Тобы: бж 701 Орындаған: Біржан Ә. С тексерген: Бейсебаев Ш. Т семей 2020 Жоспар

Loading...


Дата02.04.2020
өлшемі30.55 Kb.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



БӨЖ

Тақырыбы:

Өрт қауіпсіздігі негіздері. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары. Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есепте. Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу



Тобы: БЖ - 701

Орындаған: Біржан Ә.С

Тексерген: Бейсебаев Ш.Т

Семей 2020

Жоспар:

  1. Өрт қауіпсіздігі негіздері.

  2. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары

  3. Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу

  4. Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу

  5. Пайдаланылған әдебиеттер


Өрт қауіпсіздігі негіздері

Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 миллионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады. Өрт үлкен материалды шығындарды қажет етеді. Өрттің себептерін социалдық жағы нақты қадағалайды. Өндірістердің өрт қауіпсісзідігі өрт болдырмау системасымен қаматамасыз етілуі керрек. Өртті болдырмау системасы мен өрт қауіпсісіздігі өрттің қауіпті факторлары адамдарға әсерін тигізбейтіндігін қамтамасыз ету қажет. Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары мыналар, ашық от және от ұшқын, ауа температурасының көбеюі, газ қышқылының концентрациясының төмендеуі, қондырғылардың, ғимараттардың зақымдануы және қирауы, түтін.

Әр нақты объектілерде өртті болдырмау системасы жасалу керек (ғимарат және қондырғыларда, транспорттарда, материалдарды сақтайтын ашық жерлерде).

Өндірістерде өрт және жарылыстар технологиялық режимдердің бұзылуынан, электр қондырғылардың дұрыс қолданбаудан, найзағай разрядтарынан т.б. жағдайларға байланысты зерттеулер көрсетті.

Өрт – бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.
Өрттің шығу себептері


    • Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан болады:

  • жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста болуы керек;

  • жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек;

  • тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану температурасына дейін қыздыру керек.

  • Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;

  • Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдалану;

  • Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы;

  • Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы;

  • Жанармай, бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс сақтамау;

  • құрал-жабдықтардың қатты қызуы.


Өртті болдырмау шаралары

Жану процесстері: Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығу және жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалық және химиялық процесс. Жану процессі пайда болып және даму үшін 3 фазадан тұрады:



  • жаңғыш;

  • тотықтырғыш;

  • тұтану көзі.

Жаңғыш зат – оттегімен қосылатн заттарды айтады, кейбір кезде заттардың жануы оттегімен ғана емес басқа да фазамен қосу арқылы болады. Мысалы: хлор, бром, күкірт. Жаңғыш зат қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі. Әдетте жану процессі заттың газ күйінде жүргізіледі. Қатты және сұйық заттар жану процессі кезінде физикалық және химиялық реакциялар арқылы жаңғыш затқа айналады. Жаңғыш зат ауада оттегі концентрациясын 12-14 пайыз жоғары болса ғана жанады. Жану процессі басталу үшін тұтану көзінің жылу энергиясы жаңғыш зат тұтану температурасына дейін қыздыра салатындай мөлшерде болуы керек. Тұтану көзіне жалын, ашық от, ұшқын, қызған дене, химиялық реакция жану сәуле энергиясы және найзағай жарқылдануында.

Жанғыш процессінің түрлері: от, алау, жану, тұтану, өздігінен жану, өздігінен тұтану және жарылу.

От алау деп – жаңғыш зат үстінде пайда болған газдың немесе будың тез жанып кетуін айтады. Заттың үстінде жиналған газ немесе бу жанатын ең төменгі температураны сол заттыңаталу температурасы деп атаймыз. От алау тмпературасы жаңғыш заттардың өрт қәуіптілігі жөнінде негізгі көрсеткіш болып есептеледі. Осыған сәйкес барлық жанатын заттар өрт қәуіптілігі бойынша екі топқа бөлінеді.

1. тез тұтанғыш сұйық

2. жаңғыш сұйықтар от алау температурасы

- жану дегеніміз – тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процессі.

- тұтану дегеніміз жалын пайда болған жану процессі.

- өздігінен жану деп – жаңғыш заттың сыртқы тұтандыру көзісіз пайда болған жану процессін айтады.

- өздігінен тұтану жалын пайда болатын өзінен өзі жану процессі.

Жарылу – жылу және газ заттарын шығарып қирату процессін туғызатын өте тез жану процессін айтады. Жарылғыш заттар газ, бу, шаң түрінде болады. Бұл заттар ауада олардың тек белгілі концентрациясы болғанда ғана жарылады. Жаңғыш сұйық заттардың өрт қәуіптілігін анықтайтын факторлардың бірі температуралық шегі болып есептеледі.

- төменгі температураның тұтану шегі деп – сұйық заттың қаныққан буынның қоспасы болып табылады.
Өрт сөндіру жүйесі — сорғы станциясындағы өртті дер кезінде байқау және оны сумен немесе баска да әдістермен (газ, көбік, кұм, киіз және т.б.) сөндіруге арналған кұрылғылар кешені.

Егер имарат көлемі 2000 м3-дан артық болмаса, онда кіші және орта сорғы станциялары сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс нормалары мен қағидалары бойынша карастырылмайды. Сонымен қатар өрт сөндіретін су өтімі 10 л/сек-тан төмен болса, үлкен сорғы станцияларында суға толтырылған резервуарларнемесе өртке қарсы тұрақты су құбыр желілері қарастырылады.

Ғимарат көлемі 50 мың текше метрге дейін, ал қоршауы I және II дорежедегі отқа төзімді және өндіріс категориясының өрт қауіптілігі Г, Д және Е-ден жоғары болмаған жағдайда өртке қарсы сумен жабдыктау жүйесіндегі су өтімі 10 л/сек-ке дейін жетеді. (Г — жабық тарату қәрылғысы, май толтырылған аппаратура, сыйымдылығы 60 кг-нан аспайды; Д — май машиналары залы; Е — аккумулятор және қышқыл сақталынатын бөлме). Егер I және II дәрежеде отка төзімділік кез келген көлемде, өндіріс категориясы Г және Д, I—IV дәрежеде отка төзімділік көлемі 5000 текшеметрден төмен болса, онда сорғы станциясы ғимараттарында ішкі өртке қарсы су құбыры желісі құрылыс карталары мен қағидалары бойынша карастырылмайды. Сорғы станция ғимараты, коршау категориясы А, Б, В, (кабельді бөлме және жабық тарату құрылғысы толтырылған аппаратура, май көлемі 60 кг-ға дейін), ғимарат көлемі 0,5—5000 м3 және су өтімі 5 л/сек.; ғимарат көлемі 5000—50000 м3 болса, онда әрқайсысының су өтімі 2,5 л/сек. келетін екі ағынша карастырылады





Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар


Өрт – бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады.

Жарылу, өрт пен жарылыс, және өрт қауіпі бойынша өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілер 5 категорияға бөлінеді (А,Б,В,Г,Д). Бұлардың ішіндегі өте қауіптілері А,Б,В кетегориялары. А категориясына - мұнай өңдеу зауыттары, химиялық өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары мен құбырлар кіреді. Б категориясына - көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері кіреді. В категориясына-ағаш кесу, ағаш өңдеу және столярлық өндірістері кіреді. Г- категориясына ыстық күйіндегі жанбайтын заттарды өңдеу және тасымалдау өндірістері мен қоймалары кіреді. Д- категориясы салқын күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау өндіріс орындары мен қоймалары жатады.

Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын және жанғыш.

Жанбайтын деп жоғары температура мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын материалдарды айтады.

Қиын жанатын деп жоғары температура мен оттың әсерімен қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш деп жоғары температурада немесе оттың әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан алып тастағанда да жана беретін материалдарды айтады.

Үлкен өндіріс орнындағы және елді мекендердегі өрттер жеке және жалпы болып келеді. Жеке бұл бір ғимарат пен құрылымда болатын өрт. Жалпы бұл елді мекендегі өндіріс орындарындағы ғимараттардың 25 % алып жатқан өрт.


Өртті сөндіру құралдары мен жолдары

Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады.

Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген. Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 – 60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады. Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады. Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын перспективтi бағыттардың бiрi автоматты өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы өртте сумен автоматы және қашықтықты жүйеде сөндiредi.

Табиғи өрт

Табиғи өрттерге орманның астық алқабының, жер асты жанар байлықтарының өрттері жатады. Бұл құбылыстардың ішіндегі кең тарағаны орман өрті. Орман өрті – бұл өсімдіктің стихиялық түрде жануы. Орман өрті жыл сайын болып тұратын құбылыс. Ірі орман өртінің орташа жану ұзақтығы 10-15 тәулік.


1.2 кесте − Отпен қамтылған ауданы бойынша орман өрттерінің топталуы

Орман өртінің классы

Отпен қамтылған ауданы,Га

Тұтанып жайлап жана бастауы

Кіші өрт


Үлкен емес өрт

Орташа өрт

Ірі өрт

Катастрофалық өрт



0,1-0,2

0,2-2,0


2,1-2,0

21-200


201-2000

2000 жоғары





Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті

Өрт –бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.

Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады.
От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады.

Даладағы (егістіктегі, ормандардағы) өрттер құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады. Ол маусымдық сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі мүмкін.



Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері:

Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) -өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын тікелей жою.

Даладағы жойқын өртті ені 20м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200м өрт қанаттарының алдында кемінде 50м болуға тиіс.

Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру

Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-кірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте аз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндықтарды да құтқара алады.

Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға тиіс (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, касқа, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.

Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.



Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек.

Автоматты өрт сөндіру құралдары:

  1. өрт хабарландырушысы - өрт туралы сигналды қалыптастыруға арналған құрылғы;

  2. өрт краны - өрт құбыр жолында орнатылған және өрт қосылыс бастиегімен жабдықталған клапаннан, сондай-ақ қол оқпаны бар өрт жеңінен тұратын жинақ

  3. өрт спринклерлік суландырғыш - көбік түзу су ерітіндісінен шашыраңқы суды немесе ауа-механикалық көбікті алуға және оларды өртті сөндіру немесе оның жайылмауы мақсатында қорғалатын алаң бойынша таралуына арналған жылу құлпы жұмыс істеген уақытта ашылатын шығу тесігінің ілмекті құрылғысы бар су немесе көбік өрт сөндіру қондырғыларының суландырғышы;

  4. өрт дренчерлік суландырғыш - көбік түзу су ерітіндісінен шашыраңқы суды немесе ауа-механикалық көбікті алуға және олардың өртті сөндіру немесе оның жайылмауы мақсатында қорғалатын алаң бойынша таралуына арналған ашық шығу тесігі бар су немесе көбік өрт сөндіру қондырғыларының суландырғышы

  5. жартылай автоматты басқару - өрт сигнал беру жабдығының немесе өрт сөндірудің автоматты қондырғыларынан команда импульсін алған кезде хабарландыру және диспетчердің эвакуацияны басқару жүйесін әрекетке келтіру;

  6. өрт сөндірудің роботтандырылған қондырғысы - өрт ұңғысынан тұратын, қозғалмалылықтың бірнеше деңгейі бар және жетектер жүйесімен, сондай-ақ бағдарламалық басқару құрылғысынан жабдықталған және өртті сөндіруге және жайылтпауға немесе технологиялық жабдықты және құрылыс құрылмаларын салқындатуға арналған қозғалмайтын негізде жинақталған стационарлық автоматты құрал;

  7. өрт автоматикасы - өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығы, өрт сөндіру, түтінді жою, өрт кезінде адамдарды хабарландыру және эвакуациялауды басқару функцияларын орындаған кезде берілген алгоритмге сәйкес автоматты түрде жұмыс істейтін механизмдердің, аспаптар мен құрылғылардың жиынтығы;

  8. автоматты өрт сөндіру жүйесі - өртті анықтау, арнайы ақпаратты, өрт туралы хабарландыруды жинау, өңдеу және тапсырылған түрде беруге және өртті автоматты түрде сөндіруге арналған бірге әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

  9. өрт сигнал беру жабдығының жүйесі - бір объектіде жинақталған және жалпы өрт орнынан бақыланатын өрт сигнал беру жабдығы қондырғыларының жиынтығы;

  10. спринклерлік өрт сөндіру қондырғысы - белгілі бір температураға жеткен кезде ашылатын қалыпты жабық спринклерлік суландырғышпен жабдықталған сумен өрт сөндірудің автоматты қондырғысы;

  11. өрт сигнал беру жабдығының қондырғысы - өртті анықтауға, оның пайда болу орны туралы хабарды беруге және өрт туралы сигналды, арнайы ақпаратты және (немесе) өрт сөндірудің автоматты қондырғысы мен басқа да техникалық құрылғыларды автоматты қосуға команданы беруді өңдеуге арналған техникалық құралдардың жиынтығы

Өрт қабылдау-бақылау аспаптары мынадай функцияларды: 

1) өрт хабарлағыштарының іске қосылған шлейфтердің нөмірлерінің жарықтық индикациялары бар және дыбыстық және жарық сигнал беру жабдықтарын қосуы бар қол және автоматты өрт хабарландырушыларынан электрлік сигналдарын қабылдауды;

2) барлық ұзындығы бойынша үзілуді немесе ондағы қысқа тұйықталуды автоматты анықтауы бар сигнал беру жабдығының шлейфтерінің ақаусыздығын, сондай-ақ пайда болған ақау туралы жарықтық және дыбыстық сигнал беру жабдығын бақылауды;

3) сигнал беру жабдығының және байланыс желісінің жерге тұйықталуын (егер бұл өрт қабылдау-бақылау аспаптарының қалыпты жұмысына кедергі келтіретін болса) бақылау; 

4) олардың ақаулығы туралы сыртқы шынжырларға хабарлама беру мүмкіндігімен өрт қабылдау-бақылау аспаптарының түйіндері мен блоктарының жұмыс қабілеттілігі мен күйін қолмен немесе автоматты бақылауды; 

5) сигнал беру жабдығының кез келген шлейфін қолмен қосу, сонымен қатар сигнал беру жабдығының бір немесе бірнеше шлейфтерін қосуға сыртқы шынжырларға ақаулық туралы хабарды беру ілесуі керек; 

6) жарықтық индикацияны сақтай отыра қабылданған хабар туралы дыбыстық сигнал беру жабдығын қолмен қосу, сонымен қатар дыбыстық сигнал беру жабдығын ажырату сигнал беру жабдығының басқа шлейфтерінен хабарларды қабылдауға және жаңадан дабыл хабары түскен кезде кезекті қосылуына ықпал етпеуге тиіс

7) өрт қабылдау-бақылау аспаптары қалыптастыратын басқа сигналдарға қарағанда өрт туралы хабарды сыртқы шынжырларға айрықша тіркеу мен беруді; 

8) қол өрт хабарландырғышына өрт туралы хабардың қабылданғанын нақтылайтын кері сигналдың жіберілуін; 

9) басқару органдарын бөтен тұлғалардың рұқсатсыз қол жетімділігінен қорғауды;

10) өрт, өрт қабылдау-бақылау аспаптарының ақаулығы мен оның басқару органдарына бөтен тұлғалардың рұқсатсыз енгені туралы жекелеген хабарлардың автоматты берілуін; 

11) қорғалатын бір үй-жайда орнатылған екі өрт хабарлағышы іске қосылған кезде өрт сөндірудің автоматты қондырғыларының басқару аспаптарын жіберудің бастату импульсін 30 с кем болмайтын ұстамымен және адамдардың келуі қарастырылмаған үй-жайлар үшін уақыт ұстамай қалыптастыруды; 

12) электр қоректенудің негізгі көзден резервтікке және сыртқы шынжырларға жалған сигналдарды бермей сәйкес индикацияның қосылуымен кері автоматты ауысып-қосылуын; 

13) сигнал беру жабдығының бір шлейфіне қалыпты тұйықталған түйіспелері бар белсенді (энергия тұтынушы) және пассивті өрт хабарландырғыштарының қосылу мүмкіндігін;

14) қоректенудің резервтік көзінің (аккумулятордың) күйін бақылауды; 

15) өрт туралы хабарды қалыптастыру тактикасын бағдарламалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 15.05.2007 ж. Қ.Т.Жантасов,М. Қ.Жантасов,Е.Н.Кочеров,А.С.Наукенова. «Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы.2012ж.

  • Ш.Т.Бейсебаев ,М.Б. Базаршин «Еңбек қорғау» курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған Оқу құралы, Шәкәрім атындағы МУ.Семей.2014ж.

  • Ш.Т.Бейсебаев. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі»,Оқу-әдістемелік құрал, Шәкәрім атындағы СМУ.Семей.2011ж.

  • М.А.Нұржасаров и другие. Охрана труда. Астана.2007 ж.

  • Ж.К.Аманжолов. Охрана труда и ТБ. Астана .2007ж.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...