ТҮсімдер жоспары, АҚша қаражаты қОЗҒалысының болжамы

Loading...


бет3/9
Дата04.05.2021
өлшемі235.43 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Таза ақша ағыны – (басқа атаулары – таза табыс, ТТ, Net Value, NV) капиталдың құйылуы мен жылыстауына байланысты төлемдерден басқа (яғни меншікті капитал мен қарыз қаражатынсыз) жобаның барлық төлемдерінің сомасы сияқты есепте- леді.

Өтелімділік мерзімі деп жобаның бастапқы сәтінен өтелген сәтіне дейінгі ке- зеңнің ұзақтығын атаймыз. Ол таза ақша ағынын жинақтау арқылы алғашқы ин- вестицияларды қайтару үшін қажетті кезең, яғни жиналған таза ақша ағынының шамасы оң болғандағы кезең болып белгіленеді.

Таза ақша ағыны – (басқа атаулары – таза табыс (ТТ), Net Cash Flow, NCF) ка- питалдың түсімі мен шығысына байланысты төлемдерден басқа (яғни меншікті капитал мен қарыз қаражатын есепке алмағанда), жобаның барлық төлемдерінің айырмашылығы ретінде есептеледі.

Өтелімділік мерзімі деп жобаның бастапқы сәтінен өтелген сәтіне дейінгі ке- зеңнің ұзақтығын атаймыз. Ол таза ақша ағынын жинақтау арқылы бастапқы ин- вестицияларды қайтару үшін қажетті кезең, яғни жиналған таза ақша ағынының шамасы оң болғандағы кезең.

Жоба тиімділігінің маңызды көрсеткіші таза дисконтталған табыс (басқа атау- лары – таза дисконтталған табыс (ТДТ), интегралдық әсер, Net Present Cash Flow, NPV) болып табылады – есепті кезеңде жинақталған дисконтталған әсер ретінде анықталады. Дисконттаудың экономикалық мәні ақша қаражатының уақыттағы әр- келкі құнында. Мысалы, бүгін өнімді жасауға жұмсалған мыңдаған теңге бір немесе екі жылдан кейін осы мыңдаған теңгеге тең келмейді.



Осы көрсеткішті есептеу бастапқы инвестицияның шамасын (IC) болжанатын кезеңдегі ақша қаражаты түсімінің (пайданың) жалпы сомасымен салыстырумен негізделген. Ақша құны жыл сайын инфляция әсерінен түсіп жатқандықтан, түскен ақша қаражатын (пайданы) r мөлшерлемесі көмегімен дисконттау қажет.

Осы дисконттау мөлшерлемесін инвестор өзі белгілейді. Бұның негізіне банктің депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемесін алуға болады.



Келтірілген таза әсерді келесі формула бойынша есептеу қажет:

Мұнда:


Pn – жылдар бойынша алынатын ақша қаражаты (пайда); n – болжанатын кезеңдер;

r – дисконттау мөлшерлемесі; IC – бастапқы инвестициялар.

NPV өлшемінің қисыны мынадай:

егер NPV < 0, онда кәсіпкер шығынға ұшырайды;

егер NPV = 0, онда инвестициялық жоба пайда да әкелмейді, залал да келтір- мейді;

егер NPV > 0, онда инвестициялық жоба пайда әкеледі.

Мысал:

Мынадай сипаттамалары бар инвестициялық жобаны талдаңыз: бастапқы ин- вестициялар – 150 млн. теңге. Пайда ретіндегі жыл сайынғы ақша түсімдері: бірін- ші жылы – 50 млн. теңге; екінші жылы – 70 млн. теңге; үшінші жылы – 70 млн. теңге. Дисконттау мөлшерлемесі 10% деңгейінде белгіленген.

Шешімі:



Формуланы (1) қолданайық:

NPV>0, демек, инвестициялық жоба тиімді болып табылады.

Оны жүзеге асырған кезде алынатын таза табыс 5,93 млн. теңгені құрайды.

Табыстылықтың ішкі нормасы (Internal Rate of Return – IRR)



Инвестиция табыстылығының ішкі нормасы дегеніміз r дисконттау мөлшер- лемесінің мәнін түсінеді, мұнда жоба NPV-сі нөлге тең. Басқаша айтқанда, егер IC=CF0 деп белгілесек, онда IRR теңдеуден табылады:

Табыстылықтың ішкі нормасын есептеудің маңызы мынада: IRR жобаның бол- жалды табыстылығын көрсетеді. Егер жоба несие арқылы қаржыландырылып жат- са, онда IRR мағынасы ең жоғары ұйғарынды банктің пайыздық мөлшерлемесін көрсетеді, оның артуы жобаны шығынды етеді.

Инвестициялар өтелімділігінің мерзімі (Payback Period – PP).

Өтелімділік мерзімі инвестиция алынған таза табыспен жабылған жылдар са- нын тікелей санаумен есептеледі.



РР өлшемінің қисыны мынада: бұл инвестициялардың толығымен өтелетін ке- зеңдер санын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
білім беретін
республикасы білім
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
оқыту әдістемесі
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
қызмет регламенті
болып табылады
пәнінен тоқсан

Loading...