Xviii және XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті


Мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары



бет2/4
Дата22.11.2022
өлшемі1.51 Mb.
#361269
1   2   3   4
Байланысты:
XVIII және XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
Молдахан Ермухамед (2), рк

Мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары

  • Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды; құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т.б. дайындалды. Осы қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды.XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.

Қазақтардың ұлттық киімі

  • Қазақтардың ұлттық киімінде өздеріне тән этнографиялық белгілер сақталып қалды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата, жібек және басқа маталардан тігілді. Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер енді. Еркектер бітеу пішілген кеудесінде тік өңір –қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Еркектердің сыртқы киімінің ең таралған түрі шапан болды, ол көп жағдайларда фабрикалық маталардан тігілетін. Ал ауқатты қазақтар түрлі-түсті бұхара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киетін. Шапандар жазғы және қысқы болып бөлінді.

Шапан үлгілері

  • Қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік,кебісті мәсілер болды. XVIIIғасырда қазақтардың жазда киетін етіктерінің өкшесі биік, тұмсығы қайқы келген. Алайда XIX ғасырдың екінші жартысында олар сирек кездесетін еді. Барлық жастағы еркектердің қыста киетін негізгі аяқ киімі ішінде киіз байпағы бар, аласа да жалпақ өкшелі, ұзын қонышты саптама етік болды.
  • Негізінен алғанда барлық жастағы әйелдердің аяқ киімі мәсі мен кебісболатын. Қыздардың және жас келіншектердің ішінде қайқы тұмсық, биік өкшелі жеңіл етік киіп жүретіндері де аз болмаған.
  • Әйелдердің сырт киімі еркектердің шапанына ұқсас етіп тігілді, ауқатты әйелдерде шәйі жең жібек шапандар болған.
  • Әйелдің жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай олардың бас киімдері да ерекшеленіп отырды. Жаз кезінде қыздар түрлі-түсті мақпалдан, жібек пен барқытын тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тебетей киіп жүрген. Әйелдер бас киімінде қалыңдықтың тойдағы бас киімі–сәукеле ең қымбатты болып саналады, ол бағалы металдармен, асыл тастармен, аң терілерімен барынша сәнделетін еді.
  • Күйеуге шыққан әйелдің негізгі бас киімі–кимешек ақ матадан дайындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені