Уандық Түменбай



Pdf көрінісі
Дата24.04.2022
өлшемі439.25 Kb.
#225279
Байланысты:
Түрмедегі-торғай




Қуандық Түменбай
Т
үрмедегі торғай
Хикаят
Т
үрмесіз өмір жоқ. Адамзат бостандықта қалай өмір сүрсе‚ түрмеге
де солай к
өндіккен. Бірақ адамның болмысы қызық. Олар өздерін
емдеп‚ с
әбилерді өлімнен алып қап жүрген ақ желеңді дәрігерлерден
г
өрі қызыл жаға тәртіп сақшыларын артық көреді‚ тіпті бірге
отыр
ған жерде дәрігердің дәрежесін төмен санап‚ әлгілерден
именеді. Прокурор‚ сот‚ милиция десе тікесінен тік т
ұрады да‚ дәрігер
мен м
ұғалімді айтсаң, көптің біріндей көңілсіз қарайды. Екінің бірі
со
қыршек боп арам ішегін алдырып‚ тауықтың сорпасын сораптап
отырып: «Соларды
ң арқасы ғой аман қалғанымыз» деп бір сәт
оташыны
ң бейнесі көз алдына елестеп тәубеге келеді де‚ жарасы
жазылып‚ пыша
қ ізі тыртық боп біткесін өзін ажалдан арашалап
қалғандарды зым-зия ұмытып кетеді. Олар үшін дәрігер дегенің –
жала
қысы аз‚ қайыршының күніндей күн кешкен қоғамдағы ең
т
өменгі топтың өкілі‚ әшейін «ақ желеңді абзал жандар» деген газет
с
өзіне мәз жан дүниесі бос жаралған адамдар санатына жатады. Қазір
бізді
ң заманның адамдары үшін көшеде алатаяқ ұстап‚ қолды
әрліберлі сермеп тұрған МАИ, әйтпесе сары машина мініп‚ бейбіт
к
үнде «зар еңіретіп» зырлаған қызыл жағаның мәртебесі әлдеқайда
биік‚ оларды
ң қызметін айтқанда бәрінің аузының суы құриды. Ал
қоғам үшін осылардың қайсысы қымбат? Сүйегі терісіне ілінген аш-
ары
қ құқық пен заңды қайтпекші? Бұрын Жамбыл баба мен ақын
Олжас теледидардан т
үспесе‚ бүгін бас-басына шетел көлігін мінген
т
әртіп сақшылары экранды бермейді. Бұрын әдебиет пен өнер
өкілдері сөз алып‚ жаныңа нұр құйса‚ қазір жаңа көлік мінген
қызыл жаға: «Мынадай көлік тұрғанда қылмыскер бізден құтыла


алмайды»‚ – деп экранды жарып жіберердей 
қарқ-қарқ күледі. Осы
с
әт біздің қоғамның негізі тек қылмыстан тұра ма деп те ойлайсың.
Дені-
қарның сау болмаса, сенің заңзәкүнің кімге керек? Дені сау
адамдар 
ғана дені сау қоғамды құрамай ма. Заңды айтқанда‚
мемлекеттік тілге айнал
ған біздің ана тілімізде сөйлеу туралы Елбасы
қол қойған Заң еске түседі. Жоғарғы билік осы Заңды неге
орындамайды? Парламент 
өзі шығарған Заңды неге өзі аяқасты
етеді? 
Әлде «Балық басынан...» деген осы ма? Ал осыны түсініп‚ мені
жа
қтайтындар қанша екен? Кәне‚ қол көтерейікші. Әй‚ қайдам-ау.
«Сен б
үйректен сирақ шығармай тыныш отырсаңшы‚ алақан жайып
ж
үрген дәрігер мен мұғалімің кімге керек?» деп бәрі бас қосқан
жерде ауыз аштырмай тарпа бас салады. Мен сол отырыста
ғы сөзін
ешкім с
өйлемейтін мәртебесі төмен жалаң аяқтың өзі боп қаламын.
Сонда да е
ңсем түспейді. Ал агроном ше? Жер жыртып‚ дән сеуіп‚
асты
қ өсіретін агрономдар неге жұмыс таппай сенделіп жүр. Есесіне,
облыстарда
ғы әрбір педагогикалық институт университет атанып‚
қасына заң факультеті тіркеліп‚ шала сауат заңгерлер құмырсқаның
илеуінен шы
ққандай құжынап шығып жатыр. Сонда олар қайда
сияды‚ не бітіреді? Б
әлкім‚ біреу табылар мені қостап сөйлейтін. Кім
білсін? Осы к
үні адамдардың бәрі білгіш‚ бәрі ақылды секілді
к
өрінеді. Бірақ бетпе-бет келгенде кез келген мәселеде өз пайдасына
қарай ойысып кете береді. Тіпті‚ ақындар да өлең шіркінді алға сап‚
арнау о
қып‚ полковниктер мен генералдардың жүрегіне жол табу
үрдіске айналып барады. Дәрігер жігіт Есенбай осындай кездері
солар
ға қабағы түйіліп‚ тыжырына қарайды. Хабар көріп отырып
теледидарды 
өшіріп те тастайды. Тойда арнау өлең оқып‚ қайран
с
өзді қор қылған ақынмен қатар отыра алмай кетіп қалған кездері де
болды. Б
ұл ақынды пір тұтса‚ олар той төрінде шалқайған
генералды
ң аяғының астында құрдай жорғалап жүр.
Ол сол к
үні қарауындағы ауру Барболсын Әйтушовті соңғы рет
тексеріп‚ мида
ғы ісікті соңғы рет компьютермен көріп‚ соңғы рет
ауруды
ң қобалжыған көңілін демдеп‚ операция алдында емен-
жар
қын еркін тілдесті. Бұл оның тікелей міндеті де емес. Дәрігердің
б
әрі бұлай етпейді. Операция – ағымдағы көп операцияның бірі.
Мениншома деген диагноз 
қойылған мыйдағы ісікті оташы көп


уа
қыт өткізбей сылып тастайды‚ жаңа басталған кезде тамыр
жай
ғызбай тұқымын құртып жібереді. Бірақ ауру не ойлайды?
Адамды 
өлтіретін – уайым. Көп жұрт емге бойсынбай сары уайымға
өздерін жеңдіріп алады. Дәрігерге сеніп‚ өзін-өзі тоқтатып‚ дәрі мен
кесел‚ д
әрігер мен емделуші арасында жібек жіптей есілген түсіністік
болса‚ беті бері 
қараған «еркек» ауру қауіпті емес. Аурудың да
«еркегі»‚ «
ұрғашысы» болады. Емделуші Әйтшуовтікі – «еркегі»‚
сонды
қтан да үміт зор. Еркек – нағыз еркек болса‚ оның «еркек»
кеселін емдеп‚ жойып жіберу 
қолы жеңіл оташы үшін түк те емес.
– Ерте
ң сағат 10-да операцияны бастаймыз. Ешқандай
уайымдама
ңыз. Бәрі дұрыс болады. Мұндайдың талайын көргенбіз‚ –
деген кезде мойнын ішіне ты
ғып жүретін ауру басын көтеріп алды. –
Мынау д
әріңіз. Екі құты. Бөлімшеде бары осы ғана. Бұны да
ме
ңгерушіден сұрап алып отырмын. Қалған екі құтысын өзіңіз
табасыз. 
Өте қымбат. Цифзол деген дәрі‚ – деп қолына рецепт
қағазын ұстатты. Аурудың мойны жейдесінің ішіне қайта тығылып‚
б
үрісе түсті‚ тіпті көнетоз жейденің жағасынан қылтиып қана
шы
ғып‚ адам сұлбасы екендігін айғақтап тұр. Осы облыстық
аурухана киімге жарымай-а
қ қойды. Ескі-құсқы көнетоз киімдерді
ескі бюджетті
ң еншісінде қалдырып‚ қаңтардағы жаңа бюджетпен
жа
ңалап отырса қайтеді екен.
– Б
ұл қашанға? – деді ауру Әйтшуов көңілсіз күбірлеп.
– Оны 
өзіңіз білесіз. Әзірге екі құты жетеді. Асықпай алсаңыз да
болады.
Сыр
қат есіктен шыға берді.
– Уайымдама
ңыз. Бүгін қызыл шәйді көп ішпеңіз. Теледидар
к
өрмеңіз. Еш нәрсе оқымаңыз. Басыңыз операцияға таза барып‚
м
ұнан да гөрі тазарып қайтсын.
Ауру ты
ңдап тұрды да есікті тарс жапты. Дәрігер телефонды қолына
алды. 
Үйленгеніне бір-ақ апта болған жұбайына ыңғайы келсе
хабарласып 
қояды. Қыздар педагогикалық институтының кітапхана
факультетін бітірген ж
ұбайы болса кітапхана жүйесі тарылып‚


қысқарып кетіп үйде отыр. Бір бөлмелі жалдамалы пәтерге АҚШ-
ты
ң елу долларын төлейді. Әйтеуір‚ телефоны бар.
– Мен 
ғой. Ертең операция. Ертерек барып демаламын.
– Ерте келгеніне 
қарсы емеспін‚ – деген жарының сөзін естіп‚ табаны
жерге тимей алып-
ұшты.
Бір апта б
ұрын мешітте некелерін қиды. Алдын ала Неке сарайына
барып еді‚ неке туралы ку
әлікке қол қою үшін төленетін ақша бұның
бір айлы
ғынан асып жығылды. Америка ақшасымен есептегенде 100
доллар айлы
ғының 50-і пәтерақыға кетеді. Адам болғасын ауыз бен
ас
қазан төлеуі тағы бар. Мешітке келіп еді‚ «Сәрсенбінің сәтті күні
келуі
ңе болады»‚ – деді басына дағарадай сәлде ораған бет-аузы бір
ш
өкім жас имам. Мешіттен неке суын ішті‚ жұбайының құшағы
г
үлге толды. Осы көрініс өмірінің ең бір тәтті шағы боп көкірегін
жылы сезімге орап‚ к
өз алдын кес-кестейді де тұрады. «Мешітіміз
бол
ған қандай жақсы» деп өзіне-өзі риза болса‚ сонан кейін әр кез
үйге қарай асығар еді.
Ол 
өзі жұмыс істейтін нейрохирургия бөлімшесінен шыға берді.
Ұзын дәлізде мойнына су кеткендей салбырап‚ арқасы дүңкиіп біреу
кетіп барады. «Мынау 
Әйтшуов қой. Уайымдама деп едім. Неге
соншама басы т
өмен түсіп кетті екен? Пышаққа түсу оңай ма? Ол да
ет пен с
үйектен жаралған пенде. Әкем соғыстағы күндерін еске
ал
ғанда жараланып жатып‚ жігіттермен‚ медбикелермен әзілдесіп
жататынбыз деуші еді. Ол – со
ғыс. Ондағы бір-ақ мақсат – жауды
же
ңу. Қазір бейбітшілік. Біздегі бір-ақ мақсат – денсаулықты күтіп‚
жа
қсы өмір сүру».
Есенбай 
қол көтеріп тоқтатып‚ ығы-жығы маршруттық таксиге
ытырылып сиып кетті. «Тезірек 
үйге жетсем болды ғой» дейді жаңа
үйленген жарына асыққан жігіттің алабұртқан ойы.
***
Ж
ұмысқа бәрінен ерте келеді. Бөлімше дәрігерлері таңғы сегізден
өте асығып-үсігіп жетіп‚ сырт киімдерін ақ желеңге ауыстырып‚
іркес-тіркеспен 
әрең жеткенін айтып‚ кейбірі темекісін тұтатып‚ әп-


с
әтте жұмыс күнінің жаңа басталған көрінісі абыр-сабырмен көзді
ашып-ж
ұмғанша өте шығады. Сосын бәрі «Сырқат кітапшасына»
үңіліп‚ кеселді адамның бойынан кешегі көргені мен онан кейінгі
сараптама н
әтижесін дәрігерге тән айқыш-ұйқыш қолтаңбамен
асы
ғыс-үсігіс толтыра бастайды; бас-аяғы бір сағатта ауру
аралайтындары палата
ға кіріп‚ операциясы барлары операция
б
өлімшесіне еніп көзден ғайып болып‚ бөлімше жетімсіреп бос
қалады.
Есенбай 
ә дегеннен жұмысқа ерте келуді дағдыға айналдырды. Үш
жыл болды‚ сегіз болмай келіп‚ «Сыр
қат кітапшасына» да ерте үңіліп‚
палата аралау
ға да бәрінен бұрын кетеді. Таңертең сегіз жарымдағы
бес мин
өттік лездемеге «кешіктің» деп әйелден де‚ еркектен де
ескерту естімеген жал
ғыз өзі. Сонан болар‚ әріптестері теледидар
ба
ғдарламасының атын балап қойған «Уақыт» деген де қосалқы аты
бар.
Б
үгін де ерте келді. Жеңіл плащын шешіп‚ ақ желеңге ауыстыра
бергені сол еді‚ біреу есіктен сы
ғалағандай болды да‚ артынша ауру
Әйтушов кіріп келді. Басы кешегідей салыңқы емес‚ сәл де болса
жейдені
ң жағасынан тік қылтиып көтеріңкілеу көзге шалынды. Қос
жанары бір н
әрсе іздеп жүйткіп‚ өңі алабұртып тұр. Дәл операцияға
т
үсер күні палатадан аттап шығуға болмайды. Енді екі сағаттан кейін
оны
ң миына пышақ тиіп‚ ауру мен дәрігердің айқасы басталады.
– Мен д
әрі іздеп таба алмаймын. Ақысын берсем‚ бәлкім‚ өзіңіз
тауып берерсіз‚ – ерін 
ұшынан осы сөз шығаршықпаста-ақ екі иығы
қушиып‚ арқасы дөңкиіп есіктен шыға берді. Ескі жейденің түймесін
де салмапты‚ ал
қамсалқам омыраудың ар жағынан жүндес
к
өкіректің одырайған сүйегі көзге қораш шалынып тұр.
– 
Қызық адам екенсіз... – үстел үстінде қалған дәрінің рецепт қағазы
мен 
әл-Фараби бейнеленген 500 теңгелікті қосып бүктеп желеңінің
т
өс қалтасына сүңгіте салды. Көзді ашып-жұмғанша көк есік
шал
қалай ашылып‚ әуелі милиция формасын киген екі қызыл жаға‚
со
ңынан қарапайым киінген тағы бір жігіт кіріп келді.
– 
Қозғалмаңыз!


Екі 
қызыл жаға қарап тұрды‚ қарапайым киінгеннің қолы ақ
желе
ңнің төс қалтасына сүңгіді де‚ ақ қағаз бен 500 теңгелікті
сауса
қ ұшымен суырып алып шықты. Сосын қос алақанын
жай
ғызып‚ көгілдір сәулеге малып біраз тұрды. Сол кезде ғана
Есенбай ала
қанына боялған ақшаның көкшіл дағы жұғып қалғанын
бай
қады.
– Сіз пара алу 
үстінде ұсталдыңыз‚ – деді қарапайым киінген жігіт.
Әлгі екеуі қолын қайырып тұрып кісен салды.
Әл-Фараби бейнеленген 500 теңгелікті үстел үстінде жатқан күйі
суретке т
үсірді. Қасында дәрінің рецепті. Өзін де тік тұрғызып
қойып‚ қарсы алдынан‚ қырынан әлденеше шыртылдатып‚ жансыз
бейнесін алды. Е
ң соңынан екі қызыл жаға – алда‚ қарапайым
киінгені – артта‚ 
үшеуінің ортасында ештеңеге түсіне алмай әрі-сәрі
боп есіктен шы
ға бергенде бөлімше меңгерушісі Анастасия
Федоровна 
қарсы жолығып‚ қолын жүрек тұсына қойып тұрып
қалды.
– Сіз кім боласыз? – деді 
қарапайым киінген жігіт.
– Б
өлімше меңгерушісі...
– Аты-ж
өніңіз?
– Ливенцова Анастасия Федоровна.
– Сізді
ң қарауыңыздағы дәрігер Қойбағаров Есенбай пара алу
үстінде тұтқындалды. Сізбен хабарласамыз...
Ол осылай т
үрмеге түсті. Жалғыз адамдық қамера.
«Мені неге жал
ғыз қамады екен? Қоғам үшін аса қауіпті қылмыскер
бол
ғаным ба?» Бұған да өзі ой кешу үстінде болжам жасады.
Т
әуелсіздігіміздің бес жылдығына кешірім жасалып‚ түрме босап
қалды дегенді естіген. Босаса‚ толтырып жатырмыз ғой». Езуіне күлкі
үйірілгенмен, бір күн бұрын араққа жығылған адамдай басы сынып
әкетіп барады. Қолаңса иістен дем ала алмай өкпесі қысылды. Үш
қабатты темір нар. Жалғыз торлы терезе. Шұңқырдай дөңгеленген
әжетхана. Торлы терезенің арғы беті – күн‚ бергі беті көлеңке.


Еште
ңеден бейхабар мылқау дүние. Темекі шегіп‚ күйіп бара жатқан
к
өкірегін ащы түтінмен ыстағысы келді. «Шіркін‚ жүз грамм таза
спірт болса 
ғой» деп армандап‚ бір сәт дүниедегі ащының бәріне
араны ашылып кетті. Темекіні 
қойып кеткен‚ спірт болса оңтайлы
жерде бас тартпайды. «К
өздері жетер. Бұлай құлып астына қамап
қоймас. Басқа басқа‚ Анастасия Федоровна бәрін де біледі ғой». Басы
сынып бара жатса да ілкі с
әт көңілін тоқ санады. Күн түстен ауып‚
кеш жа
қындап келеді. «Мыналар өзі... Әйелім үйімде күтіп отыр.
Б
үгінгі операциям не болды екен? Жеті күн бұрын Алланың үйі –
мешітте 
қолымды жүрегіме қойып‚ неке суын ұрттап едім‚ бүгін
ж
ұбайыма жете алмай, түрменің төсенішінде жатырмын. Қызық
өмір». Күн алаулап‚ артына қарап бір нәрсені қия алмаған адамдай
д
өңгеленіп тұр. Аспанды көлеңке тұмшалағаны кісі бойынан көп
биік торлы терезеден к
өзге байқалады. Сығырайып шам жанып тұр.
Осы к
үңгірт түскен шам болмаса бұ жер нағыз тас қараңғы түрме-
т
үннің өзі болар еді. Күндіз жағылған шам жігіттің жанарын кеміріп
жеп 
қойды. Ол етбеттеп жатты.
«К
үнімай күтіп отыр-ау».
К
үн алаулап батып барады.
***
Қуықтай бөлмеде қолаңса иіскеп екі күн жатты. Екі күнде екі рет
дала
ға шығарды. Қалыңдығы құшақ жетпес цемент қабырғаны
к
өріп‚ тормен тұмшаланған аспанға қарап көңілі құлазыды. Төрт
б
ұрышты тор арасынан көк аспанның жұқанасы жылт-жылт етеді. Екі
к
үнде бір мезгіл сылдыр су сорпа мен үш мезгіл бір стаканнан
жылымшы ш
әй‚ бір тілімнен нан берді. Нанды жеп талғажау қылды‚
ара-арасында ш
әйдан ұрттады‚ қалайы тостақтағы сұйық сорпаны
т
өкпейшашпай кезекшіге кері қайтарды.
Б
үгін тергеуге шақырды.
– Сіз 
Қазақстан Республикасы Қылмысты істер кодексі 11-бабының 1-
б
өлігі бойынша‚ яғни қызмет бабын пайдаланып‚ пара алу үстінде
ұсталдыңыз. Сондықтан бір жылдан бес жылға дейін немесе үш
жылдан жеті жыл
ға дейін бас бостандығыңыздан айырыласыз.


– Параны кімнен алыппын?
– Ауру 
Әйтшуовтен.
– Беттесуге бола ма?
– Асы
қпаңыз.
Тергеуші 
өзін түрмеге алып келген екі қызыл жағаның қасындағы
қарапайым киінген жігіт екен. Орысша сөйлейді. Бұл қазақша тіл
қатып еді‚ «Орысша сөйлеңіз» деп талап қойды.
– Мен 
қазақпын ғой.
– Мен де 
қазақпын. Ұлт мәселесімен кейінірек айналысарсың‚ қазір
с
ұраққа ғана жауап бересің. Пара алғаныңды мойындайсың ба?
– Пара алсам, мойындар едім‚ алмасам, 
қалай мойындаймын?
– Сені
ң төс қалтаңнан шыққан ақшада алақаныңның табы тұр.
Д
әрінің рецептінде де бар.
– Жігітім‚ мен сізден 
үлкенмін ғой. Неге «сен» деп сөйлейсің.
– Тергеу лексиконында «сіз» деген с
өз болмайды.
Ол 
әл-Фараби бейнеленген көкшіл 500 теңгені иегімен нұсқады.
«Т
өл теңгем‚ өз ақшам өзіме куә боп тұрсың ба?» деген сумаң еткен
сылдыр ой 
Қойбағаровтың басынан жүйткіп өтті.
– Мені
ң сонда емделуші аурудан ақша сұрағаным ба? – деді қазақша.
– Біріншіден‚ 
қазақша сөйлеме. Екіншіден‚ өзің рецепт беріп неге
оны 
қайтып аласың? Неге дәріні тегін бермейсің?
Ә дегеннен «сен»-ге көшкен тергеушінің даусы саңқ-саңқ етеді.
– Мен 
қазақша оқыдым. Сондықтан қазақша сөйлеймін.
– Мен орысша о
қыдым. Сондықтан орысша сөйле деп талап етемін.
– Бар д
әріні тауып бердім. Бізде осылай‚ – деді ол ана тілінде сөзін
жал
ғастырып. – Жоғын аурудың өзі табады. Оның үстіне, оған сол
к
үні операция жасалуы тиіс еді. Рецепте бөлімше меңгерушісі
Ливенцованы
ң қолы бар.


Тергеуші тілдей 
қағазға бір қарады да:
– А
қшада сенің қолыңның табы бар. Сотталасың. Бүгінше бітті‚ –
деді.
Қолы артына кісендеулі күйі камераға әкелді. Түс ауа қырық
мин
өттік тордағы серуенге шығарды. Қырық минөтке жетер-
жетпесте 
қапырыққа қайта кіргізді. Тар жерде тағы да ұшы-қиыры
жо
қ ой-серігімен қауышты. «Үйге хабар бер» деп тергеушіге неге
айтпадым? Білмейді дейсі
ң бе. Күнімайға жұмыстағылар айтқан
шы
ғар ендігі. Гу-гу әңгіменің бас кейіпкері өзім емей кім дейсің. Үш
жыл д
әрігерлік өмірімде біраз нәрсеге куә болдым‚ бірақ мынадай
опасызды
қты көрмеппін-ау деп таңғалды. – Мұны да көрдің,
па
қырың‚ – деп қинала миығы тартты. Көз алдынан аурухананың
ұзын дәлізі мен кең есіктері‚ көкшіл терезелері бірінен кейін бірі
тізіліп 
өтіп жатыр. Кең дәлізде теріс қарап бір сұлба кетіп барады.
Бет-
әлпеті белгісіз‚ бірақ осы ауру Әйтшуов-ау деп тұспалдады. Не де
болса бері 
қараса екен. Жоқ, қарамады. Әйтеуір, біреуге өкпесі бар
Әйтшуов қой мынау. Мені елес жеңейін дегені ме деп басын кегжең
еткізіп к
өтеріп алды. – Жоқ‚ олай бола қоймас. Елеске әлі ерте».
Бір жыл облысты
қ аурухана жанындағы медициналық сараптау
комиссиясыны
ң мүшесі болды. Сонда қояншықпен ауырған отыз
бестегі жігіт сарап комиссиясыны
ң талқысына түсті. Комиссия не
зейнетке шы
ғарады‚ не келісім бермей қайтарады.
– Айына неше рет 
қояншығың ұстайды? – деді жүйкені емдеуші
д
әрігер.
– Сана
ғаным жоқ.
– Айына 
үш рет құламасаң зейнетақы жоқ.
– Мен зейнета
қы үшін емес‚ құжат үшін келіп отырмын. Кім біледі‚
болаша
ғымның қандай боларын. Ертең ешкімге керексіз боп далада
қалсам‚ құжатым болмаса‚ менің сөзіме кім сенеді.
– 
Қарашы‚ тереңнен толғауын. Айына неше ретқұлайсың?– деді
комиссия т
өрағасы.


– Кейде к
үнде құлаймын. Егер көңіл күйім болмаса бір емес, бірнеше
рет 
құлаймын. Көңілді болсам‚ айына бір рет те құламаймын. Маған
құлаудың тіпті де қажеті жоқ. Мен құламауға тырысамын. Мен әлі
жаспын.
– 
Құрметті төраға‚ – деді бұл орнынан ұшып тұрып.
– Жігітті
ң қояншық екендігі айдан анық‚ жүз пайызға дәлелденген.
Біз неге оны соншама с
ұрақтың астына алып‚ жанын қинаймыз. Ол
бар шынын айтып отыр. 
Үшінші топқа жатқызайық.
– Сізді
ң салаңыз нейрохирургия. Өз салаңыз бойынша сөйлеңіз‚ –
деді т
өраға.
– Мен комиссия ретінде пікірімді айту
ға қақылымын.
Со
ңғы рет қашан құладыңыз? – деп ауруға сауал қойды.
Жігіт ж
өн сөзге дұрыс жауап бергісі келгендей ақтарылып кетті.
– Асы
ғып бара жатып‚ Мәншүк пен Әлияның ескерткіші алдынан
өте бергенде‚ соларға қарай беріп‚ солардың жастығын‚ жетімдігін...
жасты
ғын арқаланып, жаумен қалай айқасқанын ойлай беріп...
қояншығым ұстап‚ құлап қалдым. Бұғанам сынды.
– 
Құлап үйрену керек‚ – деді төраға. – Бұғанаң туралы дәрігерлік
аны
қтамаң бар ма?
– Жо
қ. Папаниндегі ауруханада оташылар сала алмай... профессорды
екі к
үн күтесің дегесін‚ Тұздыбастаудағы Қытайдан келген
сыны
қшыға салдырдым.
– Бізге аны
қтама керек.
– Аны
қтаманы Папаниндегі ауруханадан алып кел. Сонда тіркелдің
ғой. – деді Есенбай ара түсіп.
Сол жігіт 
үшінші топтағы мүгедектік алды‚ бірақ бір жылдан кейін
та
ғы да намысын шарыққа жанып‚ жанын шырқыратады ғой әлгілер.
Қояншық – жазылмас кесел. Оған тек көтеріңкі көңіл күй мен
с
әбидей күтім керек. Кеселдің себебін де ешкім дәл басып айта
алмайды. Есенбайды алты айдан кейін болатын сараптамада комиссия


м
үшелігіне кіргізбей қойды. Өкінген жоқ. Тек әлгі аузынан сөзі
т
үскен жігітті ұмыта алмады.
Жігітті
ң жанарын не жарық емес‚ не қараңғы емес‚ мынау дүбәра
с
әуле әбден алдаусыратып қинап бітті. Көзге түртсе көргісіз қоп-қою
қараңғы түнді аңсай бастады. Қарманып‚ көзін қара шүберекпен
та
ңып алғысы да келді‚ бірақ бір қуыста отырып‚ тіп-тік
қабырғаның ішінен бір жұлым шүберекті қайдан табарсың? Күндіз
к
өз шағылыстырған жарықта‚ түнде көзге түртсе көргісіз
қараңғыда өмір сүрген Адам қандай бақытты еді.
Ол б
ұл жерге қалай түстім‚ кім түсірді деп әлі он ойланып‚ тоғыз
тол
ғанып талқыға салған жоқ‚ бір білместіктің кесірі болар деп
к
өңіліндегі кірді жуып-шаюмен отыр. Мынау қапас түкпірден бүгін-
ерте
ң шығып кететіндей де көрініп‚ патша көңілі үзеңгіге аяғын
сала береді. Адам – 
үмітпен ғана адам. Үміті жоғалған адам жер
басып ж
үре алмас еді.
***
Б
үгін екінші рет тергеуге шақырды. Тағы да сол өзі құралыптас жігіт
отыздан ас
қан өмірінің он жылын милицияда тергеуде өткізгенін
айтты‚ еш
қашан асықпайтынын тәптіштеп жеткізді.
– 
Өйткені қазір қылмыс көп емес‚ Елбасы жариялаған кешірімнен
кейін камералар бос‚ мен ай бойына істі 
өндіріске өткізуге
асы
қпаймын‚ – деді.
– 
Әйелім естіді ме? – деді бұл.
– Естісе естіген шы
ғар. Біз тергеу кезінде тек тергеуге байланысты
т
ұлғалармен ғана байланыс жасаймыз.
– Онда мені 
қаралаушымен беттестіріңіз.
– Беттеспей 
қалмайсың.
– Сен 
қылмысыңды мойындайсың ба? Әуелі осыған келісіп алайық.
– 
Қылмыс дегеніңіз қалай жасалады? Мен өзі не болғанын да
білмеймін.


– Д
әрі сатып ал дегенді білесің‚ – деп тергеуші төтесіне көшті.
– Д
әрі болмаса, ауру жазылмайды ғой.
– 
Өздерің неге тауып бермейсіңдер. Облыстық аурухана‚
нейрохирургия б
өлімшесі‚ миында ісігі бар адам...
– Адам
ға қамқорлықты менен сұрамаңыз. Мен аурудың алдындағы
міндетімді адал ат
қаруға тырысамын. Мен ең кедей мемлекетте өмір
с
үріп отырғанымды да білемін. Ал дәрігер барлық уақытта жоқтан
бар жасау
ға тырысады. Бюджетте жоқ дәріні аурудың өзі сатып
алады.
– Ал 500 те
ңге қалайша сенің қалтаңа түсті?
– Ой‚ 
Құдай-ай! – деп қазақшалап‚ көктегі жарылқаушы жаратқанды
ауыз
ға алды. Бұған дейінгінің бәрі тергеушінің ырқында орыс
тілінде айтылып еді. – Келді. Кетті. Мен онымен с
өйлесіп те үлгере
алмадым. Сау ете 
қалдыңдар ғой көктен түскендей‚ соның
шы
ққанын аңдып тұрып. Соны төс қалтама неге салдым екен.
«И
ә‚ мен операциядан кейін таныстар арқылы цифзол іздеуді
ойладым. Оны
ң өтініші солай болды ғой. Ең әуелі операция сәтті
өтсін дедім. Ол сәтте менің миымда тұрған бір-ақ нәрсе – операция».
Ол осыны
ң бәрін қиялында қайталап айтып тұр еді.
– И
ә‚ біз солай сау ете қаламыз. Өйткені сенің ақшаны қалтаңа
салатыны
ң белгілі.
– Ауру д
әрі әкеп бер десе‚ мен оны қалтама салмай қайда салам. –
Б
ұл өршеленіп кетті.
– Б
үгін осымен бітті‚ – деді тергеуші басылып қап.
Та
ғы да сол көрініс‚ күндегі үйреншікті дағды. Түсте сасық иісі
м
үңкіген сорпаны кезекшіге қайтарды да‚ жылымшы шәй мен бір
тілім нанды тал
ғажау етті. Сөйтіп‚ қос қолын басының астына
тара
қтап тастап жатқанда шыр-шыр еткен бір жіңішке дауыс шықты.
Тор
ғай шырылы. Атып тұрып‚ әуелі құзданған төрт қабырғаға‚
сосын темір есікке 
қарады. Шыр-шыр еткен бозторғай үн жанына
жа
ғып барады. Темір терезенің ар жағынан естіле ме... Әкесі


тор
ғайдың ішінде көкегі тәуір‚ ауып бара жатса да өз тілінде
сайрайды дейтін. Ал мынау 
қай тілде шырылдайды. Бұның да өз тілі‚
өз үні болғаны‚ әйтпесе мынау бостан-бос шырыл емес қой. Сірә‚
бір н
әрседен қорынса керек. Тергеушім өз тілінде сөйлемейақ қойды.
Мен сонда орыс тілінде жазыл
ған айыптау актісіне қол қоям ба? Ол
осы жатысыны
ң бекершілік екенін‚ артымнан жанашыр біреулер іздеп
келіп‚ шы
ғарып алар деген дәмесінен әлі де күдер үзген жоқ.
«Тергеушіні
ң сөзіне қарасаң, мен осы жердің тұрақты тұрғыны
секілдімін».
Ол 
үшінші қабаттағы нарға шықты да‚ торлы терезеге қарады.
Тор
ғай жоқ. Терезенің болар-болмас жақтауында тұмсықпен шоқып
тасы
ған саз балшық жатыр. «Ұя салам деп әуреленіп жүр ме екен.
Неге сонша шырылдайды‚ сабаз?! Неге ке
ң даладан жер
табылма
ғандай түрменің терезесіне ұя салуға әрекеттенді екен?»
Бала к
үнінде шатыр көмкерген үйдің төбесінен торғайдың
қызылшақа балапаны жерге құлап түскенін көрді. Қанатын әлі
қақпаған қызылшақа ұядан аңдаусызда ауып кетті. Қайдан сап ете
қалғаны белгісіз‚ аш мысық атылып кеп қақшыды да кетті. Көзі
ш
үңірейген мысықтың аузында әлі жүні шықпаған қызылшақа
балапан ши
қ-шиқ етіп үні үздігіп барады. Ал мына торғай мысық
жо
қ жерге ұя салмақшы болды ма екен. Мысықтың тілеуі – өлім. Осы
үйдің баласы өлсе, сүтін мен ішер едім деп күндіз-түні тіленіп
т
ұрады дейді. Біздің үйдің мысығы да сондай тілеуі зор мысық
болды‚ біра
қ мысық тіледі екен деп торғай торға‚ балапаны ауызға
т
үсе беруі керек пе. Олардың да пешенесіне бейқам өмір сүруді
жаз
ған шығар. Әлсіздің әлдіге жем болуы өмірдің ережесі емес
қой?! Торғай жоқ‚ үш-төрт шоқым саз балшық жақтауға жабысып
т
ұр. «Сал ұяңды‚ торғайым‚ мен саған‚ сен маған серік болайық».
Ол темір нарды
ң үшінші қабатынан түсіп‚ орнына жатты. Әлгі
тергеуші жігіт отыздан ас
қан өмірімнің он жылын тергеуде өткіздім
десе‚ б
ұл да өмірден хал-қадерінше өзінің сыйын алыпты. Ендігі
сыйы – мынау. Ау
ғанстанға запастағы офицерлерді жинағанда
госпитальда д
әрігер болды. Кушкада ауыр жаралыларды емдеді‚
нейрохирург болса да мамандар тапшылы
ғының салдарынан жалпы
хирургияны
ң міндетін атқарды. Дұшмандар екі қол‚ екі аяғын кесіп


алып‚ тік
ұшақпен төбеден тастаған тірі өлік – томар адамды да көрді.
О
ған бірінші топтағы мүгедектік беріп еліне қайтарды. Комиссия
анау-мынау деп б
ұлталақтайын десе‚ көзге томарлығы көрініп тұр.
Саясатты
ң да бұлталағы көп. Студенттерді әскерге алып‚
Ау
ғанстанға аттандырды. Бұнымыз білместік екен‚ біз Ньютондардан
айырылады екенбіз деп а
ғаттығын кеш түсініп қайтадан кері
қайтарды. Осының бәрі – не ойланып‚ не ойланбай істелген тірлік.
Сонда госпиталь
ға түскен‚ аяғына шұлғау шұлғана білмейтін
студентпен кездесті. Ш
ұлғау шұлғанса екі аяғы бірдей жара боп
етігін с
ұға алмай қалады‚ екі күн өтісімен госпиталь бастығы:
«Шы
ғарып жібер‚ соғыссын!» – дейді. Ол шығар-шықпастан
а
қсаңдап қайта түседі. Қып-қызыл жара‚ тиянақты емдемесе, аяқ
ірі
ңдеп, қағындыға айналуы мүмкін.
– 
Қарағым‚ қай жерденсің? – деді оңаша шақырып ап.
– Алматыдан.
– 
Қайта оқисың?
– Политехті
ң автоматикасында.
– 
Әке-шешең бар ма?
– Бар.
– 
Әке-шешеңе хат жаз. Келіп алып кетсін. Әйтпесе аяқтан
айырыласы
ң.
Әкесі келді. Бақуатты екендігі ойнақшыған көзінен‚ мығым
ж
үрісінен көрініп тұр. Келген күні Есенбаймен еменжарқын сөйлесті
де‚ бір ж
әшік арақ алдырып‚ госпиталь бастығымен бөлек кетті.
К
өңілін тапса керек‚ баласын үш күнде кері алып қайтты. Кетерінде
қоштаспады да. Әкесіне қарағанда баласы есті екен‚ іздеп келіп‚ қол
беріп 
қоштасып тұрып: «Сізге рақмет. Сіз болмағанда... мен сізді
б
әрібір іздеп табамын»‚ – деді. Солардың рухы осындайда араша да
т
үспейді-ау».
Тор
ғай шыр-шыр етті де, көрінбей кетті. Сол дауыс ұзақ күн бойына
жанына серік болды. Адал адалды а
ңсайды‚ тірі жанның киесі


болады. 
Құмырсқаның да киесі бар. Оны өлтірсең, есесі бұралаң
жолда бас
қаша қайтады. Бір нәрсе өмірі есінен кетпейді. Студент
кезінде Тор
ғай даласына студенттік құрылыс отрядының құрамында
ж
ұмысқа барды. Түскі үзілісте тігулі палатканың ішінде‚ көз
шырымын алайын деп мыз
ғи бергені сол еді‚ жантүршігерлік
шы
ңғырған дауыстан шошып оянды. Адамдікі емес‚ адамға ең
жа
қын түлік – қойдікі де емес‚ әйтеуір, жандалбасалаған бір
ма
құлықтың жалынышқа толы қайсар үні. Сөйтсе‚ бір жігіт даладан
бір 
қап тасбақа жиып әкеп‚ қайнап тұрған қара қазанға ақтара
салыпты. «К
үлсалғыш жасаймыз»‚ – дейді мәз болып‚
жант
үршігерлік ащы дауысқа жаны рахаттанып. Сол жігіт қармақ
салып ж
үргенде тасбақа дауылы соғып‚ адасып өлді. Бұлар сонда
оны
ң істеген күнәсін‚ бейкүнә мақұлықты қалай қорлағанын
жа
ғаларын ұстап тұрып еске алды.
Кенет торлы терезеге бір н
әрсе тағы сарт етті. Іле шықылық-
шы
қылық еткен жіңішке үн естілді. Жігіт әпсәтте ойдан арылып‚
темір нарды
ң үшінші қабатына атқып шықты. Сол қараторғай.
Т
ұмсық ұшы қарайып тұр. Болашақ ұяға тағы да бір шөкім қара
балшы
қ қосылыпты. Алып қабырғалар да осылай қаланады. Мен
шы
ққанша бітер ме екен ұясы? Әлі жұмыртқа шығарып‚ оны
бауырына басып шай
қап біраз жатады. Сосын балапанын шығарады.
Соны
ң бәріне мен осы қоңсық иісті қапаста куә болам ба? Сен
еркіндікте 
қалықтап жүріп‚ адамзаттың дұшпанына тілемес түрме
терезесіні
ң маңдайшасын неге таңдадың екен? Әлде саған ең
ы
ңғайлы жер осы болды ма? Мен неге торлы терезеден сәуле күтіп
жатырмын. Мені
ң көрем дегенім осы ма еді? «Ат баспаймын деген
жерін 
үш басады» деуші еді әкем торыққанда. Мен де сол адасқан
жыл
қыдай боп жатырмын ба? Бәрібір бұл жер мені қорқыта
алмайды‚ тек хирург Есенбай 
Қойбағарұлы парамен ұсталып‚
т
үрмеде жатыр деген сөз жанымды тілгілеп‚ тар қапасқа сыймай
кетем. Неге т
үйені түгімен жұтқандар осылай жатпайды? Неге ішкі
істер министрі парамен 
ұсталып‚ Қазақстаннан қашып үн-түнсіз
Ресейге кетеді? Неге алты баласын асырау 
үшін қырманнан бір қап
бидай ал
ған қазақ тәуелсіз еліміздің ілгері басқан қадамын кері
тартушы масыл ретінде айыпталып‚ 
ҚазТАГ арқылы газеттердің


бірінші бетіне жарияланып‚ эфирлерден насихатталады? Мен неге
жатырмын осы жерде?» Ол атып т
ұрып тағы да торғайға қарады.
Ұшып кетіпті. Тағы да тұмсығымен балшық әкелуге кеткен болар. Не
де болса к
үн суытпай тұрып жылы ұясын бітіріп алса... Менің
К
үнімайым ше? Оның ұясы да аяқастынан тас-талқан болған жоқ па.
Ұяның қамын ойлап‚ жаны ашып‚ әділін айтар бір пенде табылар ма
екен?
К
үн ұясына батып барады.
Ол тор
ғайды күтті.
***
Б
үгін тергеуге екі иығын зіл басып‚ өзін ауыр сезініп келді. Камера
мен тергеушіні
ң бөлмесі арасында қолына кісен салып қоятыны да
жанын ширы
қтырып‚ жүйке тамырларын жіңішкертіп жібергендей.
Егер де ауру 
Әйтшуовпен кездестіре қалса, буындырып өлтіруге да
шын бекінген т
үрі бар. «Енді осы жатқаным жатқан‚ – деді ол.
– Мені ешкім де шы
ғарып ала алмайды. Патша тұсында «Ресей –
халы
қтар түрмесі» деуші едік‚ біздің тәуелсіздіктің түрмесі де
әкеміздің үйі емес. Түрменің бәрі бірдей‚ оның өзгермейтін өз заңы
бар. Егер б
үгін беттесе қалсам‚ ауру Әйтшуовті буындырып, әйтпесе
бір 
ұрып өлтірсем... ақыры сотталғасын айызым қанып сотталайын.
Өзі инеліктей‚ қушық иық Әйтшуов бір ұрғаннан қала қоймас.
Жанды жерден д
әлдесем... Бірақ мұндайлардың жаны сірі болады».
Ол бес сауса
ғын бүгіп‚ топ-толық жұдырығына қарады. Жұдырығы
жуан емес‚ оташылар
ға жуан жұдырық жараспайды. Оның қолы
адамны
ң ішек-қарнын‚ жалпы он екі мүшесін бипаздап ұстауға бейім
болуы керек. «Оташыны
ң пышағы болмаса қолы нәзік қой» деп
ызаланып т
ұрып миығы тартты. «Кездессе ғой. Буындырып бір
мин
өт тұрсам жетеді. Тергеуші ара түсем дегенше бір минөт
жыпылы
қтап өте шығады. Сонда мен парақор емес‚ қанішер боп
сотталар едім. Сонда мен на
ғыз ер Есенбай атанар едім».
Б
ұл иығына он екі батпан зіл артып кіргенімен, тергеуші бұрынғыдай
емес‚ к
өңілді қарсы алды. Темекісін шүйіре шегіп‚ айналмалы


орынды
қта екі тізесін дір-дір еткізіп‚ арлы-берлі ырғалып, бір жұмақ
д
үниеге малынып отыр.
– Айтшы‚ азамат 
Қойбағарұлы‚ бұған дейін тірі жанға иненің
жасуындай болса да 
қиянатың болды ма? – деді ол ә дегеннен.
– Болды‚ – деді б
ұлтармай.
– Айта отыр. Б
ұл протоколға түспейді‚ – деп қорабы ашулы темекіні
алдына 
қарай ысырды.
– 
Қиянаттың үлкен-кішісі болмайды. Қиянаттың аты – қиянат. Қысқы
каникулда на
ғашымның үйіне бардым. Нағашым мерген еді. Бала
к
үнімде патрон оқтап отырғанына қызыға қарайтынмын. Ол маған:
«
Әр патронға бес бытырадан сала бер»‚ – деп нұсқау беретін. Мен
қаздың баласындай шүпірлеп сап түзеген патронға бес бытырадан
санап саламын. Ол риза болады да: «Енді ортан белінен келтіріп
о
қдәрі сал»‚ – дейді. Мен қап-қара ұнтақ оқдәріні патронның ортан
беліне дейін толтырамын. Сосын 
өзі ескі газеттерді дар-дар жыртып‚
д
үммен нығыздап‚ тығындай бастайды. Қарашы‚ бір құсты өлтіру
үшін адамзат қалай әбігерге түсіп‚ қаншама әрекет жасайды?
Осыны
ң бәрі қиянат емес пе. Оған менің де қатысым бар.
– 
Қызық екен. Басқа‚ крупный қылмыс істеген жоқсың ба?
– Істедім. Сол жолы мен де 
қолыма мылтық ұстап‚ беліме оқшантай
байлап‚ а
ңға шықтым. Нағашым қалың қамысқа қарап «Ай!» десе
болды‚ 
үркек‚ аңқау қырғауыл пыр-р етіп ұша жөнеледі. Нағашым
к
өздемейді. Мылтықты көтеріп‚ шүріппені басып қалса болды‚
қырғауыл қанатын қаға алмай топ етіп жерге түседі. Иті барып
сала
қтатып тістеп алып келеді. Мен қолымды қандап бауыздаймын.
Осы 
қылмыс емес пе.
– Сен де 
қызық екенсің. Оның тәтті етін екеуің қосылып жедіңдер
ғой.
– И
ә‚ еті тәтті. Тәттінің бәріне адамзат жауыздық арқылы жетеді.
– Б
әрі осы ма?
– Жо
қ. Нағашымнан «Көздемей қалай тигізе бересіз?» деп сұрадым.


– Міне‚ 
қара‚ мылтықтың ұшы мен стволдың бойындағы түртиіп
т
ұрған мына бөртпешекті бірдей ғып ал‚ сонда сенен ештеңе
құтылмайды‚ – деді. Сол сәт аспанда бір дәу құс еркін самғап‚
қалықтай жөнелді. Қырғауылдай үркек емес‚ қанатын еркін сермеп‚
аспанды бір 
өзі иемденіп келеді. Тәулікті тәулікке ұрып‚
лабораторияда микроскоп
қа шұқшиып отыратын көз өлшемімкүшті
студент емеспін бе. Д
әл төбемде қалықтаған дәу құсты нысанаға
алып‚ мылты
қтың ұшы мен түртиген бөртпешегін тең ұстап‚ басып
салдым. Н
ән құс қанатын қаға алмай жерге түсті. Ит жүйткіп барып
тістеп алып келді. На
ғашымның өңі бозарып кетті.
– Ойбай‚ мынау б
үркіт ғой. Нағыз тастүлек. Оу‚ бүркіт атқан бала‚ –
деп риза боп ар
қамнан қақты.
С
өйтіп, нағашым арақ ішіп отырған жерде «Қолына мылтық ұстаған
к
үні тастүлек атып түсірген жиенім бар»‚ – деп мақтанып жүрді. Қап-
қара бүркіттің имек тұмсығы мен дүниеден опа таба алмай кеткен
ашы
қ қалған көздерін ешқашан ұмыта алмаймын.
– На
ғашы‚ бұны қалай атып түсірдім? – дедім өзіме-өзім таңғалып.
– Б
ұл тастүлек бүркіт. Кең аспанға еркін қалықтайын деп шыққанда
сен басып салды
ң. Сенен түбі бірдеңе шығады.
– К
өзі жаман екен. Маған қарап жатқан сияқты.
– А
ң атаулының бәрі сондай. Жаны шығарда адамға жаман көзімен
қарайды. Әсіресе ақбөкен. Көзінен жас парлап жылап жатады.
– Сосын не болды?
– Сол на
ғашы ағам да өмірден жас кетті. Әуелі өз оғы өзіне тиіп‚
әскердегі баласы өлді. Сосын уайымнан әйелі‚ соңынан өзі... Көңілін
с
ұрай барғанымда күбірлеп: «Маған ақбөкеннің киелісі жолықты.
Үш рет атып құлата алмадым‚ сосын машинамен қуалап жүріп таптап
өлтірдім‚ – деді еріндері дірілдеп. – Бүркіт атып түсіргеніңді білесің
бе? – деді кемсе
ңдеп қойып. Басымды изедім. Өңінен өкініш пе‚
әйтеуір, бір күйікті көңілдің табы сезіледі.
– Ертегі сия
қты екен.


– Біз ертегі ты
ңдап өскенбіз. Менің қылмысым – осы.
– Ал
ғаның 500 теңге. Соны Америка долларына бес рет көбейтіп
берсе
ң, құтылып та кетер ме едің. Сендер‚ қазақтар‚ қызықсыңдар.
Ертегі айтып кетесі
ңдер. Қылмысты әдейі жасадым деп есептейсің
бе?
– Мен 
қылмыс жасадым деп әлі күнге ойламаппын. Ертегі тыңдап
өскенбіз деп айттым ғой.
Тергеуші ба
ғжаң етіп бір қарады да‚ үстеліне жабысқан бармақтай
т
үймені басып қалды. Қызыл жаға кіріп‚ қолына кісен салды. Кісенге
білегін 
ұсынып тұрып:
– 
Әйтшуовпен қашан беттесемін? – деді.
– Асы
қпа. Ол сантехник болғанмен, полковниктермен бірге жүреді.
Үлгересің.
Сауса
қтарын бүгіп-жазып‚ білегіне кісен салдырып тұрып
нейрохирург 
өзі емдеген ауруды ойлады. «Оның операциясын біреуге
ауыстырды ма екен? Миы к
өгеріп кететін кез болды ғой».
Ауруды та
ғы да көре алмады. Көрген сәтте қылдырықтай боп
ж
ұқарған жүйкесі үзіліп кетіп‚ өзіне тура ұмтылардай сезінді. «Қой‚
д
әрігер мен ауру ондай әрекетке бармас болар. Қайткенде де ол –
ауру‚ мен емдеуші боп 
қаламын».
Темір бас
қыштарды біртіндеп басқан оны «Оңға‚ солға‚ қабырғаға
қарап тік тұр!» деген құлағы үйренген бұйрық райлы сөздер
үйреншікті үйіне айнала бастаған камера есігіне әкелді. Ол осы сәт
ауру 
Әйтшуовті емес‚ шырылдаған торғайды көргісі кеп кетті. Оның
үнін естісе, күй естігендей көкірегіндегі далбаса зуыл пыр-р етіп
ұшып кетіп‚ көңілі жайланып сала береді.
«Ал‚ мынау бейба
қ құс неге сонша шырылдайды? Әлде
балапандарына біреу тиісті ме екен‚ 
әлде жыланнан көрген зәбірі бар
ма екен?» Камера
ға кірген бетте өрмелеп үшінші қабаттағы нарға
шы
қты. Ұяның жартысы дөңгеленіп қалыпты. Тұмсық ұшымен саз
балшы
қ тасыған қайран еңбектің көрінісіне қарашы. Торғай
т
ұмсығымен шоқып әкеп балапандарының аузына жем салады.


Адамдар ше? Мына мен ше? Тор
ғай құрлы болмағаным ба?
Әйелімнің қасынан табылмай, дүниенің тар қуысында не бітіріп
жатырмын? Мен не жаздым екен осылар
ға? Әлде дүние-кезектің
ма
ған келгені ме? Адамның торғайлары неге торға түсіп‚ алаяқтар
неге бостанды
қта жүреді?» Ол цемент еденге секіріп түсті. Тарс еткен
тосын дыбысты естіп 
қалған кезекші төртбұрышты «жемхана» тесікті
ашып‚ «
Әй‚ не болды?» – деді тұмсығын тақап тұрып.
«Еште
ңе болған жоқ».
Тобы
ғы ауырып қалды. Цемент еденнің сызы да жалаң табанын
қарып өтіп‚ маңдайдан бір-ақ шықты. Бармақ ұшымен басып көріп
еді‚ тобы
ғы аман‚ тек сүйегі қол тигізбей сыздайды. «Осылай
тентектік жасай берсем, бас
қа камераға ауыстырып жіберер ме екен.
Екі ортада тор
ғайымнан көз жазып қалар ма екенмін». Ол шалқалап
жатып ап санасында к
өлкіген су-қиялдан жүйкесі жұқарып‚ көзі
ілініп кетті. 
Әкесі қара өңді кісі еді. Қап-қара бүркіттей боп түйіліп‚
бас жа
ғына кеп тұрды да: «Есенбай‚ бүркітті неге өлтірдің?» – деді.
Б
ұның жауап бергісі келеді‚ өзін ақтап‚ нағашысын жазғырғысы
келеді‚ біра
қ аузын ашып‚ сөйлей алмайды. Әкесі қабағы түйілген
к
үйі көзден ғайып болды.
Оянып кетіп‚ а
ң-таң қап‚ жүрелеп отырды да‚ жағын таянған күйі
та
ғы да терең құдықтай түпсіз ойға шомды.
***
Бір ай
ға жуық уақыттан бері бүгін ғана тергеушіден бөгде адамның
ж
үзін көріп‚ даусын естіді. Меңіреу дүниені жарып шыққан өзге үн
жанына ерекше 
әсер етіп‚ жүрек тұсын бүлк еткізді. Бұл өзін түрмеге
отыр
ғызған сырқат Әйтшуовтың даусы еді. Аурухана жейдесін
шешіп, костюм кигесін бетбейнесі 
өзгеріпті‚ бұрынғыдан сәл
с
ұстылау‚ өзіне сенімділеу көрінеді. Бұрын байқамапты‚ тар
ма
ңдайлы жұп-жұқа өңіне біткен жіпсік көздерін әлсін-әлсін
жыпылы
қтата береді. Оны көргенде дәрігер бірден «Басына операция
жасады ма екен?» деген ж
үрегін жарып шыққан асық ойды алға сап
жіберді. С
ұрайын деп еді‚ тергеуші: «Менің рұқсатымсыз
тілдеспейсі
ңдер»‚ – деді.


– Мына азаматты танисы
ң ба? – деді ол Әйтшуовке қарап.
– Танимын.
– Б
ұл кім?
– Б
ұл – сырқат Әйтшуов.
Атын есіне т
үсіре алмады. Дәрігерлер үшін аурудың есімін есте
са
қтау маңызды емес.
– Сен танисы
ң ба?
– И
ә.
– Кім?
– Б
ұл дәрігер-нейрохирург Қойбағарұлы Есенбай.
– Болды. Сіз боссыз‚ – деді 
Әйтшуовке.
Ол шы
ғып кетті. Тұтқынның қолынан кісенді алмады. Екі білегі
азатты
қ тілегендей бір бұлқынып қалды.
– Тергеу 
үстінде кісен алынбай ма? – деді тергеушіге.
– Сен б
үгін еш нәрсеге қол қоймайсың. Сондықтан... Ақша сенің
үстеліңнің үстінде жатса, басқаша болар еді. Өкінішке қарай‚ сенің
қалтаңнан табылып отыр. Бұл – пара. Бұның статьясы бөлек.
– Сонды
қтан кісенді шешпей тұрсыз ба? Тергеуші тұтқынның сөзін
жауапсыз 
қалдырды.
– Мен сіз ар
қылы бір нәрсені білгім келеді. Ауру Әйтшуовке операция
жасалды ма екен?
– Жо
қ‚ ол операциядан бас тартты. Дәрі таба алмай жүріп операция
не те
ңі. Сен де боссың.
Жасауыл алдына сап айдап камера
ға қайта әкелді. Тұтқынның
тіршілік иесінен жал
ғыз сырласы – торғайы ұшып кетіпті. Ұясының
барма
қ басындай ойдымы ғана бітпей қалыпты. Енді екі-үш рет
ұшып барып саз балшық әкелсе, дөңгелек ұяға айналып‚ жып-жылы
мекенжай болма
қшы.


«Осында 
қыстап шыққысы келді ме екен суықторғайдың. Не де
болса бір бейм
әлім сырың бар құс болдың сен. Әлде тұрымтайдан
қорлық көрген сорлы ма едің?» Тағы да ұстар тұлдыры жоқ су-
қиялмен арпалысқа түсіп‚ бірін-бірі ала алмай отырғанда темір есік
сатыр-с
ұтыр екі бұралып‚ даңғыр етіп ашылды.
– 
Қойбағарұлы‚ сыртқа шық!
Шы
ға берісте жіңішкелеу білегіне сұп-суық кісенді құлыптай салды.
Сосын тергеушіні
ң соңынан ілесіп далаға шықты. Ол бір ай отыз
к
үнде алғаш рет күннің толық жүзін‚ төңкерілген ашық аспанды‚
арлы-берлі асы
ққан адамдарды көрді. Күнімай кездесіп қалар ма екен
деп алыстан 
әркімге бір шұқшиып еді‚ оның сұлбасы да көрінбеді.
Іле т
үрмемашинаға кіргізіп‚ жарық дүниені тағы да тормен қоршап
тастады. Тергеу кезінде к
өретінің – цемент қабырға мен төрт
б
ұрышты тордан жылт-жылт етіп бір пұшпағы көзге шалынған көк
аспан‚ осыны
ң бәрі тергеудің заңына баланса‚ бұл – адамның сағын
сындыруды
ң бір амалындай көрінеді Есенбайға. Әйтпесе әркім
қолымен істегенді мойнымен көтерсе‚ тергеу де тезімен жүріп‚ үкім
өзінен-өзі шықпай ма. Адамның жанын мұқалтып мойындату‚ 37-нің
т
әсілі дәстүрге айналып кеткен жоқ па осы? Бұлар мені үн-түнсіз
қайда апарады?
Т
үрме-машинаның шопыры ши-қ-қ еткізіп тежегішті басты. Тұтқын
машинадан шы
ға бергенде қызыл жаға қатуланып: «Рұқсатсыз бір
адым ал
ға‚ не артқа бассаң‚ ескертусіз атамын!» – деп қатаң ескертті
де‚ кісенні
ң бір басын бұның оң қолына‚ бір басын өзінің сол
қолына салды. Ол түрме-машинадан жерге секіріп түскенде көз алды
қарауытып‚ дүние шыркөбелек айналып кетті. «Мынау өзім істейтін
облысты
қ аурухана ғой». Бір адым алға жүргенде екі тізесі дірілдеп‚
беті 
ұяттан алаулап‚ жердің тесігі болса кіріп кетердей саңылау іздеді.
«
Әне‚ қара‚ ақ желеңді таныс медбикелер кетіп барады. Анау...
ж
үзтаныс дәрігер. Бұлар мені жұмыс орнымда соттамақ па?»
Тергеуші бастап ж
ұмыс орнына әкелді. Дәрігерлердің бәрі орнында
екен. Екі жа
ғы пышақ жанығандай жүдеу‚ үсті-басы жылтырап
кеткен кірше
ңдеу Есенбай кіріп келгенде түгел өре түрегеліп‚
б
өлімше меңгерушісі Анастасия Федоровна: «Ой‚ Құдайай!» – деді


жапала
қ көзі шарасынан шыға алақанымен жүрек тұсын басып.
Б
ұны өзінің жұмыс үстеліне отырғызды. Ол оқиға орнын айғақтау
әрекетінің жасалып жатқанын білді.
«Демек‚ б
ұл үстел менің қылмыс жасаған орным болды ғой». Үстел
үстінде қатталып қойылған сырқат кітапшалары. Ең үстінде
Әйтшуовтікі. Ешкімнің қолға ұстамағандығы баттасқан бір елі
ша
ңынан көрініп тұр. Өзіне көзінің астымен қарап отырғандардың
б
әріне: «Жарандар-ау‚ мен қылмыскер емеспін» дегісі келеді‚ бірақ
ауыз ашу
ға рұқсат жоқ. Басын изеп бәрімен сәлемдескісі келеді‚
біра
қ менің сәлемім кімге керек‚ мен қоғамдағы керексіз адаммын
деген ой басын 
үстелден көтертпеді. Тергеуші қарсы алдына шығып‚
сосын екі жа
ғынан шырт-шырт еткізіп суретке түсірді. Бәрі – осы.
«Мені
ң қара беттігімді жұмыс орнымда дәлелдеп‚ жұртқа көрсету
үшін әкелгендей болды ғой». Оң қолын кісендеп‚ есіктен алып шыға
бергенде к
өзінен жасы парлап‚ еңкілдеп қоя берген Анастасия
Федоровна Ливенцованы к
өрді. Басқалар үрпиісе қарап тұр. Әйелдің
жыла
ғаны бұның суып кеткен көкірегін жылытып‚ бірақ артынша
намысын шо
қ боп қарыды. Есіктен шыға бере оң қолын сілкіп
қалды‚ кісен қызыл жағалының білегін тыз еткізсе керек‚
«
Қозғалма!» деп ақырып жіберді. Оң қолында кісен болмаса атылып
барып‚ а
ғылып өтіп жатқан төрт дөңгелектің бірінің астына түсуді
де ойламай 
қалған жоқ. Сырқат Әйтшуовті буындыруға мүмкіндік
бермеді‚ 
өз бетінше өлуге қолдағы кісен кедергі. Оң қолынан кісенді
ал
ған бетте сідік сасып‚ қолқаны атқан түрме-машинаның ішіне
иы
ғынан итеріп қалған қызыл жағаның күшімен еріксіз сүңгіп кетті.
Әп-сәтте үйреншікті камерасына кірді. Бүгін бәрі де жылдам болды.
Тор
ғай-серігі ұясының қалған жерін бітіріп‚ мамыражай мүлгіп
отыр. Енді‚ сір
ә‚ жұмыртқа басатын болар. «Екеуміздің де түрмеге
осы жай
ғасқанымыз жайғасқан». Ол торғаймен үнсіз тілдесті. Түрме
есігінен шым-шым с
әуле түсірген жарық әлемге шыққанда бір ай
б
ұрын ыстық құшағына көмілген жан жарымен жүздесе алмағанына
өкінді.
***


Екі к
үн демалыста түрме есігі тықыр етпеді‚ күндегідей емес,
т
ұтқынның іші пысты. Тергеушінің есігіне бір кіріпшығу уақытты
қысқартуға едәуір сеп болар еді‚ енді соған да зар боп жатысы
мынау. Торды
ң арғы бетіндегі торғайға қараса, міз бақпай мүлгиді‚
сір
ә‚ жұмыртқа басуға біржола кірісіп‚ жан жылуын болашақ
балапандарына беріп отырса керек.
Есік ты
қыр етті‚ сосын сатыр-сұтыр етіп кілттің епетейсіз екі
б
ұралғаны естілді. Түс ауа тергеуге апармаушы еді. Қызыл жаға
кезекшімен бірге 
әскери киімді бейтаныс та сыналап ашылған есіктен
қырындай кірді.
– Мен санчасть басты
ғымын. Сіз хирургсіз бе?
– Мен нейрохирургпін.
– Сізден бізге к
өмек керек. Жүріңіз!
Қолын артына ұстап‚ медицина әскерлері капитанының соңына
ілесті. Б
ұның артынан қызыл жаға ерді. «Тұтқыннан түрмеге көмек
керек болса, к
үндіз-түні бүк түсіп жатырмыз ғой». Ол санитарлық
б
өлімге кіргесін «Сіз осында күтіңіз»‚ – деді капитан соңынан ерген
қызыл жағалыға. Оның жанын толқытып‚ жүрегін өрекпіткен
осында келгелі естімеген «сіз» деген с
өз болды... «Сіз»-дің соңында
өзіне деген бір құрмет жатқанын сезінді. Сөйтіп‚ білегінің білеудей
к
үре тамыры үзіліп‚ қансырап жатқан сақал-шашы өсіңкі
т
ұтқынның қасына әкелді. Адам неткен шыдамсыз‚ адам неткен
итжанды. Камерада 
әйнек сынығымен өзінің күре тамырын өзі қиып
жіберіпті. Ішіне жапонша харакири Харакири – 
қарынды айқастыра
тіліп тастау) сап ішек-
қарнын ақтарып тастамақшы болған екен‚
үлгере алмапты. Сосын күре тамырды күзепті. Енді тамырды тігіп‚
ш
ұғыл қан құю керек. Ауғанстанда мұның көкесіндей жарақаттарды
к
өрген. Жаралының жанында қызыл жаға тұр‚ білегінен қып-қызыл
боп кісен ізі білінеді. 
Өзі ату жазасына бұйырылған бір күрделі
фирманы
ң бас есепшісі екен. Операция бөлмесіне әкелді де‚ наркоз
берместен тамырды тігуге кірісті. 
Өйткені түрме түгілі, арнайы
ауруханаларда наркоз дегені
ң ұшпай тұрған жоқ па?


– Жаралы
ға спирт ұрттатып қойсақ қайтеді‚ – деп еді‚ капитан
айт
қанын екі етпей қырлы стақан толы спирт әкелдірді. Бірақ
т
ұтқынның төбе шашы тікірейіп‚ бір ұрттаудан да бас тартты. Атуға
б
ұйырылғандарға кигізетін ала шапанның астында тұла бойы дір-дір
етіп‚ 
өмірдің аласына ұшыраған жан тезірек өлуге бел байлағанын
сездіргендей б
әріне үнсіз қарсылық білдіріп‚ қиналса да ажалмен
жекпе-жек шы
ғып жатыр. Ыңырсып‚ жанының күйзелгенін білдіргісі
келмейді.
1812 жылы орыс армиясыны
ң қолбасшысы Багратион «Бір
ая
ғыңызды кесеміз‚ арақ па әлде коньяктан ұрттайсыз ба?» дегенде‚
атып т
ұрып‚ жаралы аяқпен шоқырақтап жүріп кетпей ме? «Бір
ая
қсыз‚ ақсақ Багратион дейсің бе?!» деп хирургті беттен алып‚
жатын орнын айналып ж
үріп алады ғой‚ сабаз. Мынау атуға
б
ұйырылған адам үнсіз. Әлде қылмысын мойындап‚ жарық
жал
ғаннан баз кешкен түрі ме екен. Әбден қансырағандікі ме‚ әлде
қырық күн өлім камерасында адамзаттың аялы алақанынан баз
кешіп‚ 
үмітін үзгендігі ме‚ тек танауы пысылдап‚ тіршіліктен
болмашы хабар береді. Есенбай 
қолы пинцетке тигенде өзінің тұтқын
екенін 
ұмытып‚ жаны рахаттанды. Операцияға кіріспес бұрын «Қан
құю керек‚ ауру қансырап жатыр»‚ – деді. Бір кезде көзін ашып алған
ату
ға бұйырылған адам сақалшашы өсіңкі‚ жағы қушиып‚ көзінің
асты к
өгерген‚ тек ақ желеңі ғана дәрігер екенін айғақтап тұрған
өзіндей тұтқынға шұқшия қарады. Ол тұтқынға‚ дәрігердің адамға
қол ұшын беріп тұрғанын іштей сезіп жатты. Әйтеуір, үсті-басы
кірше
ңдеу дәрігер түрме қызметкерлерінен өзгеше көрінді. Есенбай
болса ату
ға бұйырылған адамның азғантай да болса көрер жарығын
ұзартам деп жанын салды. Бір сағаттай өткен соң аурудың беті бері
қарады. Егер дәрі-дәрмек пен хирургиялық құрал-жабдық сай болса‚
м
ұндай жарақаттар алғашқы медициналық жәрдем көрсеткеннен
кейін 
қауіпті емес. Қатты қансырамаса болды. Ең әуелі‚ адам мен
адам бірін-бірі т
үсінсе‚ адамға адам жанын сап шын ниетімен қол
ұшын берсе‚ ақыры оңды болмақ. Алғашқы медициналық жедел
ж
әрдем көрсетудің басты қағидасы да адамның бойындағы ең басты
адамгершілік – бір-біріне дер кезінде 
қол ұшын беру. Гиппократ
антыны
ң қағидасы да – осы.


Жаралы т
ұтқын бойы балбырап ұйқыға кетті. Көзін жұмарда бұған
қарап басын изеді. Тұтқынның білмейтіні де‚ таппайтыны да жоқ.
Әйтпесе жалғыз адамдық өлім камерасында жатып әйнекті қайдан
тапты екен? Сол к
үні кезекші сыныптасына: «Өлерімнің алдында‚ ең
болмаса‚ а
қ төсекте жатып тынығайын. Әйтпесе тезірек өліп кетейін»
деп 
өтініш білдіргесін бала күнгі достығыма қарыз боп қалмайын
деп, ала
қандай әйнек әкеп берген еді. Ол сыныптасы әп-сәтте
қызметінен шеттетіліп‚ тергеуге алынды. Біздің елдің бір болымсыз
қасиеті – өлім алдындағы өтінішке ешкім құлақ түріп‚ бас
ауыртпайды. Ажал 
құшар адамның атау кересі де берілмейді. Ал мына
т
ұтқын болса санитарлық бөлімде операция жасайтын оташының
жо
қтығын да біледі. Әуелде медбикелер тамырдың үзілген жеріне
спирт басып біраз 
әуреленді. Бір кезде тергеу изоляторы бойынша
кезекшіні
ң:
«Жетінші камерада хирург отыр» дегенін естіді. Адам адам
ға осылай
к
өмекке келді. Адамнан бәрі шығады. Жақсылық та‚ жамандық та.
Оны
ң қолынан бәрі келеді. Бірақ тар жерде жақсылық жасау екінің
біріні
ң еншісіне тие бермейді. Ол ешқашан ұмытылмайды.
– Беті бері 
қарады. Жарақатты арнайы операция үстелінде таңбаса
болмайды‚ – деді Есенбай ма
ңдайына шып-шып шыққан терді сүртіп.
– Та
ң атқасын бәрі болады. Тұтқынды арнайы ауруханаға жеткіземіз.
Сіз шешінбестен ма
ған еріп жүріп‚ сырқат кітапшасын толтырыңыз‚
– деді капитан.
Капитан – алда‚ б
ұл – артта. Кезекші қызыл жаға есік аузында қалды.
Б
ұл капитанға еріп бара жатып өзін жер бетіндегі адам жанына араша
т
үсер дәрігермін деп сезінді. Дәрігер қайда да болса дәрігер боп
қалады. Тар жерде бір адамға қол ұшын берді. Есіне тағы да торлы
терезе алдында
ғы торғай түсіп кетті. Осы сәт қандаласы зыр қаққан
камера
ға қайтқысы келді. Адам үш күннен кейін тозаққа да
үйренеді. Қолаңса исі мүңкіген тар бөлмеге көңіл үйренбегенімен,
к
өз үйренді‚ торғайдың ұясына қарап дөңгелек күнді күтіп ап‚
шы
ғарып салатын болды.


«Медицина 
қызметінің капитаны А.Қ.Бекбаев» деген жазуы бар есікті
ашып‚ со
ңынан кіре берді. Қолына сырқат кітапшасын ұстатты. Не
істеп‚ не 
қойғанын тәптіштеп түгел толтырды. Сол сәт Ер Төстіктей
е
ңсегей бойлы капитан ши-и-қ еткізіп ескі сейфті ашты да‚ сыртында
«Спирт» деген жазуы бар б
өтелкені қолға ұстай шықты. Есенбай осы
бір жарты са
ғат уақыттан бері ғана түрмеде өзін бостандықтағыдай
еркін сезінді. 
Әскери киімді‚ жағасында медицина эмблемасы –
иірілген жылан бейнесі та
ңбаланған жігіт бөтелке тығынын тыңқ
еткізіп ашып‚ екі 
қырлы стақанға теңдей ғып бөліп құйды.
– Мен сізді білемін‚ – деді ол 
қырлы стақанды бұған қарай ысырып. –
Ау
ғанстанда‚ баракта‚ екі қол‚ екі аяғы қырқылған томар адамды
д
ұшмандар жәшікке салып, тікұшақпен аспаннан тастаған күнгі
әбігер есіңізде ме? Сонда оған ең алғаш көмек көрсеткен – сізсіз.
Мен де сол санчастьта 
қызмет еткен хирургпін. Әрине‚ онда сіз
жетекші хирург болатынсыз. Кездескеніміз 
үшін алып қояйық.
С
үй деді де‚ жұп-жуан саусақтарын бүгіп‚ қырлы стаканды
сындырып жіберердей сы
ғымдай ұстап‚ спиртті тауыса тартты.
Есенбай да ш
өліркеп тұрғандай көмейіне қылқ еткізіп тастай
сал
ғанда, дүние шыр дөңгеленіп қоя берді. Маңдайы әп-сәтте
монша
қ терге малынды. Мынау өзі өмір ме‚ әлде ертегі ме деген елес
өн бойын билеп алды. Капитан тағы да құйып‚ бөтелкенің тығынын
бас барма
ғымен нығыздай жауып‚ сейфке салып‚ ши-и-қ еткен темір
есікті
ң құлпын екі бұрағанда ол өзін тағы түрмеде отырмын деп
сезінді.
– Оны
ң үстіне‚ институтта мен сізден бір жыл кейін оқыдым. Сіз
қылмыскер емессіз. Сіздің жан дүниеңіз таза. Қоғам қылмысты
қолдан жасап‚ жазықсыздарды жазалап жатыр ғой. Сіз үшін! – деді
де‚ та
ғы да стаканын тауыса тартты. Бұл жолы да Есенбай удай
спиртті ашыр
қанбай көмейіне тастай салды‚ сосын жеңін иіскеп‚
қайта-қайта тамсанды.
– Т
үрмеде тіске басар болмайды‚ – капитан орнынан тұрып есікке
беттеді. Б
ұл қасына жақындағанда төртбұрыш қағазды жан
қалтасынан алып‚ көйлегінің төс қалтасына сүңгітті де‚ жеңінен


тартып‚ а
қ желеңін шешіп ап қалды. «Дәрігер едім‚ енді қайтадан
т
ұтқын болдым» деп Есенбайдың миығы тартты.
– 7-н
өмірлі үйіңізге кіргесін оңаша оқырсыз. Сіз мені‚ мен сізді
к
өрген жоқпын‚ – деп есікті ашты да‚ қалшиып тұрған кезекшіге
тапсырды.
Қолын артына ұстап‚ «Оңға‚ солға!» деп бұйырған қызыл
жа
ғалының алдында құлап қалардай қисалаңдай басып келе жатқан
ол: «Б
үгін ең бақытты күнім», – деді өз-өзінен күбірлеп. «Осы мен
ешкімді емдемесем деп едім». Алпыс екі тамырын бір зуыл м
ұздатып
өтті.
7-н
өмірлі камераға жеткенше‚ ұясында томсарып отырған торғайды
к
өргенше асықты. Темір есіктен қырындап кірген бетте‚ бұрышқа
таман‚ шам жары
ғының астына барып төс қалтасына ентіге қол
салып‚ 
қағаздың төрт бүктеуін жазды. «Есен‚ сен жазықты емессің».
Аты-ж
өні жоқ‚ төрт сөзден құралған бір сөйлем – Күнімайдың
маржандай жазуы к
өзіне оттай басылды. Ол темір нардың үшінші
қабатына атып шығып‚ торлы терезенің арғы бетіне қарады. Ұя да‚
қонжиған торғай да қараңғыда көзге шалынбайды. «Ұшып кеткен
бе?» Ол жанды ма
құлықтың басын бұрып‚ тұмсығын төмен салып
қозғалғанын қараңғыда байқап қап қуанып кетті. «Құстардың өзі
де Алла та
ғаланың әмірімен ұшады» депті ғой Мұхаммед Пайғамбар
хадистерінде. Сені де‚ мені де осы жерге алып келіп отыр
ған
Алланы
ң әмірі шығар. Пенде пешенеге жазылғанын көреді. Алла
та
ғала маған серік болсын деп‚ сені де осында жіберген болар».
Жерге ат
қып түсіп‚ сығырайған жарықтың астына барып қолдан-
қолға өтіп‚ әбден кіршең тартқан алақандай қағазға тағы да
ш
ұқшиды. Оқыды. «Есен‚ сен жазықты емессің». Ол бүгін соттап
жіберсе де разымын деп‚ 
құрқылтайдың ұясындай камераның ішінде
жанын 
қоярға жер таппай балаша алып-ұшты.
***
Ұзамай сот болды. Бұл Есенбайдың осы жасқа жеткенше сот атаулыға
екінші 
қатысуы еді. Бірінші рет студент күнінде‚ бір курстың он
ша
қты жігіті вокзалда жаппай төбелеске араласып‚ соттан ауызша


ескерту ал
ған. Екінші рет айыпкер орындығында өзі отыр. Қазір
теледидардан сот процесін к
өп көрсетеді‚ сонда байқағаны –
Алматыда
ғы соттардың түгелге жуық әйел екендігі. Сонда бұл
қалай? Әлде жұмыстарының жеңіл болғаны ма? Мәселен‚ медицина
саласында терапевтерді
ң көбі әйел де‚ оташылар – еркектер. Өйткені
оташылы
қ еркекке тән іс. Еркектің қолы сүйекті күштеп сындырып‚
қан уыстап тұрып ішек-қарынды бүгіп-тігуге арналған. Мейлі ғой‚
не де болса екеуі де адам та
ғдырымен айналысады. Ал біздегі бір
т
үсініксіз тағдыр – Орталық сайлау комиссиясының төрайымы да –
әйел. Басқа елдердің сайлауға қатысты округтерінде бәрі еркек. Ең
бір та
ғдырлы жерде біздерге әйелдің жүрегімен қарау керек болған
шы
ғар. Өйткені демократиялы қоғамның сайлауынан өткен
тартысты-та
ғдырлы орта бар ма? Сол сайлауда жүгі ауып‚ үлкен
та
ққа өте алмай қалған күні тарс етіп жүрегі жарылып кеткендер де
бар. Осылайша біздерде та
ғдырға әйелдер мен компьютер басшылық
етеді.
Ерте
ң сот деген күні өзін көңілді ұстады. Өткен жолғы оқиға орнын
ай
ғақтап суретке түсіргендегідей жердің тесігі болса кіріп кеткісі кеп
б
үгежектеген жоқ‚ ар-ұятты алға сап ақиқатқа жүгінді‚ ел көрсін‚
білсін‚ аузымды ашып‚ 
қызыл тілімді жалдап сөйлей алатын жерге
барамын 
ғой деп көңілін тоқ санады. Ақтаушыдан бас тартты. «Мен
а
қпын‚ аққа ақтаушыны ара түсіріп қайтеміз»‚ – деді сот өкіліне.
Сонда да пенде 
ғой‚ түрме-машина сот алдына келіп тоқтағанда
ж
үрегі өрекпіп аузына тығылды. Қолын артына ұстаған күйі сот
залында
ғы тарам-тарам темір үйшікке сүңгіп кіріп кеткесін білегінен
кісенді алды. Сот залында отыр
ғандардың бәрімен бас изесіп
с
әлемдесіп шықты. Күнімай көптің ортасына таман жайғасыпты.
Екеуіні
ң көзі түйісе алмады. Ол көбіне басын төмен салып‚ еденге
қарай иіле берді.
Сот процесі уа
қтылы басталды. Үстіне соттың қызыл мауыты
мантиясын киген сары
қарын қазақ әйелі прокурор мен жасауылға
уа
қтылы келіп‚ куәлер іздеген сәтте табылуын талап етті де‚ істі
бірден бастап кетті.


– 
Қазақстан Республикасы Қылмысты істер кодексі 11ші бабының 1-
ші б
өлігі бойынша айыпталушы Есенбай Қойбағарұлы.
Б
ұл орнынан тұрды. Өмірбаянымен‚ қылмысты іс барысымен
таныстырды. Сонан кейін сот т
өрайымы бір сәт бетіне терең көз тігіп
қадалып қалды. Оның жанына «Айыпталушы Ауғанстанда
интернационалды
қ әскери борышын атқарды» деген жолдар қатты
әсер етті. Бұл да ұлының артынан Ауғанстанның қара қағазын
ал
ған жаны жаралы әйел еді. Сол сәт мүдіріп қалды да‚ сөзін әрі
жал
ғады. Жұмыс орны берген мінездемені оқыды. Мінездеме
бойынша м
ұндай жаны жайсаң жан жер бетінде жоқ әрі әріптестері
алтын 
қолды оташының болашағынан үлкен үміт күтетінін тебірене
айтыпты. Б
өлімше дәрігерлері меңгеруші Ливенцовадан бастап түгел
қатысып отыр. «Сәрсенбінің операциясын кейінге жылжытқан ба?»
деп т
үйді ол әріптестерінің өң-жүзін тарамтарам тордан көріп
т
ұрып.
Сот т
өрайымы әуелі жәбірленуші Әйтшуов Ниетқұлды таныстырды.
1954 жылы ту
ған. Алматы қаласы‚ Тәуелсіздік ауданындағы жеке
п
әтер иелерінің кооперативінде сантехник боп істейді. Тергеу соның
арызы бойынша бастал
ған. Төрайым не боп‚ не қойғанын бастан-аяқ
баяндап шы
қты.
Б
ұл бір бас ауыртатын немесе үрей шақыратын қиын да іс емес.
Ұзын-ырғасы мынадай: жәбірленуші Әйтшуов дәрігерлер бөлмесіне
кіреді де‚ а
қша мен рецепті тастап кетеді‚ бұл төс қалтасына салған
с
әтте 9-бөлімнің қызметкерлері сау ете қалады. Ақшадағы саусақ ізі
– 
Қойбағарұлынікі.
Ж
әбірленуші қасақана берген дәрінің атауы жазылған рецепт пен әл-
Фараби бейнеленген 500 те
ңге үстел үстінде заттай айғақ ретінде
жатыр. Сол екеуі заттай ай
ғақ болса‚ тірі жаннан жалғыз куә –
Әйтшуовтың өзі.
Әуелі Әйтшуовке сөз берді‚ ол болған істі түгел баяндап шықты. Сөз
айт
қан сайын алақанымен төбесін басып мүдіре берді. Жәбірленуші
с
өйлеп болғасын сот төрайымы сотталушыға қарап:
– Айт
қанын түгел мойындайсыз ба? – деді.


– Мойындаймын‚ – деді б
ұл орнынан тұрып.
– Сіз неге 500 те
ңгені қалтаңызға салдыңыз. Егер қалтаңызға
салмай, 
үстеліңізде жатса, сіз пара алмаған боп есептелер едіңіз.
– Рецепт пен а
қша‚ бір мекеменің мөрі басылған қағаз бен бір
ұлттың басына көтерген перзенті әл-Фарабидің бейнесі қатар
жатпасын дедім. Мен ауру 
Әйтшуовтың басқа ойы бар деп
ойламаппын. Мен сол к
үні жанымды салып операцияға дайындалсам‚
ол мені
ң ар-ожданымды тексеріпті. Бір ескертетін нәрсе әрі бұл ең
негізгісі – операцияда басты жамайтын пластмасса ауруды
ң
қаржысына алынады. Біздің бюджетте оған ақша бөлінбеген. Ал мен
соны табуды 
өз мойныма алып едім. Қымбатын өзім алып‚ арзанын
ауру
ға беріп едім. Ақыры кеткесін екеуін бірдей бермегеніме өкініп
т
ұрмын. Оның да рецепті әлі күнге қалтамда жүр.
– С
өз қоғамдық қорғаушы‚ нейрохирургия бөлімшесінің
ме
ңгерушісі Ливенцова Анастасия Федоровнаға беріледі.
Анастасия Федоровнаны т
үрмеге түскелі екінші көруі. Өткен жолы
жылап 
қалды. Ағыл-тегіл сөйлессем деп еді‚ қолы кісеннен босай
алмады. Оны
ң есесіне көздері от шашқан етженді әйел орнынан
т
ұрған күйі әрең шыдап отырғандай сөзді ағыза жөнелді.
– Б
ұрын теледидарды ашып қалсақ‚ Жамбыл баба мен ақын Олжасты
к
өруші едік. Қазір ашып қалсаң‚ көшеде адам ұстаған милиция мен
бір-бірін алдап айып та
ққан сот процесін көресің. Сондай процеске
өзіміз де жиналып отырмыз. Бізге осы өмір сүру үшін милиция керек
пе‚ д
әрігер керек пе. Айтыңдаршы‚ ағайын! Біз қазір милиция
ар
қылы дәрігердің арын тексеріп отырмыз.
– Іс бойынша с
өйлеңіз‚ – деп прокурор ескерту жасады.
Сот т
өрайымы өзі шамалас кексе әйелдің сөзіне тосқауыл жасамады.
– 
Қазір дәрі қат заман. Ауру көп‚ дәрі-дәрмек жетімсіз‚ бюджеттен
б
өлінген қаржы жетіспейді‚ басқа қаражат көзі таптырмайды.
Қымбат дәріні іздеп таба алатындар ғана табады. Біз мемлекеттік
бюджет есебі шектеулі бол
ғандықтан да ақылы бөлімдерді ашып
отырмыз. Ал ж
әбірленуші ауру Әйтшуовтың мениншома деп аталған


қатерлі ми ісігіне дәріні өзі таппаса‚ Қойбағарұлы да‚ мен де‚ бас
д
әрігер де тауып беруге тиісті емеспіз. Біз екі құтысын‚ өзімізде
барды бердік. М
ұндай аурулардың бәріне өздерің табыңдар деп
рецепт береміз. Басты жамайтын пластмасса тек ауруды
ң қаржысына
ғана алынады. Оны айтсам‚ мені сол күні ұстап әкетер ме еді. Ал
Қойбағарұлы аурудың бас операциясына арналған пластмассаны да
бар беделін салып 
өзі тауып беріп отыр. Бұл – дәрігер тарапынан
жасал
ған үлкен адамгершілік. Егер пластмассаны да өзің тап деп
рецепт берсе, не болар еді? 
Қадірлі сот төрайымы‚ осы жағын да
ескеру керек.
Мен бір к
үн бұрын ғана сырқат Әйтшуовтың рецептіне қол қойып‚
м
өр басып бердім. Егер сол күні жоспарлы операция сәтімен
бол
ғанда, Қойбағарұлы бұлайша сот орындығында отырмас еді. Сіз
де‚ сыр
қат Әйтшуов‚ төбеңізді ұстап бұлайша азап шегіп тұрмас
еді
ңіз. Сізге сау басыңызға сақина тілеп‚ сонша не болды? Қоғамның
жетіспеушілігін басы
ңызға операпия жасайтын дәрігер арқылы
әшкерелемек болдыңыз ба? Қойбағарұлындай оташы аз‚ Әйтшуовтей
ауру к
өп. Бұл қандай бопса сонда? Ауру Әйтшуовке не керек екендігі
т
үсініксіз. Әлде тәуелсіз еліміздің шын патриоты болғысы келді ме?
Қойбағарұлы сол күні операцияға жан-тәнімен дайындалды. Ол
барлы
қ уақытта өзгенің өмірі үшін өз жанын беруге даяр тұрады. Ол
– Ау
ғанстанда алдыңғы сапта жүріп жаралыларды емдеген оташы.
Мемлекетті
ң кедейлігіне‚ дәрінің жоқтығына оташы Қойбағарұлы
кін
әлі ме? – деп сөзінің соңында даусы жіңішкеріп‚ кемсеңдеп отыра
кетті.
– Оташы мемлекетті байыта алмайды. Оташы 
қоғамдағы ең кедей
адам‚ – деп біреу орнында отырып ай
қай салды.
Б
өлімше меңгерушісі қолын көтерді. Сот төрайымы жас моншақтары
ыршып шы
ққан көзінің айналасын сүрткен әйелге қарап бас изеді.
– Мен 
қырық жыл тәжірибесі бар дәрігермін‚ осы күндері қандай
ауру болса да‚ мейлі оны
ң аузына су тамызып жатса да‚ сол өлі мен
тіріні
ң арасындағы жандардан сескенетін болдым. Олардың жүрек
т
ұсына заманның ағымы салған бір қара дақ пайда болған. Олар
д
әрігердің ақ желеңіне сол қара дақты жағып‚ бір болмаған нәрсеге


қол жеткізгісі келетін секілді. Өйткені оларды артынан айдап сап
отыр
ған заманның қара желіндей қолдаушылар бар. Біз неге ақ пен
қараның айырымына көз жеткізбейміз‚ неге адамның обалына қала
береміз. Мен 
қарауымда‚ ақ төсегімде жатқан аурудың өзін емдеуші
д
әрігерді қылмыскер ғып шығарғанына опынамын. Бұл бір қазіргі
тыйымсыз 
үрдіс болды. Ұзамай бәріміз де отырмасақ екен осы
орынды
қта. Өйткені дәрігер – біздің қоғамдағы қорғансыз құс‚ –
деп та
ғы да көзін сүртіп‚ залдан шыға жөнелді.
Құсты айтқанда Есенбай түрме терезесінің жақтауында отырған
тор
ғайды ойлады. «Қасыңа барамын ба, әлде соттан кейін басқа
жерге апарар ма екен мені? Адам 
өлгесін оның жаны құстарға кетеді
дейді. Са
ған да‚ торғайым‚ бір жақсы адамның жаны ауысқан болар‚
сір
ә. Өйткені екеуіміз бірбірімізге жақынбыз. Неге екеуміз қатар
қондық екен. Неге мен сенімен қоштаспай кеттім».
– Со
ңғы сөз айыпкер Қойбағарұлы Есенбайға беріледі‚ – деді сот
т
өрайымы.
К
өп сөйлегісі келді‚ есіп айтқысы келді. Бірақ дәл ортада отырған
К
үнімайдың тік қадалған көзін көргенде айтамын дегенінің бәрі
к
өмейінен сытылып кетті. Бөлімше меңгерушісі Анастасия
Федоровна 
қайтып кірмеді‚ ол қайтақайта жүрек дәрісін ішіп дәлізде
т
ұр еді. Өзімен жолдас‚ әріптес оташылар тілеуін тілеп‚ ет-бауыры
елжіреп отыр
ғаны көздерінен байқалады. Әсіресе Күнімай не айтса
да 
өз аузынан естиін дегендей‚ көз қарашығы қозғалмай қадалып
қалыпты. Осылардың бәрі де бір ай бұрын мешітте неке суын
ішкенде ку
ә болып‚ құшақтарын гүлге толтырып еді‚ енді айыпкер
ретінде аяушылы
ғын білдіріп‚ сотқа қатысып отыр.
– Мен осыдан бір ай б
ұрын мешітте некемді қидырып едім‚ енді сот
орынды
ғында отырмын‚ – деп бастады ол. – Мен неге отырғанымды
әлі күнге анық білмеймін. Мен Қойбағарұлымын‚ сен Әйтшуовсың‚
– деп 
қарсы алдындағы көзі жыпылықтап‚ қайта-қайта сидам
ала
қанын төбесіне қойып отырған жәбірленушіге қарады. – Мен
екеуімізге ку
ә болып‚ анау заттай айғақ үстелінде басына сәлде
ора
ған Әбунасыр әл-Фараби бабамның суреті жатқанына арланамын.
Сіз мені
ң дәрігер ретіндегі ар-ожданымды тексергіңіз келген екен.


Мен 
қайда жүрсем де дәрігер боп қаламын. Бірақ оташы болғаныма
д
әл қазір өкініп тұрмын. Фармацевт болуым керек еді‚ сонда дәрінің
ортасында ж
үрер едім. Мені адам емес‚ Алла соттасын. Айыбымды
мойныма 
қойып‚ аяусыз жазаласын.
Сыл
қ түсіп‚ орнына отыра кетті. Сот төрайымы «Болдың ба?» деп
с
ұрамады. Енді ішіп-жеген көздер ауру басы мойнына тығылған
Әйтшуовке қарай бұрылып‚ нысанаға алған көз-оқтар аяусыз
ат
қылай бастады. «Адам аласы ішінде» дегенді бір сәт жанымен
сезінген кіле
ң ақ желеңді шешіп‚ сот залына келгендер қыбырлаған
құмырсқаның ішінде де у жатқанын сезгендей іштен тынып
ызаланып отыр. Жылан – медицина 
қызметкерлерінің эмблемасы. Ал
у дегені
ң бірде зиян да‚ бірде пайдалы. Жыланның да бәрі улы емес.
Жер бетінде жыбырла
ған құмырсқа уын шашып‚ Адамды шағады
деп кім ойла
ған. Адам залым‚ адам аңқау.
Сот 
үкім мәжілісіне түкпіргі бөлмеге кіріп кетті. Ұзамай қайта
шы
қты. Сот төрайымының қабағы қатулы‚ айналасына күмәнмен
емес‚ 
әйел затында сирек кездесер әділ көзбен бір қарап өтті.
Ж
әбірленушіге бас бұрмады. Анық дауыспен іс мәтінін басынан
бастап о
қып‚ арасында мүдіріп қап‚ қағаздан басын көтеріп
ж
әбірленушіге қарап сөйлеп кетті. Осы сәт бөлімше меңгерушісі
Ливенцова де беторамалын уыстап 
ұстап кіріп келді.
– Адамны
ң миына‚ сіздің миыңыздағы қауіпті ісікке операция
жасайтын нейрохирург сіз секілді аурудан бес ж
үз теңге пара
алмайды. Парасыз 
қоғам жоқ‚ оған біздің көзіміз әбден жеткен. Ал
а
қ желеңді абзал жандар‚ оның ішінде сіздің миыңызға операция
жасайтын нейрохирург 
Қойбағарұлы әлдекімнің бопсасына бола
бос
қа күйетін жан емес. Қоғамда нөлдері көп парақорлар бар.
Қоғамға жаныңыз ашыса‚ соларды ауыздықтауға көмектесіңіз. Дәл
осы эпизодты сенімсіз деп ба
ғалаймын. Бұл – дәрігердің абыройын
ая
ққа басу үшін қолдан ұйымдастырылған бопса. Демек‚ істің
құрамында қылмыс жоқ деп есептеледі және айыталушы Есенбай
Қойбағарұлы сот залынан босатылсын.
«Япыр-ау‚ б
әрін де біздің қоғамда атқарушы билік пен құқық
қорғау орнының бірауыз сөзі шешкені ме?» Тор үйшіктің ішінде сот


т
өрайымының сөзін тік тұрып кірпік қақпай тыңдаған Есенбай
қатты таңырқады. Осы сөз ауыздан шығысымен қызыл жаға торлы
үйшікті ашты да, сыртқа шығарды. Енді ол қылмыскер емес‚ енді ол
– 
өзіміздей еркін адам‚ дәрігер‚ нейрохирург.
Ол ашы
қ есіктен далаға атып шығып‚ шақырайып тұрған дөңгелек
к
үнге жүзін шомылдыра қарады. «Сенің қадіріңді білмейді екенбіз-
ау. Екі к
үннің бірінде күн ысып кетті деп пысынай бастаймыз‚ күн
суып кетті деп жа
ғамызды көтеріп‚ жан ашуын білдіреміз. Адамға не
жа
ққан өзі? Бір түкпірге қамалмай‚ күн мен айдың астында жер
басып ж
үргенге не жетсін...». Ол өз-өзінен күбірлеп тұрды-тұрды да‚
аулада 
қып-қызыл боп ұйыса өскен раушан гүліне қарай атылып
барып‚ иіліп 
ұзақ иіскеп‚ бір сәт бір уыс көк шөпті жұлып ап‚ аузына
сап ашыр
қанбастан шайнай бастады. Темір тор мен темір нар‚ қалайы
тоста
қ пен қалайы қасықтан жерінген ол өсіп тұрған көк өскінді бір
к
өруге зар болды‚ осыдан қолым жетсе, қызыл гүлді құмарым
қанғанша иіскеп‚ көк өскінді шикілей шайнап‚ қызыл тіліммен
топыра
қтың дәмін татар едім деп армандады. Адам сол арманына
жетті. Со
ңынан ере шыққандар оның әрекетіне ештеңе дей алмастан
ошарылып т
ұрып қалды. Ол қызыл гүлді тағы да құшырлана иіскеп‚
та
ғы да көк шөпті бырт-бырт шайнады.
С
өз алда жүреді. Дәрігер еместер Есенбайды жынданып кетті ме деп‚
сан-са
ққа жүгіртіп‚ күбір-сыбыр көбейе бастады. Дәрігерлер болса
оны
ң жан дүниесіндегі өзгеше өзгерісті өздерінше сезіп-біліп‚ сол
с
әттің тез өтіп кетуін тілеп тұр еді. Ол ілкі сәтте тоғыз баллмен
жа
ғаға ұрған толқындай өз әрекетіне есеп бере алмайтын
да
ғдарысты көңіл күйді бастан кешіп тұр еді. Ол түрмені дұшпаныма
да тілемеймін‚ т
үрменің тірі жанға керегі жоқ‚ біз болашаққа
т
үрмесіз-ақ барамыз деп кесіп-пішкен биік қиялдың қанатына
жармасты. «Т
үрме атаулыны бүгін бұзып тастаймын десе де
адамзатты
ң қолынан бәрі келеді‚ осыны ертеңге қалдырмай-ақ
қопарып тастаса ғой‚ мені екі көзі төрт болып күткен інілерім мен
оларды
ң тілеулестері». Жылт еткен қиялы енді торлы терезенің ар
жа
ғында ұя басып қалған торғайды ойлады. «Түрме бұзыла қалса,
бізді
ң үйдің терезесінің маңдайшасына кеп қонақтайсың» деді әлі де
өзіне-өзі келе алмай күбірлеп тұрып‚ түрмені қалқа ғып алған тар


жердегі серігін есіне ап. Сол с
әт көкірегінен бір қара торғай пыр етіп
ұшқандай жан дүниесі тосын дір етіп‚ өзіне бақырая қараған бір топ
адам
ға қарай құшағын аша жүгірді.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан