Үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі – мектепке дейінгі тәрбие



Дата23.11.2022
өлшемі22.83 Kb.
#361302
Байланысты:
Мақала академиялық жазу
Қожамбетова Д осож 4, СОЖ 5 ТАРИХ, №2 ОСӨЖ Черкешбаева Нуругул Мдот-302 Инкл.образование, №2 SRS Cherheshbayeva Nurgul DOV-302 3-week, СРС 5 Смадинова 103, Документ (18), тест Сақтандыру 150 (2), орыс с, улт рух 6 апта, улт рух срсп 4 апта, англ.homework, орыс т срс 6, Документ (2), Документ (3), Документ (4)

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
мамандығының 3 курс студенті
Нұрбек Таңнұр

Үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі – мектепке дейінгі тәрбие»

Түйіндеме: Мектеп жасына дейінгі балаларды айналамен таныстыруда психикалық үрдісі дамып, елжандылық сезімі қалыптасып қана қоймай, адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, дене, еңбек тәрбие түрлерін де бойына сіңіріп жетілуіне себепші болары анық. Ертеңгі болашағымыз - жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеуде айналамен таныстыру сабағын білім берудің құқығы деп те қарауға болады.
Кілт сөздер: Тәрбие негізі, үздіксіз білім, ойын арқылы даму,психологиялық жетілу, тілін дамыт, оқуға дайындық, дене дайындығы
1.Кіріспе
2.Негізі бөлім
3. Қорытынды
Кіріспе

Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Ең бастысы, сол мектепке дейінгі тәрбие балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне баулиды. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам өздігінен ой түйіп, сапалы, дәлелді шешім қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Ал бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.



Туғаннан бастап бала белгілі бір әлеуметтік ортада өседі және тілі де, жаны да дамиды. Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей, балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Алғашқы екі жылда балалардың бас миы өте зор жинақтаушы күш көрсететіні анықталған. Бұл жасқа дейінгі қалыпты дұрыс даму жағдайында бала ана тілінде еркін сөйлей алады. 5-6 жасар баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды.
​Тілді дамыту сабағында мына әдістерді қолданған жөн.
1. Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету.
2. Грамматикалық түрде дұрыс сөйлеуге үйрету.
3. Ауызша сөйлеуге және әңгімелеп айтуға үйрету.
4. Әдеби шығармалардың тіл дамытудағы рөлі.
5. Ұлттық ойындарды пайдалану.
Ең алдымен, тіл дамыту, сөз қорын молайту сабақтарында баланы сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету ісіне баса назар аудару керек. Балалардың көбі сөз ішінде кездесетін р, л, с, ш, ж, з, б, п, ф дыбыстарын айтуға қиналатыны белгілі. Кейде бала аталған дыбыстарды жеке-жеке дұрыс айтады да, сөз ішінде дұрыс айта алмайды.
​Балалардың дыбысты қолдануында мынадай кемшіліктер кездеседі: сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, сөзде дыбыс қалдырып айту, сөз ішінде дыбысты алмастыру.
​Мысалы, қуыршақты-құшақ, қолғапты-қолбақ, орамалды-омалар немесе оламал деп атайды.
​Дыбыстарды дұрыс айтуға, дыбысқа байланысты тіл сындыруға тақпақтар айтып, жаттап, шығармалар оқып, дыбысқа байланысты дидактикалық ойындар ойнатқан тиімді. Мәселен, Р дыбысы мен әрпін өткенде Б.Тәжімбетовтың «Р-ға тілің келе ме?» тақпағын жаттауға болады.
Р дыбысын үнтаспадан тыңдатқан жөн. Бұған қоса «Буынға буын қос» дидактикалық ойынын ойнатқан жөн. Ойынның мақсаты: - басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу. Р-дан басталатын әртүрлі суреттер беріп, әңгіме құрату. Ал «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойынын міндетті түрде әр дыбысты өткен сайын ойнату қажет. Мақсаты:- берілген дыбысқа сөз ойлап, ойлаған сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Сөйтіп, сөздік жұмысын жүргізу арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.
​Қазақ тілінің грамматикалық құрылысын меңгеру күнделікті өмірде үлкендермен сөйлесу кезінде іске асады. Балалар сөйлемдегі сөздерді, көбінесе, жалғау, жұрнақсыз дара айтады.
​Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту арнайы сабақ түрінде емес, тіл дамыту сабақтарында қосымша дидактикалық ойын (сөздік ойындар), түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асады.
​Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойындардың орны ерекше. Бұл ойындарда кейбір заттардың аты, ұқсастығы, түсі, сапасы, іс-әрекеті жөнінде қажетті сөздерді дәл тауып айтып, естеріне түсіріп жаттығады. Мысалы, адамдардың еңбек үрдісін білдіру үшін «Кім не істейді?» ойын ойнатуға болады. Мұндайда балалар әр алуан мамандыққа байланысты суреттерді таңдап алып, өздері айтып береді немесе мұғалім айтқан сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.Бұлар балаларды тапқырлыққа, зейінділікке үйретеді.
​Баланы мектепке дейінгі оқытудың негізгі бөлімдеріне: балалардың дене бітімі дамуының , психикалық дамуының деңгейі және құрдастарымен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы жатады
​Жалпы дайындық - ол психологиялық, адамгершілік және ерік дайындығы бір-бірімен тығыз байланысты. Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты балалар істеген ісін, қылығын басқарып үйруге тиісті. Сонда ғана мектепке барғанда тез тіл табысып кетеді.
​Психологиялық дайындық – ол таным процестерінің дамуымен байланысты. Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез шаршайды. Мектепке барғанда мұғалім барлық ерекшеліктерді ескеріп, дайындық кезеңіндегі әдіс-тәсілді жалғастыра отырып, осындай таным процесін дамытады.
​Дене дайындығы - мықты денсаулық, шыдамдылық қасиеттер балаларда болу үшін дербестік, еңбек сүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін ата-аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.
​Әлеуметтік дайындық – оқуға, (дербес тапсырманы орындау) бастаған жұмысты аяқтауға, қиыншылықтардан өтуге, ұстамдылыққа үйрету, жаңа ортаға үйрену.
а) құрдастарымен ұрыспай, ренжіспей тіл табысу.
ә) үлкендермен тіл табысу.
​Арнаулы дайындық – мектепке баратын балалар санауды, әріптерді танып, біліп қана қоймай, қоршаған орта туралы да толық түсініктері болу керек. Сонымен бірге таным процестерін (ес, зейін, ой-қиял, қабылдау) де дамытып отыру қажет.
​Мектепке жасына дейінгі балаларды айналамен таныстыруда сезім мүшелері: көру, есту,түйсіну, иіскеу сезімдері жетіледі. Өйткені, алуан түрлі іс-әрекеттер арқылы балалар орта мен заттардың қасиеттерін сол мүшелері арқылы танып, игереді.
​Балаларды қоршаған ортамен таныстыру үшін тәрбиеші бақылау, эксперимент, еңбек, ойын және көркем шығармаларды оқу, ертегі айту, әңгімелесу әдістерін және сабақ, танымжорық, серуен, жер учаскесіндегі және табиғат мүйісіндегі еңбек тәсілдерін қолдана отырып айналамен таныстыру сабағын жүргізеді. Мұндай әдістер мен тәсілдер бір-бірімен тығыз байланыста іске асады.
​Мектеп жасына дейінгі балаларды айналамен таныстыруда психикалық үрдісі дамып, елжандылық сезімі қалыптасып қана қоймай, адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, дене, еңбек тәрбие түрлерін де бойына сіңіріп жетілуіне себепші болары анық. Ертеңгі болашағымыз - жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеуде айналамен таныстыру сабағын білім берудің құқығы деп те қарауға болады.
​Халқымыздың балаларға санауды үйретуге қолданған әдіс-тәсілді алсақ, ол баланың есте сақтау қабілетін дамытатыны анық. Оны ойын-өлең түрінде жүргізуге болады.
​Мысалы, «Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек» деп саусақтарын бүксе, «Сен тұр-қойыңа бар, сен тұр-түйеңе бар, сен тұр-сиырыңа бар, сен-қария үйде жат...» деп саусақтарын біртіндеп ретімен жазып санауға үйреткен.
​Халақ педагогиканың қайнар көзі - ата-бабаның тәрбиелік мұрасы. 1-10-ға дейін сандарды оқып жазуды үйреткен кезде әр түрлі «санамақтар»барын еске алсақ және оларды қолдансақ, баланың тіілін, ойын дамытуда бірталай мақсатқа жетеріміз анық.
​​Бір дегенім – Бесік​​​Алты дегенім – Ақыл​​
​​Шықтық одан өсіп. Тыңдағаның мақұл.
​​Екі дегенім – Елім Жеті дегенім - Жалау
​​Далам, тауым, көгім. Жүректегі алау.
​​Үш дегенім – Үміт Сегіз дегенім - Сөзім
​​Үміт артар жігіт. Серт беретін кезің.
​​Төрт дегенім – Төзім Тоғыз дегенім - Тоқтау
​​Төзе білем өзім. Елдің жоғын жоқтау.
​​Бес дегенім – Бақыт Он дегенім - Отан
Бағалайтын уақыт Қорға соны ботам
Балалардың эстетикалық қызығуын қалыптастыруда жаңылтпаштардың алатын орны да ерекше. Бұл жанр тыңдаушыларға өз ойын түсінікті етіп жеткізуге, тілін мүкістендірмей, ана тілінің бай қорын игеруге, таза және анық айтып, көркем сөйлеуге үйретеді. Жаңылтпаш сөздері, ұйқастары қызықты әрі күлдіргі болып құрылғандықтан, балалардың тез жаттап алуына, есте сақтауына өте жеңіл.
Қырық құрықты,
Қырық сырықты,
Орамшы санап қырықты.
Қырыққа қосып қырықты,
Сәл ойланып тұрыпты.
Бұл баланы ойлауға жетелейді.

​ Қорытынды


Мектепалды даярлық топ жұмысын нығайту, дарынды және дарынға бейім балалардың ерекше қабілеттерін дамыту міндеттерін алға қойған. Осы міндеттерді орындау барысында тәрбиенің үздіксіздігі, бір топ пен екінші топ арасындағы сабақтастық арқылы білім беру принциптері қарастырылады. Бастауыш сыныпқа қабылданғанға дейін баланың оқу ісіне дайындығы, жаңа буын оқулықтар мазмұны, қарапайым білім негіздерін меңгертіп, оқу іс-әрекетін нақты міндет ретінде сезінетін, өркениетті қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыру және мектепке баланы дайындау.​
Пайдаланған әдебиеттер.



  1. Мектепке дейінгі педагогика Ә. Меңжанова ; Г. Исмағулова; Е. Дайрабаев 

  2. Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің кітабы Шымкент 2015

  3. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту теориясы мен әдістемесі. Бакраденова А. Б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені