Туризм: экотуризм. Туризм саласы: өткені мен бүгіні.
Әңгіме және дөңгелек үстел
Туризм (французша tourisme, tour – серуендеу, бару), бос уақытта сапар шегу (көлікпен бару, жаяу жүру)дегенді білдіреді. Туризм – сауықтыру, танымдылық, адамның өндіруші күшін қалпына келтіру сияқты рекреациялық қызметтің бірқатар түрлерін біріктіретіндіктен, рекреациялық қажеттілікті қамтамасыз ететін адамға ең қажетті құрал деп саналады. Туризм – денсаулық сақтаудың, дене шынықтырудың негізгі құрылымдық бөлімі, жеке тұлғаның рухани, мəдени жəне əлеуметтік дамуының құралы.
Қазіргі кезде кез келген адам жер шарының кез келген жеріне баруына мүмкіндігі бар: ұшақ, поезд, автокөлік, жылдам жүзетін теңіз лайнері сізді қайда бет бұрсаңызда баратын жеріңізге апарып, қайтадан алып келе алады. Бірақ кейбіреулер демалу мен барып қайтудың басқа жолдарын таңдайды.
«Экотуризм – қоршаған ортамен таныстыратын және оны түсіндіретін, тірегі табиғат болып табылатын тұрақты экологиялық туризм». Кейбір мәліметтер бойынша «экотуризм» терминін күнделікті өмірге 1987 жылы Hector Ceballos-Lascurian енгізен. Ол мынадай анықтама ұсынды: «Саяхат кезінде біршама бүлінбеген және ластанбаған, өзіне тән таңқалдырарлық, әдемі, зерттеу және ләззат алу ландшафттары, жануарлар, өсімдіктер әлемін өзіне қосатын туризмнің бір саласы».
Экотуризмге қойылатын бес негізгі крийтерийлерді ерекшелеуге болады:
Экотуризм негізінен табиғатқа бағытталу керек және негізінен керек табиғи ресурстарды пайдалану;
Экологиялық тұрақты болу керек, яғни адамның тұрғылықты ортасына зиян келтірмеу немесе зиян келтіру дәрежесін минимизациялау;
Экологиялық білім беру мен танымдылыққа бағытталу керек және адам мен табиғат арасында толыққанды қарым-қатынастың құрылуына ықпалын тигізу керек;
Жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаның сақталуын өз қарамағына алу керек;
Өзінің болған аймақтарында экономикалық эффективті және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету керек.
Әңгіме және «Дөңгелек үстел»
Әңгіме – нақты тақырыпта екі не одан да көп адамның еркін тілдесіп, өзара ақпарат алмасу әдісі. Ол көбінесе әлеуметтік мәртебесітең адамдар немесе қызметтестер арасында, ал ресми жағдайларда мекеме басшылары мен клиенттер я жұмыс іздеушілер арасында жүргізіледі.
Әңгімелесушілерге қойылатын талаптар:
– ойды нақты, түсінікті жеткізу;
– пікірді қысқа да нұсқа түрде айту;
– өте жылдам немесе өте баяу сөйлемеу;
– сөзталасқа әкелетін тартысты мәселеден аулақ болу.
Жүргізілу тәртібі, өзіндік ережерлеі, қатысушылардың саны да әртүрлі болатындықтан, полилогтік пікірталастар іштей бірнеше түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысының мақсаты әртүрлі болатындықтан, тілдік, ұйымдастырушылық тұрғыдан өзгешеліктің болуы заңды.
«Дөңгелек үстелге» бірнеше адам қатысатындықтан, әр қатысушыдан мәдениеттілік, жалпы әңгімені үзбей өрбітіп отыру талап етіледі. Ең бастысы – «үстелде» талқыланатын тақырыпты таңдау. Тақырып аудиторияға түсінікті, оларды қызықтыратын өзекті мәселе болғанда ғана сенім туғызады. «Дөңгелек үстелге» сол тақырыпты зерттеп жүрген не осы мәселені қоғамдық ортада жиі көтеріп жүрген, оған қатысты ақпараттық көзі жеткілікті, өзіндік көзқарасы бар арнайы маман шақырылады. Сонда ғана «үстел» басындағы әңгіме дұрыс бағытта өрбиді. Егер маман мәселені егжей-тегжейлі түсіндіре алса, тыңдаушылар да өзін толғандырған жайтты сауатты түрде түсініп, дұрыс бағдар алады. Егер талқыланатын мәселе даулы нәрсе төңірегінде болса, маманның оларға толығырақ тоқталып, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін ғылыми түрде саралап түсіндіруі шарт.
«Дөңгелек үстелді» ұйымдастырудағы бір маңызды мезет – қатысушылардың дөңгелене қойылған үстел басында бір-біріне қарап отырып, бетпе-бет сөйлесуі. Бұл аудиториядағы психологиялық күйді өзгертеді: өзара теңдік және ынтымақтастық атмосфера туғызады; бір-бірінің көзқарасын жақсы түсінуге септеседі, қатысушылардың белсенділігін арттыруға әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |