+ауруханадан тыс пневмония
бронхиальды астма
Қабылдауда 39 жастағы науқас ұзақ уақыт (4 жыл бойы) аз мөлшерлі кілегейлі қақырықты жөтелге, кішкене физикалық жүктемеде болатын ентігуге шағымданады. Анамнезінде:16 жастан темекі тартады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауыр. Кеуде сарайы эмфизематозды. Бұғана үсті аймағының шығыңқылығы байқалады. Дауыс дірілі екі жақта әлсіреген. Перкуторлы:қорапты дыбыс. Тыныс шығаруы ұзарған, қатқыл тыныс, бүйір қапталдарында тынысты тездетіп шығарғанда әртүрлі калибрлі құрғақ сырылдар естіледі. Алғашқы диагнозды тұжырымдаңыз
пневмония
+СОӨА
трахеит
бронхит
туберкулез
48 жастағы пациент 1 апта бойы іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, дене қызуының 39 0С көтерілуіне, басының ауруына шағымданады. Қарағанда: АҚҚ 90/60 мм.с.б, пульс – 104 минутына, ТАЖ – 30 рет минутына. Сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде әлсіреген везикула тынысы, плевра үйкеліс шуы естіледі. Осы пациентті жүргізу тактикасын анықтаңыз:
амбулаторлық жағдайда
күндізгі стационарда
үйдегі стационар
+стационарға жатқызу
санаторийға жіберу
Созылыңқы және қайталамалы пневмониясы бар 40 жастан жоғары науқаста бірінші кезекте нені жоққа шығару керек:
өкпе тромбоэмболиясын
өкпе туберкулезін
+өкпенің орталық обырын
гипостатикалық пневмонияны
созылмалы пневмонияны
47 жастағы науқасты 2 айдан бері жағымсыз иісті іріңді қақырықпен жөтел, субфебрильді қызба, әлсіздік мазалайды. Анамнезінде: көп темекі тартады,бір ай бұрын ұзақ қызба болып, амбулаторлық жағдайда цефазолин қабылдаған. Жұмысқа шығып кетуіне байланысты емді аяғына дейін қабылдамаған. Объективті: тері жамылғысы цианозды, саусақтары «дабыл таяқшасындай» қалыңдаған, тырнақтарының түрі «сағат әйнегіндей». Перкуссияда –тимпанит. Ұсақ көпіршікті сырылдар мен амфоралық дыбыс естіледі. Клиникалық хаттамаға сәйкес қандай диагностикалық тексеру әдісі осы аурудың диагностикасына көмектеседі:
рентгенологиялық
томографиялық
спирографиялық
бактериологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |