  (ұзындығы  1,5-2,0  м,  ені  20-25  см)  еңіс  тақтай 
бойымен  жүруге  және  ересектің  көмегімен  онымен  төмен  түсуге;  ішінен 
бүйіріне, арқасына, арқасынан бүйіріне, ішіне қарай аударылуға үйрету; 
7)  жалпы  дамытушы  жаттығулар:  жаттығуларды  педагогпен  бірге 
орындау:  бас  қимылы  –  оңға-солға  бұру,  алға-артқа  иілу;  қол  қимылы  –  алға, 
жан-жағына,  жоғарыға,  иыққа,  белге  қою,  кеуде  тұсында  айқастыру,  жанына 
қарай  созу;  кеуде  тұсында,  бастан  асыра  шапалақтау;  бүгу  және  жазу; 
саусақтарды  жұдырыққа  түю  және  жазу;  қолды  белге  қойып,  бір  аяқты 
топылдату; екі аяқты топылдату. 
16. Күтілетін нәтижелер: 
1) дене жаттығуларын орындауға ынта білдіреді; 
2) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды; 
3) тәрбиешінің артынан топтасып жүреді, жүгіреді; 
4) бірінің артынан бірі көрсетілген бағыт бойынша жүгіреді; 
5) допты лақтырады; 
6) жол бойымен және ізін баса жүреді;  
7) тақтайдан секіреді;  
8) педагогтың қолынан ұстап аяғының ұшымен секіреді; 
9) кілем, тақтай бойымен еңбектейді; 
10) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді. 
17. Мәдени-тазалық дағдылары:  
1)  тамақтану  дағдыларын  қалыптастыру:  өздігінен  орындыққа  (өз 
орнына)  отыру  және  тұра  білуін  қалыптастыру;  тостаған,  қасық  ұстай  алуы 
дағдысын жетілдіру; 
2)  тазалық  дағдыларын  қалыптастыру:  санитария  және  тазалық  заттарын 
тани  алуын  қалыптастыру;  ересек  адамның  бақылауымен  қол  жууға  ағып 
жатқан  суға  қолын  тосуға,  алақанды  бір-біріне  үйкелеуге  үйрету;  ересек 
адаммен  ұсынылған  ашылған  беторамалына  сүртіне  алуын  үйрету;  балада 
түбекке  сұрана  алуын,  өз  түбегінің  тұрған  орнын  білуін,  өз  түбегіне  ғана 
отыруын бекіту; 
3)  ұқыптылық  дағдыларын  қалыптастыру:  балаға  ересектің  көмегімен 
сурет бойынша өз шкафын таба алуын үйрету; ересектің көмегімен дәретханаға 
барған  соң,тамақтанар  алдында  және  кір  болуына  қарай  қол  жуу  дағдысын 
бекіту; 
4) киіну және шешіну дағдысын қалыптастыру.   
18. Күтілетін нәтижелер: 
1)  өздігінен  және  ересектің  көмегімен  үстел  басынан  тұрып  кете  және 
отыра алады;  
2)  ересек  адамның  көмегімен  жуынудың  қарапайым  әрекеттерін 
орындайды, аққан суға қолын тосады, алақанды бір-біріне үйкелейді; 


 
3) ересектің бақылауымен тостаған мен қасықты ұстай алады;  
4) өз түбегінін орнын біледі және тек қана өз түбегіне отырады;  
5) ересектің көмегімен сурет бойынша өз шкафын таба алады;  
6) ересектің көмегімен киімін шеше алады.  
 
 
4-параграф. «Коммуникация» білім беру саласы 
 
19. «Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеу тілін 
дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметіндеіске асырылады.  
20.  Мақсаты  жақын  және  таныс  адамдармен  сөзсіз  және  сөзбен  
қарым-қатынас  жасауға  ынталандыруды  қалыптастыру,  тыңдау  мәдениет 
дағдыларын,  қарапайым  ертегілерді  және  тақпақтарды  қабылдауын 
қалыптастыру,  балалар  көркем  әдебиет  шығармаларына  және  халық  ауыз 
әдебиетіне эмоционалды ілтипатын дамыту. 
21. Міндеттері: 
1) балалардың сөйлеу тілін дамытуға алдын ала жағдай жасау және тілдік 
қабілеттіліктерін қалыптастыру;  
2)  балаларды  өзі  және  жақын  ортасы  жөнінде  қарапайым  сұрақтарға 
жауап беруге үйрету; 
3)  халық  ауыз  әдебиетінің  түрлерімен:  ертегілермен,  тақпақтармен, 
өлеңдерментаныстыру,  ертегілерді,  тақпақтарды  тыңдауға  және  қабылдауға 
үйрету; 
4)  халық  ауыз  әдебиеті  шығармаларының  интонациялық  мәнерлігін 
қабылдауын дамыту, сөйлеу тіліне еліктеуін белсендіру; 
5)  халық  ауыз  әдебиетіне  және  көркем  шығармаларға  қызығушылығын 
қалыптастыру. 
 
 
5-параграф. 1-жартыжылдық 
 
22. Сөйлеу тілін дамыту: 
1)  балаларда  сөзсіз  қарым-қатынас  нысандарын  дамыту:  серіктестің 
бетіне  көз  қырын  салу  икемі,  қарым-қатынас  жасау  кезінде  серіктестің  көзіне 
қарау, көз бен қолдың қимылдарын келістіріп, сілтеу ымын пайдалану; 
2)  педагогтің  нұсқауы  бойынша  заттарды,  ойыншықтарды,  дене 
мүшелерін табу, тану және көрсету білігін үйрету; 
3) қарапайым нұсқауларды түсіну және орындау біліктерін қалыптастыру; 
4) балаларды «бер», «ал», «бар», «отыр» сөздерін түсіну білігіне үйрету;   
5)  біржақты  диалогты  жүргізу  икемін  бекіту  (педагог  сюжеттік  суреттің 
мазмұны бойынша сұрақ қояды, ал бала оған ыммен жауап береді); 
6) ата-анасын, жақын туыстарын (ана, әке, әже) атау икемін дамыту; 
7) сұрақтарға жауап беру икеміне үйрету. 


 
23. Күтілетін нәтижелер: 
1) сөзсіз қарым-қатынас нысандарын пайдаланады
2)  ересек  адамдардың  сөз  сөйлеулерін,  әңгімелерін,  өлеңдерін, 
тақпақтарын, әндерін тыңдайды және қызығушылық танытады;  
3) таныс дауыстарға және былдыр сөздерге еліктеуді жүзеге асырады.  
24. Көркем әдебиет: 
1)  тыңдау  және  түсіну:  мазмұны  қолжетімді  ертегілерді,  өлеңдерді, 
тақпақтарды  тыңдауға,  қабылдауға  үйрету;  оқу  кезінде  ойыншықтарды, 
суреттерді (фланелеграфта), үстел үсті театры және саусақ қуыршақтарын қоса 
көрсету;  көркем  шығарманың  иллюстрацияларымен  таныстыру,  суреттерді 
қарауға үйрету; 
2)  шығарманың  интонациялық  ырғағын  қабылдау:  сөйлеу  тілінің 
мәнерлілігін:  көркем  шығарманың  мазмұнына  қатысты  сұраулы  интонацияны 
қабылдауға  үйрету;  ертегілердің,  ойын-өлеңдердің  ырғағына  және  әуезділігіне 
қарай эмоциональді әрекет етуге үйрету; 
3)  әңгімелеу  және  жаттау:оқу  кезінде  ақындық  шығармаларды  кішігірім 
ойын  іс-әрекеттерімен  қостау;шығармаларды  оқу  кезінде  еліктеу  әрекетін 
орындауға үйрету, дыбыстық жесттерді қайталауға ынталандыру. 
25. Күтілетін нәтижелер: 
1) қысқа, қарапайым ертегілерді, тақпақтарды тыңдайды; 
2) көркем шығармалардың сұраулы интонациясын қабылдайды; 
3)  кішігірім  ертегілерге,  өлеңдерге,  тақпақтарға  эмоциональді  әрекет 
етеді. 
 
 
6-параграф. 2-жартыжылдық 
 
26. Сөйлеу тіліндамыту: 
1) қаратпа сөйлеу тіліне зейін салып тыңдау икемін дамыту; 
2)  белгілі  заттарды  көрсету  икеміне  үйрету;  осы  сөздермен  алғашқы 
сөйлемдерді құрастыру икемін қалыптастыру; 
3)  балаларды  «бер»,  «ал»,  «бар»  сөздерімен  фразаларды  құрастыру 
икеміне үйрету; балаларды ойыншықтармен әрекет жасау нәтижелері бойынша 
сөз сөйлеуге талаптандыру; 
4) достарының, қуыршақтардың есімдерін атау икеміне үйрету; 
5) дене мүшелердің және киімдердің атауларын түсінуді қалыптастыру; 
6)  қоршаған  әлеммен,  таныс  тұрмыстық  немесе  ойын  жағдайымен 
байланысты әрекеттерді көрсету және орындау икемдеріне үйрету; 
7) суретте бейнеленген қарапайым әрекеттерді түсіну икемін дамыту.  
27. Күтілетін нәтижелер: 
1)  сөйлеу  тілінде  айналадағы  заттардың  атауларын  және  олармен 
жасайтын әрекеттерді түсінеді және ажыратады
2) кейбір дене мүшелері мен киімдердің атауларын түсінеді; 


 
3) ересектердің көмегімен қарапайым сөйлемдерді қолданады;  
4)  қарапайым  сұрақтарға  бір  сөзбен,  ым-ишаратпен  немесе  дыбыстар 
кешенімен жауап береді. 
28. Көркем әдебиет: 
1)  тыңдау  және  түсіну:  мазмұны  қолжетімді  өлеңдерді,  тақпақтарды, 
ертегілерді  тыңдауға,  қабылдауға  үйрету;  оқу  кезінде  ойыншықтарды,  үстел 
үсті  театры,  саусақ  қуыршақтарын,  суреттерді  (фланелеграфта)қоса  көрсету; 
көркем  шығарманың  иллюстрацияларымен  таныстыру,  суреттерді  қарауға 
үйрету; 
2)  шығарманың  интонациялық  ырғағын  қабылдау:  өлең-тақпақтардың 
интонациясын  эмоциональді  қабылдауға  үйрету,  сөйлеу  тілінің  мәнерлігін: 
көркем  шығарманың  мазмұнына  қатысты  сұраулы  интонацияны  қабылдауға 
үйрету; өлеңдердің, тақпақтардың ырғағына және әуезділігіне әрекет ету білігін 
қалыптастыру;  қимыл-қозғалыс  пен  фонация  үйлесімділігінің  негізіндеырғақ 
қатарын құру білігін қалыптастыру; 
3) әңгімелеу және жаттау: оқу кезінде кішігірім ақындық шығармаларды 
ойын  әрекеттерімен  қостау;  шығармаларды  оқу  кезінде  еліктеу  әрекетін 
орындауға үйрету, дыбыстық ым-ишараттарды қайталауға ынталандыру. 
29. Күтілетін нәтижелер: 
1) қысқа ертегілерді, тақпақтарды тыңдайды; 
2)  көркем  шығармалардың  мазмұнындағы  сұраулы  интонацияны 
қабылдайды; 
3)  кішігірім  ертегілерге,  өлеңдерге,  тақпақтарға  эмоциональді  әрекет 
етеді. 
 
 
7-параграф. «Таным» білім беру саласы 
 
30.  «Таным»  білім  беру  саласының  базалық  мазмұны  сенсорика, 
құрастыру ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады. 
31.  Мақсаты  заттардың  қасиеттері  мен  сапаларын  ойын  және  өнімді 
әрекетте  қабылдауға  жағдай  жасау,  құрастыру  процесіне,  құрылыс 
материалдарымен 
ойынғаоң 
қарым-қатынасты 
және 
қызығушылықты 
қалыптастыру болып табылады. 
32. Міндеттері:  
1) көріп, естіп, тактильдік-қимылдық қабылдауын және зейіндідамыту; 
2)  перцептивтік  әрекеттерді  қалыптастыру  (қарастыру,  сипау,  суыру, 
салу); 
3) заттардың оңай ерекшеленетін қасиеттерін көру, тактильді-қимыл, есту 
және дәм сезу арқылы саралауға үйрету; 
4) бағдарлаудың іздеу тәсілдерін қалыптастыру; 
5) қолдың көру-қимылдық үйлесімділігін дамыту;  
6) еліктеу бойынша әрекеттенудің қарапайым дағдыларына үйрету; 


 
7)  құрастыру  әрекетіне  эмоциональді  әсер  ету  және  қызығушылық 
тудыру; 
8) құрастыруға арналған әртүрлі материалдармен таныстыру; 
9) ересекпен  бірге  құрылыс  материалынан  қарапайым  құрылыстарды 
орындауға;  ересектің  іс-әрекетіне  еліктеу  бойынша  құрылыстармен  ойнауға 
үйрету. 
 
 
8-параграф. 1-жартыжылдық 
 
33. Сенсорика: 
1)  көріп  қабылдау  мен  зейінді  дамыту:жеке  заттарды  қабылдау,  оларды 
ортадан ерекшелеу;шымылдықтың алдымен бір жерінен, содан кейін белгілі бір 
екі  жерінен  бірізділікпен  пайда  болатын  қуыршақты  күту,  зейінді 
қалыптастыру;ересектің  әрекетін  алдымен  затсыз,  содан  кейін  затпен 
(ойыншықтармен) шығару;таныс заттарды тану (өзінің ойыншығын табу); 
2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту:белгілі бір аспаптың дыбысталуына 
әсерін  әрекетпен  білдіре  отырып,  екі  музыкалық  аспаптың  (дағыра-сыбызғы) 
дыбысталуын  ажырату;дыбысқа  еліктеуге  құлақ  түріп,  дыбысталудың  сәйкес 
ойыншыққа қатысын анықтау; 
3)  тактильдік-қимылдық  қабылдауды  дамыту:геометриялық  пішіндерді 
(шар,  текше)  сипау  арқылы  қабылдау;ересектің  әрекетіне  еліктеу,  үлкен 
заттарды екі қолымен,  кіші заттарды бір қолымен алу; өзара байланысты тура 
және  кері  әрекеттерді  орындауға  үйрету  (жаю-жинау,  алу-салу,  бірінен  алып, 
екіншіге қою). 
34. Күтілетін нәтижелер: 
1)  заттарды  сезімталдықтың  әртүрлі  түрлерін  тексеруге  қатыстыра 
отырып қарастырады; 
2) жақын ортадағы заттарды көру арқылы таниды; 
3) геометриялық пішіндерді (шар, текше) сипау арқылы ажыратады; 
4) ересектің әрекетін заттармен (ойыншықтармен) шығарады
5)  әрекеттерді  ойыншықтармен  (жаяды-жинайды,  алады-салады,  апарып 
қояды) орындайды; 
6) екі музыкалық апспаптың дыбысталуын ажыратады. 
35. Құрастыру: 
1)  балалардың  көзінше  орындалатын  құрастыру  әрекеті  процесінде 
ересектің  әрекетін  бақылауға;балаларды  ересек  адамның  жасаған  әртүрлі 
құрылыстарымен  ойнауға;құрылыс  материалдардың  қасиеттерімен  (ағаштан, 
пластмассадан 
жасалған 
конструкторлар, 
жұмсақ 
модульдер) 
және 
бөліктерімен  таныстыруға;көлемді  пішінді  заттарды  екі  қолымен  зерделеу 
(заттарды сипап сезу) арқылы қабылдауға; құрылыс материалдармен жұмыстың 
қарапайым ережелеріне үйрету; 

10 
 
2)  құрылыс  материалдарынан  құрастыру:педагогпен  бірлесіп  құрылыс 
конструкторынан 
қарапайым 
құрылыстар 
жасау, 
оларды 
ойында 
пайдалану;конструкцияның  құлап  қалуына  адекватты  әсері  болу,  ойынды 
жалғастыру  үшін  оны  қалпына  келтіругеұмтылу;  ойында  құрылыс 
жиынтықтарының элементтеріналмастырушы заттар ретінде қолдану; 
3)  заттық  емес  құрастыру:еліктеу  бойынша  топ  бөлмесінің  кеңістігінде 
құрылыс конструкторының бір элементінің орнын ауыстыру; 
4) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру:2 бөліктен құралатын 
нысандарды біріктіру және ажырату; 
5)  конструктор  бөліктерін  ұстап  алу,  ұстап  тұру,  орнын  ауыстыру;затты 
екі қолымен зерделеу (затты сипап сезу)дағдыларын қалыптастыру. 
36. Күтілетін нәтижелер: 
1) құрылыс конструкторымен ойынға деген әсері жағымды; 
2) конструктор бөліктерін ұстап алады, ұстап тұрады, ауыстырып қояды; 
3) 2 бөлікті ойыншықтарды біріктіреді және ажыратады; 
4)  педагогпен  бірге  құрылыс  конструкторынан  қарапайым  құрылыстар 
құрастырады. 
 
 
9-параграф. 2-жартыжылдық 
 
37. Сенсорика: 
1)  көріп  қабылдау  мен  зейінді  дамыту:жеке  заттарды  қабылдау,  оларды 
ортадан ерекшелеу;шымылдықтың алдымен бір жерінен, содан кейін белгілі бір 
екі  жерінен  бірізділікпен  пайда  болатын  қуыршақты  күту,  зейінді 
қалыптастыру;ересектің  әрекетін  алдымен  затсыз,  содан  кейін  затпен 
(ойыншықтармен)  шығару;таныс  заттарды  тану  (өзінің  ойыншығын  табу), 
педагог  атаған  ойыншықты  ерекшелеу;«осындай»,  «ондай  емес»  салыстыру 
тәсілдерімен  түстердің  біртектілігі  немесе  біртекті  еместігіне  бағдарлай 
отырып,  түстерді  ажырату;  таныс  ойыншықтарды  олардың  бейнелерімен 
сәйкестендіру; 
2)  естіп  қабылдау  мен  зейінді  дамыту:есту  тітіркендіргіштеріне  әсері 
болуы;белгілі  бір  аспаптың  дыбысталуына  әсерін  әрекетпен  білдіре  отырып, 
екі-үш  музыкалық  аспаптың  дыбысталуын  ажырату;дыбысқа  еліктеуді 
ажырату,  дыбысталудың  сәйкес  ойыншыққа  қатысын  анықтау;дыбыстарды 
тану және нақты бейнелермен сәйкестендіру; 
3)  тактильдік-қимылдық  қабылдауды  дамыту:  көлемді  пішіндерді  (шар, 
текше)  еліктеу  бойынша  практикалық  әрекеттер  арқылыажырату;ересектің 
әрекетіне еліктеу, үлкен заттарды екі қолымен, кіші заттарды бір қолымен алу; 
заттардың көлемін (үлкен, кіші) ұстау арқылы қабылдау;өзара байланысты тура 
және 
кері 
әрекеттерді 
орындауға 
үйрету 
(жаю-жинау,  
алу-салу, апарып қою). 
38. Күтілетін нәтижелер: 

11 
 
1) түстерді салыстырады; 
2) заттардың көлемін (үлкен, кіші) ажыратады; 
3) геометриялық пішіндерді (шар, текше) сипау арқылы ажыратады; 
4)  заттарды  сезімталдықтың  әртүрлі  түрлерін  тексеруге  қатыстыра 
отырып қарастырады; 
5) жақын ортадағы заттарды көру арқылы таниды; 
6) таныс ойыншығының бейнесін затпен сәйкестендіреді; 
7) екі-үш музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажыратады; 
8)  ойыншықтармен  әрекеттерді  (жаяды-жинайды,  алады-салады,  апарып 
қояды) орындайды. 
39. Құрастыру: 
1)  балалардың  көзінше  орындалатын  құрастыру  әрекеті  процесінде 
ересектің әрекетін бақылауға;еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы 
заттарды көлемі (кіші, үлкен) бойынша салыстыруға; 
2)  құрылыс  материалдарынан  құрастыру:педагогпен  бірлесіп  құрылыс 
конструкторынан 
қарапайым 
құрылыстар 
жасау, 
оларды 
ойында 
пайдалану;ойында 
құрылыс 
жиынтығының 
элементтерін 
заттармен 
алмастырушы ретінде қолдану; 
3)  заттық  емес  құрастыру:еліктеу  бойынша  топ  бөлмесінің  кеңістігінде 
құрылыс конструкторының бір элементінің орнын ауыстыру;көрсету бойынша 
сатымен  қозғалу  (жоғары-төмен),  топ  бөлмесі  кеңістігінде  (орындықта  тұру, 
жерге түсу: жоғарыда-төменде) қозғалу; 
4)  таяқшалардан  құрастыру:таяқшалардан  қаланған  пішіндерден  таныс 
заттардытану; 
5) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: сынған ойыншықты 
«жөндеу» ынтасын шақыру; ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау; 
6)  конструктор бөліктерін ұстап  алу, ұстап  тұру, орнын  ауыстыру;  затты 
екі қолымен зерделеу (затты сипап сезу) дағдыларын қалыптастыру. 
40. Күтілетін нәтижелер: 
1) құрылыс конструкторымен ойынға жағымды әсері; 
2) конструтор бөліктерін ұстап алады, ұстап тұрады, ауыстырып қояды; 
3) педагогпен бірлесіп құрылыс конструкторынан қарапайым құрылыстар 
құрастырады; 
4) бөліктерден бүтін құрастырады, ойыншықты жинастырады;   
5)  еліктеу  бойынша  құрылыс  конструкторының  элементтерінің  топ 
бөлмесі кеңістігіндегі орындарын ауыстырады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар