Төлепберген Динара Замандас, саған айтам



Дата23.11.2022
өлшемі15.82 Kb.
#361298
Байланысты:
Замандас, саған айтам Динара
Емтихан сұрактары, 100-сурак студенттерге 2021-2022, Document8, 100 дата, 8 зат мөлшері БЖБ

Төлепберген Динара
Замандас, саған айтам
Студенттік шақ көпшілік жан үшін нағыз өмірдің, қаншалықты аяусыз да қатал өмір болса, соншалықты мейірім мен шаттыққа толы өмірдің, ащысы мен тәттісі бірдей келетін өмірдің елеулі бөлігінің бастауы. Дәл осы уақыт аралығында тұлға ретінде әлемге деген көзғарасыңыз қалыптасып, дүниетанымыңыз ұлғая бастайды, өміріңіздің төрешісі, иесі жалғыз өзіңіз екенін, болашағыңыз өз қолыңызда екенін түсіне бастайсыз да, келе-келе алдағы күнге маңызды қадамдар жасайсыз. Бұл қадамдардың пайда болуына сыртқы факторлар да өз әсерін тигізеді: жоғарғы оқу орындарында жағдайыңыз басқа қалыпқа түседі, оқуыңызды, өміріңізді қадағалап отыратын ата-анаңыз қазір сізге көп көңіл бөлмейді немесе тексеруді мүлде қойған, мектептегідей бақылау да жоқ, екінші анаңыздай болған мұғалім де жоқ. Міне, осылай өзіңізбен оңаша қалуыңызға тура келеді, көптеген маңызды шешімдерді қабылдап, сіз үшін жауапкершілік сәті туады. Бұл эсседе, мен замандас ретінде, сіздей студент ретінде студенттік өмірде жарайтын, білім мен еңбекке баулитын, сәтсіздікке ұшыраудан сақтандыратын ақыл-кеңестер беруге тырысамын.
Біріншіден, бұл аса елеулі өмір сәттерін неге және қалай жұмсайтыныңызды, не қалайтындығыңызды түсіну, ішкі дүниеңізбен үндестікте болып, алдыңызға мақсат қоя білуіңіз қажет. Бұл уақыт қарқынды ойлану үшін, өзіңнен өзің есеп алу, белгілі бір мақсат-мұраттарға жету үшін берілген. «Мен кіммін?», «Өмірден нені қалаймын?» деген сұрақтарға жауап бермей, сіз алға жылжи алмайсыз. Ал жауап беріп, мақсатыңызды анық түсінсеңіз, оқуда, мамандық меңгеруде, уақытты пайдалануда өзіңізге сай тәсілдерді үйреніп, қолданған жөн. Біліміңіз көбінесе теория ретінде болғаны дұрыс емес, ал ол білімді іс жүзінде қалай қолдану керектігін практика арқылы ғана көріп-білуге болады. Сондықтан, қосымша, сіздің болашақ мамандығыңызға тікелей байланысты жұмыстарға атсалысу керек. Сонымен қатар, аса маңызды істер мен көп көңіл аударуды қажет етпейтін істерді айыра білу болашақта зор көмегін тигізеді. Ия, бұның барлығын айтуға оңай, бірақ сіз өз бойыңыздан қайсар күш табар болсаңыз, жай ғана дұрыс бастау алсаңыз, тасыңыз өрге домалап кете барады. Көп адамдардың ауыр дерті жалқаулыққа тіпті жол беруге болмайды. Және де есіңізде болсын: бұл қағидаларды орындау тек өзіңізге, сіздің келешегіңізге, сіз: «Қап, студенттік өмірімді зая кетірдім, құр өткіздім»,- деп саныңызды соғып қалмас үшін қажет. Бұл бәсекелестік заманы, тек берілмей, күресе келе нақты нәтижеге жетуге болады.
Екіншіден, әрбір жан үшін жеке даму өмірде басты орындардың бірін алып тұруы керек. Бұл ішкі дүние, рухани азық талап ететін сіздің ерекше әлеміңіз. Ал дәл студенттік шақта жан-жақты дамуға, адам ретінде қалыптасуға, түрлі қызығушылықтар табуға, жаңа достар мен сізге сай қоғамға қосылуға мүмкіндіктер жетерлік. Ең бастысы, жаңашылдықтан қорықпау, жүрегің қалаған істі тауып, сонымен айналысып көру маңызды. Достармен, жақын адамдармен пайдалы да көңілді істермен, бәріне ұнайтын, әрі жақындастыратын істермен шұғылданып көріңіз. Күнделікті өмір саясынан шығып, ұмытылмас естеліктер жасап демалыңыз. Мүмкін, достармен қала сыртына, көлге немесе тауға, демалыс орындарына барып таза ауамен тыныс алып, жеңілдеп қайтарсыздар. Жаңа іспен айналысып та көріңіз, жүгіру болсын, жүзу болсын, спортқа жол ашыңыз, тіпті спортқа нашар болсаңыз да, сіздің ағзаңыздың қандай жетістікке жете алатынын сезініп, тамаша таңқаласыз. Кітап оқыңыз, бұл сізге өмірлік тірек болатын досыңыз, өз жанрыңызды тауып оқыңыз: көркем әдебиет болсын, фантастика немесе детектив болсын, мамандыққа байланысты болсын, болмасын, бәрі де сіздің ішкі дүниеңіздің қалануына өз үлесін қосады. Кез-келген адамның бойында бір іске қабілеті, бейімділігі болады. Волонтерлік, пікірсайыс, әдеби клубтар, өнер клубтары, түрлі тілдер үйренуге болатын клубтар қуанышқа орай әрбір жоғарғы оқу орнында бар және бұл клубтардың әрқайсысы сіздің рухани дамуыңызға өз көмегін тигізе алады, өте көп тәжрибе жинайсыз. Өзіңіздің қабілетіңізге байланысты, ойланып сол клубтарға жазылып көріңіз.
Үшіншіден, адами қасиеттерді, өз мінезіңді қалыптастыру, осы студенттік шақта жүреді. Сенімділік, достық, махаббат пен сүйіспеншілік сезімдерін толықтай танитын кез, сатқындық пен түрлі қиындықтармен бетпе-бет келетін кез. Барлық қиындықтың уақытша екендігін түсініп, өзіңізге деген сенімділікті жоғалтпауға тырысыңыз, басқалардан көмек сұрауға да қорықпаңыз. Қамқоршы ата-ананың жайын да әрқашан біліп жүргеніңіз абзал, сіз оларға қарыздарсыз, сондықтан да оларды жадыңыздан еш шығармаңыз.
Қорытындылай келе, замандасым, досым, жолдасым студенттік өмірдің маңыздылығын түсіне біл. Бұл сенің өміріңнің шартты бөлігі және сол бөліктің жауапкершілігі сенің мойныңда. Бір орында тұрып қалмай, өзіңді тек алға жетелей бер. Бар уақытты бағала, әр минутыңды орнымен пайдалануға тырыс. Бұл шақтың қаншалықты қызықты, көңілді, бақытты әрі мағыналы өтуі немесе өтпеуі тек өз қолыңда.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені