Тұлғаны тұлға тәрбиелейді

Loading...


Дата22.11.2020
өлшемі32.5 Kb.
Тұлғаны тұлға тәрбиелейді
Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең биігінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етіп қояды.

Нағыз мұғалім деп шәкіртінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Ендеше, қоғам талабына сай кәсіби мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Нағыз кәсіби мұғалім қандай болу керек? Мұғалімге тән кәсіби құзіреттілікті бойына жинақтаған, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашыл әлеуеті мол тұлға деп білемін. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оның дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика жайында білім алуына жол ашуы керек. Ұстаздың қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауакершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі – шәкіртке де, ата-анаға да, жалпы жұртшылыққа да өнеге. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Қазіргі қоғам мұғалімнен кәсіби икемділік пен батылдықты, сан қырлы шығармашылық пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келешегі. Осы орайда, Жүсіп Баласағұнның ой тұжырымын келтіргім келеді. «Үйренер нәрсең білім мен мейірімділік. Уақытылы білім алмасаң, іске қолың жетпейді. Басыңды бұл білімің қорғап, ақтар, Білмеген өз-өзінен қорғалақтар. Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ »,- дейді атақты ойшыл. Яғни мұғалімнің алдында тұрған міндет – кемел білім арқылы қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, мемлекет мүшесі ретінде өзінің міндеттерін орындай білетін, жаңа өзгерістерді қолдайтын, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны тәрбиелеп шығару. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамыры.



Ұлттық тәрбие берудің бірден-бір басты құралы – тіл . «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқи отырып, ұрпағымыз халқымыздың өткен тарихымен танысып, рухани мәдениетінен үлгі алады. Шәкірттеріміз ана тілі білімімен қаруланып, халқының тыныс-тіршілігінің, жан-дүниесінің жарық шырағы болады. Рухы мықты Қазақ халқы алып «Бәйтерек» тәрізді тарихы тереңде жатқанын ата-бабадан мирас болып келген қасиетті баба тілі арқылы сезінеді. Ойшыл ғұлама-ғалымдарымыз бен ақын-жырауларымыздың, данагөй би-шешендеріміздің мұраларын ұрпағымыз баба тіл арқылы оқып біледі. Ал сол тіліміздің бүгінгі жай-күйі қандай, ұрпғы бабаларының тілінде сөйлей ме деген сұрақ әр мұғалімнің ғана емес, әр қазақтың көкейінде болуы тиіс. Бүгінгі жаһандану жағдайында қазақ тілі пәнінің әлеуетін арттыру – өзекті мәселелердің бірі. Себебі ағылшын тілі барша елдің өмір салтына баса көктеп енуінен ұлттық тілдер шеттелуде. Өз тарихына, төл әдебиетіне немқұрайлықпен қарайтын жастар да бар. Бұл –бірінші. Екіншіден, білім сапасын бағалауда тестік бақылау қолданғандықтан, оқушыларымыз тілді меңгеруді қажетсінбейтін болды. Тілді оқып-үйрену, ой-сөз жүйесін жетілдіруде көркем әдебиеттің орын-үлесі ерекше болып табылады. Алайда көркем әдебиетті оқу, рухани нәр алу талап деңгейінде емес. Әсемдік әлеміне қызықпау, жүйелі оқуға дағдыланбау, кітап жинау мәдениеті, мамандыққа бейімділік байқала бермейді. Бұл – үшінші мәселе. Бұл мәселелерді шешу үшін, әрине әр ұстаз заман талабына сай оқушының жеке тұлға ретінде дамуына оңтайлы жағдай жасауы керек. Тіліміздің мәртебесін арттыру, оқушы бойына ұлттық құндылықты қалыптастыру арқылы нағыз шығармашыл, ұлтжанды тұлғаны дамытуға еңбектенуіміз қажет. Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырғанымызды бір сәтке де естен шығармауымыз керек! Сондықтан ғылыми-техникалық прогресті, жаңа педагогикалық инновацияларды нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың міндеті.

Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...