«Ветеринариялық анықтамалар беру»
мемлекеттік қызметінің ПАСПОРТЫ
|
Мемлекеттік қызмет көрсету орны
|
Мемлекеттік қызмет көрсету ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігеріне ықпал етеді (бұдан әрі – қызмет беруші).
|
Қызмет алушылар
|
Жеке және заңды тұлғалар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
мемлекеттік қызмет көрсету сұраныс түскен күннің ішінде көрсетіледі
|
Қажетті құжаттар
|
Тұтынушының (сенімхат арқылы оның өкілі) мемлекеттік қызметке жүгінген кезде керек құжаттардың тізімі:
жануарлардың ветеринариялық паспортының көшірмесін;
тері-құрым шикізатына, жануарлардың жеке нөмірі көрсетілген жапсырма міндетті түрде қажет;
ветеринариялық анықтама бланкі құнын төлеуін растайтын құжаттың көшірмесі.
|
Қызмет ақысы
|
Мемлекеттік сатып алу келісіміне сәйкес бланк құны төленеді
|
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Ветеринариялық анықтамалар беру
|
Шағымдану тәртібі
|
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша орталық мемлекеттік органдарының және де қызмет берушілерінің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдерін, іс-әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) шағымдануы, арыздар осы мемлекеттік қызмет беру стандартының 13 тармағында көрсетілген мекен-жайлар бойынша қызмет берушінің басшылығы атына, Шағым жазбаша түрде жұмыс күндері қызмет көрсетушінің Министрлігіне пошта немесе кеңсе арқылы қолға қабылданады.
Шағымды қабылдау, қызмет көрсетушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен мерзімі), қабылдаған тұлғаның аты-жөні, шағымға жауап берген мерзімі мен жауап беру орны болып табылады. Шағымды тіркегеннен кейін қызмет көрсетушінің немесе Министрліктің басшысы жауапты орындаушыны және тиісті шараларды қабылдауды анықтайды
Қызмет көрсетушінің немесе Министрліктің атына түскен тұтынушының шағымын тіркелген күннен бастап, бес жұмыс күндері аралығында қарастырылады. Қызмет көрсетуші шағымды қарастыру қортындысы бойынша дәлелді жауабын пошта арналары арқылы немесе қызмет көрсетушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолға алынады.
Бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
|
Өзге талаптар
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мекен-жайлары Министрліктің ғаламтор-ресурстарында орнастырылған: www.minagri.gov.kz, «Жәрдем және қызмет көрсету» бөлігі, «Мемлекеттік қызметтер» бөлшегі.
Мемлекеттік қызметін көрсету сұрақтары бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің ғаламтор-ресурстарында орналасқан: www.minagri.gov.kz, «Жәрдем және қызмет көрсету» бөлігі, «Мемлекеттік қызметтер» бөлшегі. Мемлекеттік қызметтерін көрсету сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
|