Тіл біліміндегі “концепт” ұғымы Орындаған: доцент Досова А. Т



Дата16.01.2017
өлшемі176 Kb.
#151


Тіл біліміндегі “концепт” ұғымы Орындаған: доцент Досова А.Т.


Мақсаты:

  • Концеп ұғымы, концептілік құрылымдар туралы түсінік қалыптастыру



Жоспары:

  • 1 Концепт ұғымы

  • 2 Концептілік құрылымдар



Концепт- танымдық ғылымның басты зерттеу нысаны

  • ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдағы жаһандану үрдісі қазақ тіл біліміне де көптеген үлкен өзгерістер мен жаңалықтарды әкелді. Сондай жаңалықтардың бірі-ғылымдағы ғылыми көзқарастар мен үрдістердің өзара сабақтастықта қарастырылуы болып табылады. Осы күнге дейін тіл мен таным мәселелері философия мен лингвистика ғылымы аясында жеке-жеке зерттелсе, бүгінде лингвистика ғылымында тіл мен танымды бірлікте қарастыру үрдіске айналып келеді. Танымдық ғылымның басты зерттеу нысанасының бірі-концепт, яғни тірек мағына ұғымы.



Концепт-

  • ол тілдік тұлғаның тілдік-когнитивтік деңгейлерінің негізгі бөлшегі, әлемнің шындық немесе көркемдік негізін көрсетуші ұжымдық сананың қозғалысын айқындаушы бірлік. Адам санасындағы дүние бейнесінің үзіктері концептердің көмегімен сөз арқылы таңбаланып көрініс табады, вербалданады.



Концептің құрылымы өте күрделі.

  • З.Д.Попова мен И.А.Стернин сияқты ғалымдар концептілердің түрлерін анықтау барысында когнитивтік концептілердің адам санасында қалыптасуын әр түрлі процестер негізінде (сезімталдық, ойлау операциялары, санадағы тілдік бірліктер арқылы) топтастырады. Ғалымдар (З.Д.Попова,И.А.Стернин) концепт туралы «Концепт адам санасында, біріншіден, сезімдік тәжірибесі арқылы қалыптасады, екіншіден, адамның өзіндік тұрмыс-тіршілігі, қызметі арқылы ұласады, үшіншіден бұрын санада қалыптасқан ситуациялар мен басқа да концепт белгілері мен қасиеттерін сәйкестендіре қолдану арқылы таныла түседі, төртіншіден, тілдік таңбасы жиі қолданыстан өтіп, стереотиптік деңгейге жеткен таңбалармен таныту арқылы анықталады, бесіншіден, тілдік бірліктерін саналы түрде сол дүние табиғатын танытуға болады деп тұжырым жасау негізінде қалыптасады» -деп түсіндіреді.



Зерттеуші В.А.Маслова концептің түрлерін былайша топтастырады:



Концепт дегеніміз -

  • ойлау мен таным және мәдени процесінің нәтижесі; адам ойындағы ғалам бейнесінің өзіндік белгілерінің ассоциациялануының нәтижесі; концептілік мәнге ие болған доминанттың тілдік қолданыстағы мағынасының қайта ойлаудан өтуі және бұрынғы бар ақпараттарды лингво-философиялық тұрғыдан толықтырып, тың мағұлмат беруші бірлік болып табылады.



А.Вежбицкая

  • концепт идеалды дүниенің объектісі, ол субъектінің дүние туралы танымынан көрінеді дейді. Ғалым: «Языковая концептуализация различна в разных культурах... Язык отражает происходящее в сознании, а не в мозгу, наше же сознание формируется, в частности, и под воздействием окружающей нас культуры. Концептуальные универсалии действительно существуют, но я думаю, что они могут быть обнаружены только путем концептуального анализа, основаннного на данных многих языков мира...» , - деп жазса, М.В.Никитин концептіні «таңба арқылы танылған ұғым»,- дейді.



Ю.С.Степанов

  • «концепт существует в ментальном мире человека не виде четких понятий, а как «пучок» представлений, понятии, знаний, ассоциаций, переживаний, который сопровождает слова: «концепты не только мыслятся, они переживаются. Они – предмет эмоций, симпатий и антипатий, а иногда и столкновений», - дейді.



Концепт сөзіне сөздіктерде мынадай анықтамалар берілген

  • Л.Л.Нелюбиннің «Толковый переводоведческий словарь» еңбегінде концепт – «ұғым мазмұны»; «ой, түсінік” делінсе, «Латын- орыс сөздігінде» 1) байланыс, жиынтық, жүйе; 2) қойма; 3) заң актілерін тұжырымдау; 4) ұрық қабылдау 5) сөйлем.

  • Концепт ұғымына М.Күштаева кеңінен тоқталады. Логикада концепт «ұғым, түсінік» мәнінде түсініледі. Д.С.Лихачев пен В.В.Колесов еңбектерінде концепт сөз бен олардың мағынасын дәнекерлеуші ретінде беріледі.



  • Концепт бір сөздің беретін ұғымы, түсінігі емес, күрделі семантикалық бірлік. Ол тілдік бірліктердің қандайын болса да (сөз, сөз тіркесі, сөйлем, дискурс) белгілей алатын, семантикалық өріс ретінде де көрініс беретін мағына. Онсыз ол концепт деңгейіне көтеріле алмайды.



Концептілік құрылымдар.

  • Кез келген нәрсе қарапайым форма (фрейм) арқылы концептілік құрылымдар арқылы танылады. Соңғы зерттеулерде фрейм екі жақты сипатымен танылып, былай дәлелденеді: Бір жағынан фрейм лексикалық жүйе ішінде танылады, екінші жағынан когнитивтік ақпараттарды ұйымдастырушы болып танылады.ь



  • Сонымен фрейм –санада бейнеленген концептілік құрылымдардың бір тармағы деп түсіндіріледі. Ал концептілік құрылым жөнінде М.Джекендофф: «Әрбір адамның ми қыртысында қабылданған ақпараттар белгілі бір ұғым төңірегінде шоғырланады. Ол көру, есту, сезу қабілеттері арқылы қалыптасып тілде көрініс табады. Ұғым шоғырына кейде ойша салыстырудан туындаған ақпараттар да енеді»,-деген тұжырым ұсынады.



Р.И.Павиленис:

  • «Адам тілдік көрінісін іздемес бұрын сол дүниені өзінің сезімді қабілеттері арқылы танып алады. Танымында қалыптасқан дүние туралы ақпараттардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын санада сұрыптайды. Дүние туралы ақпаратты меңгеру әрбір тұлғаның өзіндік талдап жүйелеу базасында қалыптасады. Осындай әрекеттер нәтижесінде пайда болған ұғым ақпараттарының құрылымын концептілік тақырып деп атаймыз»,-деген тұжырым жасайды.



концептілік құрылым -

  • адам танымында қалыптасқан дүние туралы түсініктің санада бір ұғым шеңберінде жинақталған таңбалар шоғыры.



  • Зерттеуші И.П.Павлов стереотипті «адамның ішкі физиологиялық жүйесінің күрделі құрылымы»-деген болатын.

  • Стереотиптерге берілген анықтамалардың ішінде В.В.Красных пікірінше: «Стереотип –нақты бір феноменге қатысты концептіні түсіндірудегі оның ішкі валенттілік байланыстарын жинақтап ұйымдастыратын ментальді тілдік құрылым».



Ю.Е.Прохоров:

  • «Стереотип-ең алдымен шындықтың нақты көрінісі. Кез Концепт - ол тілдік тұлғаның тілдік-когнитивті деңгейлерінің негізгі Мысалы, ара –еңбекқор, есек-ақымақ, ешкі-өжет, дана-Пушкин т:б.». Демек стереотипті әлемдегі бейнелердің күрделі бейнелері мен қасиеттерін қабылдауды жеңілдететін, адам танымында жинақталған, реттелген дүние бейнесінің бір үзігі ретінде қарастыруды ұсынады.



Концепт –

  • ол тілдік тұлғаның тілдік-когнитивті деңгейлерінің негізгі бөлшегі, әлемнің шындық немесе қияли негізін көрсетуші ұжымдық сананың қозғалысын айқындаушы бірлік. Адам санасындағы дүние бейнесі табиғаты жағынан әр алуан болып келетін концептердің көмегімен көрініс табатыны белгілі. Олар сөз арқылы таңбаланып, вербалданады.



Пайдаланылатын әдебиет:

  • 1 Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Алматы, 2004

  • 2 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993

  • 3 Хасенов Ә. Тіл білімі. Алматы, 2003

  • 4 Қалиұлы Б. Жалпы тіл білімі. Алматы, 2005

  • 5 Мәжитаева Ш., Жалмаханов Ш. Тіл біліміне кіріспе. Қарағанды, 2005



Каталог: images -> news -> slider -> 2016 -> portfolio 2
portfolio 2 -> Оразбаева Айтбибі Сұлтанқызы Тақырыбы
portfolio 2 -> Стандарттау
portfolio 2 -> Сабақтың мақсаты: Хаттаманың жазылу ережелері мен үлгілерін үйрете отырып
portfolio 2 -> Материалдары
2016 -> Жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші
2016 -> Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы
portfolio 2 -> А ана тілі ретінде оқыту; а ана тілі ретінде оқыту
portfolio 2 -> Көркем шығарманы талдау
portfolio 2 -> Оразбаева Айтбибі Сұлтанқызы Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан