Тұлғаның басқарушылық қабілетін дамыту жолдары Орындаған: Маханбетова Ж

Loading...


Дата08.04.2020
өлшемі17.98 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тұлғаның басқарушылық қабілетін дамыту жолдары

Орындаған: Маханбетова Ж

Тексерген: Мурзагулова М

Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық.

  • Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық.
  • Н.Ә.Назарбаев
  • Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру ,әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтау- әр ұстаздан асқан шеберлікті, біліктілікті қажет етеді.

Сондықтан бұрын бастауыш мектеп мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға, санауға үйрету болса, қазір бастауыш мектеп – оқушының тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.Бүгінгі таңда білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады, -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы шәкірттер тәрбиелеп оқыту әр ұстаздың міндеті деп санаймын. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жеті модульді ықпалдастыру арқылы өткізілетін сабақтың басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру,қорыта айтқанда көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

  • Сондықтан бұрын бастауыш мектеп мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға, санауға үйрету болса, қазір бастауыш мектеп – оқушының тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.Бүгінгі таңда білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады, -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы шәкірттер тәрбиелеп оқыту әр ұстаздың міндеті деп санаймын. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жеті модульді ықпалдастыру арқылы өткізілетін сабақтың басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру,қорыта айтқанда көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
  • Көшбасшы дегеніміз- (ағылшынша leader — жетекші) — қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам. Басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиада мұндай адамды көшбасшы" деп атайды.
  • Көшбасшысы қалғандарын артынан ертіп отырып, өзі мүдделі болған іске белсенді кіріседі және достарының арасында қызығушылық оятуға қабілетті. Адамдар дәл онымен қиын сәттерде кеңескісі келеді, қуанышымен бөлісуге асығады , көшбасшы әрқашан да көмек көрсетуге дайын. Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді.Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бірақ адам көшбасшы болып тумайды, оған айналады.Тұлға өмір бойы тәрбиеленіп қалыптасады, ал мектептің уақыты тұлға қалыптасуының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады
  • Екі адамнан артық адам жиналып қалса, көшбасшылықты қалыптастыру проблемасы туындайды. Топ құру процесінде оның кейбір қатысушылары неғұрлым белсенді рөл атқара бастайды, қалғандары олардың сөзіне үлкен құрметпен құлақ асады.

Көшбасшының әрдайым өз пікірі болады.

  •  Бұл барлық жерде басқаларға қарсы шығу деген сөз емес. Тек өзіндік ойыңызды айтудан қорықпау. Сыныптастары көшбасшының сөздерімен келіспесе де, үнемі құрметтейді. Ал достардың арасында құрметке ие болу – көшбасшы болудың алғашқы сатысы. Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық және т.б. Ең бірінші кезекте оның мінезі жақсы болуы тиіс.

Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер:

  • 1.Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс. 2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау. 3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді. 4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады. 5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.
  • 6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар. 7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды. 8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді. 9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады. 10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.
  • 11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі. 12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады. 13. Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды

Енді сыныптағы оқушылардан көшбасшылық қабілеті бар оқушыны қалай анықтауға болады?

  • Алдымен Социометрия әдісі арқылы сынып оқушыларының басқарушылық қабілеттерін анықтау,лидерлік бейімділік қасиеттерін зерттеу тиімді. Бұл әдіс жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы маңызды,себебі сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға көмектеседі.Неғұрлым сыйлы, беделді және көшбасшы оқушыларды анықтап, сынып жетекшісі кейін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және оларға басқа жұмыстарда оларға сүйене алады.
  • Сонымен қатар топтық жұмыстар кезіндегі оқушы іс-әрекеттерін бақылаудың өзі жеткілікті.Сабақ үрдісінде оқушылардың арасында топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшы көрінеді, топта айрықша белсенділік танытқан оқушы–көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді. Жалпы топтық жұмыс барысында да әрбір оқушының жұмыс жасап жатқанына қарап көшбасшы деп атауға болмайды. Себебі көшбасшы деген жоғарыда айтылып кеткен қасиеттері бар оқушыны айтуға болады.

Көшбасшылықты дамыту бойынша жүргізілетін осындай жұмыстар

  • - оқушыларды бір-бірімен серіктестікке тартып,бәсекелестікке карай қадам жасауға итермелейді, -өзін –өзі бағалау арқылы топты бағалауға үйренеді, -мұғалім мен оқушы арасында жылы қарым-қатынас орнайды, -кері байланыс беруді, жоспар құруды,кеңес беруді меңгереді. -өзіне, сізге, өзгеге деген сенімділігі артады. -өзгелерді құрметтеу, ойларымен санасу арқылы жауапкершілігі артады -тығырықтан шыға алатын , мәселені тез шешу арқасында кез-келген жағдаяттан жол табуға бейімделеді. -өзгелерді соңынан ерте ала ма, ал өзгелер оны қалай қабылдайтынын таниды. - жақсы сапалық қасиеттерді қалыптастырады және өзін әрі өзгелерді бағалап үйренеді.
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...