Уақыты: мамыр, 2016 ж Орны : Жаңақала мектеп- гимназиясы, Акт залы І жүргізуші



бет1/8
Дата20.01.2023
өлшемі45.36 Kb.
#417533
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сценарий Үздік жас маман байқауы


«Үздік жас маман- 2016» мектепішілік байқауының сценарииі.
Тақырыбы: « Үздік жас маман »
Мақсаты:  Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Уақыты: мамыр, 2016 ж
Орны : Жаңақала мектеп- гимназиясы, Акт залы

І Жүргізуші
:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман-2016 » жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І жүргізуші:
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Торғын Әділбекқызы ортамызда
Бақытын тауып жүр еңбектен.
І жүргізуші: Қабиева Торғын Әділбекқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»
Тәлімгері: Ибрашева Айнаш Жасқаламқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет