Түзеткіштер туралы негізгі түсінік. Түзеткіштің құрлымдық схемасы
Сабақтың мақсаты: Түзеткіштің құрылымдық сұлбасы, классификациясы, қоректену көзінің құрылымдық сұлбасы, жартылай периодты түзеткіштердің жұмыс істеу принциптері мен өндірісте түзеткіштің түрі қызметі мен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы:
Түзеткіш деп – айнымалы электр тоғын тұрақты тоққа түрлендіру. Әдетте, тоқты түзету – тоқ тек қана бір бағытта өтетін вентильмен іске асырылады. Қолданылатын вентиль типіне қарай вакуумдық, газразрядты, шалаөткізгіш және электр түйіспелі т.б түрлері бар..
Әр түрлі электрондық құрылғылар мен электрлік жетектердің қорек көзі ретінде тұрақты ток қолданылады. Бірақ электр станцияларындна айнымалы ток қана ендіріледі де, ал электр тораптарымен әдетте айнымалы ток таратылады. Сондықтан аталған қондырғыларды қоректендіру үшін айнымалы токты тұрақты токқа түрлендірудің қажеттігі келіп туады. Айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіретіні құрылғыны түзеткіш деп атайды. Әдетте түзеткіш құрылғының құрамына оның номинал кернеуін желінің кернеуімен сәйкестендіру үшін трансформатор, түзеткіштің өзі, түзетілген токтың солықтауын азайтатын (жатықтайтын) сүзгі және түзетілген кернеуді тұрақтандырғыш кіреді (12.1-сурет).
Түзетілген кернеуінің шамасы реттелмейтін түзеткіштерді басқарылмайтын, ал кернеуі реттелмелі түзеткіштерді басқарылмалы түзеткіштер деп атайды. Әдетте баскарылмайтын түзеткіштер жартылай өткізгішті диодтардан, ал басқарылмалы түзеткіштер тиристорлардан жинастырылады. Жартылай өткізгішті диод тармен айнымалы токты тұрақты тоққа түрлендіру, басқаша айтқанда айнымалы токтан тұрақты ток алу, олардың кернеуді тура бағытта бергенде кедергісінің өте аздығынан токты өткізетіндігі мен кернеуді кері бағытта бергенде кедергісінің өте үлкендігінен токты өткізбейтіндігіне негізделген.
Түзетілетін айнымалы токтың фазалар санына қарай түзеткіштер бір фазалы немесе үш фазалы деп аталынады. Бір фазалы түзеткіштер бір жарты периодты және екі жарты периодты болып, ал үш фазалы түзеткіштер бейтарап нүктелі және көпірлі тізбекті болып бөлінеді. Енді осы түзеткіштердің жүмысын қарастыралық.
12.1-сурет. Түзеткіштік қүрылғының функциялық сұлбасы: Тр-трансформатор; Тү—түзеткіш; Сү— сүзгі; Тұ—тұрақтандырғыш.
12.2-сурет. Бір фазалы бір жарты периодты түзеткіштің электрлік сұлбасы (а) мен түзетілетін (б) және түзетілген (в) кернеулердің графиктері.
Түзеткіш жалпы жағдайда бір үлкен агрегат болып келеді (1-сурет) Түзеткіштің қосымша функциясы ретінде шығудағы кернеудің басқарылады, ол түзету құрылғысының кірісіндегі кернеуінің өзгеруінен немесе жартылай өткізгіш аспаптарының ашық жағдайдағы бұрышының өзгеруінен болады.
Түзеткіштердің үш түрі бар:
♦ Бір жартылай периодты бір фазалы түзеткіш
♦ Екі жартылай периодты көпірлік түзеткіш
♦ Өткелдік ( мостовой) түзеткіш
Оларды алу үшін көп жағдайда бір фазалы кішкене қуатты түзеткіштердің схемалары қолданылады. Түзеткіштердің классификациясы. Қоректену торабының фаза санына байланысты. Бір фазалы және көп фазалы тоқ түзеткіштері арқылы ажыратады. Мұндай түзеткіштер басқарылатын деп аталады. Түзетілген токтың толықсуын тегістегіш тегістеп, оның орта шамадан ауытқуын тұрақтандырғыш тұрақтандырады.