Сөз таптары - өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары.
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы.
1. Тұлғасына қарай: Негізгі зат есім және туынды зат есім.
Негізгі зат есім - бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім. Мысалы: у, ат, ант, бата, құдық.
Туынды зат есім - Зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған зат есім. Мысалы: біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл.
2. Құрамына қарай: дара және күрделі зат есімдер.
Дара зат есім - бір ғана түбірден тұрады. от, ара, қант, оқушы, баспалдақ.
Күрделі зат есім - Кемінде 2 сөзден тұрады. кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ
3. Жалпылай немесе жекелей атауына қарай: жалпы және жалқы зат есімдер.
Жалпы есім- Біртектес заттардың жалпы атауы: кісі, өзен, тау.
Жалқы есім - Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы: Асан, Ертіс, Алатау.
4. Мағынасына қарай: деректі және дерексіз зат есімдер.
Деректі зат есім - қолмен ұстап, көзбен көруге болатын, нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады. Олар: мектеп, қағаз, ағаш, қалам, т. б.
Дерексіз зат есім - Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс,, ұғым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады. Мысалы: адамгершілік, ақыл, қуаныш, парасат, т. б.
Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалады. Олар күрделі зат есім деп аталады. Мысалы: өнеркәсіп, белбеу, ашудас, Көкшетау, Сарысу, аяқ-табақ, азық-тулік, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі т. б.
Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар.- Балнұр
Дидактикалық принциптердің бірі – оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалану. Мектепте қазақ тілін оқытуға байланысты мынадай көрнекі құралдар пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, графикалық көрнекілік (кесте, схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрация жасау, фотоларды көрсету, суреттерді көрсету, осындай көрнекіліктермен қатар, техникалық құралдарды (магнитофон, ойнатқыштарды,диафильм, кинофильм фрагменттері, радио, телевизия, кодоскоп, дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Демек, мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту жəне көру үшін көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда көрнекілікті пайдалану оқушының ана тілін құрметтеуге, оған деген сүйіспеншілігін арттырады. Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт береді. Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет. Қазақ тілі сабағында жиі қолданылатын көрнекілік – кесте.
Ол не схема, бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем құрылысын меңгеруге өте ыңғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |