Тұрмыстық қалдықтарды сақтауға және тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Қалдықтар дегеніміз – тікелей қолдану орны жоқ және оны өңдеудің техника және экономика тұрғысынан тиімді технологиясы жоқ тастанды заттарды айтады. Қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар.
Тұрмыстық қалдықтарды сақтауға және тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №331 бұйрығы "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында көрсетілген.
Қала және елді мекендер аумағында қалдықтарды жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуді мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Шағын елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму орындарын күтіп-ұстау бойынша мамандандырылған ұйымдар болмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган қызметінің бақылауымен және қызмет көрсетуімен қалдықтарды өз бетімен шығаратын орындар ұйымдастырылады.
Қала және елді мекендерде (иеліктегі үйлердің, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтары аумақтарында) көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаңға қатты жабын жабылады және үш жағынан қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмайтын биіктікте, бірақ кемінде 1,5 м биіктікте қоршайды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді қақпақпен жабдықтайды. Елді мекендерде контейнер алаңдарын уақытша қоныстарды (вахталық кенттер, стационарлық емес объектілер мен құрылыстар) қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар объектілерінен, спорт алаңдары мен халық демалатын орындардан кемінде 25 м қашықтықта орналастырады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін абаттандырылған тұрғын үй қорында контейнерлерді қолданады, жеке үй иеліктерінде қақпағы бар еркін конструкциядағы ыдыстарды пайдалануға жол беріледі.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың контейнерлерінің меншік иесі контейнерлерді пайдаланатын халықтың санына, қалдықтардың жиналу нормаларына, олардың сақталу мерзіміне байланысты орнатылатын контейнерлердің санына жүргізілген есептеуді ескере отырып орналастырады. Контейнерлердің есепті көлемі қалдықтардың іс жүзінде жиналуына сәйкес келеді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару уақтылы жүзеге асырылады. Контейнерлерде қалдықтарды сақтау мерзімі 00С және одан төмен температурада үш тәуліктен, температура плюс болғанда бір тәуліктен аспайды.
Елді мекендерде (тұрғын үй қорының, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтары аумақтарында) контейнер алаңына іргелес аумақта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларында көрсетілген периметрі бойынша жоспарлы-жүйелі санитариялық тазарту және қажеттілігіне қарай жүргізіледі.
Тұрмыстық қалдықтардың қауіпсіздігі, оны сақтауға және тасымалдау бойынша нормативтерге сәйкес келуі осы жоғарыда көрсетілген Санитариялық қағидаларда көрсетілген .
Кентау қалалық СЭББ-ның
бас маманының м.а. Т.Асанов
Достарыңызбен бөлісу: |