Яссауи мұрасының ТҮркі елінде насихатталуы



Дата20.01.2023
өлшемі31.3 Kb.
#417518
Байланысты:
№3 МЕКТЕП ИКРАМОВА АРИАНА
347801, 631D5EB8-64F0-42C6-9C43-D210527634C9, 33)15.10.2021 6к Сравнение рац чисел, 3 өзіндік жұмыс.Т.Нұрдаулет, 07.02 ӘДЕБИЕТ Аққасқа мен Көксеректің шайқасы

ЯССАУИ МҰРАСЫНЫҢ ТҮРКІ ЕЛІНДЕ НАСИХАТТАЛУЫ
Адамның ұлылығы оның байлығымен де, билігімен де өлшенбейді. Мұның бәрі адам тағдыры сияқты құбылмалы. Барлығы уақыттан қорқады, ал уақыт қағазға жазылған ойлардан ғана қорқады. Сопылық өлең жолдарымен көпшіліктің жүрегінен орын алған Қожа Ахмет Яссауидің өлеңдерін білмейтін бірде-бір мұсылман жоқ шығар. Көшпелілерге исламды насихаттау үшін дүниеге келген ғұламаның күлі жатқан мешіттің тастарына қолын тигізу үшін күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мұсылмандар Ахмет Яссауи өмір сүрген Түркістанға келеді. Егер ол ұлы болмаса, халықтың осыншама сүйіспеншілігіне ие болатын ба еді? Мұсылман әлемінде ұлы жерлесіне деген құрметтің қаншалықты зор екеніне түркістандықтар күн сайын куә болуда.
Қожа Ахмет Яссауи – дін насихаттаушысы. Ол ізгілік пен имандылықтың жақтаушысы ретінде халық жадында мәңгілік сақталып келеді. «Екінші Мекке» атанған Түркістаннан шыққан Яссауи атамыз хақ жолды таңдады. Бүкіл ғұмырын, шығармашылығын халқының көзін ашу мақсатына, имандылық пен инабаттылық жолына сарп етті. Тіпті, қаншама уақыт өтсе де, бүгінгі таңда да Түркістан халқы өз жерлесі Яссауиге деген үлкен құрмет сезімін жоғалтқан емес.
Яссауи мұрасы – келесі ұрпаққа аманат. Өйткені мұнда тұнып тұрған байлық бар емес пе? Біз, жас ұрпақ, Яссауи шығармашылығы, ғибратты өлең жолдары арқылы дұрыс жолды таңдауға мүмкіндік аламыз десем қателеспейтін шығармын. Менің ойымша, қай кезде де оның жазып қалдырған мұрасы, айтқан әрбір сөзі өз құндылығын жоймаса керек.
Кентау қаласы «Қазақстанға 30 жыл» атындағы №3 көп салалы мектеп-гимназиясының 10-«А» сынып оқушысы ИКРАМОВА АРИАНА

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет