Төңкерілген тышқандар



бет1/2
Дата23.11.2022
өлшемі58.97 Kb.
#361304
  1   2
Байланысты:
Төңкерілген тышқандар (4)


Төңкерілген тышқандар
Әдеби мәтін



Ертеде Өркен атты адам өмір сүріпті, ол
87 жаста болған еді. Өмір бойы сабырлы және ымырашыл адам болатын. Ол өте кедей және сонымен қатар өте бақытты болған еді.
Үйінің ішінен тышқандарды байқаған кезде, Өркен еш қамықпады. Бірақ тышқандар көбейе берді.
Бұл оны ызаландыра бастады. Олар көбейе берді-көбейе берді, ақыры, Өркеннің шыдамы таусылды.
«Бұлай болмайды. Бұл өте ұзақ жалғасып кетті», - деп ойлады ол. Өркен дүкенге жүгіріп барып, тышқан қақпанын, ірімшік және желім сатып алды.
Үйге оралған соң, тышқан қақпанының астына желім жағып төбеге жапсырып қойды. Содан соң ішіне ірімшік салып қойды.
Сол түнде, тышқандар індерінен шығып, төбеде жапсырылып тұрған тышқан қақпанын көріп, жай ғана әзіл деп ойлап қалды. Олар еденде серуендеп жүріп, бірін-бірі итеріп, төбені көрсетіп қатты дауыстап қарқылдады.
Ақыры, тышқан қақпанын төбеге жапсырып қою орынсыз болды.
Таңертең, Өркен төменге түскенде, тышқан қақпанында ештеңе жоқ екен, бірақ ол жымиып, үндеген жоқ.
Ол орындықтың аяқтарына желім жағып, төңкеріп, тышқан қақпанының жанына төбеге жапсырып қойды.
Дәл осылай, үстелді, теледидарды және шамды да жапсырып қойды. Ол еденде тұрғанның
барлығын төңкеріп, төбеге жапсырып қойды. Өркен тіпті кілемді де жапсырып қойды.
Келесі түні, тышқандар інінен шыққаннан кейін, бұған қарап күліп, әзілдеп жүріп еді, енді төбеге қарап, тынышталып қалды.
«О, құдай-ау! Қараңдар, еден ана жақта!», - деп біреуі айқайлап жіберді.
«О, тәңірім! Біз төбеде салбырап тұрған шығармыз!», - деп екіншісі айқайлады.
«Менің басым айналып кетті», - деді үшіншісі.
«Менің басыма қан құйылып кетті», - деді тағы біреуі.
«Бұл сұмдық қой! Дереу бірдеме істеуіміз керек!», - деді ұзын мұртты кәрі тышқан.
«Егер тағы біраз басыммен тұратын болсам, есімнен таңып қалам!»,- деді жас тышқан.
«Мен де!»
«Мен бұған шыдамаймын!»
«Біреуіңіз көмектесіңіздер. Тезірек!»
Тышқандардың естері шықты. «Мен не істеу керектігін білемін, біз барлығымыз басымызмен тұрамыз да, барлығы өз орнына келеді», - деді кәрі тышқан.
Барлық тышқандар келісіп басымен тұрды, біраз уақыттан кейін, бірінен кейін бірі миына қан құйылудан естерінен таңа бастады.
Келесі күні, таңертең Өркен төменге түскенде, тышқанға толы еденді көрді. Тышқандарды жинап, себетке салып қойды.
Сөйтіп, мынаны есте сақтау керек: қаншалықты дүние төңкеріліп жатқандай болып көрінсе де, сіз жерде нық тұрғаныңызға сенімді болуыңыз керек.


«Төңкерілген тышқандар» мәтіні бойынша сұрақтар

    1. Неліктен Өркен тышқандарды құртқысы келді?

А. Ол әрқашан да тышқандарды жек көретін В. Олар тым көбейіп кетті
С. Олар тым қатты күлетін
D. Олар бүкіл ірімшікті жеп қойды
    1. Өркен тышқан қақпанын қайда орнатып қойды?

А. себетке
В. тышқан індерінің жанына С. орындықтардың астына
D. төбеге
    1. Неліктен бірінші түні тышқандар індерінен шыққаннан кейін, бірін-бірі итеріп, төбені көрсетті?

А. төбеден орындықты көріп қалды В. Өркенды ақылсыз деп есептеді
С. олар тышқан қақпанындағы ірімшікті алғысы келді
D. олар көргенінен шошып кетті
    1. Неліктен Өркен тышқан қақпанында тышқандарды таппағаннан кейін жымиды?








    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені