Тұрақты нүктелер арасындағы бөлік санына байланысты метеорологияда бірнеше температуралық шкалалар қолданылады

Loading...


Дата21.09.2021
өлшемі19.76 Kb.

3.9 Температуралық шкалалар. Барлық температуралық шкалалар белгілі тұрақты нүктелерге сүйеніп жасалады. Негізгі тұрақты нүктелер: .стандартты қысым кезінде мұздың қату және судың қайнау температуралары.

Тұрақты нүктелер арасындағы бөлік санына байланысты метеорологияда бірнеше температуралық шкалалар қолданылады:

1. Фаренгейт (t °Ғ). Қолданысқа 1715 жылы енгізілген. Екі тұрақты нүктелер арасы 180 бөлікке бөлініп, мұздың қату нүктесіне 32 °Ғ, ал судың қайнау нүктесіне 212 °Ғ температурасы берілген. Фарентейттің 0 °Ғ-і Цельсия бойънша минус 17,8 °С-ға тең болады (0 Ғ=-17,8 °С). Адам денесінің дұрыс температурасы 100 °Ғ болады. Бұл температуралық шкала АҚШ пен Англияда негізгі шкала болып табылады.

2. Реомюр (t °R). Қолданысқа 1730 жылы енгізілген. Екі тұрақты нүктелер арасы 80 бөлікке бөлініп, мұздың қату нүктесіне 0 ° R, ал судың қайнау нүктесіне 80 °К температурасы берілген.

3. Цельсия (t °С). Қолданысқа 1742 жылы енгізілген. Екі тұрақты нүктелер арасы 100 бөлікке бөлініп, мұздың қату нүктесіне 0 °С, ал судың қайнау нүктесіне 100 °С температурасы берілген.

4. Кельвин (Т °К). Термодинамикалық, температуралық шкала, қолданысқа 1848 жылы енгізілген. Бұл шкаланың ең төменгі температурасы абсолюттік ноль О °К) және бір ғана тұрақты нүктеге сүйенеді. Ол тұрақгы нүкте - судың үштік нүктесі, яғни судың үш күйінің (қатты, сұйық, газ) теңдік қалыпта тұратын нүктесі. Оған 273,16 °К мәні берілген. Бұл шкала бойынша мұздың қату нүктесіне 273 °К, ал судың қайнау нүктесіне 373 °К температурасы берілген.

Температураны бір шкаладан екінші шкалаға аудару үшін мына қатынастар қолданылады:

t °С = (5/4) t°R = (5/9) (t °Ғ - 32),

t °R = (4/5) T°С = (4/9) (t °Ғ - 32),

t °Ғ = (9/5) (t°С + 32) = (9/4) (t °R + 32),

Т°К = t°С + 273.

3.10 Ауа және топырақ температураларын өлшейтін құралдар.

Термометрикалық қасиеттердің қолданылуына байланысты термометрлердің мынадай негізгі түрлері болады:

1. Сұйықтық және газды термометрлер. Бұларда сұйықтың және газдың температураға байланысты көлемінің өзгеру қасиеті пайдаланылады.

2. Деформациялық термометрлер. Мұнда қатты денелердің (металдардың)

размерінің температураға байланысты өзгеру қасиеті пайдаланылады.

3. Кедергі термометрлері. Заттардың (металдар, жартылай өткізгіштер) температураға байланысты электрөткізгіштігінің өзгеру қасиеті пайдаланылады.

4. Термоэлектрлік термометрлер. Термоэлементтер спаяларының температурасы әртүрлі болғанда тізбекте электрқозғағыш күшінің пайда болу қасиеті қолданылады.

Жер бетіне жақын ауа қабатының температурасы деп 2 метр биіктікте орналақан метеорологиялық (психрометрлік) будка ішіндегі термометрлер көмегімен анықталатын ауа температурасын айтады (сурет-8

Метеорологиялық стансаларда тұрақты бақылау уақыттарында (әрбір үш сағат сайынғы) ауа мен топырақтың нақты температуралары және уақыт аралықтарындағы максимальді, минимальді температуралары өлшенеді. Бұл мақсатта негізінен сұйықтық термометрлер қолданылады. Оларда термометр-лік сұйық ретінде сынап пен спирт пайдаланылады.

Ауа температурасын өлшеу негізінен 2м биіктікте орналасқан психрометрлік будка ішінде орналасқан психрометрлік термометрлер көмегімен жүргізіледі: стансалық немесе аспирациялық психрометрдің құрғақ термомметр (1,2); максимальді және минимальді термометрлері қолданылады. Максимальді термометр (ТМ-І)-бақылау мерзімдері аралығындағы ең төменгі температураны көрсетеді (6). Ал минимальді термометр - бақылау аралығындағы ең жоғарғы төменгі және нақты температураларды көрсетеді (5).

а) б)


Сурет-8. Психрометрлік будка (б) жэне оның ішкі құрылысы (а).

Сонымен қатар бақылау кезінде топырақ бетінің нақты, ең жоғары (mах) ең төменгі (mіп) температуралары және төселме беттің терең қабаттарының (0,2; 0,4; 0,6; 0,8; 1,2; 1,6; 2,4; 3,2 метр) температуралары да өлшенеді. Және жылы кезеңдерде топырақтың 5см, 10см, 15см және 20см тереңдіктеріндегі температуралар да өлшенеді. Нақты, максимальді және минимальді термометрлер ауа температурасын өлшегіш термометрлер сияқты топырақтың (топырақ бетінің) бақылау кезіндегі; бақылау аралығындағы ең жоғары және төменгі температураларды көрсетеді.

Топырақтың 5см, 10см, 15см және 20см топырақ тереңдіктеріндегі температураларды өлшеу үшін Савинов термометрлері қолданылады.

Топырақтың 20см - 3,2м терең қабаттарындағы температураны өлшеу үшін арнайы суырмалы термометрлер де қолданылады. Бұл термометрлер жерге жартылай көмілген, түбі металл қалпақты түтікшелерге (трубаларға) салынады.

31

АТМОСФЕРАНЫН ЖЫЛУ РЕЖИМІ



Түтікшенің үзындығы температураны өлшейтін тереңдікке байланысты боады.

Метеорологияда сонымен бірге, биметалды деформациялық термометр -термограф қоланылады (сурет-9).

Сурет-9. Термограф. 1-биметалды пластинка; 2-сия қаламы бар тіл;

3-сағаттық механизмі бар барабан.



Сағаттық механизмді барабан тәулігіне (негізінен 26 сағаттық) бір айналым жасайды. Барабан бетіне арнайы термограф лентасы кигізілген. Лента бетінде көлденеңінен - температура сызықтары (әрбір 1 °С сайын) және тігінен - уақыт сызықтары (15 минут) торы бар. Сия - қалам уақыттың өтуімен бірге лента бетіне ауа температурасының өзгеріп отыруына байланысты сызық сызып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...