Xviii және XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті


Тұрмыс – салт мәдениетінің дәстүрлері



бет3/4
Дата22.11.2022
өлшемі1.51 Mb.
#361269
1   2   3   4
Байланысты:
XVIII және XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
Молдахан Ермухамед (2), рк

Тұрмыс – салт мәдениетінің дәстүрлері

  • Қазақтарда тұрмыстық және ғұрыптық мәдениет дәстүрлері күнделікті өмірде көрініп отырды. Бұл ислам дініне дейінгі , ертедегі әр түрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты болды. Отпен тазарту “аластау” түріндегі ертедегі отқа табыну қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалды.
  • Ғарыштық түсініктер де маңызды рөл атқарды. Түнгі аспанды ежелден қадағалап келген қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен айрықшаланатын көптеген аспан денелерін білді, олар бойынша түн кезінде уақыт жағынан да, түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді. Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Құсжолы, Сүмбіле – таразы және т.б. осындай жұлдыздар болып саналады.
  • Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын. “Аспан өз әрекеттерінде еркін болды, -деп жазды Ш.Уәлиханов, — ол әрі жарылқады , әрі жазалады.Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның ықтиярына байланысты болды. “Тәңірі жарылқасын”, “көк соққан”және “көк соққыр” деген ұғымдар, олардың шамандардан шыққанын көрсетеді”. Қазақтардың түсінігі бойынша,көшпелі мал шаруашылығына байланысты кейбір заттардың бұрынғы қожайынының “құтын” алып кететін ерекше күші болған. Сондықтан ат сатқанда – жүгенін, түйе сатқанда – мұрындығын, сиыр сатқанда бас жібін бермеген.
  • Қазақтардың некелесу салт-дәстүрінің әр түрлі рәсімдерінде халықтың байырғы әдет-ғұрыптары мейлінше мол сақталған.Оларда ертедегі дәстүрлердің – топтық некенің, рулық экзогамияның, полигамияның, үлкен патриархаттық отбасының қалыңмал және енші берудің және т.б. ғұрыптардың белгілері жақсы көрініс тапқан.
  • Қазақтар арасында үлкендер ерекше құрметтелді. Оны бұзушыларға айып салынды. Қазақ әйелдері күйеуінің жасы үлкен туыстарын құрметтеді. Келін атасының және қайын ағаларының алдынан өтпеу ғұрпын қатаң сақтады, оларды өз атымен атамады.

Ғылым және Қазақстанды ғылыми зерттеу

  • Ресей XVIII ғ. Қолға алған Қазақстанды комплексті зерттеудің алғашқы талабы М.В.Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке территориясын экспедициялық зерттеуді және оның географиялық картасын жасауды ұйымдастырудың бастаушысы болды, қазақтардың тарихы, лингвистикасы, экономикасы және этнографиясы бойынша ғылыми ізденістер жүргізілуіне мүмкіндік туғызды.
  • 1769 ж. өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедициясының бірін П.С.Паллас басқарды. Оның жол-сапары Симбирск, Орынбор, Илецк, Орск, Жайық қалашығы – Гурьев, Орынбор, Уфа арқылы өтті. Бұл экспедицияның нәтижесі П.С.Палластың “Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат” деген үш бөлімнен тұратын еңбегі болды.1769-1772 жж. Н.Рычков әскерлер құрамында Қара Торғай, Терісаққан, Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Троицк бекіністері төңірегінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның “Капитан Н.Рычковтың 1771ж. қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары” деген еңбегі жарық көрді.
  • Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуінің ірі қорытындысы А.И.Левшиннің “Қырғыз-қазақтық немесе қырғыз-қайсақтық орталар мен далаларды суреттеу” деген үш бөлімдік кітабының жарыққа шығарылуы болды. Қазақ проблематикасы В.В.Вельяминов-Зерновтың, И.В.Мушкетовтың, В.В.Радловтың, П.П.Семенов – Тяньшанскийдің және басқалардың еңбектерінде едәуір орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені