Залға балалар музыка әуенімен кіреді. Жүргізуші



бет2/4
Дата10.06.2022
өлшемі27.98 Kb.
#267796
1   2   3   4
Байланысты:
қоштасу (Автосохраненный)

Нұрай :
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Асылым:
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Нұркен:
Біз сабақты бастаймыз,
Қайталаудан аспаймыз.
Есептен де қашпаймыз.
Жазуды енді бастаймыз.
Мақсат:
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз.
Бекасыл :
Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі-ақ біз.


Қайнар:
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын.
Ұлан:
Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып, өсекте,
Бақшамызды қимаймыз

Раяна: Біз балауса баламыз,


Жетелеп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып
Мектепке енді барамыз.

Мансұр: Қош бол балабақшамыз,


Қимай кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап
Сағынармыз әлі біз.

Айсұлтан: Қош бол, құтты балабақша


Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Көрініс: «Бекасыл мектепке барады»
Жүргізуші:- Айналайын балалар,
Алда мектеп-ана бар
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар даналар,- деп, қыздарымыздың орындауында
Би: «Қош бол сүйікті ойыншығым»
(Ортаға білім ханшайымы келеді)
Білім ханшайымы: Сәлем ,менің достарым,
Қауышқаныма қуаныштымын.
Мен сендерге қонаққа келдім
Мен – Білімпазбын мейірімді әрі дана,
Мен көмектесем барша балаға ,
Оларды мен баулимын ерінбей.
Оқу менен көркем жазуға да!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, білім ханшайымы Балалар-біздің балабақшамыздың түлектері,болашақ оқушылары.
Білім ханшайымы: Ал сендер мектепке оқуға дайынсыңдар ма?
Ал қазір мен сендердің білімдеріңді тексеріп,жұмбақ жасырайын.
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы,
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан? (Әліппе)
2 .Қабат-қабат қатталған,
Ақыл сөзбен апталған,
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (Кітап)
3. Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан,
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп. (Тақта)
Білім ханшайымы: Жарайсыңдар ,балалар! Сендер мектепке жақсы дайындалыпсыңдар. Олай болса ойынмен жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Сабаққа ерте тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Білім ханшайымы: Енді жаңағы балаларға қойылған сұрақтар сияқты ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3. Тамағын уақытында бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Ойын : «Мамандық иесі »
Жүргізуші: Балалар болашақ мамандық иесі болу үшін біз білімді,алғыр болуымыз керек екен сондықтанда мен сендермен сауат ашу мен математика негіздерінен балабақшада алған білімдеріңді Білім ханшайымына көрсетулеріңді өтінемін.
(1-тапсырма:Әріптерді атап дауысты және дауыссыз дыбыс екенін айтып ,сөздерді буынға бөлу
2- тапсырма: Қосу мен азайту амалдарын пайдалана отырып есепті шығару)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру