Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тəрбиелеу факторларының өзара байланысы



Дата30.12.2021
өлшемі18.14 Kb.
#87025
Байланысты:
Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тəрбиелеу факторларының өзара байланысы
кітап тізім, переплёт, ~$ҚМЖ, биологияотв, биологияотв, Сақталу заңдары, Сақталу заңдары, Мат лекция 6 (1), Мат лекция 6 (1), 3 лекция, ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР, Практикалық жұмыс С тен

Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тəрбиелеу факторларының өзара байланысы.

Əртүрлі жастағы оқушыларды оқытудың, тəрбиелеудің ерекшеліктері

Даму процесі өте күрделі процесс болып табылады. Адамның өмірінде белгілі бір дамудың жалпы заңдылықтары қалыптасқан. Жеке адамның даму процесін қарастыратын болсақ, бұл ’’процесс’’латын тілінен аударғанда алдыға қарай қозғалу, өзгеріс деген сөзді білдіреді. Даму процесі – адамның организміндегі сандық және сапалық өзгерісте болады.



Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Жеке тұлғаны дамытуға арналған бірнеше факторлар бар. Олар әлеуметтік – қоғамдық , биологиялық және психологиялық факторлар. Бұлардың барлығы тұлғаның қалыпты түрде дамып қалыптасуына әсер етеді. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – күрделі және ағзаның өсуі мен жетілуін қамтамасыз ететін мақсатты ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.

Биологиялық даму деп адамның морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық тұрғыдан даму процесін айтады.

1.Әлеуметтік даму адамның психологиялық, рухани-мәдениеттілік тұрғыдан дамуы.

2. Адам тұлға болып тумайды, ол тек даму процесінің нәтижесінде ғана тұлға деген атқа ие болады.

Егер адам белгілі бір білім дәрежесіне жетік, өмірден алған тәжірибесі мол болып, өз бетінше қоғам үшін өзі үшін, жанұясы үшін күрделі жұмыстарды атқара алатын даму деңгейіне жететін болса, адамды ’’тұлға’’ деп атайды.

Тәрбие жеке басты қалыптастыруда оның белсенділігін қолдау іс-әрекетін ұйымдастыру. Бұл заңдылық жеке бастың қалыптасуы оның белсенділігіне байланысты. П.П.Блонский кезінде көптеген тәжірибеде біздің көзімізді жеткізе түсетін бір нәрсе – тәрбиешінің, тәрбиеленушінің өз күшіне сүйенуі оның білімге деген ынтасын оятуы.

Тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеуге әсер ететін факторлар белгілі бір жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі – жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.

Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог- психолог маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.

Тәрбиеде жас және дербес ерекшеліктерін еске алу.

Жеке адамның дербес ерекшеліктері.


  • А) темперамент, оның типтері (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик);

  • Ә) мінез жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына қатынасын білдіретін негізгі психикалық сипаттары;

  • Б) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.

Қабілет – адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.

Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі өте зор. Іс-әрекетінің барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Қарым-қатынас белсенділігі арқылы адам жолдастарымен, адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас белесенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойындағы адамгершілік қасиеттері (қамқорлық, қайрымдылық, ілтипаттық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады.

Таным белсенділігі адамның ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдары терең түсінуге, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтарға жауаптарын табады.



Қоғамдағы адамның дамуы табиғи әлеуметтік орта мен іс-әрекеттері арқылы тұрмыс-жағдайын, өзінің психикасы белсенділігін өзгертеді. Данышпан Абай айтпақшы: “адамдар жесем, кисем десе, екіншісі, көрсем, білсем” – дейді. Адам көп жағдайда өзін-өзі тәрбиелей білім өзінің деңгейін көтеруі тиіс. Адамның әрқашанда алдына қойған мақсатты, ерік-жігері оны жетістіктерге жетелейді сол арқылы дамиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру