Тіл мәдениеті Орындаған: Уралтай Аида

Loading...


Дата21.09.2021
өлшемі0.71 Mb.

Тіл мәдениеті

Орындаған:Уралтай Аида

Группа: ССиМ20.12

ЖОСПАР:


Тіл мәдениеті

Тілдік норма

Орфоэпиялық норма

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру

Психотілтаным

Этнотілтаным

Әлеуметтік тілтаным

Қорытынды


Тіл мәдениеті

  • Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тілдік норма

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

  • тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);
  • этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
  • коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Орфоэпиялық норма

  • Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру

  • Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану, сөз мәдениетіне әлеу­меттік көзқарасты қалыптастыру, сөз мә­дениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең бас­ты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвис­тикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс – лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде тіл мәдениеті дамиды.

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру

  • Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану, сөз мәдениетіне әлеу­меттік көзқарасты қалыптастыру, сөз мә­дениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең бас­ты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвис­тикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс – лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде тіл мәдениеті дамиды.

Психотілтаным

  • ПСИХОТІЛТАНЫМ – (грек. psyche «жан» + лат. lingua «тіл») – адамның сөйлеу қызметі, оның тіл жүйесімен сәйкестігі туралы кешенді ғылыми пән. Психотілтаным сөйлеудің пайда болу, қалыптасу мен қабылдануы үдерістерін сөйлеушінің психикасы және ақыл-ойымен, сондай-ақ әртүрлі экстратілтанымдық (ең алдымен, әлеуметтік) факторлармен жинақталған адам қызметінің жеке жағдайы ретінде қарастырады. Психотілтаным терминін оның заманауи түсінігінде американдық ғалымдар Ч.Осгуд пен Т.Себеок енгізді. Психотілтанымның негізгі бағыты мәтінді тілтанымдық емес, яғни, сөйлеушінің өзімен, адаммен байланыста талдаумен байланысты көптеген деректерді теориялық ұғыну болып табылады. 

Этнотілтаным

  • ЭТНОТІЛТАНЫМ (грек. ethnos «халық» lingiustique «тіл туралы ғылым») – тілді халықтың дәстүрлі рухани мәдениетімен, оның өмірге көзқарасына және объективті шынайылықты қабылдауымен қатыстылықта зерттейтін кешенді пән. Ғылыми сөздіктерге сүйенсек, этнотілтаным тілді адамның ақыл-ойының, ділінің, тұрмыстық және салт-дәстүрлік мінездерінің, әртүрлі түрдегі мифологиялық қабылдаулары белгілері тұрғысында зерттейді.

Әлеуметтік тілтаным

  • ӘЛЕУМЕТТІК ТІЛТАНЫМ туралы айтар болсақ (лат. soci(etos) қоғам, фр. lingua – тіл) тіл бі­лі­мі, әлеу­меттану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы. Онын негізгі объектісі – тілдің функционалды жағын зерттеу. Қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдык табиғаты, әлеуметтік қызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауыз екі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдену, мультилингвизм үдерістері.

Қорытынды

  • Қорыта айтқанда, М. Балақаев: «Тіл мəдениеті дегеніміз - тілдік тəсілдердің ширау, жетілу дəрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тəсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...