Желілер өзара маршрутизатормен немесе шлюздармен қосылады, олар желілер арасындағы қосылыстар топологиясы жөніндегі ақпаратты жинақтайды және соның негізінде желілік деңгейдегі пакеттерді арналу желісіне жөнелтеді. Ең тиімді жолды таңдау жолды таңдау мәселесі маршрутизация деп аталады, ал мәселенің шешімі желілік деңгейдің басты тапсырмасы болып табылады. Желілік деңгейде хаттамалардың екі түрі анықталады. Дәл осы хаттамалар желілік деңгейдегі хаттамаларға тікелей қатысты. Алайда желілік деңгейге көп жағдайда маршуртты ақпараттармен алмасу хаттамасы деп аталатын хаттамалар түрлерін жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |