3 Модуль. «Антропогендік ландшафттар, физгеографиялық аудандастыру.ң: Антропогендік ландшафттар модификациясы. Антропогендік ландшафттар модификациясының негізгі бірліктері. Мəдени ландшафттар. Ландшафттар динамикасы. Ландшафттық зоналар жүйесі, секторлық жəне азоналдық. Ландшафттық дифференциацияға орографиялық фактор мен биіктік белдеулердің əсері. Зоналық жəне азоналдық заңдылықтардың қарым-қатынасы жəне олардың физгеографиялық аудандастырудағы теориялық негізі. Физгеографиялық аудандастырудың мазмұны мен мақсаты. Физгеографиялық аудандастыруда қолданылатын принциптер мен əдістер.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Оқу -Əдістемелік кешені
Дайындау бағыты: География Шифры: 050609
Пəннің атауы: Ландшафттану
3 Модуль. Антропогендік ландшафттар: Антропогендік ландшафттар модификациясы. Антропогендік ландшафттар модификациясының негізгі бірліктері. Мəдени ландшафттар. Ландшафттар динамикасы. Ландшафттық зоналар жүйесі, секторлық жəне азоналдық. Ландшафттық дифференциацияға орографиялық фактор мен биіктік белдеулердің əсері. Зоналық жəне азоналдық заңдылықтардың қарым-қатынасы жəне олардың физгеографиялық аудандастырудағы теориялық негізі. Физгеографиялық аудандастырудың мазмұны мен мақсаты. Физгеографиялық аудандастыруда қолданылатын принциптер мен əдістер.
дəріс 9. Тақырыбы: Антропогендік ландшафттар модификациясы. Антропогендік ландшафттар модификациясының негізгі бірліктері.
Мақсаты Оларды ажырата білу принцитері мен картаға түсіруді қарастыру. Антропогендік әсердің даму кезеңдері – Қазақстан территориясы бойынша талдау. Реионалдық және типологиялық әдістерді пайдалана отырып антропогендік ландшафттарды картаға түсіру. Техногендік ландшафттарды жіктеу: функционалдық жƏне өзгеру деңгейіне қарай ландшафттардың бөлінуі.мен жіктеу қағидаларын сараптау.
Академик А.Е.Ферсман 30 жылдары техногенез терминін адамның техникалық іс - əрекеті, инженерлік, химиялық, ауылшаруашылықтық, тау - кен техникалық процестер нəтижесінде қалыптасқан геохимиялық жəне минералогиялық процестердің жиынтығы деп қарастырған. Кейіннен Р.К.Баландин техногенез терминінің толық анықтамасын беріп оны адамның іс - əрекеті нəтижесінде биосфераның, жер қыртысының қайта құрылу процесі деп атаған. Ландшафтарға əсер етуші техногендік процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу геотехникалық жүйелер концепциясы пайда болғаннан кейін қарқынды бағыт алды. Дегенмен, жақын араға дейін табиғи ортаның ластануын зерттеу салалық бағытта болды: бір немесе бірнеше компонентке əсер етуші факторларды, мысалы, жер беті ағын суларына, ауа қабатына, өсімдіктің физиологиялық жəне биохимиялық
өзгеруіне т.б. əсер ететін факторларды анықтау. Қазіргі уақытта біртіндеп комплексті бағыт алуда.
Дегенмен, əлі де болса ландшафтарға əсер етуші техногендік процестерге комплекстік физгеографиялық талдау жасауға арналған еңбектер жеткіліксіз. Т.В.Звонкованың басқаруымен Курск магнитті аномалиясы аймағында темір рудасын өңдейтін өнеркəсіптің табиғи ортаға əсер ету ерекшелігі зерттелген. Қиыр Шығыста тау - кен өнеркəсібінің ортаға тигізер əсері мен табиғи комплекстердің даму тенденциясын болжау Ю.Г.Симонованың жетекшілігімен өткізілді. Ф.Н.Мильков басқарған Воронеж университеті ғалымдарының еңбектері антропогендік ландшафтар модификациясын картаға түсіру мен оны жіктеуге бағытталған. Жартылай стационарлық ізденістер нəтижесінде топырақ қабатының биологиялық, физикалық жəне химиялық процестерінің, ортаның геохимиялық жағдайының мұнай мен көмір өндіргенде өзгеруіне Н.П.Солнцеваның, К.Н.Дьяконовтың т.б. еңбектері арналған. Ландшафтардың жекелеген компоненттерінің жылу электростанцияларының əсерінен өзгеру механизмі мен өсімдік жамылғысының динамикалық трансформация деңгейі, осыған байланысты ландшафттық - геохимиялық көрсеткіштердің эволюциясы В.Г.Волкова мен Н.Д.Давыдованың еңбектерінде қарастырылды.
Қазақстан территориясы бойынша геожүйелердің табиғи даму тенденциясына техногенез факторларының əсер ету ерекшелігі мен оның салдарына талдау жасап, табиғи ландшафтарды тиімді пайдалану мен оның экологиялық ахуалын жақсарту шараларына арналған ғылыми, комплекстік еңбектер жоқтың қасы.
А.И.Перельманның антропогендік ландшафтарды белгілі бір жүйеге келтіруде пайдаланған геохимиялық принципі материяның қозғалыс формасына негізделді жəне ландшафтардың дамуын төмендегідей кезеңдерге жіктеді: абиогенді (тек механикалық жəне физикалық - химиялық миграция), биогендік (биологиялық миграция қосылады), техногендік (техногендік миграция қосылады). Біздің түсінігімізше техногендік комплекстердің пайда болуы ең алдымен техногендік заттардың шоғырлану қарқындылығына, яғни техногендік миграция көлеміне байланысты; кейіннен ландшафт шеңберіндегі техногендік заттардың миграциялық сипаты зоналық жəне региональдық факторларға, əсіресе техногендік, механикалық жəне биологиялық миграциялардың қарқындылығының қарым - қатынасына тікелей байланысты.
Техногенез қалдықтарының шоғырлану қарқындылығы заттардың миграциялық ерекшеліктеріне, миграция түрлерінің қарым - қатынасына да бағынышты. Егер техногендік зат ағыны табиғи зат ағынынан басым болса, онда геожүйелерде техногендік қалдықтардың шоғырлануы күрт өседі, сөйтіп геохимиялық аномальды аймақтар қалыптасады.
Топырақ қабатындағы аномальды аймақтардың қалыптасу ерекшелігі мен оны зерттеуге арналған салалық ізденістер Докучаев атындағы топырақ институтының, Мəскеу Мемлекеттік университетінің топырақтану факультетінің, Қиыр Шығыс ғылыми география институтының жəне Қазақстан Республикасының топырақтану ғылыми институтының ғалымдарының еңбектерінен көрініс тапты.
ЮНЕСКО – ның «Адам жəне биосфера жобасы бойынша əртүрлі бағыттағы мониторингтер: биосфералық, геохимиялық, экологиялық жəне ландшафтарды
ұйымдастыру қарастырылған. Мониторингті ұйымдастырудың методологиялық негізі əлі толығымен, бірыңғай шешімін таппады. Өйткені территорияны таңдап алғанда территорияның ландшафтық - географиялық ерекшелігі есепке алынбай, ізденіс өткізілетін аймақтың шекарасы ғылыми дұрыс анықталмайды.
Терртиорияның ландшафтық құрылым ерекшелігін есепке алмау ғылыми нəтижелерді қате түсіндіруге, талдауға негіз болды. Мысалы, өнеркəсіп қалдықтары бірдей түскеннің өзінде ландшафтардағы техногендік өзгеру зонасының пішіні рельефтің тілімденуіне байланысты өзгермелі екені айқын. Ландшафтың морфологиялық құрылымында беткейлік тау комплекстері басым болса оған əсер етуші техногендік фактордың ролі жазық ландшафтарымен салыстырғанда жоғары. Табиғи комплекстердің өзгеру деңгейі территорияның ландшафтық фонын көрсететін болғандықтан техногендік фактордың жəне табиғи процестердің нəтижесінде пайда болған өзгерістерді бөліп қарастыру керек.
Кез - келген мониторинг біртұтас табиғи құрылым – ландшафт шеңберінде өткізілгені дұрыс. Сондықтан бақылау жүргізілетін территорияда алдымен ландшафтық съемка өткізілу керек, ал бақылау параметрлері өткізілетін мониторингтің мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Салалық мониторинг нəтижелері бір - бірімен сəйкес келмейді жəне территорияның табиғи ерекшелігі туралы толық мəлімет бермейтіндіктен экологиялық нормалауға негіз бола алмайды. Табиғи комплекстердің техногендік ластану деңгейін анықтауда қолданылатын негізгі əдіс – ландшафтық индикация. Территорияның ландшафтық құрылымы да өздігінен табиғи орта индикаторы болып табылады, ал оның вертикальдық жəне горизонтальдық құрылымының өзгеруі техногендік ластану қарқындылығын көрсетеді. Ландшафтық индикацияның маңызы оның морфологиялық құрылымына қарай ластану деңгейіне баға беру, анықтау. Əсіресе ландшафтардың биотикалық компонентінің өзгеру деңгейін айқын анықтауға болады. Сондықтан техногендік стационарлар ұйымдастырғанда ғылыми ізденістерге ландшафтық жəне ландшафтық - геохимиялық бағыт беру қажет.
Осының нəтижесінде ландшафтардың техногендік салмағын, ондағы техногендік зат ағынын реттеуге жəне экологиялық норманы анықтауға мүмкіншілік туады.
Əртүрлі табиғи зоналарда қалыптапсқан біртұтас табиғи құрылымдар – ландшафтардың техногендік салмаққа жауап қайтару ерекшелігін есепке ала отырып олардың техногендік əсерге салыстырмалы тұрақтылығын анықтайды. Біртұтас табиғи бірлік ретінде ландшафтардың техногендік факторға жауап қайтаруы мен тұрақтылығы техногендік əсер түріне жəне қандай табиғи зонада орналасқанына байланысты. Техногендік əсерде дамып отырған ландшафтардың бұзылу, нашарлау деңгейін жалпы ландшафт құрылымының немесе оның жекелеген компоненттерінің өзгеруіне қарай анықтайды. Мұндай жағдайда өзгерістер техногендік модификациялардың пайда болуынан немесе комплекстің түбірімен өзгеруінен байқалады. Егер компоненттердің техногендік өзгеруі онын бір инвариант шеңберіндегі табиғи өзгерісінен аспаса, онда техногендік ландшафтар модификациялары пайда болады. Жетекші компонеттердің техногендік өзгеруі оның табиғи даму тенденциясынан басым болғанда, ландшафтың құрылымының түрлігі өзгергенде техногендік құрылымдар – техногеомалар – табиғи – техногендік жүйелердің құрамдас бірлігі пайда болады. Сонымен, техногендік фактордың əсері
ландшафтардың құрылымының нашарлауынан, техногенез модификацияларының пайда болуынан жəне ондағы жекелеген компоненттер мен элементтердің трансформацияға ұшырауынан көрініс табады.
Яғни техногенез қалдықтарының ыдырау немесе шоғырлану, өзгеру мен айналымға қатысу қасиеті ландшафтық - геохимиялық жағдайдың табиғатына байланысты.
Құрылықтар мен мұхиттардағы табиғи ландшафтық -геохимиялық жүйелердің (ЛГЖ) жиынтығын құрылымы мен даму ерекшелігіне қарай бірнеше болжамалы топтарға жіктейді. Болжаудағы негізгі мақсат – техногенез заттарының тірі организмге тигізер əсерінің деңгейін анықтау. Кез - келген типке жататын ландшафтық - геохимиялық жүйелер мына көрсеткіштер бойынша ұқсас болу керек:
Геохимилық тұрақтылық деңгейі, яғни геохимиялық процестердің өздігінен орнына келуі мен техногенез қалдығынан тазаруы;
Егер техногенез қалдықтары нормадан артық болса, онда техногендік геохимиялық ауытқулар (аномалиялар) жəне олармен байланысты топырақ пен өсімдік жамылғысындағы, жер асты, жер беті суларындағы, биоценоздар өнімділігіндегі өзгерістер ұқсас болу керек. Технобиогеомалар белгілі бір географиялық заңдылықққа бағынады, сондықтан да оларды картаға түсіріп, ландшафтық - географиялық аудандастыруға мүмкіншілік бар.
Технобиогеомалардың геохимиялық тұрақтылығын анықтайтын табиғи факторлар бойынша топтастырғанда есепке алынатын көрсеткіштер: а) атмосферадағы, топырақ жамылғысы мен су көздеріндегі минералдық жəне органикалық заттардың химиялық өзгеру жылдамдығы; б) геохимиялық тосқауыл түрлеріне байланысты заттардың химиялық айналу жылдамдығы; в) техногенез қалдықтарының ЛГЖ шеңберінен шығу жылдамдығы; г) олардың жер беті, жер асты суларымен жəне ауа ағынымен таралу ерекшелігі. Кез-келген химиялық айналым жылдамдығы ЛГЖ шеңберіне келіп түсетін энергия шамасына байланысты. Сондықтан химиялық процестердің жылдамдығын есепке алуда төмендегідей орташа жылдық көрсеткіштер ескерілу керек: 1) күннің жиынтық радиациясы мен оң температураның жиынтық мөлшері; 2) ультракүлгін радиация мөлшері; 3) фотосинтез кезінде ассимиляцияланған жəне жыл ішінде өсімдік шіріндісі арқылы топыраққа жиналған энергия мөлшері (биохимиялық процестердің энергия көзі); 4) найзағайлы күндердің саны.
Геохимиялық тосқауыл түрлеріне байланысты есепке алынатын көрсеткіштер: 1) топырақ жамылғысы мен су көздеріндегі қышқылды - сілтілі жəне тотығу мен қалпына келу процестері; 2) өзен сулары мен көлдердегі органикалық заттың шамасы; металдардың еруі мен миграциялық ерекшелігін анықтайтын фактор – органикалық зат мөлшері; 3) жылдық жауын - шашын мөлшері мен булану; 4) булану барьерлері мен булану нəтижесінде жиналған элементтердің көрсеткіші- тұзды топырақ жамылғысы мен тұзды көлдердің таралуы. ЛГЖ шеңберінде жиналған заттардың ыдырау жəне шығу жылдамдығы əртүрлі факторларға байланысты олар: 1) жылдық өзен ағынының жиынтық шамасы; 2) əртүрлі жылдамдықтағы желдің жылдық орташа көрсеткіші, əсіресе (штиль) тымық ауа шамасы; 3) мəңгі тоңдардың температурасы төмен болғандықтан олар механикалық
жəне термодинамикалық тосқауыл болады. Сондықтан мəңгі тоңдардың бар, жоқтығы есепке алынады.
дəріс
Тақырыбы Мəдени ландшафттар.
Мақсаты Мəдени ландшафттарды жіктеп, Мəдени ландшафтарға қасиеттерін анықтау.
Жер ресурстарын халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану динамикалық ауытқымалы, сондықтан антропогендік ландшафтар модификациясы үнемі өзгеріп, түрленіп отырады. Оның айғағы антропогендік кешендер туралы мəліметтердің жыл өткен сайын ескіріп, яғни жаңа сапалық жəне сандық көрсеткіштермен толығып отыруы. Бірақ, негізгі бағыт шаруашылықтағы жер көлемінің үнемі көбеюі.
Жерді игеруде жіберілген қателер мен тиімсіз пайдалану əсерінен шаруашылықтық айналымнан шығып қалған жердің де ауданы артып отыр. Олар: бедлендтер, антропогендік карстер, карьерлер, тұзданған жəне батпақтанған территориялар, қозғалмалы құмдар мен өнеркəсіп-тұрмыстық қалдықтар жиналатын аймақтар. Сонымен қатар, кейбір елдерде жел мен су эрозиясына, қайтадан тұздануға ұшыраған жердің көлемі игерілген жердің ауданынан да артық екені белгілі.
Қазіргі күні жер қорын пайдаланудағы өзгерістің нақтылы бағыты анықталған
ірі қалалар мен тау-кен өнеркəсібінің көлемінің артуына байланысты егіншілік, жайылымдық жəне орман алқаптарының ауданы кемуде. Бірақ, экономикалық жоғары дамыған, урбандалу деңгейі жоғары елдерде рекреациялық мақсатта қолданылатын жер көлемі жыл өткен сайын артуда. Сондықтан жер бетінде жыл сайын орман ағаштарының көлемі кеміп отыр.
Сонымен, қоғамның дамуында ғылыми - техникалық революцияның қазіргі жетістіктеріне, халық санының - осының салдарынан табиғи ортаға антропогендік салмақтың артуына қарай табиғи кешендер сандық жəне сапалық өзгерістерге ұшырайды. Ол -өсімдік топтарындағы түрлік өзгерістер, топырақ қабатындағы ластану, құнарлықтың төмендеуі, эрозиялық шайылулар, химиялық элементтердің қарым - қатынасындағы ауытқулар, ластаушы ингредиенттердің жиналуы т.б. Осындай алуан түрлі көрсеткіштер антропогендік ландшафтар модификациясының өмір сүру ұзақтығына, территорияның игерілу деңгейі мен оның қарқындылығына тікелей байланысты. Антропогендік əсерден геожүйелердің табиғи тұрақтылығы, экологиялық сыйымдылығы нашарлап, өздігінен тазару деңгейі төмендейді. Сөйтіп табиғи кешендер қоғам мұқтажын қанағаттандыратын мəдени ландшафтармен ауысады.
Мəдени ландшафтарға екі қасиет тəн: 1) Жоғарғы өнімділік пен экономикалық тиімділік; 2) Адамның рухани дамуына, оның денсаулығын, өмірін жақсартуға қолайлы табиғи ортаны сақтау. Соңғы уақытқа дейін бұл көрсеткіштер бірге сирек қолданылып келді, ал аз уақыттық экономикалық тиімділікті орнату ортаның нашарлауына əкеліп соқты. Мəдени ландшафттарға қойылатын негізгі шарт – биологиялық ресурстардың жоғарғы өнімділігіне жету, оның эстетикалық сапасы мен санитарлық - гигиеналық жағдайын жақсарту. Ыңғайына қарай мəдени ландшафтарда табиғи жəне техногендік қолайсыз жағдайларды: топырақ қабатындағы су, жел эрозиясын, шайылуды, батпақтануды, өзен, көл суларының
тартылуы мен қалдықты химиялық элементтермен ластануын болдырмауға тырысу қажет. Бұл шаралардың барлығы табиғи ресурстарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты жəне өндіріс технологиясын жоғары сатыда дамытуға ықпал етеді. Соңғы жұмысты жақсарту тікелей география мамандарының жұмысы емес, бірақ оларға жүктелетін жұмыс – мəдени ландшафтар қалыптасуындағы ғылыми стратегияны нақтылы өңдей білу. Өйткені тек ландшафтану мамандары ғана кешендердің қазіргі құрылымына, даму ерекшелігіне сүйене отырып əрбір жекелеген комплекске сай келетін жақсарту шараларын қолдана біледі. Дегенмен, əрқашан ландшафтардың табиғи даму тенденциясы қоғам мүддесіне сəйкес келмейді, сондықтан кейбір жағдайларда тұрақты тепе-теңдікті бұзып жасанды жаңа модификацияларды құруға тура келеді. Ландшафтарда жақсартудың үш негізгі бағытын ажыратады: 1) Əртүрлі мелиоративтік əдістерді пайдалану; 2) Оларды “күту, бағу”- олар: орман ағаштарында санитарлық кесулер, өртке қарсы шаралар қолдану, шаруашылықта пайдалану нормаларын қатаң сақтау; 3) Ішкі күштерден пайда болған қалпын сақтауға тырысу. Егер мəдени ландшафт шаруашылықта дұрыс қолданылмаған территорияларда құруға жоспарланса онда осыған сəйкес “емдеу” шараларын қолдану қажет. Мысалы, кесілген немесе өртке ұшыраған орманды алқаптарға қайтадан ағаш егу, карьерлерде рекультивация жұмыстарын жүргізу. МƏдени ландшафттарды В.А.Николаев пен Ф.Н.Мильковтың тұжырымдарына қарай жіктеу. Жіктеуде пайдаланылатын көрсеткіштер.
дəріс.
Достарыңызбен бөлісу: |