Тістердің пішіні мен құрылысы және олардың гигиенасы



Дата28.10.2020
өлшемі48.22 Kb.

  1. Тістердің пішіні мен құрылысы және олардың гигиенасы.

Тістің құрылысы. Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тіс сауытының сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған. Кіреуке адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейорганикалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95% кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіс сауытының үстіңгі бұдырларында кіреуке едәуір қалың. Балалар тістерінің кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан ол жұқа болады. Тістің қызылиектен шығып тұрған бөлігі – тіс сауыты деп аталады. Тістің келесі бөлімі – мойны. Тіс мойны арқылы тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді.

 Тістің үшінші бөлімі – түбірі. Тістің түбірі жақ сүйектеріндегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (үлкен азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы борпылдақ дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген.

Тіске келетін қантамырлар оны қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тіс ауырғанда немесе тісті жұлғанда ауыратыны жүйкелердің сезімталдығына байланысты.

Тістің көп бөлігін дентин (латынша «dens» – тіс) заты құрайды. Дентин өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70% фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының қосылыстарынан тұрады. Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуынан болатын ауру тісжегі (кариес ) деп аталады.

Бүтін, әрі сау тістер адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру қоздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінің шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты заттарды (мысалы, жаңғақ) шағудан және т.б. жағдайлардан да болады. Кейде тым ыстық немесе өте салқын сусындарды бірінің артынан бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі шытынаған жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді. Ауру тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке, буындарға және т.б.) де зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.


  1. Сілекей бездері, олардың микроскоптық құрылысы.

Көптеген ұсақ және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі – жұп шықшыт безі. Ол құлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20–30 г. Астыңғы жақасты сілекей бездерінің салмағы 14–15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі – тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5–2 литрге дейін сілекей бөлінеді.

 

Сілекей – тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99–99,5% су, 0,5–1% органикалық және бейорганикалық заттар болады. Бейорганикалық заттардың мөлшері органикалық заттарға қарағанда 2–3 есе аз. Сілекейдің реакциясы әлсіз сілтілі. Сілекейдің құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент – амилаза болады. Сілекейдің құрамында бактерияларды жоятын лизоцим болады.



 

Сілекейдің бөлінуі рефлекторлық жолмен реттеледі. Сілекей бөліну орталығы сопақша мида орналасқан. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді. Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі – шартты рефлекске жатады.

Шықшыт сілекей бездері қабынған кезде ісініп, жақпен тұтасып айқын байқалады. Ондай ауру паротит (свинка) деп аталады.


  1. Аш және тоқ ішектер бөлімдері және олардың құрылысы.

Аш (ащы, жіңішке) ішек ас қорту жүйесін құратын ағзалардың ең ұзын және өте қозғалмалы бөлігі болып табылады. Ол асқазанның пилорикалық бөлігінен басталып, соқыр ішектен жоғары тұста (илеоцекальді бұрышта) тоқ (жуан) ішекпен жалғасады. Анатомиялық құрылысы мен физиологиялық қызметіне қарай аш ішектің он екі елі ішек, аш ішек және мықын ішек атты бөліктері ажыратылады. Кейінгі екі бөлігінің ұзындығы орта есеппен 5-7 м, ал диаметрі 3-5 см тең болып келеді. Он екі елі ішек пен аш ішектің шекарасы Трейц (Treitr) байламасымен белгіленеді, ал аш ішек пен мықын ішек арасында бұндай нақ анықталатындай анатомиялық шекара белгісі жоқ. Аш ішектің көптеген ілмектері ішек шажырқайымен іш қуысының артқы қабырғасына бекітілген. Шажырқай висцеральді ішастардың екі жапырақшасынан және олардың арасында орналасқан майлы жұмсақ клетчаткадан құралады. Аталған клетчаткада қан, лимфа тамырлары және нерв талшықтары өтеді.

Тоқ (жуан) ішек соқыр ішектен және аш ішектің тоқ ішекке келіп жалғасатын жерінен (илеоцекальді бұрыш) басталады да, тік ішекпен аяқталады. Аш ішек сияқты тоқ ішектің де бірнеше бөліктерін ажыратады. Олар: соқыр ішек (соесит), жоғары бағытталған бөлік (colon ascendens), көлденең жатқан бөлік (colon transversum) пен төмен бағытталған бөлік (colon descendens), сигма тәрізді бөлік (colon sigmoideum) және тік ішек (rectum). Соқыр ішек пен тік ішек тоқ ішектің өзалды жеке бөліктері болып есептеледі Тоқ ішектің жалпы ұзындығы 180-200 см, ал диаметрі 5-6 см-ге тең. Оның бірнеше иілімдері бар. Біріншісі бауыр (flexura coli dextra), екіншісі көкбауыр (flexura coli sinistra) иілімдері және сигма тәрізді бөлігі мен тік ішек шекарасындағы иілім. Алғашқы аталған екі иілімдер тұсында тоқ ішекті бекітіп тұратын арнайы байламалар бар.

Тоқ ішектің бұлшық ет қабаты екі түрлі бұлшық еттерден қүралады. Біріншісі ішкі немесе циркулярлы және сыртқы бұлшық ет қабаттары. Сыртқы бұлшық ет қабаты ішектің ұзындығын бойлай орналасады. Бұл қабат ішектің сыртқы жағында үш жолақ тәрізді болып көрініп түрады (taeniae) және үшеуі соқыр ішектің күмбезінде, яғни оған құрт тәрізді өсіндінің жалғасатын жерінде түйіседі. Осы себептен аппендэктомия операциясының барысында өсіндіні табу қиын болған жағдайларда, әдетте, оны осы жолақтарды бойлай отыра олардың түйіскен жерінен іздейді. Ішкі жақта орналасатын бұлшық еттер (циркулярлы бұлшық еттер) ішектің белгілі бір аймақтарында қалыңдап физиологиялық қысқыштар (сфинктерлер) құрайды.

Тоқ (жуан) ішекті артериялдық қанмен жоғарғы және төменгі шажырқайлық артериялардың (аа. mesenterica superior et inferior) тармақтары (a. colica media, a. colica dexstra et sinistra, a. ileocolica m.6.) қамтамасыз етеді. Веналық қан аталған артериялардың жандарында орналасқан көктамырлар арқылы жүреді.
4.Ұйқы безі, оның микроскоптық анатомиясы, ағыс жолдары.

Ол әрі ішкі (эндокриндік) әрі сыртқы (экзокриндік) сөлініс қызметін атқарады. Сыртқы секрецияық қызметіне ас қорыту ферментін өндіру жатады. Бұл процесті ациноздық клеткалар тобы атқарады.Ациноздық клеткалар басталатын сөл жинайтын ұсақ түтікшелер жинақталса келіп, біздің ұзына бойына орналасқан орталық сол жолына ашылады. Орталық сөл жолы он екі ішектің қабырғасына өт жолымен қатар ашылады.



Ұйқы безінен пайда болған сөлдің (сілтілі реакция) асқорытуда маңызы зор. Сөлдің құрамындағы трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналды. Ұйқы безінің сөліндегі липаза ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахахридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы лактаза ферменті сүттің қанты лактозаны моносахарид галактозаға ыдыратады.

Оның он екі ішектегі сөлдің рН 7,5 – 8,5 тең. Бірақ қарыннан келген ас қоймалжыңы оның белсенді сілті реакциясын рН 4- 6  ға дейін төмендетеді. Адам ұйқы безі тәулігіне 2 литрге жуық сөл шығарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар