В05205 Пəннің атауы: Ландшафттану ДƏрістердің модуьдік мазмұны пəН модульден тұрады


дəріс Тақырыбы: Ландшафттық зоналар жүйесі, секторлық жəне азоналдық



бет13/17
Дата19.05.2023
өлшемі125.47 Kb.
#578273
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекция Ландш 1-15 2022-23ж

Модуль YІ Физикалық географиялық аудандастыру
  1. дəріс

Тақырыбы: Ландшафттық зоналар жүйесі, секторлық жəне азоналдық.


Мақсаты Ландшафттық зоналық пен секторлықтың ара-қатынасын қарастыру , біз бір ғана емес бірнеше ландшафттық зона системаларының бар екендігін дәлелдеу.
В.В.Докучаев табиғи зоналарды дұрыс белдеулер, яғни параллелдермен шектелген орталық деп түсінбеді. Оның тұжырымы бойынша табиғат математика емес. Кейіннен түпкілікті зерттеулердің нəтижесінде ландшафттық зоналардың жалпы белдеу емес екендігі, кейде олардың бөлініп, бір-бірінен алыстау орналасқан аймақтарда кездеседі.
Керісінше белгілі бір зонаның территориясында физгеографиялық қарама- қайшылықтардың кездесуі мүмкін, ал таулы аймақтарда зоналық ендік жойылып
биіктік белдеулер пайда болады. Шындығында зоналық ендіктің мұндай ауытқымалары құрлықта, мұхиттарда, жазықтарда əртүрлі жағдайларда бірдей емес. Жердің тектоникалық дамуында оның жоғарғы қабаты жердің ішкі энергиясының əсерінен зоналық, азоналдық заңдылықтардың əсеріне ұшырайды. Жер бетінің азоналдық дифференциациясының қорытындысы құрлықтағы биіктер мен мұхиттардағы қазаншұңқырлар, яғни құрлықтар мен мұхиттар. Географиялық қабықшаның полярлық ассиметриялығы құрлықтардың үлкен бөлігі солтүстік жарты шарда орналасқанын көреміз. Жер бетінің қатты қабаты мен сулы қабатының физикалық қасиеттерінің əрқалайлығына байланысты континенттік жəне мұхиттық ауа массалары қалыптасады. Қалыптасқан континенттік – мұхиттық ауа ағыны жалпы атмосфера циркуляциясының қозғалысын қиындатады. Мысалы, муссондар ауа массалары жазда мұхиттардан қызған құрлыққа қарай, ал қыста керісінше жылжиды. Сонымен территорияның континенттік мұхиттық атмосфера циркуляциясы системасына алыс, жақын орналасуы физгеографиялық дифференциацияның негізгі факторы болып табылады. Мұхиттардан құрлық орталығына жалжыған сайын, əлбетте, теңіздік ауа массаларының қайталануы
азаяды, климаттың континентальдығы артады, жауын-шашын мөлшері кемиді. Сонымен қатар жер бетінде жылудың таралуының қосымша факторы жалпы атмосфера циркуляциясына, құрлықтардың орналасу жағдайына, конфигурациясына байланысты қалыптасатын теңіз ағыстары. Суық ағыстар өтетін аймақтарда мұхит беті жыл сайын 2500МДж/м2 дейін жылу жоғалтады, бұл бүлануға кететін жылу мөлшерімен тең. Ал Атлант мұхитының қоңыржай белдеуінде жылы ағыстың əсерінен мұхит беті 1000, ал кей жерлерінде 3000 МДж/м2 дейін қосымша жылу алады. Теңіз ағыстары атмосфера циркуляциясы арқылы құрлықтардың шеткі аймақтарының температуралық жағдайы мен ылғалдануына əсерін тигізеді (мысалы, суық ағыстар тек температураны төмендетіп қана қоймайды, климаттың құрғақтығын арттырады, ол əсіресе, Перуан, Калифорния ағыстарынан айқын байқалады.
Континентальды-мұхиттық ауа массаларының температуралық əсері əсіресе, қыс айларында айқын байқалады, өйткені қатты суыған құрлық бетінде жоғарғы қысымды аймақтар пайда болады. Бұл кезде мұхиттарға жақын жатқан территориялар теңіздік ауа массаларының əсерінде болғандықтан құрлық орталықтарымен салыстырғанда жылы болады (негізінен құрлықтардың батыс бөлігі). Мысалы, бір ендікте жатқан Скандинавия түбегінің батыс бөлігі мен Сібірдің солтүстік-шығысындағы тауаралық ойпаттардың қаңтар айының орташа температурасының айырмашылығы 470С. Жазда құрлық орталығында жылылау, дегенмен айырмашылығы онша емес, мысалы, Орталық Якутияда Скандинавия түбегінің батыс жағалауымен салыстырғанда 4-5 0жылы.
Мұхиттардың құрлықтың температурасына əсері туралы жалпылама бағаны климаттың континентальдық көрсеткіштері арқылы білуге болады. Климаттың сандық жағынан континентальдығын анықтайтын бірнеше əдістер бар. Олардың ішінде дұрыс деп табылғаны 1959 жылы Н.Н.Ивановтың ұсынған көрсеткіші.
Бүкіл жер бетіне түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 103 мың км3 болса, оның 37 мың км3 адвективті (яғни горизонтальды ығысқан) жауын-шашын да, 66 мың км3 құрлықтардан буланған жауын-шашын. Құрлықтың орталық бөлігіне
жақындаған сайын теңіздік ауа массалары ылғалдылығын азайтады, өйткені оның көп бөлігі теңіз жағалауларында, əсіресе теңізге жақын орналасқан тау беткейлерінде қалады. Тайга зонасының Атлант мұхитына жақын жатқан жəне құрлықтың орталығына орналасқан аймақтарындағы ландшафттардың жауын- шашын мөлшерінің айырмашылығы 3-4 есе. Субтропиктік жəне тропиктік ендіктерде бұл айырмашылық ерекше байқалады: шығысында муссондық жауын- шашын мөлшері көп, ал орталық жəне батыс аймақтарда континентальдық пассаттардың əсерінен құрғақ. Мұхиттардан құрлықтарға жылу мен жауын- шашыннан басқа ауа массалары арқылы əртүрлі тұздар жеткізіледі. Бұл процесті Г.Н.Высоцкий импульверизация деп атады, ол шөл жəне шөлейтті жерлдердегі тұзданудың бірден бір себебі болып табылады.
Континентальды-мұхиттық ауа массалары циркуляциясының ландшафттарға əсері əрқалай. Ерте уақытта – ақ мұхит жағалауларынан құрлықтың орталығына қарай жылжыған сайын заңдылықты түрде өсімдік жамылғысының, жануарлар дүниесінің топырақ типтерінің өзгеретіндігі байқалған. 1921 жылы В.Л.Комаров бұл құбылысты меридионалдық зоналық деп атады, ал қазіргі кезде секторлық деген ұғым қолданылады. Екеуінде ұқсастық та байқалады. Дегенмен табиғи құбылыстардың зоналық ендік бойынша өзгеруінде негізгі рөлді жылумен қамтамасыз етілуі мен ылғалдану атқарса, секторлықтың негізгі факторы ылғалдану физгеографиялық процестердің дифференциациясына бойлық бойынша жылудың өзгеруі де əсерін тигізеді. В.Л.Комаров құрлықтарда 3 меридионалдық зона батыс орталық, шығыс бөлуге болады деп түсінді. Ал А.И.Яунпутнинь осылай құрлықтарды 3 физгеографиялық секторға жіктеді. Кейіннен əртүрлі ендіктерде секторлықтың бірдей еместігі дəлелденді. Евразия материгінің қоңыржай циркуляциясының ерекшеліктеріне бпайланысты секторлықтың толық спектрі байқалады.
Пассаттар белдеуінің шығыс желдер басым аймақтарында шөлдер құрлықтың орталық бөлігінен батыс жағалауына дейін созылады да ылғалды батыс мұхиттық сектор болмайды (түсіп қалады). Тек құрлықтың шығыс бөлігінде муссондардың əсерінен орманды ланшафттар қалыптасады. Сонымен тропиктік белдеудің секторлық құрылымы əрқалай, негізгі екі сектордан басқа өтпелі саванналық ландшафттары басым континенталдық секторды бөлуге болады. Субторпиктік ендікте секторлық дифференциациясы ауыспалы дегенмен тропиктікке жақын субэкваторжəне экватор ендіктерінде секторлық əлсіз байқалады, бірақ жоғалып кетпейді. Экватор зонасында ауа массаларының горизонталдық ауысуы əлсіз, конвекциясының əсерінен құрлыққа көп жауын-шашын жауады.
Полярлық облыстарда біркелкі ауа массалары басым болғандықтан, төменгі температура мен ылғалданудың артықшылығынан секторлық физгеографиялық айырмашылық онша байқалмайды. Секторлық пен зоналық бір-бірімен тығыз байланысты құбылыс. Секторлықты тек бойлықтық дифференциация деп түсіну дұрыс емес, өйткені континенталды мұхиттық ауа массаларының ауысуы тек бойлық бойынша ғана емес ендік бойынша да байқалады. Егер теңіздік ауа болса, онда секторлық зоналықпен қатар жүріп ландшафттардың зоналық ауысуын күшейтеді немесе əлсіретеді.
Мысалы, солтүстік мұзды мұхиттың температураны төмендететін əсері Евразия мен Солтүстік Америка материктерінің солтүстік жағалауларында байқалады. Ендік температуралық градиент тундрада 10-20 есе жоғары, тайга мен салыстырғанда, жаздық изотерма теңіз жағалауларына параллель орналасады, тундраның оңтүстік шекарасы орналасуы бойынша құрлықтың солтстік теңіз жағалауларының формасына сəйкес. Бұл тундра зонасының зоналық құбылыс екеніне қарамастан оңтүстік шегі мұхиттың суық ықпалы мен айқындалатынын көрсетеді.
Ал оңтүстік-шығыс Азия бөлігінде басқаша. Үнді мұхитынан келетін пассаттар жаз айларында мұхиттық муссонға ауысып, экватордан солтүстікке - құрлықтың біршама орталығына таралып тропиктік шөлдерді ығыстырады, сөйтіп тропиктік ормандар мен саванналардың шекарасын солтүстікке қарай жылжытуға жағдай жасайды.
Дегенмен, көптеген жағдайда, секторлық дифференциация бірталай табиғи зоналарды кесіп өтеді, өйткені əрбір зона бір сектордан екіншісіне ауысқанда біршама өзгерістерге ұшырайды. Оған қоңыржай- континенттік Шығыс-Европа секторында, Батыс Сібірдің континенттік белдеулерінде жекеленген “учаскелермен” кездесетін тайга зонасы мысал болады.
Егер белгілі бір ендікте бір типтес жылу мен ылғалдану процесі сақталса, онда ландшафттық зоналар біркелкі, яғни бөлінбейтін болып келеді. Климаттың континенталдығының секторлар бойынша өзгеруі бойлық бойынша зоналар вариантының құрылуынан көрінеді. Егер біркелкі жылумен қамтамасыз етілген ендікте бір сектордан екіншісіне ауысқанда ылғалдану айырмашылығы болса, онда зоналар ауысады, ендік бойынша бірнеше зона қалыптасады.
Сонымен зоналық пен секторлықтың ара-қатынасын қарастыра отырып, біз бір ғана емес бірнеше ландшафттық зона системаларының бар екендігін мойындаймыз. Зоналар системасы деп біз құрлықтың бойлық секторына тəн бөлінбейтін ландшафттық зоналар системасын түсінеміз, негізінен континентальдық жəне мұхиттық қатарларға жіктеледі; біріншісіне əртүрлі белдеулердің шөл зонасы, шөлейттер, далалар, екіншісіне əртүрлі ендіктердегі орман зоналары жатады. Бірақ, зоналардың батыс пен шығыс бөліктерінде ылғалдану процесінде біршама айырмашылық бар. Жоғарыда айтылған зоналық спектрдың бірқатар ерекшеліктері физгеографиялық процестердің: буланудың, фитомасса қорының жəне биологиялық өнімділіктің əртүрлігінен байқалады.
  1. дəріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі