Тіл – қатынас құралы. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі, ҚР-ның мемлекеттік тілі. Тіл туралы заң


Көшіріп жазу, оның түрлері. Грамматикалық тапсырмасы бар көшіріп жазу.-Алия



бет9/61
Дата03.01.2023
өлшемі156.37 Kb.
#405722
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61
Байланысты:
60 сурак казак тил
!4-ОШ БЖБ Биология 8-сын қаз, 5 патшалық, № 1 БЖБ 9-сынып әдебиет 4-тоқсан, 6 ойлау шляпасы
Көшіріп жазу, оның түрлері. Грамматикалық тапсырмасы бар көшіріп жазу.-Алия

Көшіріп жазу- оқушылардың көру сезімі арқылы қабылданған әріп, буын, сөз, сөйлем және текстерді жазбаша формада өрнектеп беруі. Балаларға көшіріп жазу әрекетін әліппені оқу кезеңінен бастап жүргізеді. Сол әу бастан олар әріп элементтерін, оның тұтас түрін каллиграфиялық жағынан дұрыс өрнектеп үйренуі тиіс. Өйткені әріптердің жазылуын, олардың сөз ішінде тәртіппен орналасуын ұқыпты орындау- дұрыс жазу дағдалыраны меңгерудің әліппесі іспетті маңызы бар мәселе. Оқушы жазудың каллиграфиясын сақтап, көркем жазуға қаншалықты ынта-жігер жұмсап әдеттенсе ол сауатты жазу дағдысына соншалықты тез төселеді. Себебі жақсы жазудың өзі емлелік қате жібермей, дұрыс жазу процесіне тиімді әсер етеді. Құнтты ойланып таза, көркем жазатын бала сауатты да жаза алады. Сондықтан оқушылардың каллиграфиясына баса назар аудару керек. Сонымен қатар балалар жаттығу материалын көшіргенде, ұқыпты түрде зейін қойып, бір жазғанын қайта түзетпей, сөзден әріп тастамай не оларды бір-бірімен алмастырмай, тыныс белгілерін де өз орнына қойып қатесіз жазатын дағдыға әліппе кезеңінен-ақ үйретілуі тиіс.
Оқушыларды дұрыс жазу дағдысына үйрету үшін, оларға көшіріп жазу жұмысында ескерілетін нұсқау- ережелер түсіндіріледі. Ең әуелі балалар көшіріп жазатын метериалды түгел оқып шықсын. Әр сөйлемдегі сөздерді буынға ажыратып әрі ол буындарды іштен айтып ескерсін. Соңынан өзі жазған жұмысын тиісті текстің материалымен салыстырып, дұрыс-терісін байқасын. Көшіріп жазу жаттығулары қай класста да әр түрлі емлелік тапсырмаларды орындату мақсатымен жүргізіліп отырылады. Сабақ мақсатына орай көшіріліп жазу жұмысы алдында дайындық жасалады. Жаттығуда кездесетін (белгіленген) орфограммалар бар сөздер айтылады, ол сөздің неліктен солайша жазылатындығы талқыланып дәлелдетіледі. Өтіліп жатқан ережеге жататын орфограммалар текстен таптырылып, саны анықталады.
Оқыту практикасында көшіріп жазу жұмысына грамматикалық лексикалық және сөз жасау мәнді тапсырмалар ендіріліп,- комплекстік сипат беріледі. Оның өзі балалардың емлелік дағдыларын қалыптастыруда теориялық негіз болып табылатын грамматика, емле, сөз жасау жөніндегі білімді қаншалықты меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді. Ондай комплексті жаттығу тапсырмаларының үлгілері мына сияқтылар:
- Көп нүктенің орнына керекті әріпті, буынды не сөзді қойып көшіріп жазу. Керекті обьектілер текстің соңында беріледі. Оқушы жұмысты орындауымен бірге, тиісті орфограмманның жазылу ережесін түсіндіреді.
- Көшіргенде, сөздердің түбірін және қосымшаларын ажырату, соған байланысты түбірлес сөздерді тану. Осы мәндес міндетті орындауға 2-класс қазақ тілінде мынандай тапсырам берілген.
Мына сөздерді қөшіріп жазып, қосымшалардың астын сызыңдар:
етікші малшы бастық
етікті малға баста
етікке малда бастау
етіктің малдың басына
Дегенмен бұл тапсырма міндетінде түбірлес сөздер жайында ештеңе айтылмаған. Ал тапсырмадағы 12 сөздің етік, мал, бас деген үш қана сөзден өрбіп тұрғанын салыстыру, бақылау әдістерімен балаларға ұғындыруға әбден болады. Осыдан түбірлес сөздер деген ұғымға қарай оқушыларды бейімдей түсеміз.
- Жаттығу тексінің оң жағына немесе астына тізілген қосымшалардың, сөздердің орнын тауып, сөздердің байланысын дұрыс келтіріп көшіріп жазу. Бұл жұмысқа лайық тапсырманы 2-класс оқулығына келтіріледі.
Бағанның оң жағындағы жалғауды қай сөзге жалғаса ондағы сөздер дұрыс байланысады?
Тырна түлкі қонаққа шақырады. -ға
Тырна түлкі ьамақ береді. -ты
Құмыра түлкінің басы сыймайды. -ні
Тырна құмырадағы тамақ өзі жеп қойды -ге
Теріп көшіру. Мұнда сөздердің құрамы, сөз таптарына қарай іріктеп теріп жазылады. Сөздерді мағыналық тобына қарай саралап көшіру де осы тапсырмаға жатады. Мысалы, 1-класс қазақ тілінде мынандай жұмыс бар.
Тапсырма. Сөздерді оқыңдар. Туыстықты білдіретін сөздерді бір бөлек, қызметті білдіретін сөздерді бір бөлек жазыңдар:
Шопан, ата, әже, тракторшы, апа, қарындасым, инженер, сіңілім...
Бұл тәріздес тапсырманы орындау арқылы жас шәкірттердің зат тану ұғымы кеңіп, сөздік қоры жүйелі қалыптаса бастайды.
Осы мәндес көшіріп жазу тапсырмасы басқа класстарда да баршылық. Мысалы, 3-класс қазақ тілінде дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек теріп жазыңдар деген тапсырма берілген.
-Байырғы құрылысы бұзылып берілген текстің сөздерін өзара байланыстырып қалпына қайта келтіріп көшіріп жазу. Бұл мәндес тапсырма синтаксис тақырыбына лайық беріледі. Сөйлемдегі сөздердің байланысын табу үшін және сөйлем мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына айыру үшін, сондай-ақ жалпы сөйлем құру тәсіліне дағдыландыру үшін осындай тапсырма берудің маңызы зор. Ол, әсіресе балалар ойдан сөйлем құрауға, мазмұндама, шығарма жазуға машықтану үшін елеулі пайда келтіреді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет