ТҮркияның қайта құрылуы


Университет газеттерінің бірінде сол жылдардың құқықтық кірмелілігін арқау еткен күлкілі мақала шыққан



бет9/13
Дата02.01.2022
өлшемі1.2 Mb.
#147509
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Ататюрк14
ашы0 саба0 9 сын 25.11

Университет газеттерінің бірінде сол жылдардың құқықтық кірмелілігін арқау еткен күлкілі мақала шыққан.


“Түрік азаматы деп кімді айтамыз?” деген сұраққа студенттер:

“Түрік азаматы деп Швейцарияның азаматтық құқығы бойынша үйленетін, Италияның қылмыстық кодексі бойынша сотталатын, Германияның іс жүргізу кодексі бойынша соттасатын, Францияның әкімшілік құқығы бойынша басқарылатын, исламның қағидалары бойынша жерленетін адамды айтамыз”, деп жауап берген.

Жаңа азаматтық кодекс қабылданғаннан кейін зайырлы билік орындары

дәстүрлі қоғамның ең бір киелі тұсына – отбасылық-діни өмірге алғаш рет сұғына кірді. Көп әйел алуға тыйым салынды, заң әйелге айырылысу құқын берді, некенің бұзылуын енгізді. Түрік әйелдерінің құқықтары ер кісілермен теңдестірілді. Олар ресми қызметтерге тағайындалу мүмкіндігін, дауыс беру және парламентке сайлану құқын алды. Моногамия және гендерлік теңдік қағидаты түрік қоғамының рухына көп өзгеріс әкелді. Тарих үкіметтің өз халқының тілін дәл Түркиядағыдай батылдықпен өзгерткен басқа мысалын көп біле қоймайды. М.Кемал тіл реформасын жаңа Түркия мен түрік ұлтын құрудың маңызды бөлігі деп қарады.

Тіл революциясы ресми түрде 1928 жылы басталды. Көп ұзамай араб әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Ұлттық жиналыстың көптеген мүшелері жаңа әріптерді бес жылдың ішінде бірте- бірте енгізуді жақтады. Алайда Кемалдың тізеге салуымен әліпби реформасы үш айдың ішінде жүзеге асырылды! Ұлттық жиналыс түрік әліпбиін енгізетін және 1929 жылғы 1 қаңтардан бастап араб әліпбиін қолдануға тыйым салатын заң қабылдады. Республика Президенті енді ел мұғаліміне айналды.

Тіл араб-парсы кірме сөздерінен түбірлі түрде тазарып, олардың орнын түрікше баламалары алмастырды. Осы мақсатпен Мұстафа Кемал 1932 жылы тіл қоғамын құрды. Қоғам тілден алынып тасталатын жат сөздердің тізімін жасап, жариялады. Зерттеушілер олардың орнына түрік диалектілерінен, өзге түркі тілдерінен, көне мәтіндерден баламалы басқа сөздер іздестірді. Сай келетіндей ештеңе табылмаған жағдайда жаңа сөздер ойлап табылып жатты. Екінші жағынан, еуропалық тілдерден терминдер тілге кеңінен кіріктіріле бастады.

Кемалдық жаңартудың сипатты белгілерінің бірі түрік қоғамы өмірінің барлық қырларын батыстандыруға ұмтылу болды. Бұл ұмтылыс сондай-ақ киім-кешекті және жүріс-тұрыс қалпын өзгертуді, ататек енгізуді де қамтыды. Мұстафа Кемал бір сөзінде былай дейді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді