Тіл білімі мен әдебиеттанудың жаңа бағыттары Орындаған

Loading...


бет1/2
Дата04.05.2021
өлшемі33.63 Kb.
  1   2

Тіл білімі мен әдебиеттанудың жаңа бағыттары

Орындаған: Бакров Н. А.

Апта: 11

Тақырып: Көркемдік әдіс және жазушы шығармашылығы.

Көркемдік әдіс – белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылатын, өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Әдебиеттте, сондай-ақ көркемөнердің басқа салаларында бір бағыттағы жазушылардың, өнер қайраткерлерінің творчествосы идеялық нысанасы жағынан да ұқсас, жақын келетінін байқаймыз. Бір заманда өмір сүріп, бір қоғамдық ортада қызмет еткен көптеген жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ-сипат белгілер аз емес екенін олардың тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көруге болады.

Әдебиет теориясында әдіс мәселесінде көп айтысқа, талас-тартысқа түскен нәрсе аз шығады.

Алдымен, әдістеген атаудың өзін әркім әр түрлі айқындайды: біреулер көркемдік әдіс десе, біреулер творчестволық әдіс, енді біреулер әншейін әдеби әдіс дей салады. Алайда бұларға дау айтып, уақыт оздырудың керекгі жоқ, өйткені бәрініңкі – бір ұғым.

Ұғым демекші, айтыстың үлкені әдіс деген сөзге тән ұғымға, мағынаға байланысты…

“Әдіс-творчестволық тәсіл”, -дейді В. Шербина. “Творчестволық тәсіл дегенінің өзі не нәрсе; -дейді Л. Тимофеев – оны нақты шығарма талдауға қалай қолданамыз?”

Біреулер әдісті суреткердің дүние танымына байланыстыра байыптаса, біреулер бұған қарама-қарсы, “әдістің таза дүние танымы категориясымен қабыспайтынын” (Л. Новиченко) дәлелдеп жатады.

Г. Абрамович “әдіс- шындықты суреттеудің жалпы принципі” десе, Л. Щепилова “әдіс- өмірді образ арқылы көрудің айрықша типі” –дейді.

Сондай-ақ, мәселен, Ф. Головенченко “Әдіс пен ағымның арасында анық шекара жоқ” –десе, В. Сорокин әдісті ағымға қоса тексере тұра, екуінің ара жігі айқын екенін, яғни “әдіс- ағымнан әлде қайда кең ұғым” екенін айтады.

Бір ескертетін нәрсе: жоғарыда айтылғандай, романтизмнің де, реализмнің де өмірде өнерге көшіру сипатына негізделген екеуінің екі түрлі ерекше табиғаты, түп тамыры мен тегі тереңде жатқан мен, олардың әдеби әдіс ретінде қалыптасу тарихын әдебиет зерттеушілері беріден бастайды. Мәселен, олар романтизм көркемдік дамудың күрделі бағыты ретінде Европамен Америка әдебиеттерінде XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басынан берімен қарай қалыптасты деп жүр. Бұлай дегендегі дәлелі сөз өнеріндегі романтикалық (французша –romantigue –ағылшынша -romantic) туындылар суреткерлердің шындықтағы барға қанағаттанбай жоқты іздеуінен, ақихаттан аулақтап әлде бір асыңқы, өмірді емес өнерде ғана болуға тиіс кітаби қиял ғажайып шытырман оқиғаларды бейнелеуден пайда болған деседі. Сондықтан бұл ағым ағартушылық бағытқа да, классицизмге де, сентиментализмге де…- бәріне де кері ағар.

XVII ғасырдың аяқ жағында туып, XVIII ғасырдың орта тұсына дейін өнер атаулының бәрінде ,әсіресе Еуропа әдебиетінде орасан кеңөріс алған жұртқа мәлім ағым классицизим (латынша cassicys-үлгілі,өнегелі бағыт).

Сөз өнеріндегі әрбір ағымның тууында таза әдеби “құпиялармен” қатар ,қоғамдық сыр мен себеп болатынын да айттық. Классицизимнің де туған тұсы –Еуропа елдерінде абсолютизм дәуірлеген кез.Ол тұста елдегі барлық үстемдік дворяндар сословиесінде,барлық билік монарх қолында болатын; солардың ықпалымен жұрт назары сарайға ауған,жұрттың бәрі сарай маңындағы ат төбеліндей “асыл нәсілдер” (ақсүйектер) аузына қараған кез еді.Қоғам өміріндегі осы хал өз кезінің әдебиетіне де әсер етіп ,оның дамуында өзгеше бір өнегелі бағыт атанған классицизим ағымын белгіледі.

Классицистер қаламынан туған шығармалардың негізгі тақырыбы,ежелгі грек әдебиетіндегі сияқты ,ел өмірінің елеулі ,ірі оқиғалары ; негізгі идеясы –елдің елдігін қорғаушы “ессіз ерлердің” қанды жорықтары мен дүрбелең саясаты; негізгі қаһармандары –қарапаймдар емес, қастерлілер –қолбасылар, корольдар,патшалар.

Классицизмге тән негізгі ерекшелік –көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру.Мысалы ,драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу керек .Бұл, “үш бірлікті” сақтамаса,жоғарғы ережеден шетке шыққан болып саналады. “Үш бірлік” дегеніміз: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік ішінде ғана болуы керек), орын бірлігі (оқиға бір орында ғана болуы керек), оқиға бірлігі (бұнда оқиға тек бір ғана сюжеттік желінің бойында болуы керек).

Жалпы алғанда.классицизмнің өмір шындығынан алшақ жатқан жақтары көп,әрине, классицизм жазушылары да суреттелген нәрселерін өмір шындығынан алғаны сөзсіз.Әйтсе де сол өмір шындығын олар өз електерінен өткізіп және өз табының көзқарасынан көрсетті.Қандай өмір шындығын суреттесе де ,патша, корльдің,солардың маңындағылардың сәйкестендіріліп, солардың тілегіне бағындырылды.

XVII ғасырдың аяқ жағында туып, XVIII ғасырдың орта тұсына дейін өнер атаулының бәрінде, әсіресе Еуропа әдебиетінде орасан кеңөріс алған жұртқа мәлім ағым классицизим (латынша cassicys-үлгілі,өнегелі бағыт).

Сөз өнеріндегі әрбір ағымның тууында таза әдеби “құпиялармен” қатар, қоғамдық сыр мен себеп болатынын да айттық. Классицизимнің де туған тұсы – Еуропа елдерінде абсолютизм дәуірлеген кез. Ол тұста елдегі барлық үстемдік дворяндар сословиесінде,барлық билік монарх қолында болатын; солардың ықпалымен жұрт назары сарайға ауған,жұрттың бәрі сарай маңындағы ат төбеліндей “асыл нәсілдер” (ақсүйектер) аузына қараған кез еді.Қоғам өміріндегі осы хал өз кезінің әдебиетіне де әсер етіп ,оның дамуында өзгеше бір өнегелі бағыт атанған классицизим ағымын белгіледі.

Классицистер қаламынан туған шығармалардың негізгі тақырыбы,ежелгі грек әдебиетіндегі сияқты ,ел өмірінің елеулі ,ірі оқиғалары ; негізгі идеясы –елдің елдігін қорғаушы “ессіз ерлердің” қанды жорықтары мен дүрбелең саясаты; негізгі қаһармандары – қарапайымдар емес, қастерлілер – қолбасылар, корольдар,патшалар.

Классицизмге тән негізгі ерекшелік –көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру.Мысалы ,драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу керек. Бұл, “үш бірлікті” сақтамаса,жоғарғы ережеден шетке шыққан болып саналады. “Үш бірлік” дегеніміз: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік ішінде ғана болуы керек), орын бірлігі (оқиға бір орында ғана болуы керек), оқиға бірлігі (бұнда оқиға тек бір ғана сюжеттік желінің бойында болуы керек).

Жалпы алғанда, классицизмнің өмір шындығынан алшақ жатқан жақтары көп,әрине, классицизм жазушылары да суреттелген нәрселерін өмір шындығынан алғаны сөзсіз.Әйтсе де сол өмір шындығын олар өз електерінен өткізіп және өз табының көзқарасынан көрсетті.Қандай өмір шындығын суреттесе де ,патша, корльдің,солардың маңындағылардың сәйкестендіріліп, солардың тілегіне бағындырылды.

Романтизм (ағылш. romantіcіsm, фр. romantіsme, нем. romantіk) – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде: музыка, театр, бейнелеу өнері, эстетика, т.б. әдеби-көркем салаларда тараған идеялық көркемдік бағыт.



Романтизмнің адамзат мәдениеті дамуындағы тарихи рөлі зор. Ол көптеген елдердің рухани мәдениетін гуманистік идеялармен байытты. Романтизм бағытында туған туындылардың кейіпкерлері әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының тілінде әсірелегіш суреттер мол ұшырайды. Адамның бас бостандығын, ірі іс-әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — Романтизм туындыларына ортақ қасиет. Кейде романтиктер туындыларында өмірден түңілушілік, тағдырға бас июшілік сарыны бой көрсетеді. Романтиктер өздерінің мұратына сай келетін өмір материалдарын өткеннен де, келешектен де қатар іздейді. Романтиктер ауыз әдебиеті, тарих, дін, өнер мәселелерін өз идеяларын насихаттау құралы ете білді. Олар дүние жүзі өнерінде тұңғыш рет адам жанының иірімдерін, тұңғиық тереңін ашып көрсетті.

Әдебиеттануда: 1) көркем шығармада өмір шындығын бейнелеудің бір тәсілі, көркемдік әдіс; 2) 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Еуропа мен Америка елдерінде пайда болған, осы әдісті қалыптастырған әдеби бағыттағы 18 ғасырдың ортасында “романтика” сөзі ағылшын поэзиясында шығармашылық пафосты таныту мақсатында қолданылды, сол кездегі эстетикалық түсінік бойынша ол поэзияның, әсемдіктің ажырамас бөлігі болуға тиісті ғажайып, құпия, жұмбақ нәрсе ретінде қабылданды. Ал 18 ғасырдың аяғында Германияда “романтикалық поэзия” жаңа әдеби бағыттың шығармашылық принциптерінің тұтастығын танытатын термин ретінде қолданылып, “Иен мектебінің” теоретиктері (ағайынды Шлегельдер, Новалис, Ваккенродер, Тик) алғаш рет романтизмнің біршама толыққанды теориясын жасады. Бұл поэзия ереже мен дәстүрді, өмір заңдылығын мүлде мойындамайтын еркін поэзия ретінде қабылданды. Романтизмге толыққанды әмбебап анықтама беру мүмкін емес, ол әр ұлт әдебиетінде әр түрлі көрініс тапқан. Романтизмде ортақ ұқсастықтармен қатар бір-біріне мүлде ұқсамайтын әр тектілік те бар. Романтизмнің даму кезеңдеріне ортақ типологиялық белгілер: қоғамға көңілі толмау; оған өзінің идеалын қарсы қою; өмірге сын көзімен қарау; рухани азғындыққа қарсылық; заман шындығынан аулақ кетуге ұмтылыс; арман, қиял; өткенді дәріптеу; азаттық, бостандық идеясы; фольклорға, тарихқа ден қою; кейіпкерлерінің “ерекше” болуы; көтеріңкі эмоционалды стиль; қайғы-мұңға, ғажайып-құпия, фантастикалық жайттарға құштарлық; лиризм; патетика; әсірелеу, т.б. Романтикалық шығармаларда бейнелеу құралдары, әсерлі суреттеулер (эпитет, теңеу, метафора, ұлғайту, шендестіру, символ) мол кездеседі. Қазақ әдебиетіндегі романтизм әлемдік әдеби құбылыстың бір бөлшегі бола тұра, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен оқшауланады. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен көрініс тапқан романтикалық белгілер 15 — 18 ғасырлардағы жыраулық поэзияда қаhармандық-жауынгерлік, азаттық-патриоттық рухта көрініс тапты. Қазақ әдебиетінде романтизмнің тегеурінді көрінген тұсы 19 ғасырда болды, ол ұлттық сөз өнері дамуының маңызды факторы саналды. Осы кезеңде өмір сүрген Махамбет романтизмі Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліспен бірге туып, азаттық бағытында өрбісе, “Зар заман” ақындары шығармашылығында орыс отаршылдығына қарсы болған, өз дәуірінің рухани болмысына қанағаттанбаған мінезден көрінді. Абай романтизмінен өзге елдің билігі әсерінен халықтың ыдырап, ұсақтауына қынжылыс байқалды. Ал Ақылбай мен Мағауия сюжетке құрылған романтикалық поэмаларында (“Қисса Жүсіп”, “Медғат — Қасым”) “ерекше жағдайда ерекше мінез жасау” арқылы индивидуалдық романтизмге жол салды. 19 ғасырда романтизм әдісі жазба әдебиетте толық қалыптасып, 20 ғасырдың басында кемелденді. Дәуір алмасуы кезіндегі саяси және идеологиялық дағдарыстар, ұзақ уақыт жат елдің езгісінде болған ұлт санасының қайта оянуы, ұлттың өзін-өзі тануы — романтизмді дамытушы негізгі қоғамдық факторлар болды. 20 ғасырдың басында Б.Күлеев, М.Жұмабаев поэзияларында романтизм биік деңгейде көрінді. Мағжан романтикалық поэмалардың әлемдік деңгейдегі озық үлгілерін әкелді (“Батыр Баян”, “Қорқыт”, “Қойлыбайдың қобызы”, т.б.). Кеңес дәуіріндегі әдебиетте романтизм реализммен кіріге жаңа сипат алып, өмірдің жарқын тұстарын бейнелеуге, кейіпкердің ішкі сезім-сырларын жеткізуге қызмет етті. Сөйте тұра романтизм бүкіл адамзаттың, ғаламның, өз дәуірінің, қоғамының трагедиясы мен мұң-зарын көрсете білді, кейде тіпті оны шешуге ұмтылыс жасады. Романтизмнің әдебиетке әкелген жаңалықтарының бірі — адамды тануға деген құштарлық. Романтик қаламгерлер адамның жан дүниесіне, ішкі психологиясына үңіле отырып, оның рухани әлемінің құпиясын, тереңдігі мен күрделілігін, шексіздігін танытуға күш салды. Романтизмнің ұлттану мәселесіне әдеби тұрғыдан қосқан үлесі мол. Романтиктер ұлттық рух пен мәдени құндылықтарға аса қызығушылық танытты. Олар өткен тарихты бағалап қана қойған жоқ, оны өздерінің сан қырлы әлеуметтік, эстетикалық тұжырымдарына тірек етті. Романтизмнің мұндай ерекшеліктері көркем пішіннің жаңаруына: тарихи роман, психологиялық, фантастикалық повесть, әңгіме жанрларының, лиро-эпикалық поэмалардың пайда болуына, лириканың тақырыптық, идеялық ауқымының кеңеюіне зор әсерін тигізді. Романтизм әдебиетке жаңа тақырып, соны кейіпкерлер әкелді, сөз өнерін көркемдік ерекшеліктермен байытты. Қазақ әдебиетінде Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, О.Бөкеев, Қ.Аманжолов, Т.Айбергенов, О.Сүлейменов, т.б. қаламгерлер pомантизм мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланды.

Романтизм – ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған. (роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып суреттеу) - әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс. Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп: суреттеулер шындық қиялға негізделеді, қияли шындықтың өзі осы шақтыкі емес, не өткен, не келер шақтікі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді.

Реализм (латынша realis – заттылық, шындық)-әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын, маңызды қоғамды мәелерлерді, күнделікті тұрмыстағы сан-алуан жайларды мейлінше кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді, қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. Егер романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсету қажеттігін мойындайды. Реалистік принцип жаңа дәуір әдебиеті мен көркем өнерде жаңа сипатқа ие болып, әдебиеттің халықтық демократияшылдық принциптерімен жалғастық тапты. Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін нақтылы жай-жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды дегенде, әрине, мұны оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс болмайды.

Абай поэзиясында кең өріс алған көркемдік әдіс - реализм.

Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғып-түсінуге, күнделікті жайларды, қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру - бұл реализм әдісінің бағалы жағы еді. Ф. Энгельс реализм әдісі жеке дерек-жайттардың шындығын былай қойғанда, типтік характерлерді типтік жағдайда алып суреттейтінін атап көрсетті. Реализм әдебиетте, көркем өнерде бұқара халықтың өмірін неғұрлым мол, шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты. Халықтық әдеби дәстүрлермен байланыс бұрынғыдан әлдеқайда күшейе түсті. Осының нәтижесінде әдебиет пен көркем өнердің халықтық сипаты арта тұсті. Орыс әдебиетінде реалистік әдіс А. С. Пушкин шығармалары арқылы қалыптасып, М. Ю. Лермонтов, Н. В. Гоголь, И. А. Гончаров, И. С. Тургенев, Л. Н. Толстой, Ф. М. Достоевский, А. П. Чехов сияқты жазушылардың шығармаларында жан-жақты дамыды. Кейде реалистік әдіспен жазылған шығармаларда шыншылдық пен сыншылдық араласып келгенде сыншыл реализм деген ұғым да қолданылады. Абай шығармаларына тән көркемдік әдістен реализмнің де, сыншыл реализмнің де сипат-белгілері молынан көрінеді. Абайдың өмірді, адамды суреттеуі барынша шыншыл да терең. Қандай құбылысты, адамды болса да ол қоғамдық, әлеуметтік тамырын, маңызын аша суреттей отырып, оның адам үшін, қоғам үшін пайдалы, зиянды жақтарын айқын көрсетеді. Міне, бұл ерекшелік Абайдың өмірді суреттеу тәсілін жаңаша қалыптастырды, әдебиетте сыншылдық бағытты орнықтырды, мұның бәрі, сайып келгенде, әдебиетімізде сыншыл реализм әдісінің туып, қалыптасуы еді. Бұл бүкіл көркемдік танымымызға Абай әкелген жаңа сапалық өзгерістердің бірі және негізгісі.

Абай әдебиетті идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие беруді, басқаша айтсақ, әдебиеттің «өмір оқулығы» ретінде атқаратын қызметін арттыруды бірінші мәселе етіп қойды. Жастарды озық мәдениетке, өнер-білімге, адал еңбекке шақырып, оның бойында шынайы адамдық қасиеттерді тәрбиелеуге, жамандықтан қашып, жақсылыққа ұмтылуды қалыптастыруға тек өресі биік әдебиет қана ат салысатынын ақын терең түсініп, өзі өмір бойы сол жолда ізденді.

Абай әдебиетке мүлдем жаңа міндет жүктеді. «Түзетпек ем заманды» деп, әдебиеттің өмірді дамытуға, түзетуге, өзгертуге шешуші үлес қосуын, белсенді қызмет етуін, идеялық-көркемдік құрал дәрежесінде биіктеуін уақыттың үлкен талабы ретінде ұсынды. Абайдың реалистік әдісі әсіресе адамның типтік бейнесін суреттеуден айқын аңғарылады. Ең алдымен Абайдың адам мен қоғам жайындағы тұжырымы - қазақ топырағындағы жаңа көзқарас. Абай адамды белгілі қоғамдық өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, психологиясын, моральдық келбетін өмірге, өлеуметтік тұрмысқа байланыстыра қарап, бағалап бейнелейді. Мысалы, Абай өлеңдерінен неше түрлі байдың әлеуметтік тип дәрежесіне көтерілген жинақталған бейнесін бүкіл іші-сыртымен көз алдымызға келтіреміз. Солардың бірі «Өз малын өзінікі дей алмай, күндіз күлкі, түнде ұйқысы» бұзылған бай. Бұл кәдімгі бір жағынан патша үкіметінің билеуші әкімсымақтар, екінші жағынан, ел ішіндегі би, болыс, төрелер тарапынан екі жақты қыспаққа ұшырап, есі шығып, өз малын өзі билей алмай әлекке түсіп, жапа шегіп жүрген сасық бай. Немесе Абайдың болысын алайық. Бұл да Абаймен замандас, 19 ғасырдың 80-90 жылдарының болысы. Ол ата-бабасынан ел билеген феодал, шынжыр балақ шұбар төс емес, билікке малымен, байлығымен қолы жеткен, қулығы байлығынан да басым сұм-сұрқия, пысық жан. Оның ел билеу тәсілі, адамдармен қатынасы алдау- арбауға, әлдіге келгенде шыбындап, әлсізге келгенде қырындауға негізделген. Абай мұндай билеушілер басқарған ел ісінің оңға баспайтынын үлкен көркемдік шындық, идеялық түйін ретінде ұсынады. Абай адам бейнесін қоғамдық орнына, мүддесіне, сол мүддеге жету жолындағы ішкі сезімі мен айла-тәсіліне байланысты жасады. Ол өз заманындағы сан түрлі әлеуметтік топтардың барлығын да осы тұрғыдан терең зерттеп көре де, бейнелей де білді. Қожа, молда, ауылнай, жүзбасы, еңбексіз мал таппақшы пысық, амалын тауып кун кермек епті, «бұзылса елдің арасы, мал таппаймын демейтін» қулар, қулықты ат-шапаннан кем кермейтін даңғой, дарақы, той-думаншы бозбала, еңбексіз еріншектер т. б. ақын шығармаларынан кең орын алып, өздеріне ғана тән типтік жағдай, типтік сипаттарымен көрінеді. Ақын осыншама сұм-сұрқия адамдар мен олардың өзара қатынастарынан қүрылған қоғамдық тұрмыстың тозығы жетіп, ескіргенін өз шығармашылығының бүкіл рухымен дәлелдейді. Абай шығармаларында халықтың өмір-тұрмысы, мінез-құлқы, іс-әрекеттері, ғұрып-салты, өнегесі, өнері, қоғамдық өмірдің сан-алуан қайшылықтары жан-жақты, толық, асқан көркемдік шеберлікпен бейнеленген.

Абай шығармашылығы өз дәуірінің көркем шежіресі болумен қатар халықтың алдағы күннен күткен арман- тілегінің де көрінісі. Өйткені ақын шығармаларына, өз көзінің ең озық талап-мүдделері мен идеяларын арқау етті, олардан оптимистік ерекше сенім мен қуат, нәр алды, бүкіл болмысымен жарқын келешекке қарай ұмтылды

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» шығармасы бастан аяқ реализм арқылы берілген. Кейіпкер Ақбілек арқылы көрініс табады.



"Ақбілек" романында Жүсіпбек феодалдық-патриархалдық құрылыстың қатал заңы мен тәртібін бұзып-жарып шығып, бақытын қажыр-қайратымен, білімімен тапқан жаңа заман әйелінің бейнесін жасаған. Ақбілектің жеңісі де еңбекші бұқараның таптық күресте қанын төгіп жеңіп алған жеңісімен орайлас жатыр. Төрт құбыласы сай, атақты байдың қызы болғанымен, ол да пенде, тағдырдың қолжаулығы. Ұзатылғалы отырған бойжеткен, күйеуі Бекболат ұрын келе жатқанда, жуанда кегі бар Мұқаш кедей барар жері қалмай, тынысы тарылған ақ солдаттарын қонақ күтіп, жасанып отырған бай ауылдың үстінен құлатады. Талау-тонау, кісі өлімі, төгілген ар, өртенген ауыл... Күйеуін күткен қалыңдық Ақбілек тыйым көрмеген аш бөрілердің "олжасына" айналады. Қызылдардан таяқ жеп, отбасынан алыстап, байлығын тонатып, тағдыры енді қалай қарай сілкірін білмей, қанына қарайып, жанын шүберекке түйген тілі, діні бөлек орыс, ақ солдаттары Ақбілекті жабылып қорламақ та болады. Әйтсе де, адамдығын, әсемдікке іңкәрлігін жоғалтпаған асыл зат, тектілік жаудың ішінен де біреуден шығуы заңды ғой. Реалист суреткер адам қоғамына тән осы заңдылықты тәрк етпейді. Көпе көрнеу елдің көзінше Ақбілекке қысым көрсете бастаған жирен орыстан қара мұрт офицер құтқарып алады. "Қайда барсаң да Қорқыттың көрі", бір тажалдың алаңанынан сытылып шыққанымен, жолы кесіліп, қалайда абыройы төгілгелі тұрған арлы қыз өзіне араша тұрып, адамшылығын жоғалтпаған қара мұрттың ыңғайына "жығылады". Қыздың пәктігі, жібектей ширатылған мінезі, балдай тілі, ер адамды есінен тандыратын ажары, келісті бітімі ажалына осылайша арашашы болады. Бірақ біраз күннен соң Ақбілек байқұс тәні кірлеп, жаны жүдеп, бұралқы күшіктей орыстардың ойраны шыққан жұртында "ұлып" қалады. Ауылы аяушылық білдіргенімен, әкеден бастап барлығы Ақбілекке салқын, басқаша, мүсіркеген, жымысқы көзқараспен қарайды, сыпсың, сұрқия сөздер көктем гүліндей құлпырған сұлу бойжеткенді аяздай қариды. Өзін ақ солдаттары алып қашарда ара түскен анасы жау қолынан қаза табуы да сорына бастапты. Тек туған жеңгесі Ұрқияның ғана "шырайлы-сына" шығарда жаны бөлек. Қалың малы төленіп, босағасын аттауы қалған күйеуі Бекболат "беті бері қарап", қашықтап кеткен аралары жаңындаса бастағанда, қыз әкесі Мамырбайды Өрікпен септестірген Әбен қуаяқ, ру, ағайын арасындағы кикілжіңді пайдаланып, тізгіні қолындағы байға сөзін өткізіп, Ақбілекті Бекболатқа бермеуге көндіреді. Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледі. Ақбілектің нағыз қара күндері басталады. Көркембай кемпірдің лашығында дүниеге орыс қара мұрт офицерден сәби келеді. Әйтеуір, тілектес жақсы адамдардың арқасында шаранасын кептірмей жатып жас сәбидің "көзін жоғалтады".



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...