15дəріс
Тақырыбы: Физгеографиялық аудандастырудың мазмұны мен мақсаты.
Мақсаты Физгеографиялық аудандастырудың мазмұны мен мақсатын анықтап,.
физгеографиялық аудандастыруда қолданылатын принциптер мен əдістерін қарастыру.
Алғаш рет география ғылымына физгеографиялық аудандастыру терминін енгізген Г.И.Танфильев болатын. «Физико-географические области Европейской России, 1897ж. Ол физгеографиялық аудандарды шаруашылықтық аудандарды жіктеудің негізі деп түсінді. Осы кезеңнен бастап аудандастырудың теориялық жəне қолданбалы мəселелеріне арналған ғылыми жұмыстар кеңінен өріс алды.
Қазіргі кезде бір-біріне ұқсас, ортақ ерекшеліктері көп болса да физгеографиялық аудандастыруға берілген анықтамалар көп-ақ. Мəселен, аудандастыру кезінде табиғи ортада объективті түрде өмір сүретін табиғи кешендерді тани білу, анықтау жəне олардың жиынтығынан біртекті географиялық қабаттың қалыптасатыны, яғни кешендердің ұқсастық жəне айырмашылық деңгейіне байланысты жекелеген табиғи аймақтарды жіктеу. Сонымен қатар кейбір ғалымдар топтастыруды, картографиялық бейнелеуді, табиғи ресурстарды жəне аймақтың жіктелуіндегі айырмашылықтың да себептерін есепке алады.
/Н.А.Гвоздецкий, А.А.Григорьев, Ф.Н.Мильков, В.Б.Сочава т.б. Ал енді кейбіреулері физгеографиялық аудандастыруды табиғи ортаның əр алуандығын танып білудегі əдіс деп түсінеді. А.Д.Арманд., Т.П. Куприянова/.
Дегенмен, физгеографиялық аудандастыру күрделі теориялық жəне əдістемелік мəселелерді қамтитыны анық. Сонымен, физгеографиялық аудандастыру дегеніміз объективті түрде өмір сүретін табиғи жəне өзгерген кешендерді анықтау, картаға түсіру, жіктеу, олардың заттық құрамымен, құрылымымен, байланысымен жəне олардың қалыптасуына əсер етуші процестермен танысу. Нақтылы айтқанда аудандастырудың негізгі объектісі – алып
жатқан территориясы мен күрделілігі əртүрлі деңгейдегі жекелеген кешендер: планетарлық, региональдық жəне топологиялық (В.Б.Сочава бойынша).
Кейбір ғылыми əдебиеттерде «табиғи аудандастыруң терминін
«физгеографиялық аудандастыруң терминінің синонимі ретінде қолданады, бірақ бұл екі түсініктің ортасына теңдік белгісін қоюға болмайды. /А.Е.Федина/. «Табиғи аудандастыруң ұғымы кең мағынада қолданылады. Өйткені, ол аудандастырудың барлық түрін: жекелеген компоненттерді де, кешендерді де қамтиды. Ал физгегографиялық аудандастыру, шын мəнісінде, табиғи аудандастырудың бір бөлігі болса да жеке ғылыми бағыт деп есептеледі. Себебі ол табиғи ортаның жеке компоненттерімен емес кешендерді зерттеумен айналысады.
Салалық табиғи аудандастырудың бірнеше ьүрлері бар: геоморфологиялық, климаттық, геоботаникалық, зоогеографиялық т.б. Ал ландшафттару ғылымының негізгіі танып білу объектісі комплекстік немесе ландшафттық аудандастыру, яғни региональдық деңгейдегі нақтылы геожүйелер немесе физгеографиялыық аймақтар. Сонымен, физгеографиялық аудандастыру төмендегідей мəселелерді қамтиды: Объективті түрде өмір сүретін физгеографиялыық кешендерді анықтау;
Оларды картаға түсіріп, физгеографиялық аудандастырудың картасын құрастыру; Кешендердің заттық құрамымен танысу;
4). Кешендердің пайда болуы мен жіктелуіндегі физгеографиялық үрдістер мен факторларды анықтау;
Оларды белгілі бір жүйеге келтіру;
Компоненттер мен кешендердің арасындағы жүйе құрушыы байланыстармен танысып, оларды ажырата білу;
Кешендердің құрылымымен танысып, олардың моделін құрастыру;
Табиғи жəне антропогендік үрдістердің əсерінен қалыптасқан кешендердің өзгеру деңгейін көрсете білу;
Физгеографиялыық аудандастыруда пайдаланылатын əдістерді өңдеу.
Сонымен аудандастыруды ландшафттарды жүйелеудің біір түрі деп қарастыруға болады, өйткені жіктеумен ұқсас. Олай дейтініміз, əңгіме бірінші жəне екінші жағдайда да топтастыру туралы болып отыр. Бірақ, ландшафттарды типологиялық топтастыруда біз олардың бір-бірінен алыс, жақын орналасқанына, араларында аймақтық байланыс бар ма, жоқ па қарамастан, ең алдымен олардың сапалық ұқсастығына көңіл бөлеміз. Ал региональдық топтастыруда керісінше сапалық ұқсастығы емес, олардың территориясының ортақтығына, генетикалық біртектілігіне назар аударамыз. Сондықтан физгеографиялық аймақтар картада бір контурмен беріліп, тұтас аймақты қамтиды да өзіне сəйкес атау алады. Ал жіктеуде бір топқа (тип, класс, түр) аймақ бойынша бытырап орналасқан ландшафттар енеді де олардың контурлары үзіліп беріледі. Сонымен, ландшафттарды жіктеуде олардың əрқайсысының жекелеген ерекшеліктеріне емес ортақ белгілеріне көңіл бөлінеді, ал аудандастыруда керісінше.
Дегенмен, региональдық жəне типологиялық ландшафттық топтастырудың арасында байланыс бар. Ол мынадай «жұпң түсініктердің қолданылатынынан көрінеді, мысалы, «дала зонасың жəне «далалық ландшафт типің. Əрине бұл түсініктердің арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Ертеректе Л.С.Берг атап кеткендей əрбір зона өзіне ғана тəн ландшафттар типімен сипатталады. Бірақ, бұлай
дегенде біз бір типті ландшафттардың бүкіл зона аймағын қамтымайтынын естен шығармағанымыз жөн. Өйткені кез – келген зона аймағында жергілікті жердің региональдық ерекшелігіне байланысты немесе ескіден қалған жұрнақтар, яғни
«аралң тəріздес басқа да ландшафттар кездесуі мүмкін. Мысалы, Шығыс Сібірдің тайга зонасындағы «аралң тəріздіі орманды дала ландшафт типтері. Кейде кез- келген ландшафт типі тосқауылдық фактордың əсерінен өзі пайда болған аймақтан тыс жерде де кездеседі. Мысалы, Үлкен Кавказдың солтүстік беткейіндегі дала зонасыында Еуропаның орталық бөлігіне тəн жалпақ жапырақты ландшафт типтерінің қоспасынан тұратын ландшафттық зоналар да белгілі. Мысалы, орманды дала. Кейбір ландшафт типтері өздігінен жеке зона құра алмайды, өйткені олардың қалыптасуына жергілікті жердің региональдық ерекшеліктерінің тигізер əсері мол. Мысалы, Кавказдағы ылғалды субтропик ландшафт типтері.
Географиялық қабықта дифференциация жəне интеграция үрдістері қатар жүріп отыратыны белгілі. Алуан түрлі зат пен энергия ағыны нəтижесінде қарапайым геожүйелерден күрделі жүйелер қалыптасады. Сонымен, аудандастыру – геожүйелерді бір уақытта бөлу жəне топтастыру. Өйткені, біріншіден, аудандастыру кезінде зоналық жəне азоналдық факторлардың нəтижесінде қалыптасқан географиялық қабықтың регионалдық құрылымы ашыып көрсетіледі. Екіншіден, интеграцияны негізге ала отырып Жер лаандшафттарын белгілі бір жүйелілікпен күрделі аймақтық бірліктерге топтастыру. Лсы екі əдісті қатар қолдану аудандастыру жұмыстарының мазмұнын, нəтижесін арттырады жəне бір-бірін толықтырып отырады. Жоғарғы деңгейдегі бірліктер кеңістік пен уақыт арасында пайда болатын ірі географиялық құбылыстардың, үрдістердің орталыығы болып табылады (ауа массаларының тасымалдануы, организмдер миграциясы т.б.). Ал жекелеген ландшафттар шеңберінде мұндай үрдістерді айқыындау қиынға соғады. Екіншіден, геожүйелерге тəн кейбір қасиеттер мен үрдіістерді ірі региональдық бірліктер арқылы анықтау əрқашан мүмкін емес. Мысалы, физгеографиялық елдердің даму ерекшеліктерін немесе физгеографиялық провинциялардың өзгешілігін білудің ешбір қолданбалы маңызы жоқ. Осыдан даму мен өзгергіштік физгеографиялық елдер мен провинцияларға тəн емес деген түсінік тумау керек, өйткені бұл ерекшелііктер олардың құрамына кіретін ландшафттар қатары арқылы танылады. Сонымен, ландшафт барлық жоғарғы деңгейдегі регионалдық бірлііктердің негізгіі құрылымдық «ұясың болып табылады. Сондықтан да регионалдық деңгейдегі табиғи кешендердің құрылымына ерекше көңіл бөлінетіні анық. Жоғарғы деңгейдегі біірлііктердің құрылымымен танысуды, оларды ландшафт арқылы анықтауды В.А.Николаев регионалдық ландшафттанудың негізгі мақсаты дееп түсінді. Шындығында, регионалдық ландшафттану мен аудандастырудың арасында айқын шекара немесе айырмашылық жоқ; физгеографиялық аудандастыру өз маңызы бойынша регионалдық ландшафттану немесе ландшафттанудың регионалдық бөлігі болып табылады.
Физгеографиялық аудандастырудың тек теориялық қана емес, сонымен қатар, əдістемелік те, қолданбалы мақсатта да маңызы зор. Сондықтан жұмыстың ғылыми жəне қолданбалы мəселелері бір-бірімен қатар жүріп, шешімін бірге табуы қажет. Бірақ мақсаттары бөлек болуы мүмкін. Ғылыми мəселе аймақпен, оның құрылымымен, кеңістіктегі байланысымен танысу; ал қолданбалы мəселе – кез-
келген аймақтың регионалдық ерекшеліктерін тиімді пайдалана білу. Осы тұрғыдан қарастырғанда ғылыми аудандастырудың негізінде қолданбалы аудаандастырудың үлгісін құруға болады. Жұмыстың соңғыы нəтижесі қолданбалы ландшафттануда пайдаланылады, негізгі бағыттары мыналар:
1). Аудандастырудың үйлесімді ең төменгі бірілгін анықтау, яғни аймақтардың иерархияялық деңгейінің арасыынан жекелеген қолданбалы жұмысқа сəйкес келетін ең кіші деңгейін таңдаап алу. Мысалы, кез-келген руспубликаның, админисстративтік облыстың шеңберінде табиғатты қорғау схемасын дамытуда еңң төменгі табиғи аймақтардың (ландшафттардың) үлгісіне сүйену керек, ал жалпы мемлекеттік масштабта алынған жұмыстарға ландшафттық провинция жеткілікті. 2). Аймақтарға белгілі біір бағытта сипаттама беру, яғни табиғи жағдайы мен ресурстарының қажетті көрсеткіштерін іріктеу. Өйткені физгеографиялық аймақ компоненттерінің құрамы, құрылымы, динамикалық ерекшеліктері жəне басқа да көрсеткіштері бойынша əр алуан күрделі табиғи жүйе болып табылады. Сондықтан да белгілі бір мақсатта жүргізілетін аудандастыру жұмыстары үшін осы көп көрсеткіштерден іріктеп аламыз. Ауыл шаруашылығын жоспарлауда, құрылыс жұмыстарында климатты, топырақ жамылғысын, жер асты, жер беті жəне басқаа да компоненттерді есепке алуға тура келеді, бірақ əрбір нақтылы жағдайдаа кез-келген компоненттің əртүрлі ерекшелііктерін ескереміз. 3). Аймақтарды қолданбалы мақсатта топтастыру. Əралуан мақсаттағы мəселелерді шешу үшін ландшафттық аймақтар белгілі бір бағыт бойынша топтастырылады. Жалпы (универсальды) аудандастырудың бұл сатысына талдау жасау геожүйелердің қай мақсатта жарамды екеніне баға берумен тығыз байланысты (ауыл шаруашылығына, жайылымға, рекреациялық т.б.). Осындай жолмен топтастырудың нəтижесі аудандастырудың қолданбалы варианты немесе аймақтарға типологиялық сипаттама ретінде үлгімен беріледі.
Регионалдық физгеографиялық бірліктер жалпы табиғи заңдылықтардың нəтижесінде пайда болады жəне дамиды. Сондықтан да аудандастырумен айналыысатын ғалымдар осы негізгіі заңдылққа сүйенетіні анық. Сонымен қатар əртүрлі принциптерді де ескеретінін айта кеткен жөн. Олардың негізгідері:
Зоналық прнцип. Бұл принциптің негізін қалайтын географиялық қабықтағыы ең негізгі заңдылық - зоналық құрылым. Осы принципке жүгіне отырып зерттеушілер картада физгеографиялық аудаандаардың зоналық кешендерін – зоналарды, ал тауларда – биіктік белдеулерді ажыратады.
Азоналдық принцип географиялық қабықтың дамууы мен жіктелуіндегі басқа ерекшеліктерді, яғни физгеографиялық кешендердің Жер бетінің, əсіресе кез- келген аймақтың геологиялық - геоморфологиялық құрылымның салдарынан өзгеруін ескереді. Физгеографиялық аудандастыру карталарында регионалдық бірліктер – елдеер, провинциялар, аудандар көрсетіледі, ал зоналық бірліктер берілмейді.
Генетикалық принцип. Генетикалық пинципті алғаш рет бүкіл аймақтың жəне оның жекелеген физгеографиялық біірлііктерінің даму тарихын танып білуде қолдануды Н.А.Солнцев пен И.В.Васильева ұсынған. Ғалымдаардың тұжырымы бойынша аудандастыруда келесідей ерекшеліктерді ескерген дұрыс:
кез-келген физгеографиялық біірліктің алғашқы қалыптасу жəне кейіннен оқшаулану себептерін анықтау;
аймақтың жалпы палеогеографиялық қалыптасуын, даму тарихындағы негізгі кезеңдерді белгілеу;
қазіргі даму ерекшеліктерімен таныса отырып, болашақтағыы дамуына баға
беру.
Н.А.Солнцевтің түсінігі бойынша литогендік негізі бірыңғай болмағандықтан
зона аудаандастырудың бірлігі бола алмайды (1958). Сондықтан литогендік негізі, жалпы дамуындағы ортақ ереккшеліктеріне сүйене отырып Каспий маңы ойпатын жеке физгеограяиылқ ел деп біледі, бірақ климатттық жағдайының, топырақ пен өсімдік жамылғысының əралуандығы ескерілмейді. Ал ойпат болса бірнеше ландшафттық бірліктерді: құрғақ дала, шөл жəне шөлейт зоналарын кесіп өтеді. Осындай бірыңғайлық болмағандықтан генетикалыық біртекті физгеографиялық біірліктерді жіктеу екіталай.
Ф.Н.Мильков генетикалық қатарды кешендердің шығу тегіне байланфысты жіктеуді ұсынды; мысалы, климаттық. Тектоикалық, жанартаулық, биогендік т.б. Физгеографиялық елдер табиғаты бойынша тектоникалық, ал физгеографиялық зоналар – климаттық процестердің тікелей əсерінің нəтижесі болып табылады. Ал провинциялар мен аудандар шығу тегі əралуан полигенетикалық бірлііктер. Сондықтан Ф.Н.Мильков генетикалық принциптің қолданылуы шектеулі болғандықтан физгеографияялық аудандастырудағы негізгі деп - тарихи принципті ұсынды. (1977).
Кейбір ғалымдар регионалдық физгеографиялық бірдіктерді жіктеуде сол аймақтың пайда болуы мен жасын есепке алуды ұсынды. Бірақ осы уақытқа дейін физгеографиялық кешендердің генезисі дер нені түсінеміз, даму тарихы мен жасын қай кезеңнен бастап есептеуге болады? Міне осы сұрақтар əлі де болса бірыңғай шешімін таппады. Өйткені геологиялық жəне геоморфологиялық негіздің пайда болуы мен жасы бүкіл кешеннің не жасыын, не пайда болуын анықтай алмайды. Себебі кешендердің құрамдас бөліктері – компоненттердің пайда болуы мен жасы əртүрлі. Мысалы, топырақ жамылғысы, өсімдік түрлері мен топтарының пайда болуы мен рельеф формаларының пайда болуында үлкен айыпмашылық бар.
Зоналық - азоналдық принцип нақтылы аймақтардағы аудандастыру жұмыстарында кеңінен қолданылады (Н.А.Гвоздецкий, А.Г.Исаченко, Н.И.Михайлов, А.В.Чигаркин т.б.) Бұл принциптің негізі – регионалдық деңгейдегі физгеографиялық бірліктердің дамуы мен жіктелуінде бірдей уақытта зоналыық жəне азоналдық заңдылықтар əсерін тигізеді.
А.А.Григорьв географиялық қабықтың жіктелуіндегі ең негізгі заңдылық - зоналық деп есептей отырып, аудандастыруды жергілікті жерге түсетін күн энергиясы мен ауа массаларының сандық жəне сапалық көрсеткіштеріне сүйене жүргізуді ұсынды. Бұл көрсеткіштер арқылы жылу мен ылғал балансын анықтауға болады.. Кейіннен А.А.Григорьев пен М.И.Будыко зоналық бірліктердің пайда болуындағы негізгі фактор – жылу мен ылғалдың қарым-қатынасы, яғни жер бетіне келіп түсетін жылдық радиациялық баланстың жауын-шашын мөлшеріне қатынасы арқылы көрсетуге болатынын ұсынды (құрғақтық индексі). Олар əртүрлі зоналар бойынша өзгеріп отыратын осы көрсеткіштің сандық шамасыын анықтады, мысалы,
жалпақ жапырақты орман зонасы үшін бұл көрсеткіш 1-ден кем, даала зонасында – 1-2, шөлейт зонасында – 2-3 т.с.с., яғни шөл жəəне шөлейт зоналарында радиациялық жылудың əсерінен жылдық буланатын ылғалдыың сандық шамасы түсетін ылғаол мөлшерінен 2-3 есе көп. Дегенмен, құрғақтық индексі барлық жағдайда зоналық ерекшеліктерді анықтай алмайды. Е.Н:Лукашеваның зерттеулеріне назаар аударсақ, онда құрғақтық индексі əртүрлі белдеулердің зоналарында бірдей көрсеткіштерге ие болуы да мүмкін екенін байқаймыз. Мысалы, 0,3-0,8 көрсеткіштері шығыс тынық мұхиттық орман зонасы мен мұхит маңы тайга, тундра зоналарына да тəн. Көрсеткіштердің сандық шамасы бірдей болғанымен зоналар шеңберіндегі компоненттерінің айырмашылықтары, зоналық процестер мен құбылыстар едəуір.
Географиялық зоналық тек жазық жеерлерде ғана емес, сонымен бірге тауларда да байқалады. Таулы аймақтардағы биіктік белдеулердің құрылымы қандай зоналық ендікте орналасқанына, мұхиттардан ара қашықтығына, мұхит деңгейінен биіктігіне, орографиялық құрылымы мен беткей экспозициясына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, Тянь-Шань тау тізбегінің мұхиттардан қашық орналасқан оңтүстің беткейінде климат құрғақ жəне контитнентті. Сондықтан тау бөктерінде таулы – орманды зонаның орнына таулы шөлейтті немесе дала зонасы қалыптасқан. Неғұрлым таудың биіктігі жоғары болса, соғұрлым белдеулер күрделі.
Физгеографиялық кешендердің дамуындағыы келесі негізгі заңдылықтардың бірі – азоналдық. Жердің ішкі қойнауынан келетін энергияның əсерінен Жер беті, оның тектоникалық, геологиялық құрылымы, геоморфологиялық элементтердің гипсометрлік шамасы бірдей емес, яғни космостық факторлардың нəтижесінде қалыптасқан жалпы заңдылыққа едəуір өзгеріс енгізеді. Географиялық зоналар бойлық бағытта бірталай қашықтыққа созылып жатқаандықтан олардың геологиялық жəне геоморфологиялық құрылымы бііртекті емес. Сонымен қатар, құрылықтың жекелеген бөліктерінің мұхит пен теңіздерден алыс - жақын орналасуы да оның табиғи жағдайына əсерін тигізеді, яғни тек климтатың ғана емес бүкіл кешендерінің континенттік деңгейін анықтайды. Сонымен құрылықтар мен мұхиттардың орналасу ерекшелігі, жеердің беткі қабаты арқыылы күн радиацияясының трансформациялануы (бірдей таралмауы), рельеф пішіндері зоналыққа біршама өзгерістер енгізеді. Мысалы, Кордильер тау тізбеегінің орографиялық орналасуы, осыған байланысты жауын-шашынның таралуына Солтүстік Америкада зоналар меридиан бағыты бойынша созылып жатыр. Ал Орыс жазығында зоналар біір-бірін солтүстік-батыыстан оңтүстік – шыығысқа қарай ауыстырып отырады, өйткені осы бағытта климаттың континеттік деңгейі өседі.
Сонымен зоналық пен азоналдық процестер бірдей ескерілген жағдайдаа ғана физгеографиялық кешендерді аудандастыру жұмыстары аяқталдыы дееп есептеуге болады, өйткені аймақтық бірлііктердің дамуы мен жіктелуін толығымен қамтиды. Əртүрлі экзогендік рельеф формаларының пайда болуы, геохимиялық ерекшелііктер, үгілу-мүжілу үрдістері т.б. зоналық заңдылыққа бағынады. Мысалы, тундра зонасына мəңгі тоң, ал шөл зонасына желдің тікелей əсерінен пайда болған рельеф формалары тəн екені мəлім.
5 Комплекстік принцип. Бұл принципті алғаш рет Н.А.Гвоздецкий тұжырымдады да соңғы уақыттарда физгеографиялық аудандастыруда кеңінен қолданылады. Принциптің маңызы: физгеографиялық аудандастыруда аймақтың шығу тегі, физгеографиялық бірліктердің бөліну себептері, жағдайы (генетикалық əдіс) есепке алынады.
Аймақтың шығу тегі (генезис) тек жекелеген компоненттер бойынша емес бүкіл кешеннің генезисі (ландшафттық - генетикалық əдіс); аймақтың қазіргі құрылымы; зоналыық ендікке, климаттық бойлыққа, биіктік белдеуге, гелогия мен жаңа тектоникалық процестердің азоналдығына байланысты физгеографиялық процестердің даму бағыыты, геоморфологиялық ерекшеліктері мен аймақтың игерілу жағдайы есепке алынады.
Сонымен физгеографиялық аудандастыруда географиялыық қабықтың тек зоналық жəне азоналдық ерекшеліктері ғана емес, сонымен қатар пайда болуы мен даму тарихы, физгеографиялық кешеннің көршілес кешендерден даралану тарихы да ескерілген жөн. Осыған байланысты біз георафиялық қабықтың даму тарихында зоналық, азоналдық ерекшеліктердің үнемі өзгеріп отыратынын жəне уақыт өткен сайын күрделене түсетінін естен шығармағанымыз жөн.
Жоғарыда айтылып кеткен тұжырымдар нақтылы болу үшін Колхида ойпатына сипаттама беру арқылы дəлелдей түсейік. Зоналық жəне азоналдық ерекшеліктерді жəне аудандастыруда аймақтың шығу тегін ескеру. Климаты мен қазіргі физгеографиялық процестердің даму ерекшеліктеріне орай аймақ субтропик зонасының құрамына енеді. Бұл оның Үлкен Кавказдан бөлек, жеке қарастырудың бір дəлелі. Шығысындаа орналасқаан тау сілемдері континенттік климаттың енуін əлсіретеді, жауын-шашын көп, ылғалдылық жоғары, сондықтан нағыз тосқауылдық фактордың нəтижесінде қалыптасқан ландшафттар тəн. Керісінше атлант, жерорта жəне қара теңіздің ауа массалары үшін таулардың тосқауылдық рөлі артады. Ылғалды субтропиктік ландшафт типтері дамиды. Колхида ойпатының өзіндік ерекшелігін, көршілес аймақтардан айырмашылығын жете түсіну үші оның даму тарихындағы негізгі ерекшеліктеріне сүйенуіміз қажет. Бұл – соңғы кезде пайда болған өте жас, төрттік дəуірдің аллювилі-аккумулятивті жазығы. Бірақ өсімдік жамылғысының негізін палеоген-неоген жасындағы өсімдік топтары құрайды.
Қорыта келгенде физгеографиялық аудандастыру жұмыстарында жаалпы табиғи заңдылықтарға, соның ішінде, зоналық пен азоналдыққа жете көңіл бөлінеді. ТМД аймағындағы аудандастыру жұмыстары, көбінесе, осы екі факторды бірдей есепке ала құрастырылған.
Физгеографиялық аудандастыру үлгісінде екі жолды пайдаланады:
Жоғарыы таксономиялық деңгейдегі регионалдық бірліктердіі аныыықтау жəəне оларды картаға түсіріу.
Төменгі деңгейдегі регионалдық бірліктерді анықтап, картаға түсіріп, оның нəтижесінде жоғары бірліктерді топтастыру. Біріншісі ұсақ масштабты, ал соңғысы ірі масштабты аудандастыруда қолданылады. Аудандастыру жұмыстарында компоненттер мен кешендердің арасындағы күрделі байланыстарды шешуге тура келеді, сондықтан да осы проблеманың нақтылы шешімін табу үшін бір ғана əдіс жеткіліксіз. Көптеген жағдайда ауудандастырудың масштабына, алға қойылған мақсатқа қарамастан бірнеше əдіс қолданады. Олардың негізгілері:
Физгеографиялық əдіс. Ландшафттық (типологиялық) карта негізінде физгеографиялық аудандастыру картасын құрастыру. Жекелеген аймақтық бірліктерге ландшафттық біірліктер сəйкес келеді. Жазық жерлердегі физгеографиялық елдергее ландшафт типтері, аудандарға ландшафт түрлері сəйкестенеді. Ал таулардағы аймақтық бірліктер биіктік белдеу спектріне байланысты бөлінеді. Мұндый жағдайда əртүрлі ландшафттардың аууданының қары-қатынасын епеске алған дұрыс. Осындай жолмен жүргізілген аудандастыру жұмыстары Қазақстанның солтүстік бөлігінде өткізідген. (В.А.Николаев).
Физгеографиялық аудандастыруда қолданылатын екінші бір маңызды тəсіл – кешендерге талдау жасау. Ол ландшафттарды картаға түсіруге, соның нəтижесіндее ландшафттық карта құрастыруға, физгеографиялық кешендердің заттық құрамы, олардың сандық жəне сапалық ерекшелігі туралы мəліметтер алуға мүмкіндік туғызады.
Жоғарыда көрсетілген аймақтық бірліктердің дамуына əрбір компонент əсерін тигізеді жəне оның өзіндік ерекшелігін бейнелейді. Кешендердің дамуы мен жіктелуінде негізгі рөлді рельеф атқарады, өйткені үнемі дамудаа болады, эндогендік жəне экзогендік үрдістердің нəтижесінде өзгеріп отырады. Кешендерге жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі, рельефтің тілімденуі, беткейлер экспозициясы, ылдилығы əсер етеді. Сонымен қатар климаттық жағдайға, сол арқылы үгілу үрдісіне, жер беті ағынына, топырақ пен өсімдік жамылғысының қалыптасуына да тигізер ықпалы мол. Неғұрлым рельефтің жасыы көне болса соғұрлыым горизонтальдық жəне вертикальдық құрылым ккүрделі, яғни рельефтің жасы даа үлкен рөл атқарады.
Физгеографиялық кешендердің дамуына климаттың да əсері елеулі. Аймақтың теңіз бен мұхиттардан алыс-жақын орналасқанына, ендігіне, рельеф ерекшелігінее байланысты климатт та өзгеріп отфырады. Сондықтан бір климаттық жағдайда əртүрлі факторлардың əсерінен əралуан кешендер мен ландшафттар қалыптасады.
Кешендердің минералдық жəне органикалық бөлігінде негізгі рөл атқарушы – су көздері. Оның мөлшері артыық болса гидроморфты ландшафттар, керісінше болғанда – аридті лаандшафттар дамиды. Су жамылғысы арқыылы органикалық жəне минералдыы элементтер бір кешендерден екіншісіне ауысып отырадыы. Су ағыны борпыылдақ үйінділердің пайда болуын анықтайды – аллювийлі, делювийлі т.б.
Таужыныстарының литологиялық құрылымымен, рельефпен, климатпен жəне ағын сулармен тығыз байланысты топырақ, өсімдік жамылғысыныың да ерекшеліктерін ескерген жөн. Табиғи жағдайда топырақ пен өсімдік жамылғысы климат үшін негізгі – индикатор болып саналады. Климаттық бақылаулардың мəліметтері жоқ болса да өсімдік жамылғысы арқылы климаттық ерекшеліктерге сипаттаама беруге болады. Кейбір өсімдіктер немесе «көміліпң қалған топырақ жамылғысы арқылы кез келген аймақтың бұрынғыы кезеңдегі даму ерекшелігі, динамикасы туралы да мінездеме жинауға болады. Өсімдік жамылғысы кешендердің дамуына, пайда болуына, ал В.Б.Сочава бойынша тіпті ландшафттардың жіктеруіне де əсер тигізеді екен. Мысалы, биік таулардың нивальды белдеуінде өсімдік жамылғысы жоққаа тəн, сондықтан физикалық мүжілу, таужыныстарының бұзылу процестері қарқынды; жаартасты рельеф фформалары басым. Ал өсімдіік
жамылғысы жақсы қалыптасқан аймақтарда топырақ жамылғысының қалыңдығы едəуір, өйткені химиялық мүжілу басым, жер беті суларының ағыны реттеледі.
Картографиялық əдіс – нақтылы аймақтарда аудандастыру жұмыстары жүргізілгенде масштабы əртүрлі компоненттік карталар жасау, оларға талдау жасау (топографиялық, жекелеген компоненттер картасы, ландшафттық карта). Физгеографиялық аудандастырудың алуан түрлі мəселелерін шешуде, физгеографиялық кешендерді анықтап картаға түсіруде аэрофотосуреттер мен космостық суреттердің де маңызы зор. Суреттерден ең алдымен жекелеген кешендеер мен ландашфтардың жоспарын, олардың шаруашылықтың қай бағытында қолданылатынын, тіпті антропогендік өзгерістерді де анықтауға мүмкіндік туады. Аэрофотосуреттер арқылы кешендердің сапалық жəне сандфық ерекшеліктерін, тектоникалық құрылымды, рельефті, су объектілерінің шекараларын, кейбір үрдістердің, мысалы, гравитициялық, сеелдердің, қар көшкіндерінің де бағытын анықтауға, болжауға мүмкіндік жекілікті. Бірнеше жылдар аралығындағыы суреттерді салыстыра отырып кешендердің даму бағыты, динамикалық өзгерістері туралы да мəлімет аламыз. Ал регионалдық жəне планетарлық деңгейдегі физгеографиялық кешендерді таныып білуде космостық суреттер үлкен рөл атқарады. Космостық суреттер үлкен аймақты қамтитын болғандықтан, олар арқылы əртүрлі масштабтағы кешендерді ( 1: 100 000 –нан 1: 50 000 000-ға) олардың биіктік белдеу мен ендік бойынша өзгеруін, құрылымын айқыындауға болады. Əр уақыт аралығында түсірілген космостық суреттерді салыстыра отырып ритмикалық (жылдық, тəуліктік) табиғи құбылыстардың, апатты геологиялық өзгерістердің қарқындылығы мен қайталанып отыруын, ірі аймақтардағы табиғи құбылыстардың себеп-салды байланысын да анықтаймыз.
Салыстырмалы əдіс – география ғылымындағы ең көне əдістердің бірі. Кез келген физгеографиялық ізденістер əрқашан осы əдіс арқылы іске асады. Кешендердің кеңістік пен уақыт аралығындағыы өзгерістерін, бір немесе əртүрлі деңгейдегі кешендердің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсете білудегі ең негізгі əдіс болып табылады. Кешендер арасындағы ортақ белгілер мен айырмашылықтарды көре білсек, онда неліктен біреуі екіншісінен өзгеше, олардың ортақ қасиеттері қайсы, оның себебі неде деген сұрақ тууы мүмкін. Ал салыстырмалы əдіс болса кешендердің дамуы мен пайда болу заңдылықтарын, жііктелу ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар бұл əдіс кешендерге шаруашылық тұрғыда баға берудегі бірден-бі əдіс болып табылады. Мысалы, Кавказдың ылғалды субтропикті климаты басым аймағына субтропиктік дақылдарды, əсіресе шайды енгізу оның табиғи жағдайының Оңтүстік-Шығыс Азияның табиғатымен бірдей екенін анықтаған соң мүмкін болды.
Геофизикалық əдіс. Ертеректерден келе жатқан əдістердің бірі, бірақ физгеографиялық кешендерге соңғы уақытта ғана қоданылады, өйткені физикалық географияда жаңа бағыт – ландшафттар геофизикасы пайда болды. Көптеген ғалымдар жер бетінің жылуу мен су режимінің сандық шамасына, биомассасының өнімділігіне əсерін анықтауға көп көңіл бөледі. Геофизикалыық əдіс арқылы кшендердің заттық құрамын, энергия ауысуын, энергия əсерінен кшеннің құрамындағы заттардың орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады. Сонымен қатар əртүрлі бақылау аспаптарын пайдалана отырып радиациялық, жылу жəне су
балансы, атмосфера қабатындағы газдардың айырбасы, өсімдік жамылғысының өнімділігі, өсу қарқындылығы, желдің турбуленттік ағыны, жылдамдығы, жел мен су ағындары арқыдлы іске асатын үйінділердің, топырақ қабатындағыы судың миграциясы т.б. туралы сандық көрсеткіштер жинауға да мүмкіншілік зор.
Дегенмен қазіргі кезде ірі физгеографиялық кешендер, əсіресе белдемдер үшін жылу меен радиациялық балансты, су мен ылғал байланысын есептеу əдістемесі жақсы жолға қойылған. Ал мынадай кіші бірліктер – провинциялар, аудандар үшін сандық көрсеткіштер алу əдісі əлі де болса нақтылы шешімін таппады.
Шын мəнісінде, геофизикалық əдіс көбінесе климаттық процестерді танып білуге бағытталған. Əйтсе де Жердің ішкіі жəне сыртқы бөлігіндегі мысалы, əрбір жекелеген кешендерге келіп түсетін ішкі энергияның сандық шамасы, жер қыртысының қозғалысы, магниттік жəне гравитациялық процестердің өзгерісі, яғни жер қыртысының физикалық қасиеттері т.б. процестерді анықтаудың да маңызы зор. Бірақ, əəртүрлі деңгейдегі кшендерді танып білу əдістемесі жоқ болғандықтан физгеографиялық аудандастыруда қолданылмайды десек те болады.
Геохимиялық əдіс – геофизикалық əдіспен салыстырғанда кешендік ізденістерде кеңінен қолданылады. Геохимилыық əдісті енгізу физикалық географияда ландшафттар геохимиясы бағытының пайда болуына себеп болды. Ландшафттық ізденістерде таужыныстарының, су, топырақ жəне өсімдік жамылғысының химиялық құрамы есепке алынады. Бұл бағыттыы дамытып, оның өзындік ерекшеліктерін анықтаған М.А.Глазовская мен А.И.Перельман.
Кез келген физгеографиялық кешен химиялық элементтерден тұрады жəне бір элемент тірі жəне өлі денелерде бірдей кездесуі мүмкін. Барлық 90 химиялық элементтің негізгілері 14 – сутек, көміртек, азот, оттегі, фосфор, натрий, калий, магний, алюмирий, күкірт, хлор, кальций, темір, крмений. Химиялық элементтердің қарым-қатынасы мен сандық мөлшері тек компоненттердің өлі жəне тірі бөлігінде ғана емес əртүрлі кшендерде де біршаама шекте түрленіп отырады. Кешендерде бірдей уақыыт аралыығында элементтер шоғырланады жəне белгілі кешен шеңдерінен сыртқа шығып отырады, яғни химияялық элементтер үнемі бірінен екіншісіне ауысып, миграцияға ұшырайды. Геохимиляқ əдіс əртүрлі таксономиялық деңгейдегі кшендердің шеңьеріндегі процестердің даму заңдылықтарын, заттық құрамын, олардың тұрақтылығын анықтауға мүмкіндік туғызады. Осы əдіс арқылы өнеркəсіп қалдықтарын, олардың жағымсыз əсерінің радиусын да анықтайды.
Геохимиялық жəне геофизткаылқ əдістерді пайдалана отырып зат пен энергия ауысу процестерін, кшендердің заттық құрамын, компоненттер мен кешендер арасындағы байланысты, олартуарлы тек сапалық қана емес сандыық көрсеткіштерді де анықтаймыз.
Паалеогеографиялық əдіс. Бұл əдіс физгеографиялық кешендердің құрфылымына, өзгеру ерекшеліктеріне талдау жасай отфырып болашақтағы дамуына баға беруде өте қажет. Əсіресе өсімдік тозаңдарына талдау жасау кеңінен тараған. Борпылдаақ таужыныстарындағы өсімдік тозаңдары рақыылы өсімдік түрлеріін, климтаты, рельефтің пайда болу жағдайын, өткен кезеңдердің шөгінді жыныстарының қалыптасу ерекшеліктерін анықтауда ррөлі ереккше. Радиоактивті – кқөміртек əдісі арқыылы топырақ жамылғысы мен борпылдақ жыныстардың абссолюттік жасын анықтаймыз. Жыныстардың абсолюттік жасына қарап бүкіл
кешеннің жасыын аныықтауға болмайды, бірақ қазіргі кшендердің қай уақыттан бастап пайда болғанын айтуға болады.
Топырақ жамылғысының абсолюттік жасын аныққтаудың маңызы зор, өйткені кшендердің жаңадан даму кезеңінің уақыты, табиғи процестердің бағыыты туралы мəлімет аламыз. Ал топырақ қабатының пайда болуы тірі организмдердің - микроорганизмдердің, өсімдік пен жануарлардың қалыптасқан кезінен басталады.
Палеогеографиялық əдістің табиғи ортаның уақыыт бойынша өзгерістерін көрсетуде маңызы зор. Дегенмен физгеографиялық аудандаастыру жұмыстарында əлі де болса қолданылуы шектеулі. Өйткені палеогеографиялық мəліметтер шектеулі аймақтар үшін, соның ішінде жазық жерлерде басым, ал таулы аймақтарда жоқпен тең.
География ғылымының қазіргі даму сатысында осы əдістердің нəтижесінде алынған мəліметтердің аудандастырудың теориялық та, практикалық жұмысқа да қосатын үлесі зор. Сондықтан соңғы кездерде компоненттік ізденістерде бірнеше əдісті қолданады. Мысалы, топырақ жамылғысын геохимиялық, геофизикалық, картографиялық жəне салыстырмалы əдістерді пайдалана зерттеуге болады. Қолдану ерекшелігіне байланысты үш кезеңге бөледі: далалық, лабораториялық жəне камералды. Далалық ізденістерде бір уақытта ірі жəне орта масштабта ізденіс жүргізе отырып əртүрліі мəліметтер жинақтауға, картаға түсіруге, химиялық, палеогеографиялық талдаулар үшін компоненттер үлгісін алуға болады. Кейіннен бұл үлгілер арнайы лабораториялық талдауға жіберіледі. Камералдық жұмыс кезеңінде əртүрлі əдістер нəтижесінде алынған мəліметтер бір-бірімен салыстырылады. Осыған сүйене отырып ғылыми жəне практикалық тұжырымдар жасалады.
Математикалық əдіс. Физгеографиялық кешен тұйық емес, күрделі компоненттер жиынтығынан тұратындықтан бұл əдіс физгеографиялық аудандастыруда аз қолданыылады. Компоненттер мен кешеннің элементтерінің сапалық жəне сандық қасиеттері əралуан: физикалық, химиялық, биологияялық т.б. жəне бір ғана өлшем бірлігімен берілмейді (метр, сантиметр, пайыз, градус т.с.с.).
Қазіргі күні физгеографиялық аудандастырудың кейбір мəсеклелері математикалық статистика арқылы іске асады. Мысалы, кшенедердің заттық құрамының көрсеткіштері көбінесе сандық əдістер арқылы анықталады. Мəліметтер алғашқы өңдеуден өткеннен кейін орташа шамасы, вариация коэффициенті есептеледі. Əртүрлі таксономиялық деңгейдегі кешендер құрамындағы компоненттердің байланысын, бағфытын, олардың тығыздығын, корреляция коэффициентінің шамасын есептей отырып табуға болады. Осы коэффициент арқылы кешендердің құрамындағы жетекші компоненттерді де анықтайды.
Əртүрлі математикалық аппараттардың нəтижесінде бір компоненттің екіншісіне əсерін жəне олардың пайда болуы мен жіктелуіндегі негізі факторларға баға бере аламыз. Бұл мəселені шешуде ақпараттық талдау қолданылады, яғни кешеннің дамуындағы кез келген компоненттің немесе фактордың рөліне дұрыс баға беру. Энтропия деңгейіне (информацияның бір компоненттен екіншісіне ауысуы) байланысты əрбір компоненттің салыстырмалы түрде маңызын, рөлін, оның кеңістікте таралуын, екі, үш немесе бірнеше фактордың əсер ету күшіне баға беруге, олардың маңыздыларын анықтауға мүмкіндік туады. Жоғарыда айтылып
өткен мəселелерді далалық жəне лабораториялық ізденістердің мəліметтеріне немесе бір масштабтағы компоненттік карталарға сүйене шешуге болады.
Физгеографиялық аудандастыру жұмыстары үшін математикалық əдіс не үшін керек? Біртұтас физгеографиялық кешендердің даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіну үшін. Қазіргі кезде осы əдістің көмегімен мына мəселелер шешілуде:
Кешендердің құрылымын, күрделілік жəне əр алуандық деңгейін анықтау;
Əртүрлі аймақтағы кешендердің жіктелу шамасын анықтау; Бұл көрсеткіштерді ақпарат теориясының өкмегімен анықтаймыз, өйткені энтропия шамасы негізгі рөл атқарады. Кешендер құрылымының күрделілік немесе əралуандық деңгейін анықтауда мынадай көрсеткіштер қажет:
аймақтың жалпы ауданы;
аймақтың құрамына енетін регионалдық кешендердің саны;
əрбір кешен ауданының абсолюттік жəне салыстырмалы шамасы (бүкіл аймақтың ауданымен салыстырғанда). Нақтылы, дұрыс мəліметтер алып, энтропия шамасын есептеу үшін міндетті түрде ақпараттық талдау қандай деңгейдегі бірліктер үшін жүргізіліп отырғанын көрсеткен жөн. Өйткені энтропияның сандық шамасы аудандар үшін, провинциялар немесе басқа бірліктер үшін бірдей емес.
Таксономиялық бірліктер жүйесі.Физгеографиялық аудандастырудың таксономиялық бірліктер жүйесі дегеніміз – регионалдық кешендерді топтастыру. Ол мынадай талаптарға сəйкес келу керек: 1) кешендердің кеңістіктегі жіктелу заңдылықтары мен олардың дамуындағы процестерді көрсете білу; 2) жүйедегі кез келген кешенді тез тауып, оның орнын анықтауға мүмкіндік туғызу керек. Əртүрлі ғалымдар ұсынған таксономиялық бірдіктер жүйесіне ортақ ерекшеліктері көп екенін айта кеткен дұрыс, өйткені жіктеуде бірдей бірліктер қолданылады: зоналар, провинциялар мен аудандар.
Соңғы жылдары физгеографиялық аудандастыру жұмыстарында Н.А.Гвоздецкий, Н.И.Николаев ұсынған таксономиялық бірліктер кеңінен қолданылады. Бұл жүйеде аймақтық бірліктердің пайда болуы мен жіктелуінде зоналық жəне азоналдық ерекшеліктер ескерілген. Табиғатыжағынан осы екі бөліктердің генетикалық бірлігі мен функционалдық біртұтастығы əрқалай. Азоналдықпен салыстырғанда зоналық бірліктер өзгермелі. Екіншіден, азоналдық бірліктердің кеңістіктегі шекарасы аныық жəне тұрақты. Қатарлардың бір-біріне тəуелсіздігі олардың арасында ешқандай байланыс жоқ дегенмен бірдей емес. Аудандастырудың зоналық жəне азоналдық бірліктерінің кеңістіктегі қарым- қатынасы туындылы регионалдық бірліктердің қатарынан көрінеді. Осының нəтижесінде екі қатардың бірліктерін бір жүйеге топтастыруға болады.
А.А.Григорьев, В.Б.Сочава т.б. ғалымдардың пікіроеріне сүйенсек, онда зоналық қатардағы ең жоғарғы деңгей – физгеографиялық белдеу. Географиялық белдеулерге жіктеу жылулық белдеулерге немесе ландшафттық белдеулерді циркуляциялық белдеуллермен бірдей деп қарастыратын тұжырымға негізделеді. Бірінші немесе екніші жағдайда да əрбір жекелеген белдеу шеңберінде ылғалдану əрқалай. Сонымен бірге ландшафттық зоналардың бір-бірін біртіндеп ауыстыруы, тіпті кейде зоналар шекарасының айқын еместігі зоналар мен подзоналарды белдеууге топтастыруға қиындық туғызады. Мысалы, орманды тундра зонасын бірде субарктикалық, бірде қоңыржай белдеуге жатқызады.
Сондықтан да əртүрлі авторлардың белдеулік үлгілерінде айырмашылық жеткілікті. Мысалы, И.П.Герасимов əрбір жарты шарда 4 белдеук: полярлық, қоңыржай (бореалды), субтропиктік жəне тропиктік беледулерді ажыратады. А.А.Герасимов бойынша əрбір жарты шарда алты белдеуден: субарктикалық жəне экваторлық белдеуді қосқанда т.б. Ал В.Б.Сочава жер бетінде небəрі үш белдеуді жіктеу жеткілікті деп есептейді: тропиктік жəне тропиктен тыс екі (солтүстік жəне оңтүстік). Өйткені неғұрлым белдеулердің шеңберін үлкейтсек, онда оның ландшафттық мазмұнын аныықтау қиын, ал кішірейтсек, онда ландшафттық зоналармен бірдей.
Зоналық қатардағы ең негізгі таксономиялық біірлік – ландшафттық зона. Зоналардыы бөлудің негізгіі критерийі жылу мен ылғалдың қарым-қатынасы, яғни радиациялық баланстың, ылғалдаану коэффициентінің, температура жиынтығы көрсеткіштері. Мұндаа тек жылдың орташа көрсеткіштері ғана емес жылуу мен ылғалдың жыл мезгілдері бойынша да шамасының маңызы зор.
Зоналық аудандастыру жұмыстары екі кезеңнен тұрады:
Ландшафттық зоналардың пайда болуы мен даму тарихына палеогеографиялық талдау жасау. Гидротермикалық көрсеткіштерге талдау жасай отырып зоналардың жыылу мен ылғалдық көрсеткіштеріне байланысты критерийлері айқындалады. Бірақ, бұл көрсеткіштердің нақтылы белгі ретіде қажеттігі шамалы. Сондықтан да жылу мен ылғалдың кеңістіктегі нақтылы үлгісі бола алатын белгі керек – ол өсімдік топтары мен топырақ жамылғысының таралу ерекшеліктері.
Екінші кезеңде алғашқы үлгі «төменненң жоғары нақтылы дəлелденеді. Мұндай жағдайдағы негізгі көрсеткіш – ландшафттық зоналардың құрамында бір немесе бір-біріне ұқсас ландшафт типтерінің басым болуы.
Зоналық қатардағы төменгі бірлік – ландшафттық подзона. Зоналар мен подзоналарды жіктеуде бірдей принциптер қолданылады жəне бір-бірімен тығыз байланыста, бір уақытта өткізіледі.
Азоналдық физгеографиялыық бірліктер пайда болуына қарай екі қатардан тұрады: 1) Морфоструктуралық факторлардың əсерінен қалыптасқан нағыз азоналды; 2) құрылықтар мен мұхиттардың байланысынан пайда болған секторлық.
Физгеографиялық сектор - құрылықтың ірі бөлігі, ауа массаларының құрылықтық - мұхиттық цирукляциясында өзіне ғана тəн орнымен, ылғалдану, контитеннттік көрсеткіштерімен, табиғи процестердің мезгілдік ырғағымен ерекшеленеді. Секторлардың жіктелу негізінде атмосфералық ерекшеліктер жатса да, құрылықтардың морфоструктуралыық құрылымына бағынышты. өйткені аныық климаттық шекаралар биік тау сілемдерімен, олардың орналасуымен, тосқауылдық фактормен байланысты. Сондықтан көптеген секторлардың шекаралары меридиан бағыты бойынша созылған таулардың шекараларымен бірдей. Мысалы, Кордильер, Орал таулары.
(Азоналдық аудандастырудың келесі бірлігі – физгеографиялық елдер.
Жіктелу критерийлері:
Геоструртураның біртектілігі (ескі тақтастастар, қалқандар, əртүрлі жастағы орогендік аймақтар) жəне қазіргі тектоникалық қозғалыстардағы басым өзгерістер;
Макрорельефтің ортақ белгілері (ірі жазыықтар, қыраттар, ірі тау сілемдері);
Макрроклимат пен атмосфералық процестердің регионалдық ерекшеліктері (құрылықтық жəне теңіздік ауа массаларының қарым-қатынасы, трансформациясы, климтатың континенттік деңгейі);
Зоналық ендік құрылымы (ландшафттық зоналардың саны, таралу ерекшелігі); Биіктік белдеулердің бары немесе жоғы.
Азоналдық белгілері бойынша физгеографиялық елдер физгеографиялық облыстарға бөлінеді. Жаралуы, жасы, рельефі мен жер беті жыныстары ұқсас ландшафттар облыстарға топтастырылады.
Таулы аймақтардағы физгеографиялық аудандастыру жұмыстарында шешімін таппаған қарам-қайшы түсініктер көп. Өйткені жекелеген тау сілемдері, біріншіден, жеке біртұтас құрылым, екіншіден таулардың суайрықтық биік жондары физгеографиялыық шекара болып табылады да бір-біріне қарама-қарса орналасқан беткейлерді əртүрлі табиғи бірліктерге жатқызуға тура келеді. Көп уақытқа дейін таулар зоналық бірліктер жүйесіне қосылмады, тек азоналдық белгілері бойынша аудандастырылды; таулар мен жазықтар арасындағыы генетикалық жəне функционалдық байланыстар, аудандастыруда биіктік белдеулерді есепке алу шешімін таппады.
Кейін физгеографиялық аудандастыруда көп қатарлы жүйені пайдаланғанда оларды тек азоналдық əдіспен шеешуге болмайтыны дəлелденді. Кез келген тау құрылымы аудандастыруда өзіндік, жеке азоналдық бірлік. Таулардың көлеміне, күрделігіне байланысты бірліктердің таксономиялық құндылығы əралуан. Орографиялық жəне тектоникалық құрылымы күрделі жəне əртүрлі зоналар мен секторлардың қиылысқан аймағында орналасқан тау сілемдері биіктік белдеудің секторлық варианттарымен сипатталады да жеке физгеографиялық елдер ретінде қарастырылады. (Орал, Алтай, Саян, Іле Алатауы).
Орографиялық жəне тектоникалық жекелеген таудың бөліктері, мысалы, Алтай, Саян тауларындағы Тува ойпаты, Кузнецк Алатауы жəне Шығыс Алтай жəне жазық жерлердеегі тау жоталары (Енисей бұйраты, Жоңғар тауы) физгеографиялық оюлыс болпы табылады. Жазықтардағы жеке «аралң тəрізді көтеріңкі таулар (жанартаулық конустар, көне аласатаулар, антиклиналды қыраттар).
Алып жатқан аумағы бойынша жазықтағы ландшафттық облыстармен сəйкес келетін ірі тау аралыық ойпаттар облыс қатарныыа енеді. (Ыстық көл, Минусин ойпаттары). Ал ландшафттық құрамы қарапайым ойпаттарды жеке ландшафт терінде қарастырамыз.
Таулы елдер меен облыстардың қатардағыы жəне сектордағы орны биіктік белдеу қатарының ерекшелігімен аныықталадыы. Биіктіік белдеулері ортақ елдер мен оюлыстардың бөліктері біір ландшафттық зона құрамына енеді. Егер бір зона немесе облыс шеңберінде орналасқа тау сілемдерінің макро беткейлерінің биіктік айыпмашылықтары болса, онда провинцияларды жіктейді.
Сонымен физгеографиялық аудандастырудың таксономиялық бірліктер жүйесінде зоналық жəне азоналдық факторлардың ерекшеліктерін есепке алуды аудандастырудағы негізгі принцип деп айта аламыз. Бірақ оның практикалық мақсатта іске асу жолдары əрқалай. Регионалдық физгеографиялық аудандастыруды тек зоналық немесе азоналдық факторларға сүйене жүргізген үлгілер де бар. Əсіресе
«жетекшің фактор немесе зоналық жəне азоналдық белгілерді бір қатарға
«алмастырып топтастырған үлгі жиі кездеседі. Əртүрлі деңгейдегі бірліктерді жіктеуде осы белгілер ауысып отырады: бірде зоналық, бірде азоналдық.
Бүгінгі таңда белгілі көптеген физгеографиялық аудандастыру үлгілері екі қатарлы принцип бойынша құрастырылған: зоналық жəне азоналдық. Жер бетіндегі кез келген нүктенің географиялық координаты: ендік пен бойлық бойынша берілетіні сияқты аймақтың табиғи ерекшелігі зоналық жəне азоналдық белгілерді қамту керек.
1945 жылы а.А.Григорьев иөмендегідей таксономиялық қатарлар үлгісін ұсынды: белдеу – сектор - зона (подзона) – провинция – ландшафт.
Бұл үлгіде əрбір келесі деңгейді жіктеуде бірде зоналық. Бірде азоналдық белгілер қолданылып отырған. Белдеу (ендік бойынша қоңыржай, субтропиктік т.б.), азоналдық ерекшелік бойынша белдеу шеңберінде – сектор, оның шеңберінде зоналық белгілер бойынша – зона мен подзона, ендік азоналдық белгі бойынша – провинция бөлінді. Ал ландшафт не зоналық, не азоналдық белгісі бойынша бөлінбейтін бірлік ретінде осы үлгіні аяқтайды.
Дегенмен, бір қатарлы бірліктер жүйесінің кемшіліктері көп. Мысалы, таксономиялық бірліктер жүйесінде зонаның сектордан кейінгі қатарда тұруы. Яғни зона сектордың бір бөлігі, соған бағынышты, таксономиялық деңгейі төмен деген сөз. Бірақ, табиғи зоналардың ірі географиялық заңдылықтардың нəтижесінде пайда болатынын, секторға бағынышты екенін білеміз. Ал секторды белдеудің бір бөлігі деп қарасақ, онда секторлар тек бір ғана белдеу шеңберінде орналасу керек; ал біз көптеген секторлардың бір емес, бірнеше белдеу шекарасын қамтитынын да білеміз. Міне, осындай, тағы да басқа кемшіліктері үшін аудандастырудың бір қатарлы жүйесі – зоналық жəне азоналдық факторларды бірге есепке алал алмайды. Өйткені табиғи отрада бір- бірін «ауыстыруң деген болмайды, олар қатар жүріп отырады, бір – бірін толықтырады.
Қазіргі күні белгілі көптеген физгеографиялық аудандастыру үлгілері екі қатарлы қағида бойынша құрастарылған: зоналық жəне азоналдық. Жер бетіндегі кез – келген нүктенің георафиялық координаты: ендік пен бойлық бойынша берілетіні сияқты территорияның табиғи ерекшелігі зоналық жəне азоналдық белгілерді қамту керек. Мысалы, біз территория шөл зонасының эфемерлі – жусанды солтүстік подзонасында орналасқан дейік, бірақ бұл сипаттама жеткіліксіз, өйткені территорияның регионалдық физгеографиялық ерекшелігін көрсете алмайды. Ал егер оның қандай физгеографиялық ел мен облыста орналасқанын қоса көрсетсек онда түсінікті болады.
Қорыта айтқанда физгеографиялық аудандастырудың негізгі мақсаты – жер бетіндегі жекелеген бірліктерді ажырату. Осы жұмыстың ғылыми нəтижесі – аудандастыру картасын түсіру. Аудандастыру картасында регионалдық физгеографиялық кешендер мен олардың шекаралары көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |