Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-параграф. Этика мәселелері жөніндегі комиссиямен байланыс



бет33/309
Дата03.01.2023
өлшемі0.97 Mb.
#405545
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   309
Байланысты:
Тиісті фармацевтикалы практикаларды бекіту туралы
184843, презентация биомедицина, 3. Формулы расчета объема питания до года , жасушааралық бм, ФАРМА книга, document, НЕОНАТОЛОГИЯ.Сб.клинич.задач, ТЕЧЕНИЕ И ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ РАННЕГО И ПОЗДНЕГО ПОСЛЕРОДОВОГО ПОРИОДОВ, 6,7,8 псих документтегі, Силлабус СПЗ каз 2021-2022, Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет Орындаған Дос-melimde.com, Документ (5), 18 х, Бахытжанұлы Бақберген, 1609310307
4-параграф. Этика мәселелері жөніндегі комиссиямен байланыс

48. Зерттеуді бастар алдында зерттеуші (медициналық ұйым) Этика мәселелері жөніндегі комиссияның зерттеу хаттамасы бойынша жазбаша және күні қойылған мақұлдауын (қорытындысын), хабарланған келісімнің және оның келесі редакцияларының, субъектілерді зерттеуге қатысуға тартуға бағытталған шаралардың жазбаша формасын және субъектіге ұсынылуы жоспарланған кез келген басқа да жазбаша материалдарды алады.


49 Басқа құжаттармен бірге зерттеуші (медициналық ұйым) Этика мәселелері жөніндегі комиссияға ЗБ соңғы редакциясын ұсынуы тиіс. Егер ЗБ зерттеу барысында толықтырылса зерттеуші (медициналық ұйым) Этика мәселелері жөніндегі комиссияға ЗБ жаңа редакциясын ұсынады.


50. Зерттеу кезінде зерттеуші (медициналық ұйым) Этика мәселелері жөніндегі комиссияға қарауға жататын барлық құжаттарды ұсынады.

5-параграф. Зерттеу хаттамасын сақтау

51. Зерттеуші (медициналық ұйым) демеушімен келісілген хаттамаға сәйкес және қажеттілігінде Этика мәселелері жөніндегі комиссиямен рұқсат етілген (мақұлданған) зерттеулер жүргізеді. Уағдаластықты растау үшін зерттеуші (медициналық ұйым) және демеуші хаттамаға немесе жеке шартқа қол қояды.


52. Зерттеуші хаттамадан зерттеу субъектісіне төнетін тікелей қауіпті жою қажет жағдайларды және өзгерістер тек әкімшілік немесе техникалық аспектілерге ғана қатысты жағдайларды қоспағанда ауытқымауы немесе оған демеушінің келісімінсіз және хаттамаға түзетуге қатысты Этика мәселелері жөніндегі комиссияның алдын ала қарауынсыз және құжатпен ресімделген мақұлдаусыз (қорытындысыз) өзгерістер енгізбейді.


53. Зерттеуші немесе ол тағайындаған тұлға бекітілген хаттамаға қатысты кез келген ауытқуды түсіндіруі және құжатпен ресімдейді.


54. Зерттеуші Этика мәселелері жөніндегі комиссия алдын ала мақұлдауынсыз (қорытындысынсыз) зерттеу субъектісіне төнетін тікелей қауіпті жою үшін хаттамадан ауытқуы және оған өзгерістер енгізуі мүмкін. Қысқа мерзімдерде себептері көрсетілген ауытқулар мен өзгерістердің сипаттамасы және қажет жағдайда ұсынылған хаттамаға ауытқулар мында жолдануы тиіс:


1) қарау және мақұлдау (қорытындыны беру) үшін Этика мәселелері жөніндегі комиссияға;


2) келісу үшін демеушіге;


3) сараптама ұйымына.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   309




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет