Түркияның Қайта қҰрылуы



Дата23.06.2022
өлшемі249.74 Kb.
#272293
Байланысты:
ата турик 12....
дистанц ККЗТ каз225 2021-2022, Еуропа Осман саясаты000

ТҮРКИЯНЫҢ ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ

Ататүрік тек өз халқының, өз елінің ғана емес, бүкіл түрік («түркі» емес, түрік!) әлемінің ұлы презенттерінің бірі. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін туған халқының жарқын болашағына, туған елінің тәуелсіздігіне, тұтастығына, бірлігіне, ана тілі мен ұлттық мәдениетінің дамуына, өркендеуіне арнады. Ататүрік қиын-қыстау кезеңде ұлт-азаттық күресін басқарып, туған елін ғасырлар бойына созылған сұлтандар әулетінің өзара қырқысынан, импералистік мемлекеттердің Түркияны бөлшектеп, әлем картасынан сызып тастау жөніндегі арам пиғылынан құтқарды. Сөйтіп, Батыс үлгісіндегі,еуропалық сипаттағы жаңа түрік мемлекетін — бүгінгі Түркия республикасын құрды. Осы күн, яғни 1923 жылдың 29 қазаны күні Түркияның бас мейрамы — республика күні болып белгіленді.

Түрік ұлтын, жаңа түрік мемлекетін заманауи өркениет деңгейіне жеткізу жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалардың (Түркияда оларды «Ататүрік революциялары» деп атайды) негізі болған принциптердің жиынтығы «ататүрікшілдік», немесе «кемализм» деп аталады. Бұл — жалаң теория емес, Ататүрік құрған Түркия республикасы мемлекетінің практикалық тұрғыдағы тұғырнамасы, идеологиялық арқауы.

Сыртқы интервенциялық күштерді қайтарғаннан кейін Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар бастайды. Ол реформалардың басты бағыттары Кемалдың саяси идеологиясында баяндалған. Ататүріктің ұстанған көзқарасы бойынша Түркия мемлекеті осы заманғы, демократиялық және зайырлы ұлттық мемлекет болып құрылуы тиіс болатын. Ол тегін бастауыш мектеп оқытуын құрып, мыңдаған жаңа мектептер ашты. Ол Латын негізіндегі Түрік әліппесін жасап, Осман империясының әліппесін күшінен қалдырды.

Түріктерді негіз еткен саяси билікті құру арқылы ол тамырлас, біріккен түрік ұлтын құруға негіз салды. БАсқа халықтар Ататүріктің бастамасы бойынша Түрікше сөйлеп, түрікше оқыды. Жер атаулары, тіпті адам атына дейін түріктесу басталды. Ататүрік атауын Түрік парламенті 1934 жылы Кемалға сыйлады, ол "Түріктердің атасы" деген сөз, сөйтіп оның заманауи Түркияны құрудағы саяси жігері бағаланды.

Бастапқы кезең, 1905-1914 жылдар

Штаб капитаны Мұстафа Кемал. 1907 жыл 20 маусым.Мұстафа Кемал әскери оқу орнын 1905 жылы лейтенант әскери шенімен тәмамдап, Дамаскіде орналасқан 5-ші армияға жолданды. Ол сонда Vatan ve Hürriyet («Отан және азаттық») деген реформашыл офицерлердің құпия революциялық қоғамына мүше болып, османлы сұлтаны ІІ-ші Абдулхамидтың автократиялық билігінің қарсыласына айналды. 1907 жылы ол капитан шенін алып, Манастырдағы 3-ші армияға жолдау алды. Осы кезеңде ол Жас түріктер деген атпен де белгілі Бірлік және прогресс комитетіне (БПК) кірді. 1908 жылы Жас түріктер ІІ-ші Абдулхамид сұлтанды тақтан тайдырып, билік басына келді. Мұстафа Кемал жоғарғы әскери басшылардың біріне айналды

Бірінші дүниежүзілік соғыс

Софиядағы қызмет кезінде Мұстафа Кемал Түркияның соғысқа Германияның одақтасы ретінде қатысуын қатты сынға ала бастады. 1914 жылғы шілденің 6сында ол Ыстамбұлдағы соғыс министрлігіне соғыс бастала қалған жағдайда Түркияның бейтараптық саясатын ұстанып, кейінірек соғысқа Германияға қарсы кірісу керектігі туралы ұсыныс жасап хат жазды. Алайда соғыс министрі Енвер паша Германиямен одақтасуды дұрыс көріп, екі үкіметтің арасында одақ құру туралы құпия келісім жасалды. Соның нәтижесінде Османлы империясы Бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның одақтасы ретінде енді.

1916–1917 жылғы Кавказ жорығы

Ататүрік Time жұурналының 24 наурыз, 1923 жылғы санында. тақырып: "Түріктердің өз басшысы қайда?"Мұстафа Кемал - жаңа қызметке тағайындалған кезде османлы әскері үздіксіз алға басып келе жатқан генерал Товмас Назарбекянның басшылығындағы орыс әскерімен, Андраник Торос Озанянның басшылығындағы армян еріктілері қосынымен және армян қарулы азаматтарынан құралған әскери топтармен бетпе-бет тұрған болатын. Ван қарсылығынан кейін Арам Манукянның басшылығымен Арменияның уақытша үкіметі құрылды. Армян үкіметінің билігі Ван көлінің жағасында алғашқы пайда болған кезінен біраз кеңіген болатын. Бітліс шайқасы мен Мұш шайқасы да басталып кеткен еді

Кемал келген кезде бей-берекет жағдайдың қалыптасқанын көрді. Жылдың ең жайлы кезеңдерінде де ондағы ауа райы қатал болатын. Байланыс және әскерді қамтамасыз ету жолдары бас көтерушілердің шабуылдарына ұшырап жатты. Жүздеген мың босқындар, олардың көпшілігі армян қосындарымен жауласқан күрдтер, алға басып келе жатқан орыс әскерлерінен бас сауғалап босып келе жатқан еді.1935 жылы Ататүрік тапсырмасымен тұңғыш рет түрік тіліне аударылған Құран.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы