Тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған балаларға көмек көрсетудің психологиялық-педагогикалық негізі

Loading...


Дата12.05.2020
өлшемі36.27 Kb.
Тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған балаларға көмек көрсетудің психологиялық-педагогикалық негізі
Мемлекетіміз қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық - білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер басымды міндеттер қатарына қойылған.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына  жағдай жасау.

Қазіргі кезде қимыл-қозғалыс аппараты зақымдалған балаларға медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитация жасау, ауыр кемістіктің алдын алу мәселесі алға қойылған. Оларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға интеграциялау, яғни қоғамға пайдалы еңбекке араластыру.

Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуы дегеніміз – жас кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін, бірақ моторлық бұзылыстар синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен қайталанып бұзылуы болып табылады.

«Ресей ХІХ ғасырдың басында, қимыл қозғалысының бұзылысы бар балалар мен жасөспірімдерге көмек беру мәселесімен Г.И.Турнер айналысты. Ол зақымданған аяқ-қолдарға ортопедиялық коррекция жасауға талпынды. Оның басшылығымен шеберханасы ашылды, онда қимыл-қозғалысында бұзылуы бар балаларды кәсіп түрлеріне үйретті.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында Венгрияда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қимыл-қозғалыстарын түзетуге бағытталған реабилитациялық жұмыстар, яғни қимыл-қозғалыс бұзылуын жеңуге үйретуде, жетекші рөл атқаратын кондуктивті педагогика пайда болды».

Кеңес Одағында мұндай балаларды емдеу әдістерін жасауға айрықша үлес қосқан ғалым К.А.Семенова, оларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу жүйесін жасаған М.В.Ипполитова. Қазіргі кезде тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың клиникалық-психологиялық ерекшеліктері туралы, оқыту мен тәрбиелеу мәселесі туралы деректерден, үлкен көлемді материал жинақталған, сөйтіп, арнайы психологияның бұл саласы шетелдерде, біздің елімізде де жедел даму үстінде.

Қазіргі кездегі жүргізіліп жатқан зерттеулердің қорытындылары бойынша, құрсақтағы балаларға 400-ге жуық зиянды факторлар әсер етеді екен. Әсіресе 4 айға дейінгі ұрықтың барлық ағзасындағы қызметтердің қалыптасуына қатты әсер етуі мүмкін. Зиянды факторларға түрлі жұқпалы аурулар, қызылша, токсоплазмоз, ананың эндокриндік жүйесінің кемістіктері, жүрек-қан тамыр жүйесі қызметтерінң бұзылуы, ана мен бала қанының резус факторларының қарама-қайшылығы, гемолиттік аурулар, түрлі физикалық факторлар - дене температурасының күрт жоғарылауы немесе төмендеуі (үсіну, қатты тоңу), вибрация әсерлері, ультракүлгін сәулелерді көп мөлшерде қабылдау, кейбір дәрілік препараттар, экологиялық жағдайлар, тағамдағы нитраттар, химикаттар, радионуклеидтер, синтетикалық қоспалар т.б. - міне аталған жағымсыз факторлардың барлығы жатыр-плацентарлық қан айналымын бұзады, сөйтіп, бала оттегінің жетіспеуінен ауырады. Мұндайда оның жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Шала туу, туа пайда болған гипотрофия, функционалдық жетілмеушілік, сыртқы факторлардың әсеріне қарсы тұра алмаушылық т.б. болады.

Балалардың церебральды сал болудың пайда болуы себебінің бірінші тобына жүктілік кезіндегі ананың инфекциялық аурулармен, жүрек-қантамыр және эндокринді бұзылыстармен, жүктілік таксикозы, ана мен ұрық қанының иммуналогиялық сәйкессіздігі, жүктілік кезінде психикалық және физикалық жарақаттардың, асфиксияның, жатыр ішілік жарақаттардың болуы жатады. Себептердің екінші тобына менингит, энцефалит, менингоэнцефалиттерді жатқызуға болады.

Зиянды факторлардың жатыр ішіндегі даму кезіндегі, туу және туғаннан кейінгі кездегі миға әсері, ми қабаты мен ананың затында түрлі өзгерістерге әкеледі, ол өз кезегінде қалыпты дамудың бұзылыстарын себептейді.

Балалардың церебральды сал болуының клиникасында жетекші болып қимыл қозғалыстары табылады, олар белгілі бір бұлшықет тобының орталық сал болуымен, координацияның бұзылысы және гиперкинезиямен сипатталады. Қозғалыстың бұзылуы жиі тілдік және психикалық бұзылыстармен қатар жүреді.

Қимыл - тірек аппаратының жүйесі бұзылған балалардың негізгі кемістігі - кимыл–қозғалысының ауытқуы (қозғалу, қимыл әрекеттерінің жетілмеуі, зақымдануы немесе мүлдем жойылуы). Осы сияқты аутқулары бар балалардың кµпшілігін балалардың церебральдық сал ауруымен ауратын балалар құрайды (89%). Бұл балаларда қимыл - тірек аппаратының кемістіктері көбінесе психикалық бұзылулармен, тіл мүкістіктермен тіркесе жүреді, сондықтан олардың кµпшілігі тек қана медициналық - әлеуметтік жәрдемді ғана емес, сонымен қатар психологиялық - педагогикалық және логопедтік көмектерді де қажет етеді. Әдетте, тіреқ-қимыл аппараты бұзылған балалардың ішінде танымдық қабылеті сақталған, арнайы оқыту мен тәрбиені қажет етпейтін балалар да кездеседі. Дегенмен, аталмыш балалардың барлығыда ерекше µмір сүру жағдайын, оқытуды және келешек еңбек әрекетінің дұрыс қалыптасуын қажетсінеді. Оларды әлеуметтік бейімдеуде екі бағыт белгіленеді. Біріншісі – қоршаған ортаны балаларға бейімдеу. Ол үшін арнайы техникалық жылжу құралдар (арбалар, балдақшалар, таяқтар, велосипедтер), тұрмыстық заттар (ыдыс-аяқ, электроаспаптардың арнайы сµндіргіштері), арнайы сатылар, жол жиектерінен арнайы түсу жолдары болады. Ал қимыл - тірек аппаратының кемістігі бар балаларды бейімдеудегі екінші бағыт – ол балалардың жеке бастарын әлеуметтік ортаның қалыпты жағдайларына бейімдеу.

ТҚАЗ ауруында психика құрылымы психика дамуындағы өзгеше кемістіктерден турады. Психиканың даму бұзылуларының механизмі өте күрделі және де мидың зақымдану мерзімімен, дәрежесімен, орналасуымен айқындалады. Құрсақ ішінде қалыптасқан психикалық бұзылулардың көрінісі интеллектінің тұрпайы жетілмеуімен де сипатталады.

Тірек- қимыл аппаратының зақымдану кезінде психикалық даму кемістігі танымдық әрекетінің, эмоционалдық-жігерлі сферасының және жеке тұлғаның қалыптасуының бұзылуларынан тұрады.

Тірек – қимыл аппаратының зақымдануындағы интеллект кемістігінің құрылымы бір қатар өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:


  • Қоршаған орта туралы мәліметтің бір шама аз көлемі. Бұл келесі себептердің салдары болып табылады:

а) ұзақ мерзім бойы қозғалмау жағдайы және кеңістікте ерсілі-қарсылы жүру қиындығымен байланысты амалсыз оңашалау, қурбылармен ересек адамдармен қарым-қатынастың шектеуілігі,

б) қимыл бұзылулармен байланысты затты-практикалық әрекет барысында қоршаған ортаны танудың қиынға түсуі,

в) сенсорлық қызметтердің бұзылуы.


  • Тірек – қимыл аппараты зақымдану кезінде әр-түрлі талдағыш жүйелерінің үйлесімді қызметінің бұзылулары байқалады. Түрлі заттарды сипау, манипуляциялау, яғни іс барысында тану қызметтері ТҚАЗ кезінде бұзылады.

  • Ой-өріс кемістігінің әркелкі, дисгармоникалық түрде болуы, яғни бір интеллектуалдық қызметтер бұзылып екіншісі тежелсе, үшіншісі қалыпты жағдайда сақталып қалады. Мұндай өзгешелік мидың ерте даму сатысындағы органикалық зақымдануымен байланысты. Сонда көбінесе жоғарғы интеллект қызметімен басқада ең жағарғы қыртыс функцияларды қамтамасыз ететін мидың "жастау" функционалдық жүйелері күйзеледі. Кейбір балаларда ойлаудың көрнекі түрлері дамиды, басқаларында, керісінше, көрнекі-қызметтік ойлау төмендегенімен сөйлеу-логикалық ойлау жақсырақ дамиды.

  • Психоорганикалық көріністердің ұлғаюы: психикалық процестердің бәсеңдігімен әлсіреуі, әрекеттің басқа түрлеріне ауысуы, зейін шоғырлануының жеткіліксіздігі, механикалық зерде көлемінің төмендеуі.

  • Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы немесе аурудың айқындалуы кезінде баланың сәбилік және ерте жасында ата-аналарының барлық күштері бұзылған қозғалыс қызметін дамытуға және түзетуге, яғни қалыпқа келтіруге бағытталады. Мұның себебі, кейбір ата-аналар баланың психикалық және тілдік дамуының ерекшелігін байқаса да, арнайы педагогтарға, логопедтерге, психологтарға жүгінуге асықпайды. Басқалары баланың психикалық және тілдік дамуы оның қозғалыс әрекетінде үлкен жетістіктерге жеткенде немесе сауығып кеткенде қалыпқа келеді деп есептейді. Ал үшіншілері қандай да бір ауру әрқашан баланың психикасында, тәртібінде өзгерісті қалдырады деп санайды. Осындағы кез келген жеке ойлар көптеген ересектердің тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзету) оқыту мен тәрбиелеу жүйесі бар екенін білмейтіндіктерін көрсетеді. Осыған орай, осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары бірнеше онжылдықта әзірленіп, әртүрлі мекемелердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жатыр. Ресейлік ғалымдар Л.А.Данилова, М.В.Ипполитова, Е.М.Мастюкова, Е.Ф.Архипова және басқалары церебральды салдығы бар балаларды, оның өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ арнайы оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігін негіздеді. Олар негізгі мақсаттарды көрсетіп, сәбилік, ерте және мектепке дейінгі жаста жүргізілетін түзету жұмыстардың мазмұны мен әдістерін ашып, және оларды ерте бастаған жөн екенін түсіндіріп, дұрыс түзету әрекетінің жағдайлары кезінде аса тиімді екенін дәлелдеді.

Түзете-дамыту жұмысының мақсаты дер кезіндегі тілдік және танымдық даму, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен қоғамда бейімделуін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін бірізділікпен дамыту және түзету, қолдың ұсақ моторикасын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын атауға болады:

Балалардың церебральды салдығымен зардап шегетін балалар үшін түзете-дамыту жұмысының ерте басталғаны дұрыс, себебі қимылдық бұзылыстар басқа да қызметтердің екіншілік тежелуіне әкелетіндіктен, өмірінің алғашқы аптасынан және айынан бастау керек.

Педагогикалық түзету кезінде дефектолог пен мүгедек баланың ата-анасы арасында өзара байланыстың болуы өте маңызды. Отбасылық тәрбие қателіктері психофизикалық дамудың ауытқуын одан да қиындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан, ата-аналар дефектологтан баласының өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы, қолдың ұсақ моторикасын дамытуды, қорғаныс тәртібін сақтау, ерекше баласына шыдамдылықты таныту, үй жағдайында ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен кеңестерді алып жатады. Осындай кешенді түзете-дамыту жұмыстары танымдық, қимыл-қозғалыстық және эмоционалды-ерік саласындағы кемшіліктерді жоя отырып, әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және әлеуметтік ортаға бейімделіп енуіне оң әсер етеді.

Ресейде церебралды сал ауруымен ауыратын балалардың психикалық бұзылыстарын түзету, оларды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізделген жүйесі жасалған. Ол Л.С.Выготскийдің дамуды озып кететін және жаңаның пайда болу көзі болып табылады. Оқытудың принципиалды рөлі туралы қағидасына негізделген. Қалыпты психикалық, эмоционалды даму, әлеуметтік тұрақтылық өзінді және қоршаған ортаны тануға мүмкіндік беретін қозғала алу қабілетіне тәуелді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 44 574 мүгедек бала бар, бұл еліміздегі кішкентай тұрғындардың 1,2% құрайды. Олардың ішінде 10 000 шамасындағы балаға балалардың сал ауруы (ДЦП - детский церебральный паралич) диагнозы қойылған. Бірақ барынша шыдамдылық танытып, әдістемелік жүйемен емдеген жағдайда бұл аурудың салдарын түзетіп, баланы жүруге, сөйлеуге үйретуге және қоғамда өмір сүруге бейімдеуге болады.

Қазақстандағы мүгедек балалардың проблемасы олардың ата-аналары мен медициналық мекемелердегі қызметкерлердің ғана проблемасы болып қалмау керек. Мүгедек балаларды, жекелеп алғанда, сал ауруымен ауыратын балаларды сауықтыру мәселесінде әлі де болса тез арада шешуді талап ететін проблемалар жетерлік.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің белсенді өмірлік ұстанымдары мен мүгедек балалардың проблемаларын қоғамға жариялауға қатысулары қайырымдылық қорлары мен медициналық мекемелерге коммерциялық ұйымдардың көмегін көптеп тартуға және Қазақстандағы мүгедек балаларды сауықтыру жағдайын жақсартуға көмектеседі.

«Қимыл-қозғалыс аппаратының қызметтік бұзылыстары» түсінігі жинақы мінезді және органикалық орталық немесе аралық (перифериялық) негізді қозғалыс бұзылыстарынан тұрады.

Қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар балалар келесі категорияларға (топтарға) бөлінеді:



  • церебралды сал ауруы бар балалар (ЦСА);

  • қалыпқа келетін немесе резидуалды деңгейдегі полиомиелит әсерлерімен;

  • миопатиямен;

  • қимыл-қозғалыс аппаратындағы туа біткен және жүре пайда болған жетілмеу мен өгерістермен.

Қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар оқушылар жалпыға білім беру мектептерінің арнайы сыныптарында немесе мамандардың арнайы психологиялық-педагогикалық көмегімен жалпы сыныпта, сонымен қатар өз үйінде оқиды.


Қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыс түрлері:


  1. Жүйке жүйесінің аурулары: БСА (ДЦП), полиомиелит.

  2. Қимыл-қозғалыс аппаратының туа пайда болған ауытқушылығы (қисық мойын, маймақ аяқтық, аяқ–қолдарының жетілмеуі мен кемістіктері, артрогрипоз, сан сүйегінің туа шығып кетуі, табан сүйектерінің өзгеруі).

  3. Қимыл-қозғалыс аппаратының жүре пайда болған аурулары мен зақымдануы: бас миы, арқа миы және аяқ-қолдардың зақымданулары, полиартрит, қаңқа аурулары (туберкулез, сүйектердің ісінуі, остеомиелит).

Балалар сал ауруы – эмбрионның, баланың жатырда даму және енді

туылуы кезінде ішкі және сыртқы зиянды мінезді түрлі әсерлерге шалдығу себебінен пайда болған миының ауыр түрде зақымдануы. БСА түрлі қозғалыстық, психикалық және тілдік бұзылыстар арқылы көрініс табады.

Қимыл-қозғалыс аппаратарында бұзылыстары бар балаларды

оқытатын жалпыға білім беру мектебінің арнайы жабдықталған ғимараты болуы керек (пандустар, кең есіктер, мүгедек креслосын көтергіш, текпешек жанындағы көтергіш, есіктердің автоматтандырылған ашқыштары және т.б.). Партаның жанында мүгедек арбасын, балдақтар мен таяқша және т.б. салып қоюға арналған қосымша кеңістіктік болуын қарастырған дұрыс. Балаға арбасымен немесе балдақтармен тақтаға еркін жете алуға жағдай жасау тиіс, ол тақтаға жақын отырғаны дұрыс. Балалар сал ауруы бар оқушы мектеп табалдырығын аттамас бұрын басқа балалармен (үлкен назарды ата-аналар қоғамына аудару керек) БСА бар оқушыларға толерантты қатынасты қалыптастырумен байланысты дайындық жұмысын жүргізген дұрыс.

Мұғалімдердің құзырлығын жоғарылату мен ата-аналардың педагогикалық білімдерін толықтыру үшін мектептің әдістемелік кеңестерінде, ата-аналар жиналыстарында және педагогикалық кеңестерде қимыл-қозғалыс аппараттарында бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктері туралы таныстыру-әңгімелесу жұмысын жүргізу пайдалы. Жұмыстың бұл түрін өткізуге медициналық мекемелер мен реабилитациялық орталықтардан, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінен мамандарды шақыруға болады.



Қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларды әлеуметтік бейімдеу мен түзету жұмысын іске асыру үшін, олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуге арнайы жағдай және кедергісіз орта жасау керек. БСА шалдыққандарды ерте анықтау мен жүйелі емдік-педагогикалық жұмысты ерте бастаудан тұратын көмек беру жүйесін әрі қарай жетілдіру қажеттілігі артады. БСА бар балалар медициналық көмекті денсаулық сақтау Министрлігінің мекемелері жүйесінде ала алады, нақтырақ: алғашқы медициналық-санитарлық көмек беру мекемелерінде, стационарларда, балалар үйлерінде, диспансерлерде, арнайы санаторийлер мен реабилитациялық орталықтарда. Бұл мекемелерде қалыптандыру емі мен мамандардың кәсіби көмегі (логопедтер, дефектологтар, психологтар, тәрбиешілер, дәрігерлер мен т.б.) ұзақ мерзімді жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
республикасы білім
жалпы конкурс
Барлы конкурс
ызмет регламенті
дістемелік сыныстар
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
Мектепке дейінгі
облысы кімдігіні
мерзімді жоспар
мемлекеттік мекемесі
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
санды жиынты
білім беруді
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
жалпы білім
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
алауды тапсырмалары
мыссыз азаматтар
дарламасыны титулды
Мемлекеттік кірістер
дістемелік кешен
Конкурс жариялайды
теориялы негіздері
разрядты спортшы

Loading...