Туризмнің белсенді түрлерін техникасы мен тактикасы 1-зертханалық жұмыс



бет1/2
Дата09.03.2021
өлшемі16.82 Kb.
  1   2

Туризмнің белсенді түрлерін техникасы мен тактикасы

1-зертханалық жұмыс

1) Туризмнің белсенді түрлерінің анықтамасы

2) Спорттық туризм анықтамасы, оның рекреациялық туризмінен айырмашылығы қандай?

3) Қазақстандағы спорттық туризмнің нормативтік құжаттары

1.Туризмнің белсенді түрлері дегеніміз-бұл туристің маршрутты өзінің күші арқылы яғни, физикалық тұрғыда күшін жұмсап өтумен байланысты туристік саяхаттар. Белсенді туризмге спорттық туризмнің көптеген түрлері жатады.Олар: жаяу, тау, шаңғы, су (моторсыз кемелер мен қайықтар), велосипед және т.б.



Жаяу туризм — күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар. Халықтық топтар арасында ең көп тараған туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді, кез-келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады.

Тау туризмі — биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар болып бөлінеді. Маршрут бойында кедергілер, категориялық асулар болуы керек. Жаяу туризм сияқты адамдар арасында кең тараған туризм түрлерінің бірі, өйткені арнайы көлікті керек етпейді, таулы аймақтарда кең таралған.

Шаңғы туризмі — қыс кезінде, белгілі-бір қар жамылғысы қалындығына байланысты өткізілетін, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары (примус, пеш, шаңғы т.б.) және қонақ жайлары (бивуак, қар үйшіктері, тұрғын мекен-жайлар т.б.) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы. Климаттың, ауа-райының әртүрлі жағдайында жорықтар өткізіледі. Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда тараған.

Су туризмі — белгілі-бір су обьектілері (өзендер, көл жағалары) бойынша ұйымдастырылып өткізілетін, арнайы (кайықтар, салдар т.б.) жүзу құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс- әрекеттер. Су туризмінде қолданылатын жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар, балон қайықтар, кильді қайықтар, катамарандар, тегіс табанды кайықтар т.б.) су жорықтары бойынша кездесетін кедергілер де ерекше (желдер, толқындар, сарқырамалар т.б.).

Велотуризм — ұзақ кашықтықтағы, көптеген километрге (1100 км дейін) созылатын, арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын, жорық кезіндегі өзіндік кедергілер бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар, жыралар т.б.) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы.

Автомототуризм — арнайы дайындықты қажет ететін, маршрут өтетін жерлердің жағдайына байланысты өтетін (батпақтар, тасты, қарлы жерлер, құмдақ жерлер мен өткелдер, тау жолдары мен тау асулары жорықты күрделендіреді), үлкен қашықтықтарға созылатын, топтық құтқару құралдарының (от сөндіргіштер, аптечкалар, қорғаныс шлемдері, қауіпсіздік белбеулері т.б.) болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастырып өткізу. Көлік құралы ретінде туризмнің бұл түрі бойынша автомобильдер, мотоциклдер, мопедтер т.б. қолданылады.

Спелеотуризм — үңгірлерде, әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринтер жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру. Кейбір үңгірлер түбінде жер асты көлдері мен жер асты өзендері болады. Үңгірлер вертикалды және горизонталды болуы мүмкін. Өз бойында тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал- жабдықтарын біріктіреді. Сондықтан арнайы дайындықты талап етеді. Алынып жүрілетін құралдар да ерекше (фонарь, примус, рация, барометр т.б.). Спелеотуризм бойынша маршрутгар 2 бөлімнен: жер үсті маршруты, яғни үңгірге дейінгі жүру маршруты және жер асты маршрутынан тұрады. Көп жағдайда үңгір аймағында базалық лагерлер құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар