Түлкібас ауданы, А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің математика пән мұғалімі Канкожаев Нуржан Абдихаликович



Дата14.09.2022
өлшемі22.55 Kb.
#290384
Байланысты:
мектеп баспасы
ПИЗА анықтама, 2-курс күнделік -.УА


Түлкібас ауданы, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің математика пән мұғалімі Канкожаев Нуржан Абдихаликович


БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗГЕРІС-ӨМІР ТАЛАБЫ
Халыққа білім беру саласында істелініп жатқанның барлығы сайып келгенде бала үшін емес,мемлекеттің мүддесі үшін екенін әрбір мұғалім ұмытпауға тиіс.
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құралуына барып тіреледі.Мектебімізді таза, берік , һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай –ақ серіктесуімізге болады.
М.Жұмабаев
Қазіргі таңда жалпы білім беру жүйесі- қоғамның дамуымен бірге дамып үнемі өзгеріп отырады. Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі жаңаша, болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтуде. Мектептегі басты тұлға –ұстаз десек, білім саясаты ұстаз арқылы жүзеге асырылады.Біздің келешектегі мақсатымыз-рухани жандүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі таңда педагогтардың біліктілігін арттыру курстық бағдарламалары Қазақстанның барлық аудандарында өткізіліп жатқанын білесіздер. Сапалы білім беру- мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады. Ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы білім беру оқушылардың қоршаған орта және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Мен оқу курсы барысында көптеген әдіс-тәсілдерді үйрендім. Маған білім жетілдіру курстары қатты ұнады, бұл жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін және өздерінің ой-пікірін сабақ барысында нақты айтуға дағдыландыратын бағдарлама болып табылады.
Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, ғасырлар тоғысында қол жеткізген бақыты , ол-тәуелсіздігіміз. Ірге тасымыздың мықты болып нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлім тәрбиесіне байланысты болмақ. « Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы » - дегендей ұстазынан шәкірті озып биіктерден көрініп жатса, бұның өзі ұстаздың жетістігі еңбегінің көрініс табуы болып саналады. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп-үйрететін орта, оның жүрегі- мүғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз-ата-ана болу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі –педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзіреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалім-рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзіреттіліктердің жоғары деңгеймен сипатталатын рухани-адамгершілікті , азаматтық жауапты, белсенді, шығармашыл тұлға болу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде