Заманауи денсаулықты сақтау технологиясы

Loading...


Дата21.09.2021
өлшемі36.95 Kb.

Заманауи денсаулықты сақтау технологиясы.

Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің , жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады: қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай – ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді. Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интелектуалдық және моральдық еріктік жетілуімен, барлық психологиялық функцияларының дамуымен тығыз байланысты.  Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организімінің функцияларын жетілдіру, оның дені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру мектеп жасына дейінгі балалық жылдарында дене жағынан тәрбиелеудегі ең басты міндеттер болып табылады. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада: органдар мен жүйелердің тез өсуіне және дамуына қарамастан, олардың қызметі әлі жетілмегендіктен, организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан, кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйек жүйелері мен байланыс – буын аппаратының дұрыс әрі мерзімімен жетілуіне , бел омыртқаны физиологиялық міндеттерінің қалыптасқанына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасау қажет. 


Басты міндет , балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік , шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Сауықтыру жұмыстарының дәстүрлі емес түрлері кеңінен қолданады. Олар: жазғы құмда жалаң аяқ жүру, сулы жолмен жүру, нүктелі төсеніштермен жүру. Қыс мезгілінде таза ауада серуендеу, шанамен сырғанау, шаңғы тебу адам ағзасының жұқпалы аурулар мен суыққа төзімділігі арттыратыны анықталған. Ойынның балаға тигізер әсерін мынадай ұшқыр ойымен түйіндеуге болады: «Ойын- өсіп келе жатқан бала организміне өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шындала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі , тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық  дағдылары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығы артады. 

Балалардың денсаулықтары бүгінгі таңда өте өзекті мәселе. Соңғы жылдардағы статистика мәліметтері бойынша  балалар денсаулығы  күрт төмендеп кеткендігі байқалып отыр.Мұның барлығы  балалар денсаулығын сақтайтын технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне  қолдануын туғызып отыр. Бүгінгі таңда барлық мектепке дейінгі оқу орындарында  денсаулықты сақтайтын технологиялар қолданылады.



Шынықтырудың ең тиімді құралы-ауа, су және күннің көзі.Әсіресе, бала ағзасына қозғалыспен қатар судың, ауаның, күн сәулесінің  әсері  бірге болса, шомылу мен жүзудің тигізер пайдасы өте көп. Әрдайым үнемі  шомылғанда, жүзгенде адам баласының тамыр жүйесі су температурасының алмасуына  тез арада ыңғайланып алады.Адам баласы судың температурасы төмендеген жағдайда да, суда ұзақ болуға үйреніп алады.Суда адам денесінің температурасы аз төмендейді де,шомылудан кейін тез өз қалпына келеді.Суыққа деген тұрақтылық пайда болады.Суда жүзу өмірде өте қажет. Жүзу тек қана адам баласының дене шынықтыруы мен сауықтануына ғана пайдалы емес. Жүзе білу дағдысы адам баласына әр түрлі жағдайларда қажетті нәрсе. Жүзуге үзбей баратын балалардың денсаулықтары мықты, дене бітімі қалыптасқан, ширақ болып келеді. Мысалы, топтағы Есментаев Нұржан, Жақан Әлішер, Байдаулет Мансүр, Байжанова Асия, Абдрахманова Даяна, Бахитжанова Тамирис сияқты балалардан нәтижесін көруге болады.

Адам организмінің өте жақсы қасиеті – оның сыртқы дүниеге, табиғаттың әр түрлі құбылыстарына икемделгіштігі.Мектепке дейінгі дене тәрбиесі – халық ағарту ісінің алғашқы сатысы. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимыл жасай білуіне бағытталған. Балабақшада баланың денсаулығын нығайту шараларының бірі – денесін шынықтыру жаттығуларын өткізу. Шынықтыру сыртқы зиянды әсерлерге дененің қарсылық күшін жетілдіріп, әр қилы қолайсыз өмірлік жағдайдан денені қорғау, икемділігін дамытатын шаралар жүйесі. Шынықтыру әр түрлі дене мүшелерінің, нерв жүйелерінің жұмысын жетілдіруге негізделген.Шынықтыру дене тәрбиесінің басқа құралдармен біріге отырып, дені сау, моральдық жағынан тұрақты, табанды, батыл, төзімді адамдарды тәрбиелеуге ықпал етеді.Балабақшадағы балаларды шынықтырудың негізгі әдістерінің бірі – біртіндеп бейімдеу немесе үйрету. Мысалы: біртіндеп судың температурасын төмендету, балалардың киімдерін де біртіндеп жеңілдету, күн көзінде болудың мерзімін біртіндеп ұзарту.Шынықтырудың екінші әдісі – жүйелік, яғни шынықтыру ережелерін сақтау, шынықтыру шараларын үздіксіз қайталау.Шынықтыруды аңда-саңда немесе кездейсоқ өткізуге болмайды,ондай шынықтыру балалардың денсаулығына зиян келтіреді.Шынықтырудың үшінші әдісі – балалардың жеке басының ерекшелігін ескеру. Топтағы балалардың ішінде суыққа, желге, ыстыққа шыдамай ауырып қалатындары болады. Мұндай балаларды бірте-бірте сақтықпен шынықтыру керек.Мысалы, топтағы Басенова Аяулым, Нұрқан Әли , Нұрымов Нұрбол жиі ауыратын еді ,осы жылы денсаулықтары айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетіп жүр.Адам ағзасы біртұтас, дене мүшелері бәріде , бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланысты екені даусыз. Балалардың күтімі олардың өсуіне қолайлы мәдени тазалық сақтау жағдайларын жасау, қолданылатын күн тәртібі, тамақтандырылуы, ауа- райына ыңғайлы киінуі, күнделікті жаттығуларды, қимылды ойындарды, ұйқылары, серуендері, күнді, ауаны, суды пайдалануы, міне осының бәрі дене тәрбиесін құрайды.Шынықтырудың ең бағалы құралы жыл бойы таза ауада өтетін күндізгі серуендер. Дене шынықтырудың ерекше бір түрі және көпшілікке мәлім түрі спортпен шұғылданатындардың дене құрылысы жақсы дамып, күш-қайраты мол болады. Олардың қан тамыр жүйесі, жүрегі, тыныс мүшелері жақсы дамып икемделгіштігі анағұрлым жоғары болады.Дене шынықтыру деген тек қана денені ғана шынықтыру емес, ол жанды да шынықтырады. Себебі, күнделікті спорттық жаттығулар тиянақты тәртіпке тәрбиелеп, жігерін дамытады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...