Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері

Loading...


Дата04.05.2021
өлшемі16.61 Kb.

Транскрипция. Трансляцияның кезеңдері

Транскрипция дегеніміз клетканың ішінде тұқымқуалаушылық ақпаратын тарату үрдісі кезінде ДНҚ-ның матрицасында жүретін РНҚ-ның биосинтезі. Транскрипция ядрода жүреді. Транскрипция орындалу үшін оқуға болатын ДНҚ-ның ақпараты болуы тиіс. ДНҚ-ның құрамындағы ақуыздың құрылымы туралы ақпарат ақпараттық РНҚ-ға «көшіріледі» (аРНҚ немесе матрицалық мРНҚ). Бұл жағдайда бір геннен мРНҚ-ның көптеген молекулалары «көшіріледі». Олар ядрода процессингке ұшырайды да одан кейін ядродан цитоплазмаға тасымалданады. Цитоплазмада олар өз қызметтерін атқарады. Процессинг (ағл. processing — өңдеу) – алғашқы активті емес транскриптерді белсенді қызмет ететін молекулаларға айналдыратын реакциялардың жинағы. Клеткаларда РНҚ-ның үш типі болады. Олардың ішінде ақпаратты РНҚ (мРНҚ) ДНҚ-ның нуклеотидті кезегі туралы ақпаратты рибосомаларға тасымалдайды. Рибосомаларды түзуге рибосомалы РНҚ (рРНҚ) қатысады. Кішігірім транспортты РНҚ-ы (тРНҚ) екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден, олар аминқышқылдарының молекуласын қосып алады да оны рибосомаға тасымалдайды, екіншіден оның мРНҚ молекуласындағы аминқышқылына сәйкес триплетін таниды. тРНҚ молекуласының ортасында антикодон деп аталатын үш азотты негіздерден тұратын топ болады. Антикодон мРНҚ-ның үш негіздерінің белгілі бір тобы – кодонмен байланыса алады. Антикодон молекулалары жақындағаннан кейін тРНҚ-ы мРНҚ-ның кодонын танып, онымен қосылады. Генетикалық кодқа бірқатар маңызды қасиеттер тән. Ол триплетті: үш нуклеотид полипептидті тізбекке бір аминқышқылының қосылуын қамтамасыз етеді. Көпшілік аминқышқылдары бірнеше триплетпен кодталынады. Бір аминқышқылы әртүрлі триплеттермен кодталынады, дегенмен олардың бірінші екі нуклеотидтері әрқашанда бірдей болады. Мысалы –С-С-С- пролинді кодтайды. Сондай-ақ пролин қосымшасы CCU, CCA, CCG триплеттерімен кодталынуы мүмкін. AUG триплеті полипептидті тізбектің синтезі басталатын бірінші аминқышқыл – метилметионинді кодтайды. Генетикалық кодта барлығы 64 кодон бар, олардың үшеуі (UFF, UGA және UAG) полипептидті тізбектің синтезін аяқтайтын тоқтатушы-кодон. Генетикалық кодта бір триплетті екінші триплеттен бөліп тұратын белгілер болмаса да генетикалық код беттеспейді. Мысалы, UUCAUUGUU негіздерінің кезігінде бірінші үш негіз бір аминқышқылын кодтайды, ал екінші үшеуі – басқа аминқышқылын кодтайды т.с.с. Келтірілген мысалда UUC негізі бір аминқышқылын, UCA – екінші аминқышқылын, ал CAU – үшінші аминқышқылын т.с.с. кодтауы мүмкін емес. тРНҚ-ның молекуласы сәйкес аминқышқылымен косылып, нәтижесінде аминацил-тРНҚ түзілгеннен кейін ғана ақуыз молекуласының синтезі басталады. Рибосоманың кіші суббірлігі метилметионин молекуласы бар инициаторлы тРНҚ-мен байланысқа түседі. Осы кешен мРНҚ-ның инициаторлы кодонына (AUG) қосылады. Осыдан кейін рибосоманың кіші суббірлігіне үлкен суббірлік қосылады. Ақуыз синтезінің реакциясын рибосомалар қамтамасыз етеді. Рибосома тРНҚ-ның екі молекуласын байланыстырады: рибосоманың А бөлімі –аминацил-тРНҚ-ны, рибосоманың Р бөлімі өсіп келе жатқан полипептидті тізбекпен байланысқан аминацил-тРНҚ-ны қосып алады. Екі тРНҚ мРНҚ-ның көршілес кодондарымен байланысады. Рибосомаға келесі аминацил-тРНҚ келеді де, алғашқы полипептидті байланыс түзіледі.

Видео сілтемесі: https://youtu.be/bLK_xZGXpcM



Тапсырма:

  • Генетикалық код және оның қасиеттері.

  • Трансляция қайда жүреді?

  • Ол қандай сатылардан тұрады ?

  • Биологиялық және медициндағы маңыздары.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...