В. есмағзам экономикалық теория



бет2/7
Дата10.09.2017
өлшемі1.56 Mb.
#19923
1   2   3   4   5   6   7

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.

Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады.

Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат – қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар.

Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (ұлпа) жүзеге асырылды. Сонымен бipгe XX ғасырдың екінші жартысынан бастап капи­талистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бip топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гон­конг сияқты елдер қaзipгi заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде коғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді.

Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісі әсерінен деуге болады. Ceбeбi социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ.

Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ecкepiп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын iздейді. Әрине, енбекақының өcyi, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелepiн шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын.

Қaзipгі ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапо­ния, Сингапурда жұмысшылар 10-12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалған, бұрын отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түcipгeн пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкеpici экономикалық жағынан мешеу қалған елде жүзеге асы­рылды.


Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.

Қазан төңкеpiciнің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәpi де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты.

Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым ұйымдасқандықпен немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.


2 Қазіргі өндірістің факторлары мен өндірістік мүмкіндіктер

Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс, яғни өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үрдісі қажет. Өндіріс деген ұғым қоғамдағы бір қатар элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын өндірістік күштерді білдіреді. Адамның барлық даму кезеңдеріндегі өндірістің басты факторлары жұмыс күші (жеке, немесе адамдық фактор) және өндіріс құралдары (заттық немесе материалдық фактор) болып табылады. Алайда өндірістік күштер өзгеріске ұшырап отырады. Қоғам өркендеген сайын олар үнемі дамып, жетілдіріліп отырады. Қазіргі ғылыми-техникалық революция жағдайында олардың елеулі күрделенуі байқалып отыр. Қалыпты жұмыс күшіне және өндіріс құралдарына жаңа дербес маңыздары бар элементтер мен факторлар қосылуда .

Өндіріс (жаңа заманға сәйкес) «қоғамдық үрдіс» болып табылады. Бұл дегеніміз, барлық адамдар бір-бірімен байланыста хабарласып жұмыс істейді. Мына суретте қоғамдық өндірістің негізгі сатыларын бөліп көрсетеді (сурет 2.1).



Өндіріс – бұл негізгі пункті, адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін өнімдерді өңдеу және өндірудегі негізгі бөлігі. Өндіріс - ­ экономикалық айналымның кілті, өйткені өндіріссіз тұтыну да,айырбас та болмас.

Бөлудің арқасында әрбір өндірушінің өндірген өнімдерінің үлесі анықталады.

Айырбас - мұнда өндірушілер өз еңбек өнімдерін басқа туаурларға ауыстырады­. Мысалға, Ірімшік істеуші тек қана шикізатқа мұқтаж болмайды ол өзіне , сонымен қатар нанды да , және т.б. қажеттіліктердің барлығын ол айырбастың арқасында ала алады.

Тұтыну - жасалған игіліктерді қолдану ­арқылы, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Ол бір уақытта тұтынылған игіліктердің толтырылуына арналған, қоғамдық өндіріс процестерінің жаңаруын болжайды.

Осы өндірістің элементтері мен факторларының әрқайсысын айқынырақ қарастырайық.



2.1 сурет - Қазіргі өндірістің басты элементтері


2.1 Өндірістің адамдық факторы

2.1.1 Жұмыс күші, еңбек және оның өнімділігі

Жұмыс күші дегеніміз – адамның еңбекке деген қабілеті, оның өндірісте қолданатын жеке және ойлау күшінің бірлігі. Жұмыс күші еңбек үрдісінде іске асырылады, сондықтан “жұмыс күші” және “еңбек” деген ұғымдар өндірістің адамдық ресурсы ретінде жиі байланысып жатады. Еңбекті адамдардың тұрмыстық құндылықтарды құру бойынша мақсатты бағытталған қызметі ретінде қарастыруға болады. Оның маңызды көрсеткіші еңбек өнімділігі, яғни оның өнімділігі, нәтижелілігі болып табылады. Ол: 1) еңбек бірлігіндегі өнімдер санымен немесе; 2) өнім бірлігіндегі уақыт санымен өлшенеді. Еңбек өнімділігінің артуының арқасында еңбек ресурстары үнемделеді, өндіріс арзандайды, қоғамның байлығы арта түседі. Еңбек өнімділігіне бір қатар факторлар әсер етеді (2.2 сурет).


Еңбек өнімділігінің деңгейін белгілейтін негізгі факторлар

- қызметкерлердің білімділігінің, біліктілігінің деңгейі

- өндірушілердің өз еңбегінің нәтижесіне қызығушылық дәрежесі

- ғылым мен техниканың даму деңгейі және оларды өндірісте қолдану

- өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігінің дәрежесі

- еңбек жиілігі, яғни кернеуі немесе еңбек жылдамдығы

табиғат жағдайлары (табиғат ресурстары, топырақ, климат және т.б.)



2.2 сурет

Адамның еңбегінің дамуымен қатар қоғамдағы еңбек өнімділігі арта түседі. Бірақ, өндірістегі адамдардың БҰРЫҢҒЫ еңбегімен жасалған еңбектері (ТІРІ еңбегі), машиналардың жұмысымен алмастырылып, ығыстырыла бастайды. Бұл өндірістегі адамдардың атқаратын міндеттерін өзгертеді.
2.2 Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адамдық фактор

Жедел дамып келе жатқан ғылыми-техникалық революция (ҒТР) экономикада үлкен өзгерістер туғызды. Оған электроника, компьютер, икемді автоматтандырылған жүйе мен басқа да жаңалықтарды енгізу ғылыми-техникалық жетістіктердің жалпы деңгейін арттыра түсті. Жаңа жағдайлардың салдарынан өндірістегі қызметкер-адамдардың рөлі мүлдем өзгереді. Ол “машина жанындағы” механикалық атқарушы болмай, технологиялық үрдістегі басты кейіпкерге – бақылаушы және реттеушіге айналады. Бұл жаңа үлгідегі қызметкерге деген қажеттілікті арттырады.Ол жоғарғы және жан-жақты білімді, кәсіби құзыреттілікті,белсенді және өз қызметіне деген жауапкершілікті арттырады (2.3 сурет).

Осындай үлгідегі қызметкерлерді қалыптастыру ел санатындағы күрделі және ұзақ үрдіс. Ол мына негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі (2.4 сурет)


Жаңа сұрыптағы ■ жоғарғы және жан-жақты білімді

жұмысшы ■ кәсіби құзыретті және іскер

■ белсенді және жауапкершілікпен

әрекет ететін

2.3 сурет - Жаңа сұрыптағы жұмысшылардың айырықша белгілері



2.4 сурет


2.2.1 Осы бағыттардың біріншісі қазіргі кадрлардың білімділік және кәсіби дайындығын, кеңейтілген көлемде білікті және үздіксіз оқытудың негізінде қамтамасыз етеді. Жаңа техника мен технология ең алдымен оқыту аудиторияларында, одан кейін ғана заводтарда қолданысқа енгізілуі керек. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен үйлестіру өндірістегі өзгерістермен бірге үнемі жүргізілуі шарт.

2.2.2 Еңбекті интеллектуализациялау еңбектің адам қолымен емес, басымен жұмыс істеуі кезінде қалыптасатын ұғым.Ол ойлау қабілетінің ерекшеліктерімен және шығармашылық

ойлау, аналитикалық және шығармашылық сипатқа ие болуымен көрінеді. Адам қолымен емес, басымен жұмыс істейді.

2.2.3 Өндірістің гуманизациялық үдерісі өндірістің “адамдануын” білдіреді. Бұл еңбек шарттарының жеңілденуі, дұрысталуы және қолайлылығына бағытталған эргономиканың ғылыми ұсыныстардың орындалуын көздейді. Осылардың нәтижесінде еңбектің тиімділігі және оның адамдар үшін тартымдылығы артады.

2.2.4 Өндірісті демократияландыру қызметкерлердің өз фирмаларының акционерлік капиталдарына қатысуы, оны басқаруы, алынған кірістерді бөлуі арқылы іске асырылады.

Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуіне байланысты жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді.олардың негізгі белгілері жоғары біліктілігінде,өндірістік өзгерістерге тез бейімделуінде.



2.3 Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті

Өзінің еңбекке деген қабілетін адам екі негізгі бағыт бойынша пайдалана алады: өз бизнесін ұйымдастырған кәсіпкер ретінде, не болмаса кәсіпкерлердің жалданбалы қызметкері ретінде. Өндірістегі ерекше адамдық ресурс кәсіпкерлік қабілет болып табылады. Ол адамның бизнес немесе кез-келген басқа бір жаңа істі ұйымдастыра білуі мен дайындығы болып табылады. Осы іспен байланысты барлық шығындарды, тәуекелдік пен жауапкершілікті өз мойнына алады. Осындай қабілетке кез-келген адам ие бола бермейді. Нағыз кәсіпкер еңбекқор, бастамашыл, адамдармен тіл табыса алатын, іскер болуы керек. Кәсіпкер (немесе бизнесмен) дегеніміз - өндірістің ұйымдастырушысы мен қозғалғыш күші. Көп жағдайда кәсіпорынның иесі болып табылатын кәсіпкер (әсіресе шағын бизнесте) барлық шаруа қызметін әдетте өзі басқарады. Сол сияқты ірі фирмаларда кәсіби басшылық және бизнесті басқару үшін (менеджмент) басқару жөніндегі жалданбалы қызметкерлер (менеджерлер) пайдаланылады.

“Кәсіпкер” және “менеджер” деген ұғымдар өте жақын, бірақ әртүрлі. Кәсіпкер дегеніміз – жаңа идеялар авторы, ол өз идеялары үшін ұйқысын қиып, меншікті қаражаттарын тәуекелге салады. Менеджер болса – авторлық идеяларды орындаушы, оларды іске асырушы.
2.4 Өндіріс құралдары

Келесі бір басты өндірістік фактор өндіріс құралдары болып табылады. Бұл материалдық ресурстар, заттардың екі тобын қамтиды. Біріншіден еңбек құралдары – олардың көмегімен адамдар қажетті құндылықтарды құрады (саймандар, машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар, құрылымдар және т.б.). Екіншіден, еңбек заттары – еңбек процессінде адамдар әсер ететін заттар, олар келешектегі өнімнің материалдық негізін құрайды (мұнай, кен, шикізат, материалдар және т.б.). Осылай өндіріс үрдісінде еңбектің материалдық ресурстарын құралдар мен заттарға олардың міндеті ойынша бөледі. Осы ресурстарды бөлудің тағы бір белгісі олардың шығу тегі (2.5 сурет).



2.5 сурет - Өндіріс құралдарының негізгі түрлері


Шығу тегі бойынша өндіріс құралдары да екі топқа бөлінеді:

1) табиғи ресурстар (табиғаттың өзі берген) - шабындық жерлер, ормандар, минералдардың, газдың орналасқан жерлері, су және басқалары (олардың жалпылама түрде – “жер” деген бір сөзбен атайды); 2) өндірістік ресурстар – адамдар құраған (немесе өңдеген) заттар және олар өндірісте одан әрі пайдалану үшін ойлап табылған. Бұл – машиналар мен жабдықтар, өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, шикізаттар мен жартылай фабрикаттар және басқа да адам қолы арқылы өткен өндіріс құралдары.Қоғамдық өндіріс дамыған сайын ондағы өндіргіш күштердің де міндеті арта түспек.

Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан қозғалыс басталмақ.

2

Адамдар шығарған өндіріс құралдары көбінесе КАПИТАЛ деп аталады, олар негізгі капитал (өндіріс құралдарының өзі) және ақшалай капитал (өндіріс құралдарын сатып алуға арналған ақша) болып бөлінеді. (2.6 сурет). Сондай-ақ нақты капитал тағы бір атауға ие – инвестициялық ресурстар (немесе тауарлар), себебі олар экономиканы инвестициялауға арналған. Осыған байланысты барлық тауарлық массада өндірістік тұтынуға түскен инвестициялық тауарлармен қатар (өндіріс құралдары) тұтыну тауарларын немесе адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұтыну заттарын (азық-түліктер, киім, тұрғын үй, телевизорлар және т.б.) бөліп алуға болады (2.7 сурет). Инвестициялық тауарлар тек қана тұтыну заттарын шығару үшін қызмет етеді. Негізгі капиталдың қызмет етуімен байланысты физикалық және моральдық тозулары орын алады. ФИЗИКАЛЫҚ ТОЗУ үрдісі негізгі капитал элементтерінің өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сиаттайды. Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа,оның құнсыздануы нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық тозуы орын алады.



2.7 сурет - Тауарларды инвестициялық және тұтынушылыққа бөлу


2.5 Капитал шығару, жинақтау және оның айналымы

Өндірісті инвестициялау – тұрақты үдеріс. Өндірістің қайталануы мен үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, капитал салымдары бірінен соң бірі жалғасын тауып отырады. Өндірістің үзіліссіз қайталанатын үрдісі – ҰДАЙЫ ӨНДІРІС деп аталады. Ұдайы өндіріс жай (өндіріс бір мөлшерде қайталанатын жағдайда) және ұлғайтылған (ұлғайып отыратын көлемде) болады (2.8 сурет).

Жай ұдайы өндірісте өнім мөлшері әрбір келешек өндіріс цикліндеөзгеріссіз қалады. Бұл жағдайда, өнім тіпті қосымша өнім өндірілсе де, жеке тұтыну мақсатына ғана жұмсалады. Ұлғайтылған ұдайы өндіріс нәтижесінде өнімнің мөлшері әрбір өндіріс циклінде өсіп отырады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің бірден-бір көзі – қосымша өнім. өндірістің жаңа цикліне қосымша, немесе сапасы жоғары ресурстар қажет.


2.8 сурет

Қазіргі экономикада ұлғайтылған өндіріс көбірек кездеседі. Жаңа инвестициялар өндірістің шығындалған капиталын (қолданылған шикізат пен материалдар, тозған жабдықтар) өтеп қана қоймайды, сондай-ақ оның өнімділігін қосымша немесе одан да тиімді өндіріс құралдарының көмегімен арттыра түседі. Соның арқасында капитал жинақталады, яғни өндіріске қосымша капитал салу есебінен ол күрделене түседі. Ұдайы өндіріс үдерісінде капитал үнемі қозғалыста болады және мына сызба бойынша айналым жасайды: Өндіріс құралдарын сатып алу - Өндіріс үрдісі - Өндірілген тауарларды сату. Осындай айналымдар қайта-қайта қайталанып отырады. Өндірісті кең көлемде жалғастыру үшін, кәсіпкер тапқан пайдасының бір бөлігін өзінің тұтынуына емес, өндірісті қаржыландыруына жұмсауы міндетті.

2.6 Негізгі капитал, айналым капиталы және оны пайдалану көрсеткіштері

Бастапқыда атап өткендей негізгі капитал (немесе негізгі қорлар) - өндірісте КӨП РЕТ қатысатын еңбек құралдары, олар біртіндеп физикалық және моральды түрде тозады (ескіреді) және бөлшектеп (тозу шамасына қарай) өз құнын өндірілген өнімнің құнына (амортизация) қарай ауыстырады. Осылай, негізгі капиталдың құныдайын өнімнің құнымен біртіндеп өтеледі. Тауар сатылғаннан кейін ол кәсіпкерге ақшалай нысанда амортизациялық аударымдар түрінде бөлшектеліп қайтарылады, олар еңбек құралдарын жөндеуге, жаңартуға және жандандыруға пайдаланылады. Ақшалай нысандағы негізгі қорлар негізгі қаражат деп аталады. Негізгі капиталдың құрылымында актив қорлар (өндіріске ткелей қатысатын – станоктар, машиналар және басқа да жабдықтар) мен пассив қорлар (өндіріс үшін қажетті жағдайлар туғызады - өндірістік ғимараттар, құрылымдар және басқа да объектілер) болады (2.9 сурет).


2.9 сурет - Негізгі қорларды актив және пассивке бөлу


Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың үш басты көрсеткіштерін бөліп айтуға болады: 1) қорқайтарымы - ол қорлардың өнімділік деңгейін білдіреді және қор құнының бірлігіне келетін өнім құнымен белгіленеді; 2) қорсыйымдылығы – қорқайтарымға керісінше көрсеткіш, ол өнім бірлігін шығаруға арналған негізгі қорлардың шығынын сипаттайды; 3) құрал-жабдық жұмысының ауысымдылық коэффициенті. Ол кәсіпорында орнатылған жабдықтың әр бірлігінің белгілі бір кезең ішінде орташа есеппен тәулігіне қанша ауысым жұмыс істегенін көрсетеді. Мысалы, егер цехтағы 200 станоктың 1-ауысымда 180, 2-ауысымда – 100, ал 3-ауысымда –40 жұмыс істесе, ауысым коэффициенті 1,6 (180+100+40)200), яғни әрбір станок үш ауысымдық тәртіпте, орташа түрде 1,6 ауысым пайдаланылды.

Айналым капиталы (немесе айналым қорлары) - өндірісте БІР РЕТ қатысатын еңбек құралдары. Олар толығымен қолданылады және толығымен, бірден өз құнын өндірілген өнімнің құнына ауыстырады. Осылай, айналу қорларының құндары әрбір айналған сайын дайын өнімнің құнымен өтеледі және толығымен тауарларды табысты сату жағдайында кәсіпкерге ақшалай нысанда қайтып оралады. 2.1-кесте негізгі және айналу қорларының басты салыстырмалы сипаттамаларын көрсетеді.
2.1 Кесте - Негізгі және айналым капиталдары арасындағы басты айырмашылықтар




Негізгі капитал

Айналым капиталы

Не жатады

Еңбек құралдары (станоктар, машиналар, өндірістік ғимараттар, құрылымдар және т.б.)

Еңбек заттары (шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар және т.б.)

Өндіріске қалай қатысады

Көп рет

Бір рет

Қалай шығындалады

Біртіндеп тозады

Толық тұтынылады

Өндірілген тауарлардың құнына өз құнын қалай аударады

Біртіндеп, бөлшектеп, тозу шамасына қарай

Бірден және толығымен

Өндіріс үдерісіне қызмет көрсететін негізгі және айналу қорларымен қатар айналым қорлары да бар, олар айналым үдерісіне қызмет етеді. Айналым қорлары мен айналу қорлары бірдей айналады (бір айналымды пайдаланады), сондықтан оларды жиі біріктіреді және айналым қаражаттары деп атайды. Өндіріс капиталының жалпы құрылымын мына түрде келтіруге болады (2.2-кесте).


2.2 кесте - Кәсіпорынның өндірістік қорларының жалпы құрылымы

Өндіріс қорлары

Өндіретін қорлар


Айналым қорлары

Негізгі

қорлар

Қор айналымдары

пассив

актив

Еңбек заттары

дайын өнім

кәсіпорынның ақшалай қаражаттары

дебиторлық

берешек


негізгі қаражаттар

айналым қаражаттары


2.7 Өндіріс қорларын тиімді пайдалану

Әрбір кәсіпорын өз капиталының тиімді пайдалануына мүдделі. Материалдық игіліктерді өндірумен байланысты кәсіпорын пайдаланатын қандай да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Өндіріс қорларын оңтайлы пайдалану тиімділігін арттырудың үш басты бағытын бөліп айтуға болады:

1) бірінші бағыт негізгі капиталға қатысты. Ол қорқайырымын мына негізгі шаралардың көмегімен арттыруды (немесе қорсыйымдылығының төмендеуін) көздейді:

- анықталмаған, әрекет етпейтін жабдықтарды жою;

- актив қорлар үлесін көбейту, пассив қорлардың шығыстарын қысқарту;

- жабдықтың жұмыс ауысымы коэффициентін арттыру (тұрып қалуды болдырмау, пайдалануды жақсарту және техниканы жөндеу, 2 және 3 ауысымдағы еңбекті ынталандыру және т.б.);

- ескірген қорларды жаңа жоғары өнімділігі бар техникаға ауыстыру;

- құрылымды жеделдету және жаңа күштіліктерді қолданысқа енгізу.

2) Айналым капиталына қатысты өнімнің материалсыйымдылығын төмендету маңызды болып табылады, яғни материалдық ресурстардың (металл, ағаш, отын, қуат және т.б.) өнім бірлігіне жұмсалуы. Бұл осы ресурстардың үнемделуін көздейді. Әсіресе:

- жаңа үнемдегіш материалдар мен бұйымдардың озық конструкциялары;

- ресурс жинақтағыш технологиялар мен еңбекті тиімді ұйымдастыруды енгізу;

- ресурстардың үнемделуін ынталандыру және өнім сапасын жақсарту.

Үшінші бағыт – капитал айналымының уақытын қысқарту. Осындай қысқарту ресурстардың үнемделуіне ықпал етеді. Айналымды жеделдетудің нақты жолдарын анықтау үшін капиталдың айналым уақытының құрылымын білу қажет (2.10 сурет). Айналмалы капиталдың айналым уақыты ауыспалы айналымның бір айналымына тең. Негізгі капиталдың айналым уақыты авансыланған негізгі капиталдың жылдық амортизациясына тең. Авансыланған бүкіл капиталдың айналым уақыты авансыланған капиталдың жылдық амортизациясы мен айналмалы капиталдың жылдық айналым сомасына қатынасы. Айналым уақыты өндіріс уақыты мен айналыс уақытынан тұрады. Капитал айналымының жылдамдығы өндіріс тиімділігіне ықпал етеді. Көп мөлшерде пайда табу мақсатымен кәсіпкер капитал айналымын тездетуге мүдделі болады.

Капитал айналы-

мының уақыты



өндіріс уақыты


актив

Жұмыс кезеңі барысында еңбек заттары тікелей әсерге ұшырайды және қайта ұйымдастырылады (шикізат пен бөлшектерді өңдеу, конструкцияларды жинақтау және т.б.)

Технологиялық үзілістер - адамның тікелей қатысуынсыз іске асырылатын өндірістік процестер уақыты



пассив


Ұйымдастырушылық үзілістер - қайта ауысымдар, демалыс күндері, түскі ас демалыстары, жабдықтарды жөндеу мен басқа да бос тұрып қалулар

өндіріс құралдарының өндірістік қорларда болу уақыты – үздіксіз өндіріс үшін өте қажет, бірақ оны дәл ұйымдастырғанда жоққа шығуы мүмкін


Айна-


лым уақыты

Сатып алу уақыты - өндіріс құралдарын сатып алуға және жұмыс күшімен қамтамасыз етуге арналған уақыт.

Дайын өнімді сатуға арналған уақыт - өнімді қоймаға тапсырған сәттен бастап тауарды сатудан түскен ақша кәсіпорын шотына аударылғанға дейінгі уақыт.


2.10 сурет - Капитал айналымының уақыт құрылымы


Сызбадандан көрініп тұрғандай (2.10 сурет) қор айналымының уақытын қысқарту жолдары көбімізге таныс: өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіру, ресурстарды үнемдеу, жұмыс уақытының жоғалуын болдырмау, ауысым коэффициентін арттыру, шикізатпен жабдықтау қалпын қамтамасыз ету, жабдықтау, жарақтау жүйесін жақсарту және т.б.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку
transactions -> Әлеуметтану оқу құралы
transactions -> Темербаева Жанна Амангелдиевна
transactions -> Б. Б. Мубаракова іс қАҒаздарын қазақ тілінде жүргізу павлодар Алғы сөз Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанындағы №550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»
transactions -> А. Баймуханова Мемлекеттік тілде іс жүргізу
transactions -> Филология ғылымдарының докторы А. Р. Бейсенбаев филология ғылымдарының кандидаты, доцент А. Ф. Зейнулина педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А. Ш
transactions -> С. Т. Иксатова Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі бойынша тестілердің жинағы
transactions -> Саяси партиялар және партиялық жүйелер
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Электрмагнит өрісінің теориясы «Электр техникасының теориялық негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді