«Туберкулезге қарсы диспансерден (аурухана) берілетін анықтама» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Туберкулезге қарсы диспансерден (аурухана) берілетін анықтама»



Дата22.01.2017
өлшемі17.63 Kb.
«Туберкулезге қарсы диспансерден (аурухана) берілетін анықтама» мемлекеттік қызмет стандарты
1.Жалпы ережелер
1.«Туберкулезге қарсы диспансерден (аурухана) берілетін анықтама» (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет үлгісі туберкулезге қарсы диспансерден (аурухана, туббөлме) фтизиатр-дәрігермен қағаз негізде берілетін анықтама.

2. Жұмыс уақыты:

1) өкілетті ұйым- күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін таңғы сағат 8-00ден 18-00ге дейін үзліссіз, демалыс күндері : Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер туралы» Заңнамасына сәйкес мерекелік күндер мен жексенбі;

3. Мемлекеттік қызмет түрі – автоматталмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі негізінде ұсыныдып отыр.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызметке жүгінетіндер физикалық тұлғалар (бұдан әрі-тұтынушылар). 

7. Өкілеттік ұйымның ғимаратына тұтынушы келген жағдайда ғана мемлекеттік қызмет көрсетіледі;

8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат таратылады:

1) өкілетті ұйымдардың кеңселерінде;

2) ресми ақпарат көздерінен.

9. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелері:

1) осы үлгінің (бұдан әрі-үлгі) 1 қосымшасына сәйкес фтизиатр-дәрігердің қолы қойылған, дәргердің және өкілетті ұйымның  мөрі басылған  туберкулезге қарсы мекемеден берілген анықтама;

2) мемлекеттік қызмет көрсетілмейтіндігі түсіндірілген жауап.

10. Өкілеттік ұйымға келген күні мемлекеттік қызмет көрестілуі тиіс. Сондай ақ мемлекеттік қызметке тапсырыс өкілеттік ұйымның жұмыс уақыты аяқталуына жарты сағат (жұмыс күндері 17.30ға дейін) қалғанға дейін қабылданады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметке жүгінген тұтынушыда болу керек:

1) жеке басын күәләндыратын күәлік (16 жасқа толмаған тұлғаларда туу туралы күәлік);

2) тұрғындар тіркемесіне сәйкес аталған өкілетті ұйымға тіркемесі болу керек;

12. Мемлекеттік қызметке жүгіну үшін өтініш толтырылмайды.

13. Жауптың ұсынылу мерзімі (анықтаманың берілуі немесе берілмеуі) өкілетті ұйымға келгеннен  соң 30 минут ішінде осы үлгінің 1 қосымшасына сәйкес қағаз негізде анықтама берілуі керек. Сондай ақ тұтынушының жеке куәлігінің мәліметтері «Туберкулез науқастарының Ұлттық Регистры» базасында тексеріледі. Мәліметтер базасындағы тексеруден кейін анықтама беріледі. Анықтаманың жарамдылығы – 10 күн.  

14. Осы үлгінің 11 тармағында көрсетілген талапқа тұтынушының тапсырысы  сай келмесе мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.


3. Шағымдану тәртібі
15. Өкілетті ұйымның қызметі Тұтынушыға қатысты төменде көрсетілген принциптерге негізделеді:

1) конституциялық құқық пен адам еркіндігін сақтау;

2) заңды сақтау;

3) Тұтынушымен жұмыс кезінде деонтология мен әдеп негіздерінің сақталынуы;

4) мемлекеттік қызметтің уақытылы және сапалы көрсетілуі;

5) келушілерді қарау кезінде қызметтік тұлғалар қызметінің адалдығы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін ерекшеліктерін ескергендегі өзге де талаптар

18. Осы үлгінің 4 қосымшасына сәйкес өкілетті ұйым жұмыскерлерінің әрекетін  қайта қарау тәртібін қарастыратын және арызды даярлауға көмектесетін лауазымды тұлғалардың мәліметтері көрсетілген.

19. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің  нәтижесімен келіспеген жағдайда арыз  Тұтынушының таңдауы бойынша бағытталыды:

1) Астана, Алматы және облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларының электронды мекен жайлары мен осы үлгінің 4 қосымшасында көрсетілген телефондарға.

         Астана, Алматы қалалары мен облыстық денсаулық сақтау басқармаларының  (бұдан әрі-басқарма) азаматтарды қабылдауы кесте бойыша және осы үлгінің 5 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсының мына мекен жайы: www.mz.gov.kz  бойынша жүзеге асырылады.

2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің мына «сенім телефондары» (8-7172)-74-32-40, 74-32-45  хабарласуға болады;

3) осы үлгінің 6 қосымшасында көрсетілген басқарманың «сенім телефондарына»;

4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің:  www.mz.gov.kz  интернет ресурсының «сурақтар-жауаптыр» бөліміне;

5) Денсаулық сақтау министрінің блогына (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің:  www.mz.gov.kz  интернет ресурсының «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің блогы» парақшасына);

6) Астана қаласы 010000, Орынбор көшесі 8, №5подъезд мекен –жайы бойынша орналасқан Қаақстан Республикасының Денсаулық сақтау  министрлігінің арыз-шағым, ұсыныстар жәшігі арқылы;

7) Астана қаласы 010000, Орынбор көшесі 8, №5 подъезд мекен –жайы бойынша орналасқан Қаақстан Республикасының Денсаулық сақтау  министрлігінің канцелярия бөліміне хат жазу арқылы.

20.  Мемлекеттік қызметтің сапасына арыз-шағым Тұтынушылармен портал орталығына (1414) бағытталады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесіне  Тұтынушының көңілі толмаған жағдайда, заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес сотқа шағымдануына болады.

22. Мемлекеттік қызметтің сапасына негізделген шағым аталған мәселелерді қарастыратын  субьектыға немесе лауазымды тұлғаға бағытталуы тиіс.



Шағымда Тұтынушының аты-жөні, тегі (жеке басын күәландыратын күәлік болған жағдайда), пошталық мекен-жайы, күні көрсетіліп, қолы қойылуы керек.Шағымды беру кезінде шағымға себеп болып отырған субьектының атауы немесе қызметі, аты-жөні, тегі  көрсетіліп, шағымның себебі мен талабы толық жазылады.

23. Қабылданған шағым Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттарды тіркеу журналында тіркеліп,  Қазақстан Республикасының  Көлік және коммуникация министрлігінде (электронды негізде) Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтарындағы «Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастыру тәртібі» туралы заңмен бекітілген мерзімде қарастырылады. Шағым берушіге шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, тегі және күні мен уақыты көрсетілген түбіртек беріледі. Шағым берушіге шағым нәтижелері туралы ақпарат жазбаша негізде пошта арқылы ұсынылады. 
Каталог: assets
assets -> Ережелер І қаза
assets -> Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама "Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы "
assets -> Өндірістік оқыту шебері П. Курманов атындағы «Үздік дәнекерлеуші» атты облысаралық кәсіби шеберлік байқауының ережес І
assets -> Өскемен 2015 ӘОЖ. 811. 512. 122: 37. 09
assets -> «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік
assets -> Регламенті Жалпы ережелер «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»
assets -> Регламенті Жалпы ережелер
assets -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Осы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар