В. есмағзам экономикалық теория


Бүгінгі күнгі өндірістің басқа факторлары



бет3/7
Дата10.09.2017
өлшемі1.56 Mb.
#19923
1   2   3   4   5   6   7

2.8 Бүгінгі күнгі өндірістің басқа факторлары

2.8.1 Өндірістің ұйымдық-технологиялық факторлары

Өндірістің жұмыс күші мен құралдарынан кейін бүгінгі күнгі экономиканың маңызды факторлары ретінде өндірістің ұйымдары мен технологиясын атау керек. Солардың арқасында өндірістің жұмыс күші мен құралдарының тиімді қатынасына қол жеткізіледі. Өндірісті ұйымдастыру дегеніміз - өндірістің барлық үдерісінің бірлігі мен тәртібін қамтамасыз ететін ішкі өндірістік байланыстың белгілі бір қондырғысы. Мысалы, автомобильдер өндірісін ұйымдастыру түйіндер мен бөлшектерді жинақтайтын шикізат жабдықтаушыларымен заводтың байланысын жеңілдетеді (цехтар, учаскелер, бригадалар және т.б.)

Өндіріс технологиясы еңбек заттарын өңдеудің нақты тәсілдерін, өндіріс үдерістерінің белгілі бір тәртібін білдіреді (мысалы, нан пісіру технологиясы операцияларының белгілі бір кезегі, қамырдың нақты құрамы, пештердің нақты жұмыс тәртіптері бар және т.б.). Қазіргі технологияларды білу – тиімді өндіріске апаратын жол, сондықтан әлемде алдыңғы ноу-хаумен айырбас кеңінен таралған. Жаңа технологиялардың өзіне тән белгісі - өндірісте ақпараттар мен компьютерлерді барынша көп пайдалану. Осындай технологиялар ақпараттық немесе ақпараттық-компьютерлік деп аталады. Осыдан ақпарат деп аталатын өндірістің жаңа факторы туындайды.
2.9 Өндірістің ақпараттық факторы

Ақпарат дегеніміз білім, мәліметтер мен түрлі сигналдар. Қазіргі өндірісте ол маңызды және әртүрлі роль атқарады. Әсіресе, ақпарат мыналарды қамтамасыз етеді: 1) техниканың қызмет етуі (бағдарламалық басқарумен); 2) өндірістің өзінің тиімді ұйымдастырылуын және оның барысына бақылау жасау; 3) өндірістің жедел қайта құрылу мүмкіндігі; 4) қызметкерлердің білім деңгейі мен біліктілігін арттыру; 5) алдағы идеялар мен технологияларды тез тарату.

ҒТР даму шарқына қарай ақпараттар ағымы көбейе бастады. Ағым бүгінгі күні ХІХ ғасырдағы 50 жылмен әрбір 20 ай сайын салыстырғанда екі есе көбеюде. Қоғамның барлық өміріндегі ақпараттың ролі жыл сайын өсуде. Сол себептен ғалымдар “ақпараттық революция” жөнінде және дамыған елдердің “индустриалдықтан” “ақпараттық қоғамға” ауысуы туралы айта бастады. Соңғысының басты айырмашылығы: а) кең автоматтандыру және ақпараттық-компьютерлік технологияларды барлық салаларда қолдану; б) әлемдік байланыс жүйелерін дамыту (трансконтиненталдық телефон кабельдері, спутниктік теледидар, бүкіл әлемдік Интернет компьютер желісі және с.с.); в) ақпарат көлемінің шамадан тыс көбеюі, ақпараттың жеткізілу және өңдеу жылдамдығы; г) жаңа жаңалықтарды енгізуді жылдамдату; д) экономиканы ұйымдастырудағы әртүрлілік пен икемділікті арттыру; е) білімді және адамдардың барлық қоғамдық өмірін үздіксіз жаңарту.
2.10 Ғылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде

Бәрімізге белгілі, ғылым дегеніміз – теориялық жүйеге салынған объективтік білім. Қазіргі ғылыми зерттеулер ағымында үш негізгі бағытты бөліп алуға болады.

2.10.1 Фундаменталдық ғылыми зерттеулер – жаңа білім алу мен зерттелетін құбылыстардың заңдылықтарын анықтау мақсатындағы зерттеулер.

2.10.2 Қабысатын зерттеулер дегеніміз практикалық міндеттерді шешу үшін қолданылатын фундаменталдық ғылымдарға қол жеткізу. Мысалы, атомдардың фундаменталдық физикалық зерттеулеріне сүйеніп, “қабыспалы”-зерттеушілер атомдық энергетиканы ойлап шығарды.

2.10.3 Ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер (ҒЗТКӘ). Олар ғылым мен өндірісті біріктіреді, сол арқылы жобаның ғылыми және инженерлік өңделуін қамтамасыз етеді. Айталық, өндірісте жаңа құралды шығару үшін мына кезеңдерден өту керек: фундаменталдық зерттеулер; қабыспалы зерттеулер; жобалау; сынақ; тәжірибелік үлгілер жасау.

Ғылым даму үстінде және ертеден бері өндірісті “қоректендіріп” келе жатыр. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) барлық технологиялық кезеңдерге тән. Алайда қазіргі кезеңнің ерекшелігі ғылыми-техникалық революцияның “шабуылы”, ол баяу емес, жартылай прогрессті білдіреді, ал ғылым мен техниканың дамуындағы сапалық секіріс және осы негіздегі қоғамдық өндірістік күштердің түбегейлі қайта құрылуы. Ғылым мен өндірістің интеграциясы нәтижесінде өндіріс “ғылымданады” және өндірістік тікелей факторына, экономикалық прогресстің мықты қозғалтқышына айналады. Бұл жерде әр түрлі ғылым мен өндірістің даму процесстері тұрақты дамып отыратын бірыңғай жүйеге бірігеді: ғылым-техника-технология-өндіріс.

Алайда, ҒТР қайшылықтарсыз өтпейді. ҒТР қайшылықтары бір жағынан адамзат үшін үлкен БАЙЛЫҚ, себебі адамдардың мүмкіншіліктерін арттырады, олардың қызметінің тиімділігін асырады, еңбекті жеңілдетеді, тұрмыс жағдайларын жақсартады және т.б. Бірақ басқа жағынан ол проблемалар қатары мен кері әсерлерді туғызады. Мысалы, жұмыссыздық мәселесі (машиналар мен автоматтар өндірістегі адамдарды ығыстырады), экологиялық және техникалық қауіпсіздік, бұқаралық зақымдану қаруларынан қорғайды (2.12 сурет).




ҒТР

тудыратын негізгі

проблемалар мен

кері әсерлер

- жалпылай және хроникалық жұмыссыздық мүмкіндігі

  • адамдардың қайта біліктіліктерін арттыру және көшіру проблемалары

  • еңбек ауыртпалығы, психикалық аурулардың көбеюі

  • ҒТР әскери пайдалану қаупі

  • Экология, қазіргі техниканың қауіпсіздік проблемалары және т.б.

2.11 сурет


Сциентизм мен техницизмнің идеялары оптимистер қолдады, ғылым мен техниканың ролін асыра сипаттайды, олардың қолынан бәрі келеді деп есептеген. Пессимистер болса антисциентизм мен технофобияларды қолдады, олар адамдар өміріндегі ғылымның ролін түссіз бояулармен бояйды деп айтты. Олардың пікірінше, ғылым мен техника қоғам проблемаларын шешпейді, қайта оларды өршелендіре түседі. Реалистер болса әрқайсысының “плюстері” мен “минустерін” таразылай отыра, өз кектерін таңдап алады.
2.11 Энергетикалық фактор мен инфрақұрылым

Энергия - өндіріс құралдарын қажетті қозғалысқа салатын бірден бір күш. Өндіріс әрқашанда осындай қозғалтқыш күшті керексінеді. Бірақ бастапқыда ол тек адамның өзінің немесе олар пайдаланатын жануарлардың механикалық энергиясымен қанағаттанды. Бүгінгі күнгі өндіріс күштері болса қуатты және түрлі отындық-энергиялық (ең алдымен электрлік) қамтамасыз етілуді талап етеді. Сондықтан өндірістің энергетикалық факторы маңызды және ең бастысы дербес маңызға ие болды. Энергиямен қамтамасыз ету мәселесін жеке шешпей ешқандай орта немесе ірі кәсіпорын құру мүмкін емес.

Қазіргі экономикада инфрақұрылым деп аталатын фактор да ерекше рольге ие. Бұл өндірістің қызмет етуі үшін жалпы жағдайлар жасайтын барлық салалардың бірлесуі. Инфрақұрылым екі кіші жүйені өзіне қамтиды: 1) Өндірістік инфрақұрылым - өндіріске тікелей қызмет ететін көмекші салалар (транспорт, байланыс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, есептеу орталықтары, экологиялық қорғау құралдары және т.б.); 2) Әлеуметтік (немесе өндірістік емес) инфрақұрылым – адам өмірін қажетті әлеуметтік-мәдени жағдайлармен қамтамасыз ететін сала (соның ішінде өндіріс қызметкерлері өз отбасыларымен). Оған тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, сауда, тұрмыс қызметі, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. жатады.
2.12 Өндірістің экологиялық факторы

Экологиялық фактор дегеніміз жалпы алғанда қорғау, сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі бар қоршаған орта мен адамның қарым-қатынасымен байланысты проблемалардың ортақ жиынтығы. Адамзат дамуында табиғат екі түрлі роль атқарады: 1) өндірістің ресурстар көзі және 2) адамдардың тұратын ортасы ретінде. Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі бірінші функция - өндіріске “қызмет ету” маңыздырақ деп санайды. Бірақ табиғат бірыңғай және оған абайсыздан шаруашылық басып ену оның ресурстарын ғана кемітіп қоймайды, сондай-ақ адамдардың тұрмыс жағдайларын, олардың денсаулықтарын әлсіретеді.

Қазіргі өндіріс табиғатпен өте кең және терең әрекет етеді, сол себепті шаруашылық практикадағы экологиялық факторды ерекше есепке алу міндетті болып саналады. Бұл әсіресе мына жағдайларда айқындалады:

- кәсіпорындар ресурс жинақтайтын және қалдықсыз өндіріс үдерістеріне ауысады;

- өндірісте бұдан да тиімдірек тазартқыш және қорғаныс құралдары пайдаланылады;

- жалпы мемлекеттік табиғат қорғау шаралары мен тиісті заңнама қабылданады;

- ғылыми зерттеулер мен экология жөніндегі арнаулы кәсіби дайындықтар жүргізіледі және т.б.

3 Қоғамдағы экономикалық қатынастар

Өндіріс пен барлық шаруашылықтың өмір бойы дами қалыптасуында адамдар арасындағы әртүрлі экономикалық қатынастар байқалды. Олардың ең негізгілеріне: ақша-тауар және нарықтық қатынастары, жеке меншік қатынастары, қоғамдағы өндірісті ұйымдастыру, оны мамандандыру және интеграциялау кіреді.Осыларды қарастыра отырып тақырыпты бастайық.


3.1 Меншік және кәсіпкерлік түрлерін ұйымдастыру

3.1.1 Меншік қатынастары жӘне олардың құрылымы

Адамдардың өмірінде меншік қатынастарының мағынасын ­ бағалау қиын. Олар қоғамда нақты билікті анықтайды : кім өндірісті басқарады және өндірілген өнім қалай реттелетінің қарастырады. Көбінде, адамдардың заттық әл-ауқаттылығы оларға тәуелді болады. Меншік – бір немесе бірнеше адамдарға тиесілі мүлікті иемдену құқығын көрсететін экономикалық категория.

Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру керек. Бұл қатынастар өндіріс,айырбас, бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де аса маңызды. Меншікті экономикалық категория ретінде түсіну, оның мәнін ашу адамдар арасындағы өндірістік қатынастар жүйесі арқылы мүмкін болады. Бизнес үшін бастапқы мәнді меншіктің, өндіріс құрал жабдықтарына деген қатынасы игереді. Бұлар қатынастар күрделі және көп қырлы, бірақ оларды үш ерекшелеуге болады (сурет 3.1).

Сурет 3.1 - Меншік қатынасының құрылымы


3.1.2 Өндіріс құралдарын иелену қатынасы арқылы,­ өндіріс құралдарының иесі болу үшін әртүрлі субъектілердің (жеке адамдардың, ұйымдардың, мемлекеттің ) құқығы заңмен бекітіледі, яғни: а) оны иемденуі; б) пайдалануы және б) бұйрық беруі.

3.1.3 Өндіріс құралдарын шаруашылықта қолдану қатынасы дегеніміз, өндіріс құралдарын меншік иесі өзі қолданбайды, ал оларды, мысалға, жалға береді,уақытша иелік етуге және пайдалануға.

3.1.3 Меншікті экономикалық тұрғыдан өткізу қатынасы, яғни өндіріс құралдары өз иесіне табыс-пайда әкелген жағдайда немесе салық, жалдық төлемдерді төлеуде көрініс табады.

3.2 Меншіктің негізгі түрлері және формалары

Шаруашылық тәжірбиесінде меншіктің әр түрлі формаларымен кездесуге болады. Бірақ олардың барлығы, меншіктің екі негізгі түрінің мәніне келіп тіреледі: жеке және қоғамдық: 1) Жеке меншік екі негізгі форманы қамтиды : азаматтардың өз меншігі және олармен жасалған заңгерлік меншігі (кәсіпорындардың, ұйымдар, мекемелердің). Қоғамдық меншік ­ - а) мемлекеттік ­ меншік;




Сурет 3.2 - Меншіктің негізгі түрлері және формалары


б) муниципалды меншік – ­ қалалық және ауылдық меншік болып бөлінеді.

Меншік құрылымдық тұрғыдан әрдайым жеке меншік болып табылады. Ол «менікі», «сенікі емес», «біздікі», «біздікі емес» деген ұғымды береді. Шын мәнінде мемлекеттің де меншігі қоғамның бір бөлігінің меншігі. Мемлекеттік меншікке байланысты түсініктемені дұрыс беру керек. Өйткені мемлекеттік меншік қоғамдық меншіктің баламасы емес, сол сияқты мемлекет те бүкіл қоғам деген ұғымды бермейді, оның тек бір бөлігі болып табылады.

Бизнесте жеке меншік ең тиімді болып келеді. Ол нағыз иелерлерінің қолдарында бола отырып, адамдардың еңбектегі қуатты қызығушылығын және табысқа ынталылығын тудырады. Кәсіпорындардың негізгі түрлері

Меншіктің түрлері мен формаларына қатысты бизнесті ұйымдастырудың формалары анықталады. Осыдан кәсіпорындардың төрт негізгі түрін көруге болады: жеке кәсіпорындар, жолдастықтың (немесе серіктестік), акционерлік ­ қоғам және унитарлы кәсіпорындар.


Кесте3.1 Кәсіпорындардың негізгі түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы


Кәсіпорындардың түрлері

Кәсіпорын мүлігі

Экономикалық жауаптылығы

Жеке кәсіпорын

Кәсіпкердің жеке меншігінде болады

Шектелмеген

Жолдастық (серіктестік )

Қатысушылардың үлестеріне бөлінген

Шектелмеген және шек қойылған

Акционерлік қоғам

Акционерлердің алған акцияларына қатысты бөлінген

Шек қойылған

Унитарлы кәсіпорын

Бөлінбейді: мемлекетке немесе муниципалитетке бағынады;

Шек қойылған



3.3 Бағалы қағаздар нарығы және акциялар курсы

Акциялардың, облигациялардың және басқа құнды қағаздарды шығаруы және сатылуы құнды қағаздардың жүйелі нарығын тудырады. Бұл нарыққа негізгі ­ қатысушылар: 1) инвесторлар - акцияларды және облигацияларды сатып алушы ұйымдар немесе азаматтар; 2) эмитенттер – бұл құнды қағаздарды шығарушы мекеме немесе акционерлік қоғамдар; 3) инвестициялық институттар – бағалыы қағаздар нарығын ұйымдастыратын және кызмет көрсететін әртүрлі мекемелер.

Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары – инвестициялық институттар: қор биржасы, инвестициялық кеңесшілер, инвестициялық компаниялар, инвестициялық қорлар


Сурет 3.4 - Бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары


Бағалы қағаз нарығын ұйымдастырушылар және қызмет етушілер ­(3.4 суретте) көрсетілген. Солардың арасында негізгісі қор биржасы болып келеді, құнды қағаздардың сатып алуын кәсіптілік деңгейде ұйымдастырады. Қалған инвестициялық институттар ­ өз " телімдерін " иеленеді. Кеңесшілер құнды қағаздардың айналымы және эмиссияларға қатысты сұрақтар бойынша мәліметтер береді. Компаниялар эмитенттердің сұранысы бойынша бұл құнды қағаздардың шығарумен және сатылу тапсырыстарын ұйымдастырады. Инвестициялық қорлар инвесторларға еркін айналымдағы қаржысын ыңғайлы және тиімді жұмсауына көмектеседі (әсіресе кіші салымшыларға) ,ал түсімді басқа компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсайды.

Болашақ акциялардың сату – сатып алу бостандығы сұраныспен және нақтылы ұсынысымен анықталады және көптеген факторларға, яғни Акция курсына тәуелді болады. Акция курсы – бұл олардың нарықтық бағасы: ол белгіленген акциялардың сұранысы мен ұсынысынан анықталады және көптеген факторларға байланысты болады: АҚ-ның шаруашылық табыстарынан, дивиленд мөлшерлерінен, салымдардың банкілік пайыздарынан (акция сатып алуш акциялардың банкілердегі үлестері мен табыстардың деңгейлерін әрқашан салыстырады) т.с.­с. Ірі фирмалардың акцияларының бағыттарының өзгеруі, сол мемлекеттің экономикалық конъюктурасына әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда, акция курсы сатылатын және сатып алынатын баға.оның курсы табыс шамасына тікелей байланысты болады.атап айтқанда, акциялардың курсы дивидендтің көбеюіне қарай артады және дививдендтің төмендеуіне қарай құлыдрайды.


3.4 Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары

3.4.1 Тауар қасиеттері және оның екі жақты сипаты

Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттандырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қаңдай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді, тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз тауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі. Алайда ол тауар емес, айткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағаттандыратындай айырбасқа түсуі шарт. Сонымен, тауардын екі жақсы қасиеті бар:

- ол адамның қандай да болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат, ТҰТЫНУ ҚҰНЫ;

- ол басқа бір затқа айырбасталатын зат, ҚҰН.

Заттың пайдалылығы оны ТҰТЫНУ ҚҰНЫ етеді. Тұтыну құны — тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:

1) тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады;

2) тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз;

3) тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның

көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгіңде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.

Жоғарыда атап өтілгендей, тұтыну құны бар затты әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті АЙЫРБАС ҚҰНЫ немесе ҚҰН болуы керек. АЙЫРБАС ҚҰНЫ — ең алдымен сан арақатынасы түрінде көрінеді. Мұнда біртектес тұтыну кұндары екінші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады. Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Алайда осы кездейсоқ жайдың өзінде бір заңдылық бар. Оның негізі тұтыну құнында емес (екеуінде екі түрлі), осы тауарларды өңдіруге жұмсалған қоғамдық еңбекте. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген қоғамдық еңбегі тауардың кұнын жасайды. Құн — тауарға сіңіріліп, оңда затқа айналған қоғамдық еңбек. Тауардың құны қоғамдық категория, ол көрінбейді, бірақ ол тауарды тауарға айырбастағанда, бір тауарды екінші бір тауарға теңестіргенде айқындалып отырады.

Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракты еңбек (кұн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек адамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалдарды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен, тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзінің өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірлен бір кезі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Тауарлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек — физиологиялық мағынадан адам күшін жұмсау. Біз ілгері атап еткендей, құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өңдірушінің жұмсаған жұмыс уақытының санымен анықталады. Сонымен тауардың құнынын мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады.

Өндіргіш күштердің дамуы, онымен байланысты қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі кездейсок айырбастан оның жүйелі нысанына, кұнның да толық нысанына көшуге негіз қалады.


3.5 Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі. Инфляция

Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың кандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай керінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

- ол нақты бір заттың қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;

- онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;

- тауар өндірушінін жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке кажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардьің, қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.

Ақшаның атқаратын қызметтері:

- құн өлшемі;

- айналыс құралы;

- төлем құралы;

- қазына жинау;

- дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның ең бірінші және басты қызметі — ҚҰН ӨЛШЕМІ. Мұнда ол жалпы эквивалент рөлін атқарды. Оның мәні барлық тауарлардың құны ақша арқылы анықталады.. Мұндай қызметті өзіндік құны бар тауар ғана атқара алады. Бұдан шығатын қорытынды, барлық жағдайда кұн өлшеуіші қызметін алтын ғана атқарады..Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т — Т) біржола тауар айналымына (Т — А — Т), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасындағы аралық, яғни АЙЫРБАС ҚҰРАЛЫ қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі. Экономикалық қатынастар шенберінің үлғаюымен ақша ТӨЛЕМ ҚҰРАЛЫ ретінде маңызды рөл атқарады. Атап айтсақ, қажеттіліктерді сатып алуда, салық төлеуде және т.б. Қазына жинау тауар өндірісінің объективті қажеттілігінен туындайды, әрбір тауар өндіруші өзіне өз тауарларының ету өтпеуіне қарамастан қандай жағдайда болсын басқа бір тауарды сатып аларлықтай, әр түрлі кездейсоқ рынок стихиясынан сақтарлықтай кепілдік жасауы керек.

Сатпай тұрып, сатып аларлықтай, кез келген затқа әрдайым айырбастай аларлықтай белгілі бір мөлшерде ақша қоры болуы шарт. Тауар-ақша қатынасы, осымен байланысты ақшаның үстемдік етуі белгілі бір дәрежеге жеткенде кейбір адамдар үшін ақша қорын молайту олардың өмір сүруінің мақсат-мүддесіне айналады.Бұл жағдайда ақша ҚОР ЖИНАУ қызметін атқарады. Қазіргі кәсіпкерліктің дамуымен байланысты бұл зор маңызға ие болып отыр. Тауар-ақша қатынасының ұлттық шеңберден шығып, дүниежүзілік рынокты қамтамасыз етуі оның дүниежүзілік қызметін көрсетеді. Ақшаның әлемдік аренаға шығуымен байланысты ол өзінің "ұлттық мундирін" алып тастап, алғашқы бағалы металдар қорытпасы түрінде қызмет атқарады. Дүниежүзілік айналыста ақша ең алдымен төлем ретінде қызмет атқарады. Ал оның түрлерін ілгеріде атап еттік. Сонымен ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АҚШАЛАР үш түрлі қызмет атқарады: 1) халықаралық төлем құралы; 2) халықаралық сатып алу, сату құралы; 3) қоғамның байлығын сипаттаушы құрал;

Қағаз ақшалар өте ертеде, ең алғаш Қытайда даму алған. Олардың металл ақшалар айналысынан, айналыс құралы ретінде атқаратын қызметінен шыққан. Өйткені металл ақшалар айналыс қызметін атқара отырып, тұтынуда тозады, салмағы кемиді, құны азаяды. Монеталардың номиналдық және нақты мазмұны арасында айырмашылық пайда болады. Сөйтіп келе-келе олардың орнын қағаз ақшалар басқан. Егер қағаз ақшалар тауар айналысына қажетті мөлшерде шығарылатын болса, онда бұл ақшалардың нақтылы сатып алу қабілеттілігі олардың номиналдық алтын мазмұнына сәйкес келетін болады. Ал егер ақша массасы тауар массасынан кеп шығарылса, онда ол құнсызданады, инфляцияға ұласады. Инфляция белгілі бір елдін айналыстағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы. Инфляция қағаз акшалардың алтынымен салыстырғанда құнының темендеп кетуінен туады да, тауарлар бағасының көтерілуіне әкеп соғады. Осымен байланысты қағаз ақшаның ресми құнын өзінің тұрақты қалпына келтіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналыстан шығарып, оның орнына толық құнды кредит билеттерін шығару (ашық девальвация), яғни айналыстағы қағаз ақшаның ресми құнын темендету (бүркемелі девальвация) мақсатымен ақша реформасын жүргізу. Ұлттық ақша өлшемінің алтындық мазмұнын кеміту және оның шетел валюталарымен қатынас курсын төмендету.

Ревальвация - ақша курсын көтеру. Алтын немесе шетел валютасымен салыстырғанда мемлекеттік қағаз ақша курсының өсуі. Ревальвация ақшаны тұрақтандыру мен бағаның инфляциялық өсуіне қарсы ықпал етудің белгілі бір әдісі. Сонымен, ақша тауар өндірісінің қажетті элементі. Оның тауарлар дүниесіндегі ерекшелігі: ақша жалпы эквивалент рөлін атқарады, бүкіл тауарлардың құн өлшеуіші.

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың қоғамда кездесетін бiр көрiнiсі – ИНФЛЯЦИЯ. Мұның астарында жалпы бағаның тұрақты көтерiлу деңгейi деген түсiнiк бар. Бұл барлық баға мiндеттi түрде өсуi керек деген мағына бермейдi. Бұлардың кейбiреуi тез көтерiлуi мүмкін, кейбіреулері тұрақты түрде қалулары да, үшiншiсi – тiптi төмендеуi де мүмкiн. Бiрақ бағаның орташа деңгейi көтерiледi. Инфляция - екi жақты құбылыс, баға өседі, ал ақша құнсызданады.

Инфляция деңгейі баға индексінің көмегімен өлшенеді. Инфляцияның түрлері 3.5 суретте көрсетілген.

Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10 пайыздан аспайды. Кейнсшілер мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъект деп есептейді.

Жоғары қарқынды инфляция кезінде бағаның өсуі 20-дан 200 пайызға дейін жетеді.Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ.Бірақ көптеген келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.

Аса зор, шексіз инфляция айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді.Бұл инфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.





Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку
transactions -> Әлеуметтану оқу құралы
transactions -> Темербаева Жанна Амангелдиевна
transactions -> Б. Б. Мубаракова іс қАҒаздарын қазақ тілінде жүргізу павлодар Алғы сөз Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанындағы №550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»
transactions -> А. Баймуханова Мемлекеттік тілде іс жүргізу
transactions -> Филология ғылымдарының докторы А. Р. Бейсенбаев филология ғылымдарының кандидаты, доцент А. Ф. Зейнулина педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А. Ш
transactions -> С. Т. Иксатова Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі бойынша тестілердің жинағы
transactions -> Саяси партиялар және партиялық жүйелер
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Электрмагнит өрісінің теориясы «Электр техникасының теориялық негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді