Топырақтың иілгіштігі оның ылғалды күйінде икемдеп пішін беруге көнуін және оны сақтау қабілетімен сипатталады

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі14.56 Kb.
Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері оны өңдеуге және өсімдік тамырлары дамуына тікелей әсерін тигізеді. Оларға топырақтың қаттылығы, байланыстылығы, иілгіштігі, жабысқақтығы, ісінуі және отыруы, меншікті кедергісі көрсеткіштері жатады.

Топырақтың қаттылығы - оның қабаттарына бойлата енгізген құрал білікке көрсететін кедергісі. Оның кг/см2 мөлшерімен сипаттайды. Топырақ ылғалдылығына, механикалық құрамына байланысты оның мөлшері 5-45 кг/см2 дейін болуы мүмкін. Топырақтың қаттылығы мен оның меншікті кедергісі арасында тікелей қатынас бар. Қаттылығы жоғары топырақтың меншікті кедергісі оны жырту кезінде әр см3 топырақ бетіне жұмсалатын тарту күшін сипаттайды. Меншікті кедергі топырақтың механикалық құрамына, құрымына, ылғалдылығына, қаттылығына байланысты өзгереді. Мысалы, механикалық құрамы құмдақ топырақта бұл көрсеткіш 0,2-0,3 кг/см2, орташа саздақты топырақта 0,5-0,7, ал ауыр саздақты топырақта 0,7 кг/см2-ден көп болады.

Топырақтың байланыстылығы оның бөлшектерін бір-бірінен айыруға бағытталған күшке қарсыласу қабілетін көрсетеді. Байланыстылық топырақтың механикалық құрамына және ылғалдылығына байланысты. Саз балшық, саздақ топырақтардың байланыстылығы құм, құмдақ топырақтардың осы көрсеткішінен жоғары болады. Қазақстанның топырақтанушы ғалымдары осы көрсеткіші топырақтың эрозияға төзімділігін бағалауға қолданады.

Топырақтың байланыстылығы кеміген сайын оның жел эрозиясына төзімділігі нашарлайды. Алтыншы, бесінші топтағы топырақтар жел эрозиясына төзімсіз, ал бірінші, екінші топтағылардың төзімділігі жоғары болады.

Топырақтың иілгіштігі оның ылғалды күйінде икемдеп пішін беруге көнуін және оны сақтау қабілетімен сипатталады.

Құрғақ және өте ылғалды топырақтың басқа денелерге жабысу қабілеті – топырақтың жабысқақтылығын көрсетеді. Механикалық құрамы балшық, құрамында натрий иондары мол топырақтың жабысқақтығы жоғары болады. Ол топырақтарды өңдеуге көп күш жұмсалады. Топырақтың жабысқақтығы оның ылғалдылығына байланысты. Құрғақ топырақтың жабысқақтығы жоқ, ал ылғалдылығы өскен сайын оның жабысқақтығы арта түседі де, кейіннен ылғалдылық молайғанда тағы да жабысқақтық кемиді. Топырақтың жабысқақтығына байланысты егіншілікте топырақтың физикалық пісуі деген ұғым қолданылады. Ылғалды топырақты өңдегенде құралдарға жабыспай жақсы түйіршікті құрылымға бөліну қабілеті бар кезеңі оның физикалық піскен дәрежеде екенін көрсетеді. Осы кезеңде өңделген топырақтың құрылымы және фиизикалық қасиеттері қолайлы қалыптасады.

Топырақ ылғалданғанда оның ісінуі, ал құрғағанда – отыруы байқалады. Осы қасиеттер механикалық құрамы балшық және натрий иондары бар топырақтарда дамиды. Сондықтан осындай топырақтар ылғалданғанда қатты ісініп, ал құрғағанда көп отырып, топырақта үлкен жарықтар пайда болады. Сондықтан өсімдік тамырларына зақым келтіреді және ылғалдың артық булануына әсер етіп қолайсыз жағдай жасайды.

Топырақтың қолайлы физикалық және физикалық-механикалық қасиеттері оның құнарлығына үлкен әсер тигізіп және басқа да экологиялық қызметтерінің пәрменді жүруіне жағдай жасайды. Сондықтан осы қасиеттерін жақсарту үшін мол органикалық тыңайтқыш қолдану, егістікте және мал жайылымдарында, шабындықтарда алқаптарды ауыстырып отыру жүйесін қолдану арқылы топыраққа қолайлы әсер ету керек. Топырақты өңдегенде, одан өнім жинағанда оған аз қысым түсіретін техника қолданып, оның тығыздығын, құрылымын сақтауға жағдай жасалынуы керек.

Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері оны өңдегенде және өсімдік тамырларының дамуына тікелей әсерін тигізеді. Оларға топырақтың қаттылығы, байланыстылығы, иленгіштігі, жабысқақтығы, ісінуі және отыруы, меншікті кедергісі көрсеткіштері жатады.

Топырақтың қаттылығы оның қабаттарына бойлата енгізген құрал білікке көрсететін кедергісі. Оны кг/см2 мөлшерімен сипаттайды. Топырақтың ылғалдылығына, гранулометриялық құрамына байланысты оның мөлшері 5-тен 45кг/см2–дейін болуы мүмкін. Топырақтың қаттылығымен оның меншікті кедергісі арасында тікелей қатынас бар. Қаттылығы жоғары топырақтың меншікті кедергісіде жоғары болады.

Топырақтың меншікті кедергісі – оны жырту кезінде әр шаршы см топырақ бетіне жұмсалатын тарту күшін сипаттайды. Меншікті кедергі топырақтың гранулометриялық құрамына, түйіртпектілігіне, ылғалдылығына, қаттылығына байланысты өзгереді. Мысалы, гранулометриялық құрамы құмайт топырақта бұл көрсеткіш 0,2-0,3 кг/см2, орташа құмбалшықты топырақта 0,5-0,7 ал, ауыр құмбалшықты топырақта 0,7 кг/см2 ден көп болады.

Топырақтың байланыстылығы – оның бөлшектерін бір-бірінен айыруға бағытталған күшке қарсыласу қабілетін көрсетеді. Байланыстылық топырақтың гранулометриялық құрамына және ылғалдылығына байланысты. Балшық, құмбалшық топырақтардың байланыстылығы құм, құмайт топырақтардың осы көрсеткішінен жоғары болады. Қазақстанның топырақтанушы ғалымдары осы көрсеткішті топырақтың эрозияға төзімділігін бағалауға қолданады (18-кесте).

Топырақтың байланыстылығы кеміген сайын оның жел эрозиясына төзімділігі нашарлайды. Алтыншы, бесінші топтағы топырақтар жел эрозиясына төзімсіз, ал, бірінші, екінші топтағылардың төзімділігі жоғары. Қазақстанның ғалымдары топырақтың байланыстылығын анықтау үшін келесідей теңдеуді қолдану қажеттігін дәлелдеді. (А.И.Бараев, А.А. Зайцева, 1975, Е.И. Шиятый, 1985):

Мұнда, St – топырақ түйіршігінің байланыстылығы, %;

Х1 - тозаң мөлшері (көлемі 0,001мм-ден кіші түйіршіктер), %;

Х2 - ұсақ құм мөлшері (0,05 – 0,25мм), %;

Х3 - ірі құм мөлшері (0,25- 3 мм), %.

Топырақтың иленгіштігі - оның ылғалды күйінде икемдеп пішін беруге көнуі және оны сақтау қабілеті. Құрғақ немесе өте ылғалданған топырақтың иленгіштігі болмайды. Иленгіштік топырақтағы көлемі <0,001 мм, яғни тозаң (лай) бөлшектер мөлшерімен тығыз байланысты. Тозаң мөлшері артқан сайын иленгіштік ұлғаяды. Сонымен бірге иленгіштікке ылғалдылық әсер етеді. Осыған байланысты иленгіштіктің жоғарғы және төменгі шегі анықталады. Иленгіштің жоғарғы (ағып кету) шегі салмағы 76 г конус өз салмағымен топыраққа 10 см тереңдікке батып кететін топырақтың ылғалдылық көрсеткіші. Иленгіштіктің төменгі шегі топырақтың илеуге көнуінің басталған шағы. Ол топырақты диаметрі 3 мм жіп қылып илеуге болатын топырақ ылғалдылығына тек жоғарғы шегімен төменгі шегі айырмасы иленгіштік санын көрсетеді. Гранулометриялық құрамы балшық топырақта ол 17-ден артық, құмбалшықта 7-17, құмайтта 7-ден аз, ал құмда 0-ге тең.

Жабысқақтылығы - ылғалды топырақтың басқа денелерге жабысу қабілеті. Гранулометриялық құрамы балшық, құрамында натрий иондары мол топырақтың жабысқақтығы жоғары болады. Осы топырақтарды өңдеуге көп күш жұмсалады. Топырақтың жабысқақтығы оның ылғалдылығына да байланысты. Құрғақ топырақтың жабысқақтығы жоқ, ал ылғалдылығы өскен сайын оның жабысқақтығы арта түседі де, кейіннен ылғалдылық молайғанда тағы да жабысқақтық кемиді. Топырақтың жабысқақтығына байланысты егіншілікте топырақтың физикалық пісіп-жетілуі деген ұғым қолданылады. Топырақты өңдегенде құралдарға жабыспай жақсы түйіршіктерге бөліну қабілеті бар кезеңі оның физикалық пісіп-жетілген дәрежеде екенін көрсетеді. Осы кезеңде өңделген топырақтың түйіртпектілігі және физикалық қасиеттері қолайлы болып қалыптасады.

Топырақ ылғалданғанда оның ісінуі, ал құрғағанда – отыруы байқалады. Осы қасиеттер гранулометриялық құрамы балшық және натрий иондары бар топырақтарда дамиды. Сондықтан осындай топырақтар ылғалданғанда қатты ісініп, ал құрғағанда отырып, топырақта үлкен жарықтар пайда болады. Сондықтан өсімдік тамырларына зақым келтіреді және ылғалдың артық булануына әсер етіп қолайсыз жағдай жасайды.



Топырақтың қолайлы физикалық және физикалық-механикалық қасиеттері оның құнарлылығына оң әсерін тигізеді және экологиялық қызметтерінің белсенді жүруіне жағдай жасайды. Сондықтан осы қасиеттерін жақсарту үшін мол органикалық тыңайтқыш қолдану, егістікте және мал жайылымдарында, шабындықтарда алқаптарды алмастырып отыру жүйесін қолдану арқылы топыраққа қолайлы әсер ету керек. Топырақты өңдегенде, одан өнім жинағанда оған аз қысым түсіретін техника қолданып оның тығыздығын, түйіртпектігін сақтауға жағдай жасалынуы қажет

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...