Заң жобасының атауы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



Дата09.09.2017
өлшемі48.66 Kb.
#19839


«ҚазақстанРеспубликасыныңкейбірзаңнамалықактілерінесалық салу бойыншаөзгерістер мен толықтыруларенгізутуралы» ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңжобасыныңтұжырымдамасы


  1. Заң жобасының атауы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).


  1. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестік» жолдауында атты басымдығы бойынша негізгі міндеттердің бірі салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық шынайылыққа сәйкестендіру.

Салық саясаты бизнесті «көлеңкеден шығаруға ынталандыруға және, шикізат емес сектордағы салық базасын кеңейтуге бағытталған болуға тиіс. Қолданыстағы салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру маңызды. Жалпыға бірдей декларациялау қарсаңында арнайы салық режимдерін жаңадан қарастыру қажет.

Салықтық әкімшілендіру тетіктерін жақсарту талап етеді. Ең алдымен бұл қосымша құн салығына қатысты.

Сонымен қатар, Үкіметке жаңа Жер қойнаулары туралы кодекстің қабылдануына байланысты, жылдың соңына дейін салық заңнамасына қажетті түзетулер енгізуді қамтамасыз ету тапсырылған болатын.

Сондай-ақ, халықаралық технопаркіндың IT-стартаптар құру үшін тиісті инфрақұрылым және салықтық жеңілдіктерді, қоса алғанда қолайлы жағдайлар қажет екендігі атап өттілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық шынайылықта: өсу, реформа, даму» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауының дағдарысқа қарсы және құрылымдық өзгерістердің бес бағытында айқындалған бюджет саясатын оңтайландырудың екінші міндетінде: мынадай міндеттер белгіленген:

- ҚҚС-ың орнына «Сатудан түсетін салықты» енгізу мәселесін қарау;

- тиімсіз салықтың жеңілдіктерді алып тастау.

- салық режимдерін (жеке кәсіпкерлерге арналған мен шағын және орта бизнеске дамыту үшін арнаулы салық режимі, сондай-ақ аграрлық секторға арналағн ортақ патент) үш деңгейге дейін оңтайландыру.

«100 нақты қадам» ұлт жоспарында бес институционалдық реформаны жүзеге іске асыру жөніндегі мынадай қадамдар көзделген:

44 қадам «ЖАНАМА САЛЫҚ САЛУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ».

45 қадам «Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізумен арқылы ҚОЛДАНЫСТАҒЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ».

Бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге, бизнесті инвестициялауға ынталандыруға, қарапайым әрі түсінікті кодексті әзірлеуге бағытталатын ЭЫДҰ стандарттарына жақындаумен салық саясатын жетілдіру болып табылады.

Жоғарыда аталған міндеттерді іске асыру мақсатында Заң жобасында:



  • ҚҚС өндіріп алу тетіктерін жетілдіру;

- кірістер мен шығыстардың, сондай-ақ салық салу ерекшеліктерінің салық есебін міндетті жүргізуді белгілей отырып қолданыстағы АСР-ні реформалау;

- ДСҰ қағидаларына қайшы тиімсіз салықтық жеңілдіктер мен нормаларды алып тастау;

- жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін жетілдіру;

- іс-қимылдар жасағаны үшін төлемдерді алымдарға, төлемдерге немесе мемлекеттік бажғажатқызу тәсілін әзірлеу;

- дивидендтерге салық салу, құны мен сыйақысының өсімін реформалау

- салық саясатын жетілдіру шеңберіндегі өзге де мәселелер.

салықтық әкімшілендіруді жетілдіру атап айтқанда:

Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша, практикада, бірқатар проблемалар бар: олардың ішінде негізгі мәселелер

- бюджеттен заңсыз ҚҚС-ты қайтару негізінде құрылған алаяқтық схемаларының пайдаланылуына, бюджетің ҚҚС елеулі шығындары;

- кірістер мен шығыстарды есепке алудың болмауы (патент, оңайлатылған декларация, бірыңғай жер салығы) салық төлеушілердің кірістері мен шығыстарын салықтық бақылауды жеткіліксіз етеді;

- салық кодексіне әр түрлі заңдармен өзгерістер мен толықтырулардың жиі енгізілулері оның ішінде ; ретроспективті өзгерістердің енгізілуі

- сыбайлас жемқорлық аспектілерінің болуы.

Салық салу, салық және кедендік әкімшілендіру жүйесін реформалау бойынша мақсаттарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі- Кодекстің жобасы) жобасы әзірленген, оның мақсаты салық саясатын жетілдіру, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге бағытталған ЭЫДҰ стандарттарына жақындату, бюджетке түсімді арттыру, салықтарды ерікті түрде төлеуге бизнесті ынталандыру және әкімшілік тосқауылдарды қысқарту, бұл халықтың алдында мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін өсіруде және дүниежүзілік нарықтың қазіргі конъюктурасында басымдылық болып табылады.

Заң жобасын әзірлеудің қажеттілігі Кодекс жобасының қарастырған міндеттерін іске асыру Салық кодексінің қолданыстағы нормаларын өзгертеді, бұл Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін сәйкестікке келтіруді талап етеді.



  1. Заң жобасын қабылдау мақсаттары

Заң жобасының мақсаты заңнамалық актілерді Кодекс жобасына сәйкес келтіру болып табылады.





  1. Заң жобасын реттеу нысанасы

Заң жобасын реттеудің мәні салық салу реттеу саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының шеңберінде туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.




  1. Заң жобасының құрылымы және мазмұны

Заң жобасы екі баптан тұрады:

1-бап мынадай Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне



  1. «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кодексі;

  2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексі;

  3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңы;

  4. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы;

2-бап Заң жобасының қолданысқа енгізу тәртібін белгілейді.


  1. Тиісті саладағы заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері

Қажеті жоқ

  1. Заң жобасы қабылдаған жағдайда болжалды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар

Салық заңнамасын жетілдіру Қазақстанда тұрақты негізде жүргізіледі және жалпы қолайлы кәсіпкерлік ортаны құруға, дамудың стратегиялық мақсаттарын іске асыруға және елдің алдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жағдайлар құруға бағытталған

Жалпы, Кодекс жобасын қабылдау теріс экономикалық, әлеуметтікжәне құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.


  1. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір мезгілде (кей іннен) сәйкес келтіру қажеттілігі

Қажеті жоқ.


  1. Заң жобасы нысанасының өзге нормативтiк құқықтық актілермен реттелуі

Заң жобасының осы тұжырымдамасының шеңберінде қаралған қоғамдық қатынастар мынадай заңнамалық актілермен реттеледі.Қазақстан Республикасы Кодексінің 10 желтоқсан, 2008 жылғы 99-IV регламенттеледі.«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. (Салық кодексі)


  1. Қаралып жатқан мәселе бойынша халықаралық тәжірибенің бар болуы

Жанама салықтарының өндіріп алу тетіктерін жетілдіру бойынша

Дүниежүзілік тәжірибеде 1-5 жыл үшін ҚҚС жинамдылығын біршама арттыра алатын елдер бойынша мысалдар келтірілген.

Канада2009 жылдың реформасының арқасында ҚҚС жинамдылығын бір жыл үшін 42% пайызға, және 5 жыл үшін мыналардың есебінен 54% пайызға арттырды:

- 2 ірі шет аймақ үшін бірыңғай түріне федералды және провинциалды екі ҚҚС-тан ауысу;

- электронды әкімшілендіру жүйесінің жазылуы.

Испания2009 жылдың реформасының арқасында ҚҚС жинамдылығын бір жыл үшін 40%, және 5 жыл үшін мыналардың есебінен 60% пайызға арттырды:

- кеденмен бірлесе отырып электронды мониторинг жүйесін күшейту, әкімшілендірудің тиімділігін арттыру;

- тауарлардың кейбір санаттары үшін кері есептеу схемасын қолдану.

Аргентина1990 жылғы реформаның шеңберінде ҚҚС жинамдылығын бір жыл үшін 47% пайызға, және 2 жыл үшін мынаның есебінен 150%пайызға арттырды:

- жеңілдіктерді оңтайландыру арқылы 1989 жылы ІЖӨ 52,2% пайыздан 1992 жылы 80% пайызға дейін салық салу базасын біршама арттыру;

- салықтық әкімшілендіруді біршама күшейту.

ҚҚС-есебін енгізу, салықтан жалтарумен күрес бойынша тиісті механизмдерін қолдану тәжірибесі зерделенді. ҚҚС-есебінің артықшылығы бюджетке ҚҚС түсімін арттыру болып табылады – Азербайжанда ҚҚС-есептерін енгізгеннен кейін ҚҚС түсімі 75% пайызға артқан, оның ішінде мұнай секторына кәсіпорындардан – 2,3 есе.

Чилиде ҚҚС заңсы қайтаруға қатысты бұзушылықтардың алдын алу үшін электронды есеп-фактураларын міндетті қолдану енгізілді. Бұл 600 мың АҚШ долларына дейінгі мөлшерде заңсыз қайтарудың алдын алуға мүмкіндік тудырды (~3% ҚҚС түсімінен).

Сондай-ақ Мексикада электронды есеп-фактураларды міндетті қолдану 79 млрд.песоға салық жинақтарын арттыруға мүмкіндік берді (~12% ҚҚС түсімінен).



Арнайы салық режимдері бойынша (АСР)

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың жоғары деңгейі нарықтық экономиканың сәтті жұмысының қажетті шарты болып табылады. Шетелдерде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құрудың басымдылығына негізделе отырып көп мән беріледі.

Шағын және орта кәсіпкерлікке салық салудың қалыптасқан халықаралық тәжірибесі шағын бизнес субъектілеріне қатысты екі негізгі тәсілдемені қарастырады:

1) жеке ірі салықтар бойынша шағын бизнес үшін салық жеңілдіктері жиынтығының стандартты ұлттық салық жүйесінің фонында енгізу (табыс салығы басым) Шағын кәсіпорындар үшін корпоративті салықтың анағұрлым төмен мөлшерлемесін қолдану көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған;

2) шағын бизнеске салық салудың ерекше (жеңілдетілген) режимдерін енгізу. Жеңілдетілген салық салу өндіру (алғытөлем және т.б босату, мерзімділігі) және оларды есептеудің (салық базасын анықтаудың жеңілдетілген әдістері мен есепті жүргізу тәсілдерін қоса алғанда) тәртібін бірмезгілде жеңілдету кезіндегі салықтардың барлық түрлерін шағын кәсіпорындар үшін сақталуын қарастырады.

Сингапур

Сингапурда бизнесті енгізу үшін заңнамалық түрде бекітілген және мүлтіксіз орындалуы тиіс болатын тікелей қызметті іске асыру және шағын кәсіпкерлікті ашудың жарамды шарттары құрылған. Кәсіпкерлікті қаржылық реттеу және ынталандырудың құралдарының бірі ретінде шетел капиталы мен инвестицияларын тартуға бағытталған жеңілдік салық заңнамасы болып табылады. Салық заңнамасымен табысты аударуға баждың күшін жоймау қарастырылады, экономикаға және т.б. ақшалай қаражатты салудың кепілдіктері қамтамасыз етіледі.

Сингапурда табысқа салық салудың бірреттік жүйесі қолданылады. Бұл дегеніміз, табыстан тек салық қана төленеді – корпоративтік. Одан кейін акционерлерге осы табыстан төленетін дивидендтерге салық салынбайды.

Канада

Канаданың салық заңнамасымен белгілі бір талаптарын сақтаған кезде шағын және орта бизнес кәсіпорындарына салық жеңілдіктері мен басқа да салық жеңілдіктері қарастырылған:

- Канаданың салық заңнамасы салық салу мақсатында «шағын бизнес» ұғымыга бірыңғай анықтама бермейді, бірақ «кішкентай» ұйымдарға бірқатар салық преференцияларын ұсынады;

- әдетте, салық преференцияларына қолжетімділік ұйымның мөлшеріне негізделе отырып беріледі;

- салық преференациялары ішінен көбі шағын бизнес үшін Канадада тіркелген тек жабық корпорациялар үшін ғана қолжетімді, оларды бақылауды белсенді коммерциялық қызметпен байланысты емес табыстарға қатысты бейрезиденттер немесе ашық канадалық корпорациялар жүзеге асырмайды, мысалы еңбек қызметінен келетін табыстарға ұқсас пассивті инвестициялар немесе жеке қатысушылардың табыстарынан түсетін пайда шағын бизнес үшін белгіленген салық мөлшерлемесі қолданылмайды.

Канадалық корпорацияларға арналған жалпымен белгіленген федералды салық мөлшерлемесі 29% пайыз мөлшерінде орнатылған, шағын бизнес субъектілері үшін Канадада белсенді коммерциялық қызметті енгізу кезінде кішкентай жабық корпорациямен алынған алғашқы 500 000 долл.табысқа қатысты 11% пайызға дейін төмендету қарастырылған. Осы салық жеңілдігін ұсыну мақсаты – белсенді қызметке ықтимал қайта қаржыландыру үшін салықты төлегеннен кейін қалатын табысты арттыру.



Оңтүстік Корея

Оңтүстік Кореяда шағын және орта кәсіпорындарында ІЖӨ шамамен 47% шығаратын барлық жұмыс істейтін адамдардың жалпы санынан 78% жұмысбасты, олардың үлесіне шамамен 42% экспорт келеді.

Мемлекет ШКС қомақты қолдауды көрсетеді, олардың ішінен негізгі құрал салық жеңілдіктері мен жеңілдіктер арқылы салық ауыртпалығын азайту.

Бүгінгі күні ШКС субъектілері үшін қарастырылған Оңтүстік Кореяда салық преференциялары қызметтің түріне байланысты беріледі.

Жалпы, Оңтүстік Кореядағы салық жеңілдіктері салықтарды азайту, салық жеңілдіктері және салықтан босатуды қамтиды. Ұйымдарға табыс салығы, заңды тұлғаларға табыс салығын төмендету қарастырылған.

Салық жеңілдіктері бойынша

Салық саясаты тек қазыналық қана емес, сонымен бірге реттеуші және ынталандырушы функцияны орындайды.

Салық жеңілдіктері экономика мемлекеттік реттеудің маңызды құралы болып табылады және өндірісті дамытуға оны жетілдіруге, қажетті инфрақұрылым объектілері және т.б. құруға ықпал етеді.

Олардың көмегімен маңызды экономикалық және әлеуметтік міндеттер шешіледі, сыртқы экономикалық салада салық жеңілдіктері шетел инвестицияларын тарту үшін анағұрлым кеңінен қолданылады.

Бірақ жеңілдіктер салық жүйесінің тұрақсыз элементтерінің бірі болып табылады, осыған орай жалпы және жеке-жеке салық жеңілдіктерінен тиімділік бағасы маңызды.

АҚШ-та фермерлік шаруашылықтар үлкен жеңілдіктерге ие, олардың арқасында бірқатар жағдайларда (әсіресе құрғақ жылдар) кейбір компаниялар салық базасын нөлге келтіреді.

«Фермерлік» жеңілдіктерден кейін шағын инновациялық бизнеске қаражат құятын жеке инвесторларға жеңілдік салық салу мәселесіне үлкен назар аударылады.

Мемлекеттің оларды қолдауға деген қызығушылығы айқын- осылайша, табыс салығының мөлшерлемесі 28,31,36 және 39,6% мөлшерінде орнатылған адамдар үшін, капитал өсімінің салық салу нақты мөлшерлемесі 14% пайызы деңгейінде. Инвесторлар үшін қарапайым мөлшерлеме 15% пайызды құрайды, нақты тек 7,5% құрайды.

50 АҚШ штаттарының салық табыстарының құрылымы федералдыдан біршама айрықшаланады. Жалпы, жеке түсімдер жалпы табыстан шамамен 80% пайызды құрайды, ал қалған 20% - бұл федералды субсидиялар (гранттар).

Канада шағын бизнестің қызметін ынталандыруға сол сияқты көп көңіл бөледі. Мұндай кішігірім фирмалардың үлесі (кемінде 100 жалдамалы еңбек адамдары жұмысбасты) барлық компаниялар санынан 97% пайызға жетеді (қызметтер, бөлшек сауда, құрылыс, еңбекті қажет ететін салалар), олардың табыстарына бірыңғай мөлшерлеме қолданылады – 12%.

Барлық дерлік дамыған елдерде жеке тұлғаларға табыс салығы дифференциацияланған. Бұл ретте ауыл шаруашылық өндірушілері экономиканың басқа салаларында жұмысбасты адамдармен салыстырғанда қосымша салық жеңілдіктерін пайдаланады.

Жалпы, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, салық жеңілдіктерінің күшін жою өндірісті дамытудың басым бағыттарын анықтауға және ынталандыруға мүмкіндікті азайтады.

Салық жеңілдіктері мен босатулар бейтараптылық, әділдік, тиімділік және қарапайымдылық тұрғысынан алғанда салық жүйесін нашар етеді және келесі салдары болуы мүмкін:

- салық төлемшілерінің таңдауын бұрмалайды, себебі салық салудың бейтарап режимі кезінде жүзеге асырмайтын қызметтің түрлерін жүргізуге ынталандырады;

- салық салудың әділдігін төмендетеді, себебі бір салық төлемшілері осындай табысы бар басқа адамдарға қарағанда азырақ төлейді;

- салық жүйесін күрделілендіреді, оның тиімділігі мен икемділігін азайтады, себебі салық жеңілдіктерін бақылауға алу өте қиын, бұл салық әкімшілендіру мен салық заңнамасының талаптарын орындауға шығындарды өсіреді.

Салық жүйесінің тиімділігін сақтау үшін негізсіз және жүйесіз салық жеңілдіктерін болдырмау қажет.

Жеңілдіктер – экономиканың белгілі бір салаларын дамытуға ықпал ететін, сондай-ақ әлеуметтік әділдікті сақтауға мүмкіндік беретін салықтардың функцияларын ынтыландыратын негізгі құрал екендігін ескере отырып, олар кез келген мемлекеттік жүйесінің ажырамас және қажетті элементі болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу бойынша

Дүниежүзілік тәжірибеде мұнай газ секторына салық салуда корпорациялардың табыстарына қарапайым салықпен қатар, ресурсты-ренталық салық сияқты салықтың арнайы түрлері қолданылады. Бұл ретте мұнай секторы үшін осы жерде алынатын ресурсты рентаны алу құралы болатын табысқа салықтың анағұрлым жоғары мөлшерлемелері белгіленуі мүмкін.

Қазақстан үшін анағұрлым көп мүдде тау кен қазушы кәсіпорынға салық салудың барынша тиімді жүйелерін құрған дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесі болып табылады. Кейбір ортақ тәсілдемелерге негізделе отырып, осы елдердің салық жүйелерінің біршама елеулі ерекшеліктері болады.

АҚШ

АҚШ-тың салық салу жүйесінің ішіне федералды салықтарды, төлемдерді және штаттар мен муниципалитеттердің деңгейіндегі төлемдер мен жинақтарды қосатын бірқатар деңгейлері бар. Салықтардың мөлшері, есептен шығару түрі, сондай-ақ салық салу объектілері ретінде табиғи ресурстардың тізбесі нақты штаттың заңнамасына байланысты анықталады. Көрсеткіш мысал бұл жерде Аляска штатындағы салық салуды ұйымдастыру.

Аляска штатында кен қазуға салықтың салық базасы таза табыс болып табылады. Бұл кен шығаруға анағұрлым жоғары шығындарды талап ететін салыстырмалы түрде нашар кен орындарын игеру үшін стимул болады.

Аляска штатында кен қазуға салық салудың маңызды ерекшелігі салық мөлшерлемесінің прогрессивтілігі болып табылады: салық мөлшерлемесі мұнайға деген бағаға байланысты келеді және желілік түрде мұнайдың бағасы 30 долл\барр.25% пайыздан, мұнайдың бағасы 92,5 долл\барр.болған кезде 50% пайызға дейін жоғарылайды (шекті мәні 75% пайызды құрайды).



Норвегия

Норвегияда мұнай газ қызметінің жоғары табыстылығына байланысты арнайы салық енгізілген. Кен қазу салаларында қызметпен айланысатын компанияларға Норвегияның контитенанталды шельфі немесе аумақтық шекараларының шеңберінде шекті салық мөлшерлемесі қолданылады 78% (25% - заңды тұлғалардың табысына қарапайым салық және 53%- ресурстарға ренталы салық) кен қазуымен байланысты олардың жүзеге асыратын қызметінен алынатын таза операциялық табысына.



Ұлыбритания

Ұлыбританияда мұнай газ саласында қолданылатын салық режимі мұнайды шығарудан түсетін табыстарға мұнай мен газға қосымша салық, заңды тұлғалардың салығын үйлестіру болып табылады.

Заңды тұлғалардың табысына салықтың қолданыстағы мөлшерлемесі оқшауланған табыстар үшін 30% және оқшауланбаған табыстар үшін 20% пайызды құрайды.

1993 жылға дейін пайдалануға берілген кен орындары үшін Petroleum Revenue Tax (PRT) қолданылады. Таза табыстан 75% пайыз мөлшеріндегі салық Құрама Корольдықтың аумағында және оның аумақтық суларында әр кен орнын әзірлеу бойынша әрбір жобаның қатысушыларына салынады.

Айта кету керек, салық кен қазуды ынталандыру үшін емес, Солтүстік теңізде салыстырмалы түрде төмен шығындар шарттарында мұнайға деген жоғары баға есебінен алынатын шамадан артық табысты алу үшін енгізілген болатын.

Қатты пайдалы қазбалардың түрлеріне салық салу

Австралия

Жалгерлік төлемдер

Жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлем шығарылатын шикізаттан өндірілетін өнімдердің негізінде анықталатын аумақта және штаттың деңгейінде өндіріледі. Әрбір штат және аумақтың жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлемді өндірудің режимдеріне қатысты жеке заңдары болады.



Салық салудан жалтарудың алдын алу бойынша (BEPS)

ЭЫДҰ:

- салық салу базасының (BEPS)жырмалануына қарсы іс-қимыл және салық салудан табысты шығару бойынша іс-шаралар жоспарының шеңберінде ЭДЫҰ ұсыныстары (есептері) әзірленді. ЭЫДҰ бағалары бойынша корпоративті табыссалығын салудағы жыл сайынғы шығындар транс ұлттықкомпаниялардың әлемдіктабыстарының 4%-тен 10% пайызына дейін құрайды, яғни 100 ден 240 мың АҚШ долларына дейін. Олар әр-түрлі себептермен пайда болады, оның ішінде трансұлттық компаниялардың агрессивті салық жоспарлауы, ұлттық салық ережелерінің әлсіз өзара әрекеттестігі, салық әкімшіліктерінің арасындағы үйлестіру мен ашықтығының жоқтығы, салық органдарының шектеулі ресурстары, сондай-ақ теріс әсер ететін салық тәжірибелері. Салық жүктемесі төмен елдерде трансұлттық компаниялардың филиалдары жаһандық тобына қарағанда екі есе жоғары табыс нормасын жариялайды (активтерге қатысты);

– Страсбург конвенциясының қатысушылар тізімін кеңейту бойынша жұмыс жүргізеді, ең алдымен оффшорлық құзыреттілікті тарту арқылы;

- қаржылық шоттар бойынша ақпаратпен автоматты алмасу туралы құзырлы органдардың көпжақты келісімі әзірленді, сондай-ақ АҚШ FATCA Заңының механизмдерін енгізу аналогиясы бойынша қаржылық шоттары бойынша ақпаратпен алмасудың бірыңғай стандарты әзірленді.



АҚШ:

- АҚШ-ның «Шетел шоттарына салық салу туралы» Заңы енгізілді (FATCA), оған сәйкес барлық шетелдік қаржы ұйымдары IRS салық агенттері ретінде қарастырылады (АҚШ Ішкі кірістер басқармасы) және АҚШ резиденттері ретінде сәйкестендірілген жеке және заңды тұлғалардың шоттары бойынша ақпарат ұсынуға міндетті.

FATCA Заңының қабылдануына оффшорлық схемаларды қолдана отырып, салықты төлеуді жалтарумен байланысты АҚШ бюджетінің елеулі шығындары болды;

- GAAR қағидалары енгізілген, оларға сәйкес мәміле егер оны жасаудың жалғыз немесе басым себебі болғанда жарамсыз деп есептеледі.

GAAR қағидаларына сәйкес салық органдары салық міндеттемелерін салық төлемшісі осындай операцияны жүргізу нәтижесінде артықшылықтарды жоятындай етіп айқындауы тиіс.

Ұлыбритания:

2015 жылы Ұлыбритания Үкіметі:

- оффшорлар арқылы салықтан жалтарғаны, оның ішінде корпорациялардың «көздерінше» болған немесе соған ықпал еткен оффшорлар арқылы салықтан жалтару фактілерінің алдын алу үшін қылмыстық жауаптылықты;

- оффшорлармен сақталатын мүліктің сомасына айыппұл соммасын бекіте отырып айыппұл санкцияларын арттыру, сондай-ақ оффшорлар арқылы жалтаруға мүмкіндік берген үшін жаңа айыппұлдарды енгізуді қарастыратын оффшорларға қарсы шаралар пакетін енгізген.



Ресей:

Трансұлттық компанияларының салықтан жалтаруларының алдын алу мақсатында Ресей Федерациясында Ресей резиденттерін Ресейде салықты оффшорлық компаниялар арқылы оффшорлармен алынған жанама табыс есебінен төлеуге міндеттейтін бақылаудағы шетел компаниялары туралы Заң енгізілді


11. Заң жобасын iске асырумен байланысты болжалды қаржылық шығындар

Заң жобасын іске асыру бюджеттен қосымша қаражат шығындарын талап етпейді.


___________________________________


Каталог: cms -> wp-content -> uploads -> 2017
cms -> Қызмет стандартына
cms -> Регламентi Жалпы ережелер «Ветеринариялық анықтаманы беру»
cms -> Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша экономикалық мамандықтар студенттері үшін диплом
cms -> Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 қаулысы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
2017 -> Салыстырма кесте
2017 -> Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) жобасының


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді