Викториналық сайыс Тақырыбы: «Менің ауылым»



Дата19.01.2023
өлшемі29.05 Kb.
#417308
түріВикторина
Байланысты:
Викториналық сайыс (1)
эссе спорт



«Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі»МКҚК

Викториналық сайыс



Тақырыбы:


«Менің ауылым»
21 топ жетекшісі: А.Ф.Мураталиева
2022-2023 оқу жылы


Сабақтың мақсаты:

  • Оқуға құштар колледж жобасы аясында студенттерге туған жер, ауыл туралы түсініктерін кеңейту. Туған ауыл тарихымен таныстыру. Туған ауылын құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой – қозғау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, wordwell,қанатты сөздер, ауыл туралы әндер, әуендер.

Құрметті студенттер! Бүгінгі сайысымыз «Менің ауылым сенің атауыңда тұрған не бар?» тақырыбында. Ауыл – туған мекен, балалық шақ мекені, ата-баба мекені, атақты азаматтар шыққан жер, төрт түлік мал өсіретін жер, астық, егін жиналатын жер, ата-әжелеріміздің тұрағы, ауылда адамдар бірін-бірі жатқа таниды, сыйласады, саялы табиғат, суы шипалы Іле өзені. Ауыл ол ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық.


Олай болса, студенттер бүгінгі «Менің ауылым сенің атауыңда тұрған не бар?» атты викториналық сайыс арқылы өтеді.
Сайысымыз 3- кезеңнен тұрады. Әр кезең 5 сұрақтан. Дұрыс жауап берген топ 1 ұпайдан алып отырады.

  1. кезең «Менің ауылым!» кезеңі



Балқаш ауданының құрылған жылы?


Балқаш ауданында неше ауылдық округ бар?


Қонаев көпірін салу жұмысы қай жылы басталды?


Қонаев көпірінің пайдалануға берілген жыл?


Бақанас ауылындағы Д.А.Қонаев музейі қай жылы ашылды?

2-кезең «Балқаш батырлары»



Балқаш ауданынан шыққан физика-математика ғылымдарының докторы?


Ауданымыздан шыққан Ресей және Қазақстан халық қаһарманы?


Тұңғыш Қазақстанда Алтын скальпель иегері атанған жерлесіміз?


28 гвардияшы-панфиловшылар құрамындағы әйгілі батырлардың бірі?


3-кезең «Дара тұлға Д.А.Қонаев»


Д.А.Қонаевтың туған күні,жылы?


Д.Қонаев Балқаш ауданынан соңғы сайланған жылы?


Д.А.Қонаевтың жарының есімі?


Қонаев көпірі қай жылы пайдалануға берілді?


Д.А.Қонаевты Қазақстан Коммунистік партиясынан бірінші хатшысынан кету жылы?
Қортынды:
Қортындылау үшін Сіздерге сұрақ қойсам:
1-сұрақ: Ауыл кәсіпкерлері туралы білесіз бе?
2-сұрақ: Ауылымның қазіргі жағдайы мен бұрынғы жағдайы қандай?
3-сұрақ: Ауылды құру үшін қандай қиындықтар кездесті?
4-сұрақ: Болашақ ауыл қандай болса екен деп армандайсыз?

Бүгінгі сайыста жеңіске жетке «Орманшылар» тобын құттықтап,марапатаймыз.


«Менің ауылым сенің атауыңда тұрған не бар?»



  • 19.01.2023 жылы Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Оқуға құштар колледж" жобасы аясында орыс тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Мураталиева Айжан Фазылқызы "Менің ауылым" тақырыбында викториналық сайыс ұйымдастырды. Мақсаты: студенттерге туған жер, ауыл туралы түсініктерін кеңейту. Туған ауыл тарихымен таныстыру. Туған ауылын құрметтеуге тәрбиелеу. Студенттерге wordwell платформасы арқылы 3-кезеңнен тұратын сайыс арқылы викториналық сұрақтар қойылды.

Жарыс нәтижесінде: I-орынды 12 топ студенттерінен құрылған «Орманшылар» тобы; II-орынды 11-топ «Ауылшаруашылығын механикаландыру» тобы иеленіп, грамоталармен марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет